Бизнес қатынасы
Өндіріс саласындағы әріптестік
Тауар алмасу саласындағы әріптестік
Сауда саласындағы әріптестік
Қаржылық қатынастар саласындағы әріптестік
1. Кәсіпкерлер өздерінің қызмет процесінде әртүрлі әріптестік байланыстарда болады. Әртүлі әріптестік байланыстардың формаларын А.В.Бусыгин негізгі кәсіпкерлік іс-әрекеттің сфералары бойынша жіктейді:
1. Өндіріс сферасындағы әріптестік байланыстар.
Тауар алмасу сферсындағы байланыстар.
Сауда сферасынгдағы байланыстар.
Қаржылық сферсындағы байланыстар.
Өндіріс сферасындағы әріптестік байланыстардың негізгі формалары:
Біріккен кәсіпорын – жарғылық қоры екі немесе одан көп құрылтайшылардың пайлық жарнасынан құрылған және олардың біреуі шетелдік жеке немесе заңды тұлға болып табылатын кәсіпорын.
Аралас кәсіпорын – жарғылық қоры бір елдің немесе одан көп заңды тұлғалармен құрылған кәсіпорын. Аралас кәсіпорынға бір елдің екі немесе бірнеше заңды тұлғаларының жарғылық капиталы негізінде қалыптасқан кәсіпорын.
Өндірістік кооперация - әр әріптес бірыңғай өндірістік процесс шеңберінде өзіне үлесті жұмысты орындайтын, осы процесті аяқтау бойынша және өндірілген өнімді сатудан түскен табыс жұмыстың жалпы көлеміндегі әрқайсысының үлесіне сәйкес әріптестер арасында бөлінетін әріптестік байланыстар формасы.
Франчайзинг – бас компанияның ұсақ дербес кәсіпорындарға белгілі нарықта осы ірі компанияның сату маркісімен белгілі тауарлар шығаруға және өткізуге құқық ұсыну жөніндегі әріптестік байланыс.
Концессия – мемлекеттің монополиялық меншігіндегі шаруашылық объектілерді жалға алу жөніндегі кәсіпкердің мемлекеттік органдармен әріптестік байланыстар формасы. Концессия ( латын тілінен – рұқсат ) – кәсіпкердің шаруашылық объектіні мемлекет қарауындағы жалға алу жөнінде мемлекеттік немесе муниципалдық органдармен келісімге келу. Келісім-шарт объектісі болып – пайдалы қазбалар, табиғат байлықтары, сондай-ақ зауыт, фабрикалар болуы мүмкін.
Толлинг – қосымша шикізатты өңдеу мен қайта өңдеу жөнінде әріптестер арасындағы келісім. Мұнда бір әріптес – тапсырма беруші екінші жаққа – орындаушыға шикізатты өңдеу туралы тапсырма береді, орындаушы толлинг бойынша өзінің қызметіне сыйақы алады.
2.Тауар алмасу саласындағы әріптестік
Әріптестердің тауар алмасу сферасындағы байланыста арнайы тауар түрлерінің жылжуы, тек бір ерекшелігі тауар алмасу ақшалай түрде емес, заттай немесе тауарлай жүргізіледі.
Мұнда тауар алмасу формаларына мыналар:
Бартер – тауар алмасу мәселесі, қандай тауарды алмастыруға болады, олардың арасындағы пропорциялары қаралады.
Қарама-қарсы тауарды қою – екі жақ қандай жағдайда тауардың тауардың қандай түрін қою жөнінде келісімге келеді, бірақта қарама-қарсы қандай тауар қойылуы жөнінде шешім қабылдамай тұрып, келісімге келіп, кейін келісім-шарттың қосымша хаттамасында алмасқан тауардың түрі, қою жағдайы көрсетіледі.
Коммерциялық триангуляцияда бартерлік операцияны жүзеге асыруда екі әріптестер емес, үшеу қатысады. Коммерциялық триангуляциялық келісім мәмілесі жасалады:
1. Тауарды қою;
2. Тауармен есептесу.
3.Сауда саласындағы әріптестік
Сауда сферасындағы әріптестер байланысы мәміле түрінде жүзеге асады:
Жай түрі немесе сауда – саттық мәмілесі. Әріптестер арасындағы байланыс сауда саттық келісім-шарт негізінде жүзеге асады. Мұнда сатушы мен сатып алушы немесе тауар беруші мен тұтынушы қатыса алады.
Форвардтық немесе жедел мәміле – мұнда 6 айдан 14 айға дейін келісімге келу.
Бір мезгілде тауарды алып сату - келісім-шартта қаралған мезгіл бойынша.
Ноу-хау түрі бойынша ақпарат беру – «өндірістің құпияларын» белгілі сыйақы үшін, келісім-шартта қарастырылған жағдайлар бойынша әріптестердің бір-біріне беруі.
Спот – тауарды тауарлай алған жағдайда шұғыл, жедел есептесу мен жеткізу. Көбінесе биржалық саудада кездеседі.
Тауарды экспортқа шығару – басқа елдің әріптесіне тауарды қою жөнінде келісім-шартқа отыру.
Тауарды импортқа шығару – шетел әтіптестерінің тауарды біздің елге әкелуі.
4.Қаржылық қатынастар саласындағы әріптестік
Қаржылық қатынастар сферасындағы әріптестік байланыстарға факторинг және коммерциялық трансфертті жатқызады.
Факторинг – кәсіпкер мен фактор фирмасы арасында қалыптастырылған қарым-қатынас жүйесі, мұнда фактор фирмасы кәсіпкердің бережағын жабу жөнінде міндет алады немесе кәсіпкерден қандай болмасын әріптесіне төлемін төлеу жөнінде тапсырысын сатып алады.
Фактор фирма ретінде көбінесе банктер шығады.
Факторинг клиенттерге қызмет көрсетудегі әмбебаптық жүйесінің бір элементі, өзінің құрамында бухгалтерлік, ақпараттық, жарнамалық, өткізушілік, көліктік, сақтандыру, несиелік және құқықтық қызметтері бар. Клиентке тек өндірістік функциясын орындауға қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |