Блум таксономиясы бойынша бағалау критерийлерін бөлу



Дата16.06.2022
өлшемі20,53 Kb.
#146708
Байланысты:
Бағалау критерийлері-ойлау дағдысы


2-1-үлестірме материал

Блум таксономиясы бойынша бағалау критерийлерін бөлу
Оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтау үшін бағалау критерийлері құрастырылады, ол Б.Блум таксономиясы арқылы оқу мақсаттарына сәйкес ойлау дағдыларының деңгейі бойынша жіктеледі.
Блум таксономиясын 1956 жылы америкалық психолог Бенджамин Блум когнитивтік ортада педагогикалық оқу мақсаттарын болжайтын алты ойлау дағдылары: білу, түсіну, қолдану, талдау, синтез, бағалау арқылы топтастыруды ұсынды.
Белгілі дағдыларды нақты анықтау критериалды бағалаудың маңызды аспектісі болып табылады. Ойлау дағдыларының деңгейлері үш топтың төңірегінде берілді (1-кесте):

  • білу және түсіну;

  • қолдану;

  • жоғары деңгей дағдылары (талдау, жинақтау, бағалау).



Бағаланатын дағдылар сипаттамасы



Ойлау дағдыларының топтары

Сипаты

Етістіктер

Білу және түсіну

Нақты деректерді, ақпараттар мен сипаттамаларды, есте сақтау немесе елестету, меңгерген материалды дұрыс жеткізу, болжау немесе ақпаратты жеткізу арқылы түсіну және түсіндірудегі баға қабілеттілігі.

атайды, назар аударады, есте сақтайды, талқылайды, анықтайды, айтады, жазады, қайталайды, көрсетеді, хабарлайды.

Қолдану

Бір мәселені нақты жаңа жағдайда шешу үшін меңгерген материалды қолданудағы баға қабілеттілігі. Білімді қолданудың таныстыру әдісі тәжірибелік жұмыстар, эксперименттер, жоба жұмыстары, мәселені шешу және жаңа және/немесе түрлі нәтижелер жасау болып табылады.

қолданады, санайды, өзгертеді, таңдайды, топтастырады, аяқтайды, қорытындылайды, таныстырады, табады, жасайды, ықпал етеді, зерттейді, эксперимент жүргізеді, түсіндіреді, сахналайды, түрлендіреді, сәйкестендіреді, жоспарлайды, көрсетеді, шешеді, пайдаланады, құрайды, іске асырады.

Жоғары деңгей дағдылары (талдау, жинақтау және бағалау)

Баға қабілеттілігі:
- ақпараттық материалдарды жеке бөліктерге бөлу, дәлелді анықтау жолымен түрлі пікірлер алу үшін ақпараттарды немесе себебін, тұжырымын меңгеру, жалпы ережелер үшін дәлелдер табу;
- жаңа мәнмәтінде бөліктерді (идея, элементтер) біріктіру, қиыстыру, мысалы хабарлама (сөз сөйлеу, баяндама оқу), әрекет жоспары, қажет мәліметті реттейтін кесте;
- осы немесе басқа материалдың маңызын бағалау (бекітілген көркем шығарма, зерттеу мәліметтері).

талдайды, бағалайды, топтастырады, есептейді, қабылдайды, салыстырады, байланыстырады, қарсы қояды, сынайды, талқылайды, саралайды, ажыратады, бөледі, зерттейді, эксперимент жүргізеді, түсіндіреді, пікір білдіреді, сәйкестендіреді, тексереді;

топтастырады, жинақтайды, қосады, үйлестіреді, құрайды, құрады, құрастырады, жалпылайды, біріктіреді, саралайды, ұйымдастырады, жоспарлайды, ұсынады, орнатады, біріктіреді, аргумент келтіреді, негіздейді, келіседі, салыстырады;


дәлелдейді, таңдайды, салыстырады, қорытынды жасайды, сендіреді, негіздейді, түсіндіреді, өлшейді, болжайды, алдын алады, ұсынады, пікір білдіреді, саралайды, бөліп көрсетеді, қосады, қолдайды, тексереді, бағалайды, талдайды.



Бағалау критерийлерін құрастыру кезінде мұғалім әр ойлау дағдыларының деңгейін көрсететін етістіктерді қолдануына болады.
Сілтеме: Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық: Оқу-әдістемелік құрал. / О.И.Можаева, А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциялауымен – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2016. - 54 б.с

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет