Бирманова Аймгуль Алмуханбетказиевна Ақтөбе- 2013 «Жаңа технологияның тиімді әдіс- тәсілдері арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу» Жас оқытушыларға арналған семинар



Дата17.02.2017
өлшемі19,1 Kb.
#9722
түріСеминар
  • С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің колледжі
  • Өткізген оқытушы:
  • Бирманова Аймгуль Алмуханбетказиевна
  • Ақтөбе- 2013
  • «Жаңа технологияның тиімді әдіс- тәсілдері арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу»
  • Сапалы білім беруде жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып,оқушылардың ізденімпаздық, зерттеушілік,шығармашылық қабілеттерін дамыту. Оқушылардың білімге ықыласын, ынтасын, қызығушылығын арттыру жолын қолдану. Өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық, іс- әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу.
  • Семинар мақсаты:
  • «Қазіргі  заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет »
  • Н.Ә.Назарбаев
  • Мен кіммін?
  • Қатардағы ұстаздардың бірімін,
  • Көргім келет шәкірттердің биігін.
  • Не үшін?
  • Үйретемін баланы,
  • Бала деген ертеңгі қазақ жалғасы.
  • Жалғас деген Отанымның жастары.
  • Кімді мен үйретемін және қалай?
  • Құқылы әрбір шәкірт білімге сай.
  • Сондықтан да зерделеп зерттеймін де,
  • Мақсат үшін қолданамын әдіс талай.
  • Қазақтың еселенсе несібесі
  • Гүлдене берсе игі киелі елі.
  • Сол ұрпақтың бәрі де білім алған,
  • Міне бұл ұстаздықтың нәтижесі.
  • Қазіргі заман талабына сай білім беру- бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғары деңгейлік және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі екендігі белгілі.
  • Осы орайда оқушылардың танымдық қабілетін дамыту, білім сапасын арттырумен қатар ақыл-ой шығармашылық белсенділіктерін жетілдіру үшін жеке пәндерді оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін іздестіру, қазіргі білім беру саласының алдындағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
  • «Біз өзіміздің болашағымызды, жеке балаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді осыны айқындап алатын уақыт жетті» деп көрсетілген  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға арналған стратегиялық бағдарламасында. Сондықтан еліміздегі ұлттық қоғамды кемелдендіру ел болашағы-жас ұрпақты жаңа  инновациялық әдісте рухтық тәлім және білім негіздерімен қаруландырып, қалыптастыру қажет.
  • Жаңа технологиялар теориялық тұрғыда дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтижелер беруде.
  • Жаңа педагогикалық технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр мұғалім алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтік мақсатына, мүддесіне сай, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. Бұл жаңа технологиялар-оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, терең ойлай білуін, теориялық негіздерін, эстетикалық көзқарастарын пайымдауын, баға беруін, танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған. Жалпы оқу-тәрбие үрдісін жаңаша дамыту, яғни оның нәтижесінің жоғарғы деңгейде болуын қадағалау жаңашыл педагогтардың қолында болды. Олар педагогикаға «жаңа технология»терминін енгізді. Бұл жаңашыл педагогтардың мақсаты-оқушылардың алатын білімдерін сапалы ету, оның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз болу. Осыған орай қазірде педагогикалық технологиялар көптеп саналады.
  • Мысалы, атап айтар болсақ, Ынтымақтастықта оқыту технологиясы, Ш.А.Амонашвилидің «Білім беруді ізгілендіру технологиясы», П.М.Эрдниевтің «Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы», Л. С. Выготский, Л.В.Эльконин, В.В.Давыдовтің «Дамыта оқыту технологиясы», В.М.Монаховтың «Модульдік оқыту технологиясы», «Проблемалық оқыту технологиясы», В.Ф.Шаталовтың «Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы», С.Н.Лысенконың «Түсіндіре басқарып оза оқыту технологиясы», «Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы», «Оқытудың компьютерлік технологиясы», «Сын тұрғысынан ойлау(СТО) арқылы оқыту технологиясы» т. б. көптеген технологиялар енгізілді.
  • Жаңа технология
  • элементтерін қолдану
  • Сын тұрғысынан ойлау әдісін қолдану тәсілі
  • Қазіргі кезде өмір сүру күрделенді, біздің елімізде демократиялық құрылымдар пайда бола бастады. Бүгінгі мектеп оқушылары, орта білім беретін оқу орындарының білім алушылары ертең өз жолында кездескен қиыншылықтарды жеңуге, өз мәселелерін өздері шешуге, саналы шешім қабылдауға дайын болуды үйрететін жаңа технологиялардың бірі – “Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту”. СТО-ды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір- түкпірінен жиналған білім берушілердің бірлескен еңбегі.

