Тақырыбы: «Әже» Фариза Оңғарсынова
Мақсаты: 1. Оқушыларды Ф. Оңғарсынова өмірімен, шығармашылығымен таныстыруды жалғастыру. «Ана» туралы өлеңді пысықтап, «Әже» өлеңімен таныстыру.
2. Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, өз бетінше жұмыс істей білуге баулу. Тіл байлығын, ой-өрісін, шығармашылығын қабілеттерін дамыту.
3. Оқушылардың үлкенге – ізет, кішіге – қамқор бола біліп, ата – ананы, әжені сыйлай білуге тәрбиелеу, адамгершілік қасиеттерді бойға сіңіру.
Сабақ әдісі: ой шақыру, ашық пікір, сұрақ - жауап. Сабақ түрі: Аралас сабақ
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, Ф. Оңғарсынова суреті.видео,сөзжұмбақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық.
Мұғалім: -Балалар осы сендер қандайсыңдар?
Бәрі: -Осы біз қандаймыз?
1 топ –Тіліміз тәтті балдаймыз.
2 топ –Сәл еркелеу,бұзықпыз.
3топ – Кейде тіпті қызықпыз.
Бәрі: -Жүзіміз айдай, талабымыз таудай балалармыз.
Мұғалім:Ендеше, балалар талабымыз таудай екенін,білімге құштарлығымызды көрсетейік.
ІІ. Топқа бөлу.
«Мейірім»тобы, «Шуақ» тобы, «Арай » тобы
ІІІ. «Сылдырлы сұрақ» айдары
Оқушылар әр топқа өздері сұрақ қояды.
1.-Ана тілінен қазіргі өтіп жатқан тараудың аты қандай?
- Бұл тарау «Қадірлі әкелерім , мейірлі аналарым» деп аталады.
2. - Бұл тараудағы мәтіндер нені үйретеді ?
-Үлкенді сыйлауға баулиды. Адамгершілік қасиеттерді сіңіреді.
3.Фариза Оңғарсынова кім? Ол туралы не білесідер?
-Ф. Оңғарсынова Қазақстанның халық жазушысы, ақын ,ардақты ана ,қамқоршы әже ,1939 жылы 25 желтоқсан Атырау облысы, Монаш ауылында дүниеге келген.
4.Ана баласын жақсы көргенін білдіретін сөздерді ата .
Құлыным, ботам ,еркетайым,қозым.
5. Ананың арманы қандай ?
Балам жақсы болсын.Үлкен азаматболғанын көргісі келеді.
-Рахмет, балалар –бір-біріне дұрыс сұрақ қоя білу арқылы өтілген сабақты меңгергендеріңді аңғардым.
Жылу өлеңін жатқа сұрау.
Сонымен дүниедегі адамға ең қымбат - ана екен.Ананы ешқашан ренжімпеу керек.Өмір бақи аналарыңды сыйлаңдар.Аналарыңды арқалап Меккеге 3 рет көтеріп апарсаңда, ана қарызынан құтылмайсыңдар - деген сөз бар.
Мекке-Мұсылмандардың қасиетті қаласы болып саналады.
-Балалар , қазір жылдың қай мезгілі ? – қыс мезгілі.
-Қыс мезгілінен кейін қай мезгіл келеді? -көктем
-Көктемнің алғашқы күндерінде қандай мейрамды қарсы аламыз? –(8 наурыз, 22 наурыз)
Иә, балалар, алдымызда аналар мейрамы келе жатыр екен.
Ендеше біз бүгінгі сабағымызды әр адамға ең қымбат адам – Аналарға арнаймыз. ІҮ. Жаңа материалға дайындық.
Мақалдың мағынасын ашу.
Күннің шуағы- жылы Ананың құшағы- жылы
Екеуі де жылылық сыйлайды.
Күн - жер бетін жылытады.Ана - үй ішін жылытады.
Ал анадан кейін, сендерді күтетін, еркеліктеріңе көнетін тағы кім қымбат?
- Оны білу үшін мына сөз жұмбақты шешіп көрейік.
Сөзжұмбақ экраннан шығады, балалардың тапқанына қарай сөз шешімі жазылып отырылады.
«Ұрпаққа аманат» айдары
Балалар «Әже» деген сөзді естігенде сендердің ойларыңа не келеді? Әже қандай адам?
Үйге қуаныш сыйлайды немерелерінің панасы
Әже әкеміз бен анамыздың анасы
Әр үйдің үлкені кейуана
IҮ. Жаңа сабақ
Ф. Оңғарсынованың фотосы шығады. Балалар, біздер Ф. Оңғарсынова апамыздың «Әже» деген өлеңімен танысамыз. Өмірі мен шығармашылығы туралы
Фариза Оңғарсынова - Халық жазушысы. 1939 жылдың 25 - желтоқсанында Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған. 1961 жылы Гурьев мемлекеттік педогогикалық институтының тіл - әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркінқала, Октябрьдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектебінде ұстаздық еткен. Гурьев облыстық «Коммунистік еңбек» бөлімінде әдеби қызметкер. «Лениншіл жас» газетінің меншікті тілшісі қызметін атқарған. Шығармалары:
Ү.Оқулықпен жұмыс.
1) мұғалімнің өлеңді мәнерлеп оқуы.
2) Әр топқа 1 шумақтан оқыту.
а) Бұл өлең кім жайлы жазылған ?
ә) Әжеміз қандай екен?
б) Үйде әжелерің бар ма?
в) Кім өз әжесі туралы айтып береді?
3) Өлеңді талдау.
А) Өлең неше шумақтан тұрады?
Ә) Өлеңде неше тармақ бар?
4) Хормен оқыту.
5) Мәнерлеп оқыту
Ал енді балалар, бұл өлеңді тізбектей оқып беріңдер. (Әрқайсына 2-2 жолдан оқыту)
3. Сергіту сәті.
ҮІ. Дәптермен жұмыс. «Сөз сиқырын ұғайық» айдары
Сызба экраннан шығады. Ақын қолданған сөздер арқылы сызбаны толтырайық.
Көркем сөз - әсерлі, бейнелі , өрнектеп айтылған сөз.
Ақын қолданған көркем сөздер. Мағынасы
Ашынып
Асырып
Ренжіп, ашулану
Мақтап, шаттанып
ҮІІ. «Кім шапшаң» айдары
Шығармашылық жұмыс .Өлең жолдарын жалғастыр.
Мен ұйықтарда айтады
Ертегісін, әндерін
...
...
VІІІ. Бекіту. Өлеңді әуенімен қосып айту.
Сонымен балалар біз бүгін қандай өлеңмен таныстық? Авторы кім?
Кері байланыс:
-Балалар сабақта не үйрендік? Не білдік? Мен -
Олай болса ,қыстың әдемі көрінісін бейнелейік. Парталарыңда тұрған қар ұшқындарын орналастырайық.
Үлкен қар ұшқыны- сабақ ұнады,мен жақсы жұмыс жасадым.
Кіші қар ұшқыны - ұнады ,әлі үйренерім көп.
VІ. Сабақты бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау. «Менің сүйікті әжем» әңгіме жазу
Достарыңызбен бөлісу: |