Бөж прокариоттар мен эукариоттардың ерекшеліктері



Дата12.11.2022
өлшемі6,25 Mb.
#157860
Байланысты:
Аутен Әсел ЦИТОЛОГИЯ БӨЖ


БӨЖ
Прокариоттар мен эукариоттардың ерекшеліктері
Орындаған: Аутен Әсел Үсенқызы Тексерген: Калиева Анар Нургайыповна
Прокариоттардың ерекшеліктері
ЖОСПАРЫ:
Эукариоттың ерекшеліктері
Прокариот пен эукариоттың негізгі айырмашылықтары
Жасушаның бөлінуі

Эукариоттар
1. Ядросы бар
2. Өсімдіктер
3. Жануарлар
4. Басқа органоидтары бар
5. Хромосома
6. гликоген
7. Пластид
8. Нағыз вакуоль

Прокариоттар
1. Ядросы жоқ
2. Бытыранықтар
3. Көк-жасыл балдырлар
4. Цианбактериялар

Прокариоттар
Прокариоттарға микроорганизмдер мен көк-жасыл балдырлар жатады. Прокариоттардың мөлшері өте кішкентай, ұзындығы 1—10 мкм. Прокариоттардың эукариоттардан айырмашылығы — олардың айқындалған органоидтері, яғни эндоплазмалық торы, Гольджи жиынтығы, митохондриялары болмайды. Жануарлардың және өсімдіктердің жасушаларында жақсы айқындалған түйіршіктер болады. Олар — нәруыз, май және гликоген сияқты қор заттарынан тұрады. Прокариоттың эукариоттан негізгі айырмашылығы — онда қалыптасқан ядросы және хромосомалары болмайды.
Кейбір микроорганизмдерде мембрана құрылымдары аэробты тыныс алу процестеріне қатысады. Негізінен, прокариоттар жасушаның жай екіге бөлінуі арқылы көбейеді, яғни аналық жасуша екі жас жасушаға тікелей бөлінеді.
Эукариоттар – сыртынан қабықшамен қапталған клеткасында цитоплазмасы және айқын көрінетін ядросы бар организмдер. Ядрода тұқым қуалау ақпараты орналасқан. Барлық эукариоттар үш дүниеге бөлінеді: өсімдіктер, саңырауқұлақтар және жануарлар.
Эукариоттар жасушалары прокариоттармен салыстырғанда күрделі келеді. Эукариот жасушалары көптеген ішкі мембраналармен жеке бөліктерге бөлінеді. Бұл бөліктерде бір мезгілде бір-біріне тәуелсіз әр түрлі химиялық реакциялар жүреді.

Эукариот пен прокариоттың ұқсастықтары мен айырмашылығы

  • Эукариоттық және прокариотты организмдер - тірі организмдер.
  • Олар жасушадан тұрады.
  • Сонымен қатар, екеуі де көбеюде, өсуді және өледі.
  • Сонымен қатар, екеуі де әртүрлі метаболикалық процестерді жүзеге асырады.

ЭУКАРИОТ
ҰҚСАСТЫҒЫ
100.00
ПРОКАРИОТ
Эукариот жасушаларында ядро ​​және мембранамен байланысқан органеллалар болады;
80S рибосома;
прокариот жасушаларында ядро ​​да, мембранамен байланысқан органеллалар да болмайды; 70S рибосома;
Прокариот клеткаларының құрылымы мен химиялық құрамдарында өздеріне тән ерекшеліктері болады. Цитоплазмалық мембранадан тыс орналасқан құрылымдары (жасуша қабықшасы, капсула, сілемейлі қап, талшықтар, ворсинкалар) көбінесе беттік құрылымдар деп аталады. Цитоплазмалық мембрана мен цитоплазма протопласт деп аталады.
Эукариот клеткаларының прокариоттардан негізгі ерекшелігі – олар жеке-жеке компартменттерге бөлшектенген, яғни көптеген мембраналық органеллалары болады. Эукариоттардың ақуызбен байланысқан ДНҚ-ы хромосомаларға жинақталып, қос мембранамен қапталған ядрода орналасады.
Прокариот ДНҚ-сының эукариот ДНҚ-сынан айырмашылығы — мұнда ДНҚ-ның сыртын нәруыздар қаптап тұрмайды және пішіні сақина тәріздес болып келеді. Бір сақиналы ДНҚ молекуласы тікелей цитоплазмада болады және эукариот жасушасындағы сияқты ядро екі мембрана арқылы бөлінбейді. Ал қозғалу мүшесінің қызметін бір немесе бірнеше талшықтары атқаруы мүмкін. Прокариот жасушаларында мембрана құрылымы болады, олар микроорганизмдердің энергетикалық процестеріне қатысады. Мысалы, көк-жасыл балдырлардың мембрана құрылымында хлорофилл болады және олар фотосинтез процесін жүзеге асырады.
Бактерияның құрылысы
Көк жасыл балдырлар (цианобактерий).
ҚОРЫТЫНДЫ
Негізінен жасуша мен оны қоршаған сыртқы орта арасындағы метаболизмге (зат алмасуға) қатысады, сондай-ақ, жасушаның қозғалуы мен бір-біріне жалғануында үлкен рөл атқарады.
Жасушаның жалпы құрылысы жануарларға да, өсімдіктерге де тән. Бірақ өсімдік жасушасының құрылымы мен метаболизмінде жануарлар жасушасына қарағанда біраз айырмашылық бар.
Өсімдіктер жасушасының біріншілік плазмолеммасы күрделі полисахарид негізінде (матрикс) орналасқан целлюлозды микрожіпшелерден құралған. Микрожіпшелер өсімдік жасушасы қабырғасының тіректік қаңқасын түзеді. Көп өсімдіктер беріктік қасиет беретін – екіншілік жасуша қабықшасын (целлюлозадан) түзеді. Өсімдік жасушаның целлюлоза талшықтары күрделі полимерлі зат – лигнинді сіңіріп, қатаяды да жасуша қабықшасы беріктенеді. Өсімдік жасушасының цитоплазмасында арнайы органоид-пластидтер – хлоропласт, хромопласт, лейкопласт бар.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет