«Қарабалық аудан ББ Примағынай негізгі мектебі» ММ
Ғылыми жұмыс
Сания Кабулованың өмірі мен шығармашылығы
Дайындаған:Мырзағалиева К.Ш.
2015 жыл
Мазмұны
Кірспе 2
Теориялық
Ақын өмірінің белестері 3-4
Практикалық
Ақынның шығармашылығы 4-7
Қорытынды 8
Қолданылған әдебиеттер тізімі 8
Абстракт
1.Зерттеудің мақсаты:Сания Сұлтабекқызының шығармашылығы және өмірімен таныстыру.
2.Зерттеу тәртібі келесі кезеңдерден құралған:тақырыппен танысу, өлеңдермен танысу, газет журналдарды мақалалармен танысу,жүйелеу, қорытындылау.
3.Қолданылған зерттеу әдістері: іздену, іріктеу.
4.Жұмыстың нәтижесі және қорытындысы:жергілікті жерден шыққан ақынның шығармашылығына оқушылардың қызығушылығын тудыру.
5.Зерттеудің жаңашылдығы мынада: ақынның жарыққа шықпаған өлеңдерімен таныстыру
6.Жобаның нәтижелері қолданылтын практикалық салалары-жұмыс аймақтық компоненттерді сабақта тиімді пайдалануға,өлкетану,тарих мәселелеріне теориялық ой -пікір қосады.Бұл жұмыс халық өнерін құрметтейтін, өз туған жерінің тарихын білсем дейтін барша қауымға арналады. Реферат жазуға, қосымша материал ретінде сыныптан тыс жұмыстардапайдалануға болады.
Абстракт
1.Цель исследования: ознакомление с жизнью и творчестом поэта.
2.Этапы, процедура исследования- ознакомление с темой, чтение стихов, изучение статей из газетных материалов,систематизация исследования, вывод.
3.Методика эксперимента – исследование, систематизация
4.Результаты работы и выводы- вызывать интерес к творчесту местных акынов, годость за людей района.
5.Новизна исследования-знакомить с новыми публикациями произведений Сании Кабуловой
6.Области практического использоания результатов:применение материала исследования на занятиях, внеклассных мероприятиях.
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі:Сания Сұлтанбекқызы біздің жеріміздегі поэзияға өзіндік үлес қосып жүрген ерекше дарын иесі. Ол туған жер, Отан, Тәуелсіздік, махаббат тақырыбында өлеңдер мен әндер шығарып, оқушылардың, жалпы аудан тұрғындарының бойында патриоттық сезім тудыруға өзіндік үлес қосып келеді.Оның бір ерекшелігі өлеңдерін орыс және қазақ тілінде жазатындығы.
Зерттеудің объектісі:Сания Сұлтанбекқызының өмірі меншығармашылығы.
Зерттеудің пәні:ақын өлеңдері
Зерттеудің мақсаты:ақынның өмірі және шығармашылығымен тереңірек таныстыру.
Болжам : Сания Сұлтанбекқызы аудан және облыс көлеміне белгілі ақын.
Зерттеудің талаптары:ақын өлеңдеріндегі қозғалған тақырыптарды анықтау, идеясын ашып түсіндіру.
Зерттеудің әдістері: зерттеу, іздену, талдау
Практикалық мәні:реферат жазуға, өлкетану сабағында ,қосымша материал ретінде сыныптан тыс жұмыстарда пайдалануға болады.
Зерттеудің жаңашылдығы: ақын өлеңдеріндегі патриотизм тақырыбы, жаңа жазылған өлеңдерімен таныстыру.
Сания Кабулованың өмір белестері
Сания Сұлтанбекқызы1950 жылы 28 ақпанда Қостанай облысыҚарабалық ауданыНово- Троицк ауылында дүниеге келген.Қарапайым, көпбалалы отбасыдан шыққан.Ол мектепті бітірген соң Қостанайдағы педучилищені бітіріп, мұғалімдік қызмет атқарған.Жұмыс істеп жүріп сырттай мәдени ағарту факультетін қызыл дипломға бітірген. Тұрмысқа шыққаннан кейін қазіргі Ақмола облысы Жақсы ауданы Қима кентіндегі «Дала таңы» газетінде журналист, аудармашы болып жұмыс істеген.Онда ауыл тұрғындарын толғандырған мәселелерді көтеріп отырған.Сосын тағдыр талқысымен туған жерге оралып, онда1982 жылдан 1997 жылдар аралығында Ново- Троицк ауылдық оқругінде кітапханашы болды, кейін мектепке кітапханашы болып ауысқан.Сонымен қатар қосымша тарих және музыка пәндерінен сабақ берген.Сонымен қатар ауылдық хорға қатысып өнер көрсеткен.
Сания Сұлтанбекқызы хорда. Ново-Троицк ауылы
2004 жылы Қарабалық кентіне көшіп, онда аудандық мәдениет үйінің директорлық қыметін атқарды, сонымен қатар жасөспірімдерді домбыраға үйретумен айналысты.2008 жылы құрметті еңбек демалысына шықты. Қазір ұлын ұяға, қызын қияға қондырған ардақты ана және асыл әже.
Балаларынан 4 немере сүйіп отыр.
Ақынның шығармашылығы.
Поэзия — әлемдік өмірдің қан тамырының құштарлықпен шиыршық ата соғуы, сол өмірдің қаны мен оты, жарығы мен нұры. Сания Сұлтанбекқызы өзінің ақындық, азаматтық өмірінің мәні мен мағынасын осыдан, поэзиядан тапқан.
Ақындық өнер -өнер біткеннің алды екендігінде сөз жоқ. Шын талант үшін ақындық өнер емес, өмір. Заманның қилы қияндарында өмірі өлеңіне, өлеңі өміріне айналған талант тағдыры ғана талайлы болмақ. Мұндай талант үшін өлеңсіз өмір жоқ. Сания Сұлтанбекқызы – өмірі өлеңді, өлеңі өмірлі талантты ақын.Өлең жазуды 35-36 жасында бастаған. Домбырамен ән салуды да сол кезде үйренген.
Қазіргіоқырманныңинтеллектуалдықдеңгейібиік, эстетикалықталғамыжоғары. Оларкезкелгенқаламгерденәдеміырғаққа, шымыр да селкеусізұйқасқақұрылғанөлеңғанаіздемейді, әршығарманыңастарынанөзіне ой саларфилософияны, тыңшешіміздейді. Меніңше, оныңқадірін арттырып, өзгелерденөзгешелептұратын да осындай ой мен сезімніңтұтасқанбірбүтінгеайналып, өлеңөмірініңәркезде де жаңашасипаттакөрінуі.Соның бірі«Сайра, тілім...»өлеңі
Оқытса егер қазағымды қазақша
Көрер едік ақындардың мың жүзін!
Қанатты сөз тіл туралы Абайдың
Құлағында қалған болар талайдың...
Ұлы ақын тұлғасының қасында
Мен өзімді жас сәби деп санаймын...
Ана тілім – халқымыздың қаймағы ,
Сарқылмайтын жыр-өлеңнің қайнары!
Бұлбұлдай боп сайра, тілім, сайрай бер!
Сен болмасаң тірі жүру қайдағы?!.
Осы өлеңінде ақын өлеңді не үшін, қандай мақсатпен жазатындығын анық айтады.Өзін толғандыратын мәселелерге тоқтала келіп, қазақ балалары өз тілінде анық сөйлесе деп армандайды.Бүгінде ақын арманы толықтай орындалуға жақын десекте болады.Қазіргі таңда ауданымызда қазақ мектептері, сыныптары ашылып, халық қазақ тіліне ден қоя бастады.Тек қазақ балалары мен қыздары ғана емес, сонымен қатар өзге ұлт өкілдері арасында да мемлекеттік тілде анық сөйлеп, әр түрлі сайыстарға қатысып жүрген оқушылар көп.
Ақынды айтыскер ақын жағынан қарайтын болсақ, ол өзінің орысша оқығанын, айтатын жерде кезінде тілінің жетпей қалғанына өкінеді. Бірақ ол онымен тоқтап қалмайды.1987 жылы біздің ауданымызда екінші рет ақындар айтысы өткізілді.Сол жарыста Ново- Троицк ауылының намысын қорғаған Сания Сұлтанбекқызы бас жүлдені жеңіп алды, келесі жылы 40 ақын қатысқан облыстық ақындар айтысына тұңғыш рет қатысып, онда да бас жүлдені жеңіп алады.
Қазіргі таңдаайтысқа қатыспаса да ақындық жолды тастап кетпеді.Қазір ол аудандық, облыстық жазба ақындар арасындағы жарысықа қатысып жүлделі орындарға ие болып жүр.2014 жылы сәуір айында өткен «Әдебиет көктемі» атты жазба ақындар жарысында елу ақын ішінде, қазақ тілінде жазатын ақындар арасында екінші жүлделі орынға ие болды.Сол сайыста оның орыс тілінде шығарған өлеңдерімен танысқан облысымызға белгілі ақын
А.И. Суслова өлеңдеріне оң бағасын берген.
Оның туған жерге,тәуелсіздіккеарнаған өлеңдері бір төбе және онда патриоттық сезім жоғары қойылған.Олар: «Ауылым- әнім», «Қарабалық», «Қостанайым» және «Тәуелсіз елді ән етіп» ,т.б өлеңдері.«Ауылым – әнім» өлеңін келесі жыр шумақтарынан басталады :
Ауылым – әнім, ауылым – сәнім, сырымсың,
Мәңгі айтылар жүректегі жырымсың.
Сыртқа кетіп жүрсем – дағы ойымнан
Кетпес сенің тіршілігің, тұрмысың...- деп әрі қарай өзінің көктемдегі бала махаббатын, есейген шағын, сағынышын, ауыл балаларының ойынын, тұрмысын өзіндік бір ерекше үнмен суреттейді.
