Біржасушалы саңырауқҰЛАҚтарға жалпы сипаттама



Дата18.10.2023
өлшемі16,4 Kb.
#186543
Байланысты:
DOC-20221124-WA0012.


БІРЖАСУШАЛЫ САҢЫРАУҚҰЛАҚТАРҒА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

АННОТАЦИЯ
Бұл мақалада біржасушалы саңырауқұлақтар ретінде  ашытқы және зең саңырауқұлақтарына жалпы сипаттама берілген. Біржасушалы саңырауқұлақтардың табиғатта таралуын және адам өміріндегі маңызын зерттеу. Мақалада айтылғандай ашытқы саңырауқұлағының құрылысы өте қарапайым болып келеді: біржасушадан тұрады, жіпшелері болмайды. Бір жасушадан тұрғанымен көпжасушалылар сияқты тыныс алады, қоректенеді, өседі, көбейеді, зат алмаса алады. Олардың басқа саңырауқұлақтардан басты айырмашылығы – ұзақ уақыт оттексіз тіршілік ете алады. Мақалада ашытқы саңырауқұлағы бүршіктену арқылы тез көбейеді және нан өндірісінде кеңінен қолданылады делінген. Нан ашытқысының жасушалары ферменттер(белоктың түрі) бөледі де, ұнның құрамындағы крахмалды қантқа, қантты спитрке және көмірқышқыл газына айналдырады да, дереу ашыту әрекетін туғызады. Сол себепті оны нан, сыра, қымыз, сүт, шарап ашыту өнеркәсіптерінде кеңінен пайдалана алады.
Зең саңырауқұлақтары олар күнделікті тұрмысымызда көп кездеседі. Біз зең саңырауқұлақтарының ішінен ақ зең немесе мукор саңырауқұлағын қарастырсақ болады. Олар табиғатта өсімдік қалдықтарының, шірінділерінің арасында, көңнің құрамында да кездесе береді. Үйде ұннан жасалған тағамдарда, нанның беті екі-үш тәлік жабық қалса, үлпілдек мақта тәрізді мукор саңырауқұлағының жіпшумағы пайда бола бастайды. Бұл түссіз жіпшумақ- өсіп кеткен бір ғана клетка болып саналады. Сондықтан да мукор төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар қатарына жатады. Хлорофилі болмағандықтан олар ағзалық зат түзе алмайды.Олар дайын ағзалық заттарды өздері өсіп тұрған ортадан сіңіріп, қоректенеді. Пеницилл мен аспергил де зең саңырауқұлақтарына жатады. Олар өлі ағзалық заттармен қоректенеді. Пеницилдің споралары майда, көп жасушалы, саусақ тәрізді тармақталған жіпшелердің ұшындағы жасушалардан бөлініп жетіліп бастайды. Ал аспергилдің споралары ұшы кеңейген біржасушалы жіпшенің төбесіндегі жзасушалардан бөлініп,дами бастайды. Медицинада пеницилдің 2 түрінен пенициллин дәрісін алады. Оны өкпенің қабынуы, ревматизм(құздама), дифтерия(күл ауруы), скарлатина,секілді жәнебасқа да ауруларды емдеу үшін пайдаланған. Пенициллин іріңдеген ауруларды тез жазады. Ал аспергилдің кейбір түрінен дүкенде сатылатын лимон қышқылы алынады. Осы айтылған қасиеттері арқылы пеницилл мен аспергилл табиғатта болатын тепе-теңдікті сақтайды. Сонымен қатарзиянды ағзалардың өсуін тежейді.


Түйінді сөздер: біржасушалы саңырауқұлақтар,ашытқы,зең,пеницилл,аспергил, саңырауқұлақ,медицина.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет