Біздің халқымыз сөзге тоқтаған дана халық болған, ал мына біздер сол дана халықтың ұрпақтарымыз. Міне сондықтан да дәл сол кісілердей дана бола алмасақ та ұқсап баққанымыз жөн болар еді. Сұраққа келсек, бұл жерде еш тәртіп бұзылып тұрған жоқ. Кез-келген қолданушы түсінбегенін сұрау құқына ие деп ойлаймын.Бірақ сұрақ қоюдың түр-түрі болады, біреулер шын мәнінде түсініп алғысы келеді, ал енді бір пысықайлар өзінше қушыкештеніп бұра тартып тұрады да өз сүйкімін өзі кетіреді, содан сақтасын дейік. Ал енді "Тыныш жатқан бүркіттің артынан түртіп үркіттің" - деген мақалдың тәрбиелік мәні зор деп білемін. Бұрынғы замандарда жер дауы,жесір дауы,барымта дауы дегендер қазақ арасында болмай тұрмаған. Міне сол прокуроры, соты, түрмесі жоқ заманда осы дауларды дуалы ауызды билеріміз бірақ ауыз сөзбен келістіріп отырған. Әрине ол шешімге бір жағы риза болып кетсе, ал екінші жағы риза болмаса да іштей тынып, амалсыздан шешімнен аса алмай қыжылмен кететін кездері болып жатқан. Қандайда болмасын екі ел тыныштығына сеп болған шешім сол екі ел арасына ұзақ жылдар татулық сақтап жүруге сеп болатын болған. Сол бірнеше жылдан соң іштерінен бір пысықай қайта шығып сол баяғы қызылды түрткілеп қозғайды, ел қайта бүлінеді. Сонда күйген қариялар әлгі жетесізге осы мақалды айтпағанда не істейді.
Начало формы