Қазақта ана тақырыбына арнап қалам тарпаған ақын жоқ шығар, соның бірі ақын апамыз.Бұл тақырыпта да олешкімнен кем емес екенін танытады.Жәй ғана өлең шығарып қоймай, оған ән шығарады,ол анасының сексен жасқа толуына арнап шығарған «Анашым» әні еді.
«Анашым»
Болсам да немерелі асыл ана,
Балалық махаббатым басылар ма?
Анашым өзің түгіл ізің қалған,
Табынам қара жердің тасына да,- деп анаға деген өзінің ыстық махаббатын, сезімін,борышын суреттеп жазады.
Сания Сұлтанбекқызы анасы Дәмет апаймен және қызы Динарамен.
Сонымен қатар қазақ даласында қайта жаңғырған Наурыз мерекесін тойлағанда, біздің ауданның Наурыз мерекесі 1989 ж Жаңа ауылда өтеді.Оның сценарийін жазған ақын апамыз еді.Ол Наурыз меркесіне арнап көптеген жырларын арнаған , соның бірі-
Наурыз тойында...
Наурыз айы – жыл басын
Кәрі де, жас та жырласын!
Жиналған жұртты бұл тойға
Әнімен сазды ырғасын.
Қазір зейнеткер болса да жас ұрпақты тәрбиелеуге атсалысуда. Оның зейнеткерлерге арнап шығарған «Зейнеткерлер Гимні» әні нағыз патриоттық сезімге толы ән . Ол әлі еш жерде жарияланбаған .Сонымен сіздерді таныныстырып кетейін.
Еңбекпен шыңдалған жастай біз,
Қиындық түскенде басымызға,
Топ жарып көш басын бастаймыз,
Қарамай ағарған шашымызға.
Ақын өлеңдерінің тақырыбы мен мазмұны- Отан, адам, адамға тән алуан түрлі сезімдер, ойлар, толғаныстар, адамның өмірге көзқарасы.Бұлардың қай- қайсысы да тақырып- мазмұн ретінде жаналық, емес, сан рет толғанған сырлар, жырланған шындықтар, әбден шиыр болған тақырыптар мен мазмұндар. Бірақ осы тақырыптар мен мазмұндардың қандайы болмасын, ақынның жырлауында жаңа қырынан, бұрын- соңды ешкім айтпаған мағынада, тың пішінде көрінеді.
Қорытынды
Адам шынын айтамын деп сырын айтса, онда ол – оның жамандығы. Ал ақын шынын айтамын деп сырын айтса, онда бұл оның ақындығы. Ал ақын шынын сырға бөлеп, сырын шынға балап толғанса, өзі ғана толғанбай, өзгелерді де толқытса онда бұл – оның даналығы. Өмірін өлеңіндей, өлеңін өміріндей сүю, шынын сырға бөлеп, сырын шынға балап толғану , өзі ғана сүймей, өзгені де сүйсінтіп, өзі ғана толғанбай, өзгені, қалың жұртты толқыта жырлау – Сания Сұлтанбекқызының шығармашылық асыл қабілеті, әрі ақындық асыл қасиеті.Осы сөздерімнің дәлелі ретінде өлең жолдарын айтуға болады:
Ақын болған, батыр болған қазағым!
Жыр құдығын мен де инемен қазамын.
Көз жасындай мөлдіреген жырымды
Тек сен үшін, сен туралы жазамын!..
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Ақынның қолжазбалары
2. Аудандық «Айна» газеті, 2014 жыл 15 мамыр,
2014 жыл желтоқсан 18 желтоқсан
3. Аудандық электрондық «Знай наших» газеті ,2007 жыл 27 қыркүйек
Аңдатпа
Хусаинова Айгеримнің « Сания Кабулованың өмірі мен шығармашылығы» атты ғылыми зерттеу жұмысына аңдатпа. Ғылыми жоба әдебиет пәні бойынша нұсқауларды дайындауға бағытталған. Теориялық бөлімінде- әдіснамалық аспектілерде оның өмірі мен өсу жолы көрсетілген, білі, ағарту, мәдениет саласына қосқан үлесі туралы айтылған.Аналитикалық- практикалық бөлімінде оның шығармаларының ерекшеліктері айқындалған, іздеу, іріктеу әдісі қолданылған және жаңадан шығарылған өлеңдері енгізілген.
Аннотация
На исследовательский проект Хусаиновой Айгерим на тему «Сания Кабулова и ее творчество».
Исследовательский проект направлен на разработку рекомендаций по литературе. В творческом разделе раскрыты теоретико- методологические аспекты жизни и деятельности С.Кабуловой. В частности, отражены роль и развитие культуры в районе.
В аналитико- практической части выявлены особенности творческой деятельности поэта, исследован уровень элементов научных работ, их систематизаци, новые стихи.
Достарыңызбен бөлісу: |