Кәсіпкер үшін бизнес-жоспар жаңа бизнестің қалай жұмыс істейтінін бағалауға және оның болжамды нәтижелерін анықтауға, сондай-ақ банктен несие рәсімдеу барысында қажет болады.
Маркетингтік жоспарлау
01
Қаржылық талдау
02
Жұмыскерлер
03
Бизнес туралы ақпарат
04
БИЗНЕС-ЖОСПАР
05
Маркетингтік жоспарлау
фирманың əрбір жеке өндірісіне
Тауар маркасына
нарық үлесін жаулап алудың негізгі стратегиялар
белгіленген табысты алу, қажетті шығын мен күтілген кіріс
Қаржылық талдау
қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі; - активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу; - айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
БИзнес жоспар түрлері:
Бизнес-жоспардың кімге арналғанына байланысты оның бірнеше түрін ажыратамыз: Өзіңізге арналған бизнес-жоспар. Бұл бизнес-жоспар кәсіпкерге жаңа бизнестің қаншалықты тиімді, я болмаса тиімсіз екенін анықтауға арналған.
Несие алуға арналған бизнес жоспар. Банктер кәсіпкерге несие беру туралы шешім қабылдау үшін, одан бизнес-жоспарды талап етеді.
Жергілікті және шетелдік серіктестермен бірлескен кәсіпорынға арналған бизнес-жоспар. Сауатты құрылған бизнес-жоспар сіздің ісіңіздің маңыздылығына серіктестің сенімін арттырады.
2
Инвесторларды тартуға арғалған бизнес-жоспар. Инвесторлар өз қаржысын бұл бизнеске салар алдында, бизнеске талдау жүргізеді. Сол себепті, кәсіпкердің бизнес-жоспары қаралады.
Жаңа қызметкерлерді тартуға арналған бизнес жоспар. Білікті мамандарды өзіңізге жұмысқа тарту қиынға соғады. Сондықтан, бұндай бизнес-жоспар қызметкерге болашақ қызметтің сипаттамасы жайында және ұсынылатын жұмыстың тұрақтылығы мен келешегі туралы ақпарат береді.
•Басқа компаниямен бірігуге арналған бизнес жоспар. Ол бірлескен қызметтің жағымды және жағымсыз жақтарын көруге көмектеседі.
ұйымдастыру
Бизнесті ұйымдастыру барасында кәсіпкер өз клиенттеріне өнімді (тауарды немесе қызметті) шығару және оны сату үдерістері қалай, қашан ұйымдастырылатынын, оның қандай көлемде шығарылатынын ойластыруы тиіс.
Тәуекелдер
Кәсіпкер бизнеспен бірге туындайтын: инфляция, несиелер, клиенттердің ақы төлеуден бас тартуы, төтенше жағдайларға байланысты немесе серіктесіңіз тарапынан алданып қалу сынды барлық тәуекелдерді ескеруі тиіс. Бұл тәуекелдерге дайын болуға және туындаған жағдайда еңсере білу үшін қажет.
Бизнес Идея
Істі алғаш бастайтын кәсіпкерге ең алдымен немен айналысатынын шешіп алу қажет, яғни ол бизнес-идея табуы тиіс. Бұл күрделі және жауапты саты. Бизнестің қалай құрылатынын осыған байланысты. Бұл жерде кәсіпкер өз білімі мен дағдыларын, жұмыс тәжірибесін, хобби мен қызығушылықтарын ескеруі керек. Жеке мүмкіндіктер. Кәсіпкер жаңа бизнестің мүмкіндіктерін, өзінің мүмкіндіктерін және идеяны жүзеге асыруға керек өзге ресурстарды бағалауы тиіс.