Бірлескен топтық жұмыс



Дата07.02.2022
өлшемі492,31 Kb.
#83423
Байланысты:
Бірлескен топтық жұмыс реферат

Бірлескен топтық жұмыс


Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Орындаған: Көшкінбаева Ә.Б. КС-31

Slide title


1
2
3
Бірлескен топтық жұмыс жайлы түсінік
Бірлескен топтық жұмыстың ерекшелігі мен маңызы
Топтық жұмысты ұйымдастыру
Топтық жұмыс
Оқытудың топтық формасы деп – оқу тапсырмасын бірігіп орындау үшін сынып базасында құрылған жұмысшы топтардың іс-әрекетін ұйымдастыру түрін айтады. Топтық оқытудың басты мақсаты – оқушыларды шағын топтағы бірлескен жұмысқа тарту. Топтық жұмыстар – оқушылардың танымдық қызмет үдерісіне көтеріңкі көңіл-күймен қатысуын, зерттеу тақырыбын түйсініп, терең зерделеуді, алынған білімнің тұтастығы мен оқушылардың танымдық белсенділігін қамтамасыз етеді.
Топтық жұмыстың маңызды мәселелерінің бірі талқылау, талдау жұмысы. Бұл бірнеше сатылардан тұрады.
Әр топ мүшелері өзінің болжамын, идеясын ортаға салуы.
Әр топта айтылған болжам, идеялардың талқылануы. Бұл жерде бірін бірі тыңдау, болжам, идеяларды қорғау оған келтірілетін дәлел мен дәйектер болу керек.
Топтық шешімнің талқылануы.Топтық шешім сыни бағалау үрдісінде пайда болады. Тиімді шешім таңдалады.
Топ жұмысының қорытындысы талқыланады
Әлеуметтік
Танымдық
Эмоционалдық
Топтардағы бірлескен жұмыс төмендегі мақсаттарда жүзеге асырылады:
А)Тәжірибелермен идеялармен алмасу;
Б)Мәселені бірлесіп шешудің амалын табу;
Ә) Барынша жоғары ұжымдық нәтижелерге қол жеткізу
А) Жұмыстың баламалы амалдары туралы идеяларды ұсыну және пікір алмасу;
Б) Маңызды дағдыларды және түсініктерді дамыту
А) Топтың жекелеген мүшелерінің білімі мен тәжірибесіне сүйену
Б) Күрделі тапсырмаларды орындау үшін қолайлы ортаны қамтамасыз ету
1)Қарым-қатынас: жазбаша және ауызша әңгімелесу, тыңдау, ым мен қимылды пайдалану
2)Өзін-өзі таныту: үстемдік танытпай, топтағы жұмысқа белсенді қатысу үшін өзіне-өзі сенімді болу
3) Басқаларды қолдау:топтың қызметіне үстемдік жүргізбей, топ жұмысына белсенді қатысу үшін шиеленіскен жағдайларды шешу
4) Басқаларды бақылау және басқалар туралы хабардар болу.Топтың басқа мүшелеріне қарым-қатынас барысында ықылас таныту
Топтық жұмыс барысындағы дамитын дағдылар
    • Сынып оқушылары 3 немесе 6 адамнан топқа біріктірілуі керек
    • Топ ішінде «көшбасшы», «спикер» «сараптамашылар», «уақыт есептеушілер» жұмыстарын бөліп алады
    • Тапсырмаларды орындау топ мүшелері бір бірімен пікір алмасады, бірін бірі бағалайды
    • Топта қабылданған шешімдер бүкіл сыныппен талқыланады

Эстондық ғалым Х.И. Лийметс топтық жұмыстың төмендегідей принциптерін анықтайды:
балалардың танымдық белсенділігі мен шығармашылық деңгейі өседі
оқушылар арасындағы өзара қатынас сипаты өзгереді
оқушылар маңызды әлеуметтік дағдыларға ие болады: әдеп, жауапкершілік, басқалардың позициясын есепке ала отырып, өз мінез-құлқын қалыптастыру іскерлігі
қарым-қатынастың гуманистік түрткілері
Бірлескен топтық жұмыс негізінде:
Топтық жұмыстар тиімді әрі көңілден шығу үшін жақсы ұйымдастыру қажет. Ол үшін:
 Топтардың құрамын жиі өзгертіңіз, әрбір оқушы қалған барлық оқушылармен жұмыс жасай алатын болсын.
 Оқушылар тек өз достармен ғана жұмыс жасамауы керек.
 Ұлдар мен қыздардан немесе ұлты әр түрлі балалардан құралған аралас топтың жұмысы жақсы нәтиже көрсетеді.
 Топтың құрамын әр түрлі етіп өзгертуге болады.
 Әрбір топ мүшелері өз ролін толық түсінгенін біліңіз. Мысалы: 1 нөмірлі сен хатшысың, 2 нөмірлі сен реттейсің деген сияқты т.б.
 Оқушылар басқалардың да өз пікірін айту құқығын сыйлауы керек.
 Оқушылардың барлығының жұмыс жасауына назар аударыңыз.
 Жұмысын ерте бітірген оқушыларға жеке тағы да тапсырма беріңіз.
 Топпен жұмыс жасау барысында оқушылар бір-бірін қорқытуы мүмкін. Мысалға сен мені қошта, болмаса маған 5 қой деген сияқты. Сондай бұзақылық жағдай болмау үшін бұзық оқушыларыңызға төреші, хатшы, реттеуші боласың деу керек.
Бүкіләлемдік тәжірибеде білім беру саласында білімнің де дағдының да маңыздылығы кең. Заманауи тәсілдің басты ерекшелігі – білімді алып қана қоймай , оны орынды жерде қолдану. Осы ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында. Топтық жұмыс барысында оқушының бойында оқушылық кезеңіне ғана емес, кейін де пайдасын тигізетін әлеуметтік өзара әрекет ету дағдысы, қарым-қатынас дағдысы, проблемаларды шешу дағдысы қалыптасады.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет