БҚМУ Хабаршы №3-2019ж.
0
БҚМУ Хабаршы №3-2019ж.
1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
М.ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ
ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКИЙ
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ
УНИВЕРСИТЕТ
им. М. УТЕМИСОВА
БҚМУ
ХАБАРШЫСЫ
Жылына 4 рет шығады
№ 3 (75) - 2019
ВЕСТНИК ЗКГУ
Выходит 4 раза в год
Орал-Уральск
467
ӘОЖ 930 «1960-1980» (574)
Рысбеков Т.З. –
тарих ғылымдарының докторы, профессор,
ҚР ҰҒА құрметті академигі, М.Өтемісов атындағы БҚМУ
Сұлтан А.Б.
– М.Өтемісов атындағы БҚМУ магистранты
Е-mail:
algaz_1995@mail.ru
ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ МӘДЕНИ ӨМІРІ (1960-1980 ЖЖ.)
Аңдатпа.
Мақалада 1960–1980 жылдардағы Орал қаласының мәдени өмірі
баяндалады. Зерттеліп отырған уақыт аралығындағы Кеңестік идеологоияның
мәдениетке тигізген әсері мен ерекшеліктері көрсетіледі. Қаламыздағы мәдени-
ағарту мекемелеріне жекелей тоқталып, олардың саны мен қызметі туралы кеңінен
зерттеліп толық мағұлмат беріледі.
Тірек сөздер:
мәдениет, А.И. Островский атындағы орыс драма театры,
мәдени-ағарту мекемелері, кинотеатр, клуб, кітапхана, музей.
Соғыстан кейінгі жылдары бірқатар партия және кеңес ұйымдарында
мәдениет-тәрбие жұмысын жете бағалаушылық, бірыңғай шаруашылық істермен
шұғылдану фактілері орын тепті. Көп жерлерде мәдениет мекемелеріне тек ағартушы
ұйымдар ретінде қараушылық кездесіп жүрді. Коммунистік құрылыста жаңа
табыстарға жету үшін идеологиялық жұмыстың барлық құралдарын, соның ішінде,
кеңінен өріс алған мәдени мекемелерін неғұрлым толығырақ та орынды пайдалану
қажет болды. Мәдени-ағарту мекемелері халықтың барлық топтарымен тікелей
байланысты. Сондықтан, олардың еңбекшілер арасында нақты көпшілік-саяси
жұмыстарды жүргізуге мүмкіншіліктері болды. Әрбір кеңес адамының идеялық- саяси
дәрежесін көтеру үшін, буржуазиялық ұлтшылдыққа, адамдардың санасындағы
ескіліктің қалдықтарына қарсы күресу үшін мәдени- ағарту мекемелерінің жұмысын
жандандыра түсудің маңызы орасан зор болды. Саяси-қоғамдық өмірде идеологияның
рөлі шектен тыс күшейтіліп, оның басты сипатына айналды. Онда мәдени құрылысты,
мәдени қызметтің мектеп құрылысын өрістету, жоғары оқу орындарының қатарын
ұлғайту, мәдени–ағарту жұмыстарын жандандыру, т.б. жекелеген түрлерінің
қарапайым ғана қосындысы ретінде қарастырған мәдениеттің рөлі негізгі басшылыққа
алынды. Оның үстіне мәдениеттің саясатпен байланыстылығы ешқашан да
жеңілмейтін социализмнің басты кепілі саналды. Соғыстан кейінгі жылдарда соғысқа
дейін басталған «Батыс елдері алдында бас ию және буржуазиялық көріністерге»
қарсы күрес одан әрі жалғасты. Бұл күрес ағарту, ғылым мен мәдениет саласын да
қамтыды.
Өкімет өз саясатының қуатты құралы ретінде клубтар, мәдениет үйлерімен
қатар кітапханаларды пайдаланды. Олар шын мәнінде қоғамда болып жатқан
жағдайларды әрбір еңбеккердің санасына сіңірудегі жалынды үгіт-насихат ошағына
айналды. Ауыл мен селоларда жұртшылыққа коммунистік адамгершіліктің негізін
үйретуге, оны бойларына қалыптастыруға кітапханалардың рөлі зор болды. Сондай-
ақ, бұл мекемелердің негізгі атқаратын жұмыстары буржуазиялық идеология мен
адамгершілік ымырасыз болып, жеке меншіктік психология, етектен тартатын ескі
салт – сана, дәстүрмен, дінмен батыл күресуге арналды. Бұл міндеттер жаңа қоғам
құрылысындағы мемлекет алға қойған саясатын жүзеге асыруға өз үлесін қосады деген
үмітте болды.
70-80 жж. ұлттық салт-санадан гөрі кеңестік салт-сана көбірек дәріптелді.
Қоғамдық-саяси өмірде европоцентризм басым еді. КСРО халықтары мен ұлттарының
дамуындағы орыс мәдениетінің рөлін асыра бағалау етек алды. Біздің тарихымыздың
бөліп алуға болмайтын бөлігі болып табылатын көшпелілік өркениеті мен шығыс
мәдениетінің бүкіл қабаты жауып тасталды, адамдардың тарихи санасын жою процесі
жүрді. Партияның орталық комитеті үнемі жұмысшыларға, әсіресе, жастарға
идеологиялық тұрғыда коммунистік тәрбие беруге ерекше мән беріп отыр. Осы
міндетті орындауда басты көмекші ретінде мәдени – ағарту мекемелері таңдап
алынған.
Кеңестік кезеңдегі мәдениет тарихының айрықша ерекшелігі оның дамуында
партия мен мемлекет рөлінің аса басымдығы болды. Коммунистік партия мемлекеттік
және қоғамдық ұйымдар арқылы халыққа білім беруді, мәдени – ағарту жұмыстарын,
468
әдебиетпен өнерді бағыттап және бақылап отырды, еңбекшілерді маркстік-лениндік
идеология рухында, идеялық-саяси тұрғыда тәрбиелеу жұмысын жүргізді [1, 547 б.].
Мәдениет қызметкерлерінің Бүкілодақтық кеңесінде «Мәдени-ағарту
қызметкерлері – ең алдымен идеология қызметкері. Ал бұл рөльді ойдағыдай атқару
үшін оған жақсы маркстік-лениндік дайындық, кең саяси эрудиция, педагогиканы,
психологияны және әрине негізгі мамандығы ретінде көркем мәдениеттің белгілі бір
саласын білу қажет. Жоғары коммунистік мәдениетті ол бұқара халық арасына сөзбен,
көркемдік бейне арқылы ғана емес, сонымен қатар жеке үлгісімен де таратуға тиіс» [2,
3 б.].
1945 жылы Қазақ КСР Халық комиссариаты жанында мәдени-ағарту
мекемелерінің істері жөніндегі комитет құрылады, ол кейін киноматография, өнер
істері жөніндегі комитетпен бірге республикалық Мәдениет Министрлігінің құрамына
енеді. Соғыстан кейінгі жылдарда осы мекемелер негізгі мәдени-ағарту жұмыстарын
бақылап, жүзеге асырды. Жалпы соғыстан кейінгі уақытта енді ғана бас көтерген елде
материалдық жағдай ақсап, қаржы тапшылығы кең орын алып отырды. Осындай
қиындықтарға қарамастан елдің бейбіт жағдайға көшуіне орай халықтың жаңа өмірге
ынтасын арттырып, жағдайын көтеру мақсатында үкімет бірқатар шараларды қолға
алады. Соның бірі қаладағы мәдени-ағарту органдарының жұмысын жолға қою, оларға
соғыстан кейінгі ел алдындағы бесжылдық жоспарды орындау міндеттерін жүзеге
асыруды жүктеу болды [3, 96 б.]. Осындай жүйелі жұмыстар арқасында қаламызда
мәдени – ағарту мекемелерінің жағдайы айтарлықтай түзелгенімен, бірақ мәдени-
ағарту мекемелерінің жұмысындағы кемшілік олардың маусымды жұмыс жасауы,
мереке-мейрамдарға ғана қатысты қызмет көрсетуі, көпшілігінің арнаулы
жетекшілерінің болмауында болды.
1965 жылы облыста мәдениет министірлігіне қарасты 166 клубтық мекеме
жұмыс жасады. Атап айтсақ: Облыстық халықтық шығармашылық үйі – 1, аудандық
мәдениет үйі – 14, автоклуб – 37, ауылдық клуб – 96, қызыл уй – 16. Сонымен қатар
Драма театр – 1, Халықтық театр – 1 (Жалпақтал ауылы), Музей – 2 [4, 30 п.]. Соның
ішінде қаламызда 7 кинотеатр, 16 клуб, 30-ға жуық қызыл бұрыш, 3 жазғы би алаңы,
А.И. Островский атындағы орыс драма театры, 49 кітапхана, 38 киноқұрылғы жұмыс
жасап, халыққа мәдени қызмет көрсетті. 1960–жылдарда қаладағы кинотеатрлар
қатары 260 орындықты Ленин комсомолы атындағы, 312 орындықты «Аврора», 500
орындықты «Мир» кинотеатрларының салынуымен толықты. 1967 жылы қалада 9
кинотеатр, 100 әртүрлі кітапхана, 16 клуб еңбекшілерге қызмет көрсетті. Әсіресе
өнеркәсіп орындарының көпшілігінде кітапханалар ұйымдастыру кең етек ала- ды. Бұл
кітапханалар жұмысы оқырмандарды тартумен қатар түрлі көрмелер ұйымдастыру,
әдеби кештер, кездесулер өткізу бағытында жүрді [5, 216 б.].
Мәдени-ағарту мекемелерінің бірі ретіндегі кітапханалар ісіне келсек, 1965
жылы қаламыздағы кітапханалардағы кітап қоры 99 546 болды. Ал 1970 жылы 288672
данаға жетті. 1968 жылы 1 қаңтарда қалалық кітапханалардағы оқырман саны 85 мың
адамды құрады. Жалпы 1970-жылдардан бастап қала еңбекшілері ағарту, саяси, білім
беру бағытында 18 қызмет ету аймағына бөлініп, әрбір кітапханаға белгілі бір қызмет
ету аймағы бекітілді. Мұның өзі кітапханалар жұмысын жолға қойып, халықты
оқырман болуға тартуға ықпал етті. Нәтижесінде оқырмандар саны 4492 адамға, кітап
беру ісі 115027 данаға өсті. 1970 жылы 1 қаңтарда кітапханалар жүйесіндегі кітап қоры
1651922 данаға өсті. Әрбір қала оқырманына орташа есеппен
17 кітаптан, әрбір тұрғынға 12 кітаптан келді. Кітапханалардың кітап қорын
толықтыру үшін 1972 жылы кітап алуға 33 мың сом, соның ішінде қалалық бюджеттен
30 мың сом, орталық қордан 3 мың сом, қалалық кеңес жанынан қосымша 2,2 мың сом
ақша бөлінді. Мұның өзі кітап қорларының өсуіне ықпал етті. Оны мына цифрлар
дәлелдейді. 1972 жылы 1634581 дананы құраса, 1973 жылы 1899582 дана кітап қоры
болды. Ал 1975жылы бұл көрсеткіш 2010204-ке жетті. Әрбір кітапхана кеңестік
құрылыстың ісіне, мемлекеттің жоспарлары мен нұсқауларының іске асуына
көмектесуші идеологиялық орталық болғандықтан кітапханалардың ең маңызды
міндеті –қызмет көрсетуді жақсарту және оқырманға рухани жағынан өсуге көмектесу
болды. осыған орай кітапханада үгіт-насихат жұмыстары, саяси оқуларды, кітап
көрмелерін ұйымдастыру, қызықты адамдармен кездесулер жүргізіліп отырды. 1977
жылы Н.К. Крупская (қазіргі Ж.Молдағалиев) атындағы облыстық кітапхана Батыс
Қазақстандағы төрт облыс (Орал, Ақтөбе, Гурьев, Маңғышылақ) үшін аймақтық
депозитарлық қорды сақтаушы мәртебесіне ие болады. Қазіргі уақытта депозитарлық
қорда 25,0 мың дана кітап жинақталған [6, 123 б.]. Қаладағы ең үлкені Н.К. Крупская
атындағы облыстық кітапханаға тоқталсақ. Бұл кітапхананың штатында 26 қызметкер,
469
оның 22-сі шығармашалық жұмыста болды. кітапханадағы кітап қоры – 120 000
дананы құрап, 10 000 оқырманға қызмет көрсетті. Кітап берілімі 236000 құрады, ал
кітаптың оқылуы 27 кітап бір оқырманға тиесілі болды. Облыс бойынша 195 000
оқырманға қызмет көрсетіп, 3 млн кітап берілді. Сонымен қатар, облыстық кітапхана
ісін ұйымдастыруда және жетілдіруде Н.К. Крупской атындағы облыстық
кітапхананың еңбегі зор. Жыл сайын кітапхана мамандары аудандық және ауылдық
кітапханаларға практикалық және әдістемелік көмек көрсету үшін 40-тан астам іс-
сапарлар ұйымдастырып отырды, өзекті мәселелер бойынша семинарлар өткізілді.
1971 жылы Н.К. Крупская атындағы облыстық кітапхана Орал өңірінің 568
кітапханасына әдістемелік басшылық жасады.
Әр уақыттарда осы кітапхана қабырғасында бірнеше іс – шаралармен қатар -
ғылыми-практикалық конференцияларда ұйымдастырылып, сонымен қатар кітапхана
ұжымыда әр кез қоғамдық іс шаралармен конференцияларға қатысып отырды.
Мысалға: 1965 жылы 23 –ші маусымнан бастап бір апта қазақ әдебиеті күні өтті.
Жазушылардан Ғ.Мүсірепов, Ж.Тілеков, Х.Есенжанов, Ғ.Қайырбеков, С.Сейітов,
Ж.Молдағалиев, Л.Кривощековтар болды. Облыстық кітапхананың оқу залында ақын-
жазушылармен кездесу өтті. 1968 жылы Советтік Қазақстанның 50 жылдығына
арналып, облыстық кітапхананың оқу залында «Менің туған өлкем – Қазақстан» атты
ғылыми-практикалық конференция өтті.1972 жылы облыс кітапхана қызметкерлерінің
«Кітап – ауыл өмірінде» атты ауыл оқырмандарының кәсіби оқуына орай ғылыми-
практикалық конференциялары өткізілді.
1967 жылы 1-ші облыстық ғылыми-практикалық конференция «В.И. Ленин
Кітапхана ісі туралы». 1970 жылы – республикалық ғылыми - практикалық
конференция «Қазақ КСР-нің 50 жылдығына арналған Өлкетану әдебиеттерін
насихаттау бойынша республика кітапханаларының жұмысы». 1972 жылы КСРО - ның
құрылғанына 50 жыл толуына арналған облыстық ғылыми-практикалық
конференцияларын атауға болады. 1972 жылы ЮНЕСКО-ның Халықаралық кітаптар
жылы деп жариялаған кітап базарлары мен жәрмеңкелері, кітап айлықтары, бауырлас
әдебиеттер апталығы, әдеби мерекелер мен кештер, кітап көрмелері мен т.б. Облыстың
кітапханалары «в единой семье братских народов» атты жастар кітабының
Бүкілодақтық айлығына қатысты. 1975-1980 жылдары Орал облыстық кітапханасы 14
облыстық, өлкелік және республикалық Кітапханалар базасында В.И. Ленин атындағы
КСРО мемлекеттік кітапханасы өткізген "әмбебап ғылыми кітапханалар қорын
қалыптастыру және пайдалану динамикасы" тақырыбы бойынша Бүкілодақтық
зерттеуге кітапхана ұжымы қатысқан болатын [6, 123-127 б.].
Әрбір кітапхана кеңестік құрылыстың ісіне, мемлекеттің жоспарлары мен
нұсқауларының іске асуына көмектесуші идеологиялық орталық болғандықтан
кітапханалардың ең маңызды міндеті –қызмет көрсетуді жақсарту және оқырманға
рухани жағынан өсуге көмектесу болды. осыған орай кітапханада үгіт-насихат
жұмыстары, саяси оқуларды, кітап көрмелерін ұйымдастыру, қызықты адамдармен
кездесулер жүргізіліп отырды. Қаладағы кітапханалардың жағдайлары мәз болмады.
Крупской атындағы облыстық кітапхананың өзі тығыз орналасқан болатын.
Сондықтан 4 мыңнан астам құнды еңбектер кітапхана дәліздерінде қоқыс болып
жатты. Кітапхананың оқу залдары да кішігірім болды.
Қаланың мәдени-ағарту жұмыстарының қол жеткен табыстарына клуб
мекемелерінің қосқан үлесі зор болды. Бұл кезеңде кітапханалармен қатар клубтар да
998 әртүрлі мәдени шаралар өткізіп, 184 спектакль мен концерт қойды. Клутар
концерттер, лекциялар, кездесулер, әр түрлі тақырыптық кештер өткізе отырып, халық
таланттарын табуда да көп жұмыстар атқарды. Бұл кезеңдегі клуб жұмысының негізгі
бағыттары үйірмелік жұмыстар мен көркемөнерпаздар жұмысын ұйымдастыру болса,
1960-жылдардан бастап клубтар үйірмелік жұмыстан бірте-бірте мәдениет үйлерін,
студиялар, халық театрларын, филормонияларды ұйымдастыруға көше бастайды [3,
101 б.].
Осы уақыттарда қаламызда жұмыс жасап тұрған театрлардың бірі де бірігейі
А.Островский атындағы драма театры болатын. 1965 жылдың алғашқы
жартыжылдығында А.Н. Осторовский атындағы драма театр біраз жұмыстар атқарды.
Жоспар бойынша театр ұжымы 227 гострольдік сапарларымен қоса есептеген
спектальдер қою қажет болған. Алайда театр ұжымы гастрольдік 219 спектальдер
қойып жоспарды 96℅-ға орындап, 78,4 мың көрермен жинады. Осылайша театр 53,6
мың. руб. қаражат жинады.
Театр ұжымы ауылдық жерлерге гострольдік сапарларымен барып 41 спекталь
қойып, 11 мың көрерменге қызмет көрсеткен. Ауыл тұрғындары театр
470
репетуарындағы А.Н. Островскийдің «Қасқырлар мен қойлар», В.Лаврентьеваның
«Әкеңді сыйла», Э.Де. Филипоның «Филуман Мартурано» т.б. спектальдерді
тамашалады. Театр ұжымы осы қойылымдарымен ауылдық жерлерден 5,6 мың. руб
пайда тапты.
Осы атқарылған жұмыстардан кейін театр ұжымы жаңа маусымға дайындыққа
кірісті. Олар жаңа маусымда П.Турдың «перебежчик», А.Н. Островскийдің
«Нашествие», «Лоенова», «Маскарад», М.Лермонтова «Фараоны» қойылымдарын
қоюды жоспарлады. Сонымен қатар театр әртістері жергілікті және ауылдық
жерлердегі мәдениет үйлері қызметкерлері мен Жалпақтал халықтық театр әртістеріне
өз білгендерімен бөлісіп, тәжірибе жүзінде көрсетіп отырды.
Бұл театр сахнасында әр уақыттарда И.Ильинский, Р.Зелёная, В.Качалов,
О.Андровская, Б.Төлегенова, Р.Бағланова, Е.Серкебаев, Р.Рымбаева сияқты театр,
кино және эстраданың үздік майталмандары өнер көрсеткен. Сонымен қатар театр
Ғ.Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу», С.Мұқановтың «Шоқан Уәлиханов»,
«Ботагөз» тәрізді қазақ драматургиясының аударма туындыларын да қойып отырған.
Алайда театрда кемшіліктері де болып отырды. Оған мысалы ретінде, 1969 жылы 20
ақпанда Қазақ КСР Мәдениет министрлігі алқасының «Республика театрлары мен
концерттік ұйымдарының қызметіндегі елеулі кемшіліктер туралы» қаулысы шықты.
Қазақ КСР-нің Министрлер Кеңесі 1969 жылғы 31 қаңтардағы «Республика театрлары
мен концерттік ұйымдарының қызметіндегі елеулі кемшіліктер туралы» №57
қаулысында былай деп өтті: Қазақ КСР Мәдениет министірлігі және оның жергілікті
органдары Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесінің 1966 жылғы 4 маусымдағы «Қазақ ССР
Мәдениет министлігінің «Театр – ойын –сауық қызметіне басшылықты жақсарту,
қырсыздықты, театрлар мен концерттік ұйымдарды ұстауға бөлінетін қаражаттарды
заңсыз жұмсауды жою және өндірістік-қаржы қызметін жақсарту жөніндегі жұмысы
туралы» қаулысын ойдағыдай орындамай отыр. Қаулыда республика театрларының
1967 және 1968 жылдарда спектакльдердің қойылымы мен көрермендерді қамтудың
саны жағынан жоспарды орындамағаны айтылады: сметалық бөлінген мемлекеттік
қаражатты 431 мың сомасында артық жұмсау шығынына жол берілген, 23 театрдың
1967 жылы 14-і, ал 1968 жылы 15-і жоспардан тыс жұмыс жасаған. Театрлардың
қаражат жетіспеушілігі 1968 жылы 1 қаңтарда 150 сың сомды, ал 1968 жылдың соңына
қарай 120 мың сом құраған. Көрермен залдарын тұрақты толтыру жоспарын көпшілік
театрлар жыл сайын орындамайды. Ары қарай қаулыда былай делінеді, театрлардың
басшылары өнер қызметкерлерін жұмыспен жүйелі қамтамасыз етпейді, соның
салдарынан көпетеген артистер мен көркемдік-басшылық құрамындағы қызметкерлер
спектакльдерде, концерттер мен жаңа қойылымдар шығаруда белгіленген нормаларды
әрдайым орындамайды. Ал белгіленген нормалардан артық жұмыс жасағандары үшін
артистерге, режиссерлерге және суретшілерге үлкен сомадағы ақша төленеді.
Солардың бірі Орал облыстық Островский атындағы драма театрында штаттағы
режиссерлер мен суретшілер жұмыспен жеткілікті қамтылмастан, спекьтакльдерді
қою мен сахналарды безендіру үшін сырттан мамандар шақырылып, оларға көтеріңкі
мөлшерлерде сыйақылар төленген» [1, 627 б.].
Негізінен 1960-жылдарда халыққа мәдени қызмет көрсетудің ең көп тараған,
әрі көпшілікті қамтитын түрі – кино көрсету болды. 1967 жылы орал қаласында 9
кинотеатр болды. Кинотеатрлар кинофильмдерді сапалы көрсетумен қатар өте
ауқымды тәрбие жұмыстарын да жүргізіп отырды. Кинотеатрларда киноклубтар,
кинолекториялар жұмыс жасап, тақырыптық фильмдер, кештер, көрермендер
конференциясы жиі өткізіліп тұрды. Бірақ барлық жұмыс орыс тілінде
жүргізілді.Кинотеатрлардың көрермендермен ұйымдастыру-бұқаралық жұмыстарын
өте жақсы жүргізгендері үшін, киноаппараттарын үлгілі дәрежеде ұстап, кинодан
түсетін жоспарын асыра орындау жұмысының қорытындысы бойынша 1967 жылдың
І кварталында «Мир» кинотеатры ІІІ сыйлыққа ие болған (директор Баймуханов), ал
ІІІ кварталда Гагарин атындағы кинотеатр алды (директор Портянов). Бұл
кинотеатрлар № 6,40 мектептер мен Землячка атындағы зауытпен, К. Цеткин атындағы
фабрикамен үнемі байланыс жасап отырды. Бұл бір жағынан кинотеатрларға өз
көрермендерінің қатарын толықтыруға мүмкіндік берсе, екінші жағынан,
еңбекшілердің, оқушылардың өз демалысын ұйымдастыруға мүмкіндік берді. Әрбір
кинотеатрдың көрерменмен жұмысының негізгі формасы ретінде - кинофестивальдар,
кездесу, кино-премьералар, фотокөрмелер, кинолекторийлер өткізді. Балаларға
арналған Гагарин атындағы кинотеатрда «Буратино», «Малыш» киноклубтары жұмыс
жасады [3, 101 б.].
Мәдени-ағарту мекемелерінің қызметшілерін дайындайтын Орал мәдени-
471
ағарту училищесін айтпай кеткеніміз жөн болмас. Бұл училищеде 10 жыл ішінде 377
кітапханашы мен 398 клуб қызметкері бітіріп шыққан. Олардың 22-сі үздік дипломға
ие болып, Шымкент, Ленинград, Куйбышев, Челябі қалаларындағы жоғары оқу
орындарына түскен. Училище түлектерінің көпшілігі ауыл-селоларда клуб
жұмыстарында, көркемөнерпаздар үйірмелері мен кітапханаларда ел игілігі үшін
қызмет етті [7, 4 б.].
Негізі 1968 жылдан бастап мәдени-ағарту мекемелерінің жұмыстары ХХІІІ
сьездің шешімдерін насихаттауға бағытталды. Осы жылдан бастап бескүндік жұмыс
аптасына көшуге орай қалалық мәдениет мекемелері еңбекшілердің демалысын
ұйымдастырудың нақты шараларын жасады. Қалалық демалыс паркінде 16 мереке
өткізіліп, 327 концерт қойылды. 1960-жылдарда әлеуметтік-мәдени шараларға Қаз
КСР Мемлекеттік бюджетінің жұмсаған шығыны 743,4 млн сом болды. Осындай
қаржыдан орал қаласы да өз үлесін алып, мәдени-ағарту шараларын жүзеге асырды.
Қазақ ССР өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, транспорт, байланыс,
сауда, тұрмыс, ғылым мен мәдениет мекемелері қызметкерлерінің 1974 жылға
арналған
жоспарды
мерзімнен
бұрын
орындау
жөніндегі
социалистік
міндеттемелерінде мәдени-ағарту мекемелерінің жұмысын жақсарта отырып, алдағы
уақытта мекемелер санын көбейтуді көздейді.Сонымен қатар басты міндеттерінің бірі,
театр және кітапханаға келушілердің санын арттыру [8, 4 б.].
Осындай жоспарлы міндеттердің нәтижелерінде, 1981-1984 жылдар арасында
қалада кітапханалар саны 102-ден 109-ға, клубтар мен мәдениет үйлері 19- дан 21-ге
дейін өскен болатын. Алайда осы уақыттағы қаладағы жұмыс жасаған 29 клуб, 3
мәдениет үйі, 110 кітапхана, 2 өнер мекемесі, 3 музей мен 6 кинотеатрдағы жүргізілген
жұмыстардың басым бөлігі орыс тілінде болды. Мұның бәрі қалалық партия
комитетінің бақылауымен және тікелей нұсқауымен жүзеге асырылды.
Қалалық мәдениет бөлімі партияның ХХҮІІ сьезінің шешімдерін жүзеге асыру
мақсатында мәдени шаралар қызметін жақсартудың жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіруге,
барлық мәдени мекемелердің комплесті қалалық мәдени-бұқаралық шараларды өткізу
жұмыстарын реттеуді жақсартуға ерекше көңіл бөле бастады. Бұл кезеңде мәдени
жұмыстардың жаңа формалары енгізіліп, дәстүрлі түрлері қайта жан- дандырылды.
Мысалы, әзіл-сықақ кештері, ақындық кештер, халық шығармашылығының
фестивальдары өткізіліп, КВН командаларының кездесулері жаңартылып, қалалық 14
үгіт бригадасы 14 ауданды аралады. Осы кезде қалада 78 жаңа коллектив пайда болды.
Олардың қатарында орыс халық аспаптар оркестрі, фольклорлық-этнографиялық
топтар тағы басқалары құрылды. Қалада қолданбалы көркемөнер көрмелері, еңбек
коллективтерінің рапоттары, көркемөнерпаздар коллективтерінің есептері, жанұялық
ансамбльдердің байқау жарысы, облыс аудандарының күндері өткізілді [3, 105-106 б.].
Қорыта айтатын болсақ, қаланың мәдени-саяси даму жағдайынан кеңестік
кезеңде ұлттық мәдениет пен дәстүрлердің дамуы шектеліп, ұлттық сана имперлік
саясат шеңберінде тұншықтырылып келгенінің көрінісі айқын байқалды. Клубтар,
мәдениет кешендері мен кітапхана қорларының басым бөлігінің орыс тілді болуы
қалада ұлттық мәдениетті дамытудың басты кедергісі болды. Бұлардың өзі де
облыстық деңгейдегі мектептер болды, қалалық бірде-бір қазақ тіліндегі мектеп пен
балабақша болмады. Сондай-ақ 1980-жылдардың ортасына қарай қалада жұмыс
жасаған 29 клуб, 3 мәдениет үйі, 110 кітапхана, 2 өнер мекемесі, 3 музей мен 6
кинотеатрдағы жүргізілген жұмыстардың да басым бөлігі орыс тілінде болды. Мұның
бәрі қалалық партия комитетінің бақылауымен және тікелей нұсқауымен жүзеге
асырылып отырды.
Достарыңызбен бөлісу: |