СТО-ның міндеттері: - СТО идеялар тексеріліп бағаланғанда және дамып қолданылғанда іске асады; - Есте сақтау-идеяларды түсіну-алғы шарт; - Шығармашылықпен көкейкесті ойлау; - Өзіндік жеке ойлау, тәуелсіз ойлау, шикізатты өңдеу; - Сұрақтар шешімін табу- жаңа бір нәрсе тудыру; - Үйрету – түсінуіне көмектесу; - Көңілге қонымды дәлелге ұмтылу; - Мәселені шешудің жолын өзі іздеп табу; - Шешімді негізі бар саналы дәлелдеу; - Дәлелдер негізгі болуы шарт; - Әлеуметтік ойла, таласып оқу, талқылап қарсы шығу; - Еріксіз ойландыратын, қорытынды жауаптар, шығармашылыққа итермелейді.

  • Білім беру жүйесі бүгінгі күн талабына сай түбегейлі өзгерістер талап етеді. Ол талаптар әдістемелік тәсілдерді, жаңа технологиялар қолдану, жас тұлғаға берілген білім жоғары сапалылығы, оқуға қызығушылық негізін қалыптастыруды көздейді. Осыған орай ой өрісі жаңашыл шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын жан-жақты, қазіргі заман талабына сай бәсекелестікке түсе алатын мамандар даярлау үшін дәстүрлі емес оқыту түрі ойын технологиясын қолданамын. Педагогикалық ойын- белгілі бір педагогикалық нәтиже беретін, алдына қойған айқын мақсаты бар, танымдық бағытына сәйкес айқындалатын сипаты бар, маңызды көрсеткіш болып табылады. Ойын технологиясы атқаратын қызметіне қарай бөлінеді: күш жұмсау арқылы, интеллектуалды ойлау қаблетін дамытатын, әлеуметтік және психологиялық. Осы түрлердің ішінен маған тиімділеуі интеллектуалды оқушының ой өрісін дамытатын ойын технологиясы.  Дәріс беретін пән арнайы пәндерді меңгеру үшін ең қажетті болғандықтан, оқушылардың логикалық ой өрісін дамыту үшін домино, эрудит лото, кооператив, аукцион, черчебол ойындарын жүргізу өте тиімді екеніне көп жылдық тәжірибем көз жеткізді. Ойын технологиясының тағы бір тиімділігі оқушылар білімін бағалау мен бақылау жүйесінің арасындағы байланыс. Ойын технологиясымен өткен сабақтардан алған білім деңгейі пайыз бойынша, дәстүрлі әдіспен берген сабаққа қарағанда көрсеткіші жоғары болатынын дәлелдеді.
  • Тапсырманың мақсаты
  • Шығармашылық бағыты
  • Күтілетін нәтижесі
  • “Әрбір бала – болашақ данышпан” деген қағиданы ұстана отырып, балаларды қиялдай білуге және ойын ашық та мазмұнды жеткізуге машықтандыру. Балалардың жылдам ойлап, шешімін таба білуі, іс-әрекет нәтижесін тілмен
  • жеткізе білуі
  • Белгілі тақырып бойынша сөйлеу мәдениеті мен қиыннан қиыстыруға үйрету, сиқырлы объектілер әдісі-образға еніп сөйлеу, тақырыптық диалогтар құрастыру. Бір-бірімен ақылдасу, сөйлеу
  • мәдениетінің, сыныпта белсенділік пен ұйымшылдық пайда болуы.
  • Жаңалықты, ұйымшылдықты сезіну, танымдық белсенділігінің артуы, құрастыру шеберлігінің жақсаруы, сөздік қорының артуы, өз ойын тұжырымдап қорытынды шығаруы, шығармашылық жұмысты асыға күтуі.
  • Ойын элементтерін қолдану
  • ОЙЫН АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ МЕҢГЕРЕДІ:
  • Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуге;
  • Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білу;
  • Оқушылар үшін психологиялық жағымды;
  • Ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді.
  • Ойын элементтерін қолдана
  • отырып өткізген сабақтар
  • Информатика
  • әлеміне саяхат
  • ХХІ ғасыр
  • көшбасшысы
  • Тапқыр
  • информатиктер
  • Логикалық сабақ
  • Миллион кімге
  • бұйырады?
  • Ақпараттық
  • диктант
  • Мәтіндік құжат бағдарламасын атаңыз
  • paint
  • excel
  • word
  • Электронды поштаға кіру үшін нені білуіміз қажет?
  • Сайт адресін
  • пароль
  • Логин және пароль
  • Ақпарат шығу облысына
  • қарай нешеге бөлінеді?
  • 3
  • 5
  • 4
  • Ctrl+V
  • Ctrl+P
  • Ctrl+H
  • Рефлексия
  • Психологиялық тест
  • «А» жауабына- 5 ұпай
  • «Ә» жауабына- 3 ұпай
  • «Б» жауабына- 1 ұпай
  •  
  • 45- 50 ұпай
  • Сіз шәкірт үшін биік тұлғасыз.
  • Бала тәрбиесіне жан- тәнімен берілген жансыз.
  •  
  • 30- 21 ұпай
  • Сіз арбаны да сындырмайтын, өгізді де өлтірмейтін күйде жүрсіз.
  • Көбірек іздену керек.
  • 15- 11 ұпай
  • Сіз босқа уақыт өткізіп жүрсіз. Орыныңызды бала жанын
  • түсінетін шын мұғалімге босатқаныңыз жөн.
  •  


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет