Бекітемін: әдебиеттік оқу
Ашық сабақ
Сабақ тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин «Ата - әжеме хат»
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Оқушыға ақынның өмірі жайлы қысқаша мағлұмат беріп, «Ата -
әжеме хат»әңгімесін мәнерлеп оқуға және хат жаза білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушыларға бағыт- бағдар бере отырып,өздіктерінен
жұмыс істеу, ой-өрісін дамыту,білім, іскерлік қабілеттерін, өз
ойларын жеткізу;
Тәрбиелік: Үлкендерді сыйлауға, туысқандарын сыйлауға, сүйіспеншілікке
тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Ы. Алтынсарин суреті, слайдтар.интербелсенді тақта
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Ой толғау
IVТоптастыру стратегиясы
V. Жаңа сабақ
VI. Оқулықпен жұмыс:
VII.»Сергіту сәті.
YІII. Дәптермен жұмыс» кезеңі
IX. Мағынаны тану. Талдау Салыстыру
Х. Сабақты қорытындылау
XI. Үйге тапсырма
ХІ.Бағалау, мадақтау
І.Психологиялық дайындық:
Мұғалім: - Балалар, осы сендер қандайсыңдар?
Бәрі: - Осы біз қандаймыз?
1-қатар: - Тіліміз тәтті, балдаймыз
2-қатар: - Сәл еркелеу, бұзықпыз
Бәрі: - Кейде тіпті қызықпыз
Жүзіміз айдай, талабымыз таудай!
Мұғ: Ендеше, балалар талабымыз таудай екенін, білімге құштарлығымызды көрсетейік.
Шаттық шеңбері арқылы топқа бөлініп отырады «Жақсы» , « Жаман »
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
«Апанаң тілін алса егер…» Жақан Смақовтың өлеңін мәнерлеп оқыту.
Ақынның ойын толықтыру . Апаның тілін алса егер… (осы ой бойынша оқушылар өз ойларын айтады) сурет салғанын тексеру
Ақынның ойын түсіндің бе?
Бірге: Жақсылықты үйреніп
Боламыз біз жақсы адам
Жамандықтан жиреніп
Үлгі аламыз жақсыдан
(Сабақты Қазыбек бидің нақыл сөзімен қорыта келе,жаңа сабақты бастаймын) Құт берекең-атаң қымбат, Аймалайтын анаң қымбат. Мейірімді апаң қымбат. Асқар тауың-әкең қымбат
-Балалар ,айналамыздағы туысқандарымыздың бәрі де ең қымбат адамдар.Сондықтан олардың айтқан ақылдарын тыңдап, оны орындау біздің міндеттеріміз.Жақан Смақовтың өленіңде апамыздың айтқанын тыңдасақ қандай болады екенімізді білдік. Біздің айналамызда апамыздан басқа ақыл, өсиет айтанын тағы кімдер бар? (мысалы: ата, әже, әке, аға т.б) ал осы отбасы мүшелері бір -бірінен жырақта жүргенде қалай хабарласады?
ІІІ.Ой толғау
Аяғы жоқ жүреді,
тілі жоқ сөйлейді (хат) (жұмбақты шешіп,мағынасын ашу)
Олар бұрынғы кездерде бір- бірімен хат жазу арқылы, хабарласып отырған.- Қазір байланыстың түрі көп. (Мысалы:интернет,хат,телефон)
Хат адамдар арасындағы қатынас құралы.
Хат сөйлесудің бір түрі.
Жазбаша сөйлеуге жатады.
Сонымен балалар, бүгінгі сабағымызда хат туралы көптеген жаңа мәліметтер білетін боламыз, сонымен қатар хат жазуды үйренеміз.
2.«Хат және адам» деп аталатын кезең
Хат жазу арқылы байланысу сонау ерте заманнан бастау алған. Ерте кездерде хатты арнаулы жерлерге жеткізу үшін арнаулы көгершіндерді пайдаланған Хаттың адамзат өмірінде алатын орны зор бір кездері хатты адамдар тағатсыздана күткен кездер болған. Ол қай кез деп ойласаңыздар үйде үлкен ата - әжелерің сонау соғыс кезінде деп айтқан кездерін естіген болсаңдар, балалар.
Хаттың түрлері туралы 1941 - 1945 жылдар аралығында Ұлы Отан соғысына кеткен бауырларынан хат күткен, ол хаттар мынадай үлгіде болған.
Үшбұрышты хаттарды көрсету.
Себебі мұндай хаттар бүкіл бір ауылға қуаныш сыйлаған кездер де болғандығын біз есте сақтауымыз керек. Осындай батыр аталарымыздың арқасында біз бақытты өмір кешудеміз, солай ма балалар?
IV.Топтастыру стратегиясы.
Бір аллаға сиынып
Кел,балалар оқылық
Оқысаңыз балалар
Шамнан жарық жағылар
Ыбырай Алтынсарин (Оқушылардың білгендерін топтастырады)
Алтынсарин туралы айту.слайд көрсету
Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы қазанның 20-шы жұлдызында Орта жүздің қыпшақ руында дүниеге келген (Қостанай облысының Затобол ауданы).
Қазақ балаларына арнап мектеп ашты.
Ағартушы –педагог, ең алғашқы ұстаз,жазушы,қоғам қайраткері, этнограф,
қандай шығармаларын оқып едік?
Кел, балалар оқылық! Малды пайдаға жарату мәтіні
V.Жаңа сабақ
-Бүгін біздер Ы.Алтынсариннің «Ата- әжеме хат» әңгімесімен танысу
ата-әжемізге хат жазуды үйренеміз.
VI.Оқулықпен жұмыс:
1. Мәтінді түсініп оқу
2.Хатты жазып отырған кім?
3.Ол хат кімдерге арналған?
4. Назардың хатын төрт бөлікке бөліп, әр бөліктің шегін ажыратып оқы:
Тізбектеп оқыту
Біз қазақ тілі пәнінен мәтін түрлері және мәтін құрылысы туралы білеміз осы неше бөліктен тұрады?
Назардың атасына жазған хатын төрт бөлікке бөліп, әр бөліктің шегін ажыратып оқытамын.
1. Хаттың басталуы
2. Назардың оқуы.
3. Назарға айтқан атасының ақылы.
4. Хаттың аяқталуы.
Хаттың басы қалай басталады?
Хаттың басын тағы қалай өзгертуге болады?
(5.хаттың қалай басталып және қалай аяқталып тұрғанына мән бер)
Бұл мәтінде автор сонау ерте кездегі хат үлгісін беріп отыр қазір хат жазудың қандай үлгілерін білесіңдер.(Смс жазу, ватсап арқылы сөйлесу сияқты әлеуметтік желілер қазіргі кездің хатының түрлері болып табылады.
Оқушыларға сөз беру осыларды күнделікті өмірде пайдаланасыңдар ма?)
VII. Сергіту сәті.
Ұсталардай тарсылдатып
Шегені де қағамыз
Әшекейлеп , әдемілеп
Жазуды да жазамыз
VIII.Дәптермен жұмыс
Адам не айтқысы келген ойын қағаз бетіне түсіріп,конвертке салып почтаға апарып салады.Сыртына мекен-жайы міндетті түрде жазылуы керек.Егер жазылмаса хаттың көптеген жерге бара алмай,адасып кетуі мүмкін.Хатты почташы ағайлар мен апайлар тасиды екен.
-Хатты қалай жазу керектігін әзірге білмейтін боларсыңдар. Кітаптағы хат жазу үлгісіне назар аударайық.
Өзің де хат жазып үйрен:
Хаттың бөліктері
|
Қажетті сөздер
|
1.хаттың басталуы
2.Хаттың негізгі бөлімі
-Оқуың жайлы
-Достарың туралы
Отбасың туралы,т.б.
|
Алыстағы досым,қамқор ағам,
Құрметті....
Амандықта бол, сау-саламат болыңыз…
|
IX. Мағынаны тану. Талдау Салыстыру
Қазір Бұрын
Телефонмен сөйлеседі Ақ қағазға жазамыз
Жылдам хабарласады Конвертке салынады
Денсаулыққа зиянды Ұзақ уақыт жүреді
Поштадан алады Денсаулыққа зияны жоқ
Есікті біреу түртеді.Оқушы ашады.Данышпан атаның ақылды иті бізге хат әкеліпті.Хатты ашып оқылық.
-Сәлеметсіңдер ме балалар?
Сабақтарың қалай,күнде бістік алып жүрсіңдер ме?Тәртіптерің қалай?Жаман сөз айтып,бір-біріңді ренжіткен жоқсыңдар ма?Ата-аналарыңмен ұстаздарыңды тыңдап жүрсіңдер ма?
Менде барлығы жақсы.Мен өздерің білетіндей білгір,алғыр,балалардың елін аралап жүрмін .Сендердің білімді балалар екендеріңе сенемін.Алдағы уақытта үлгілі үлкен азамат боласыңдар деп ойлаймын.
Мен бұл жаста сабақтан мүлде қалмайтынмын.
Ал,ендеше сау болыңыздар балалар!Келесі кездескенше сау болыңыздар.Сабақтарыңды 4-5 ке оқып жүріңдер.
X. Сабақты қорытындылау.
1.Хаттың қалай басталып және қалай аяқталып тұрғаны туралы не айтуға болады?
-Қамқор атам мен әжем!
-Қош болыңдар. Баталарыңызға үміткер балаңыз Назар
Сабақты төмендегі өлең шумағымен аяқтап, сұрақ-жауап әдісі арқылы бекітемін.
Анаң- күнің, жүрегің,
Әкең-өмір тірегің.
Әжең-асыл ардағың,
Атаң-дана қорғаның,
Сен бақытты ұлансың.
-Айналаңдағы туысқандарың аман болсын деп тілек айтамыз. Әрқашан туысқандарыңмен хабарласып тұруды естең шығармаңыздар!
5. «Жүрек жылуы» шеңбері
« Не үйреніп, не білдік?»бекіту.
Ы. Алтынсарин туралы тағы не білдік?
Хаттың қандай түрлерін білеміз
Оқушыларға кішкентай жүректер таратылып беріледі. Әр бала өздерінің жақсы көретін адамдарын түстер бойынша таңдайды да «Жүрек жылуы» шеңберіне жапсырады.
Ескерту: туысқандарыңның барлығын жақсы көрсең, барлық түсті де таңдауға болады.
Атасын жақсы көретіндер-көк
Әжесін жақсы көретіндер-қызыл
Анасын жақсы көретіндер-сары
Әкесін жақсы көретіндер-жасыл
Ағасын,апасын,інісін,қарындасын жақсы көретіндер-күлгін — Олай болса, «Біз бәрін де жақсы көреміз, Отбасымыз аман болсын!» деген тілек айтайық.
XI. Үйге тапсырма: Мәтінді оқу, мазмұнын айту. хат жазып келу. (досыңа,ағаңа,ата-әжеңе т.б.)
ХІІ. Бағалау ,мадақтау.
Достарыңызбен бөлісу: |