Бодаухан Тілеухан ( жоғары санатты ұстаз)
Ұлттық дыбыс –Ұлт тілінің өзегі.
Адамзат ықылымынан күні бүгінге дейін бір –бірімен ауызша және жазбаша екі –ақ түрде қатынасып келеді. Бүгінгі барлық қатынас құралдары түгелдей
осы екеуіне сыйып кетеді.Жазбаша қатынас беріде, алғашқы жазу пайда болғанына байланысты десек, тілмен қатынасу—Адам алғаш пайда болған күннен ( Жаратушы жаратқан күннен бастап) бері бірге жасасып келеді.
Адам баласының тілі дыбыстық тіл,дыбыс жоқ болса бір-бірімен тек
Ыммен немесе Жазумен ғана қатынасар еді.Қазір әлемде төрт түрлі жазу жүйесі кең тараған. Қазақ тілі осы жазулардың үш түрлі жүйесін басынан өткерді.Қазақ жазуы 1930 жылдарға дейін араб графикасын (графика: грек, draphike --жазылған, өрнектелген, сызылған) пайдалангып келді де,
1940 жылдан орыс графикасына негізделген қазіргі жазуға ие болды.(1.1-13 бет) (Бұл өзгерістердің саяси астарын қазбаламадық. Автор.) Қазіргі қазақ
Алфавитінде 42 әріп бар.Оның 33-і орыс тілінен өзгеріссіз қабылданды да, орыс графикасының негізінде 9 әріп ( ә, ғ, қ, ң, ө, ү, ұ,і, h) жасалды.
Бұл әрәптердің 25 –і дауыссыздардың, 15-і дауыстылардың таңбасы ,
2 әріпте (ь, ъ ) дыбыстық мәні жоқ , белгі ретінде енгізілді.(2.1—10 бет)
Орыс алфавитіне көшу негізінде тіліміздің өзіндік ерекшелігі ескерілмей, дауыссыз әріптердің аты орыс тіліндегідей немесе соған ұқсас айтылатын болды.
Мысалы: ка, эл, эм, эр, эс, фэ, ха, ша, бе,ве,ге, де, же, зе, пе, те, це, че, т.б
Егер қазақ дыбыстарының айтылуымен алфавиттік аттарын алмастырамыз десек: бы, гі, ғы, ды, жы, зы, ій, кі, қы, ыл, мы,ны, ың, пы, ыр, сы,ты,.....
деп айтамыз, және бұны өз тіліміздің өзіндік үйлесім—жарасымы деп түсініп заңдастырған болар едік. Бұл түсінік қазіргі таңда заңдастыруды
өте қажет етеді. (3.19-23 бет.)
Адамның ойы, айтар пікірі,пәтуасы, табысы, жетістігі, ашқан жаңалығы,
ән-күйі, өлең жыры, қуаныш-шаттығы, уайым –қайғысы,
барлық көңіл күйі бәрі-бәрі белгілі дыбыс жүйесінен тұратын сөздердің
арқасында өмірге, айналымға кіреді.Сондықтан да әркімнің өз ана тілінің әрбір дыбысын, ол дыбыстарға тән әртүрлі заңдылықтарды
толық білуінің мәні өте зор. Оны толық меңгерген адам Ана тілінің жанашыры, қорғаушысы, яғни, қазіргі сөзбен айтсақ, Ана тілінің патриоты болады.Ондай ұлтжандылық, ұлтсүйгіштік бесікте жатқанда-ақ сүтпен кіріп, қанға сіңеді.
Сұлтанмахмұтша айтсақ:
Сүйемін туған тілді – анам тілін ,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнім. (4-141)
Сөздің өмір сүру формасы—дыбыстар болса, әріптер-сол дыбысқа берілген шартты таңбалар екенін бәріміз білеміз. Дыбысты айтамыз,
және естиміз, ал әріпті жазамыз және көреміз.Әріпті оқу, айналып келгенде дыбысты жазу болып табылады. Жеке дыбыстардың қалыптасқан тіркестері белгілі бір тілде мағыналы сөздерді береді.( 5.30—69)
Ендеше біз төмендегі жалғыз сөйлемнің әрбәр сөзін талдайық.
Ғасыр жасаған мейірімді Әже бесікте уілден жатқан сәбиге бар ықыласын төге еміреніп, ғажап бір жауhар әуенмен әлдилеп, үлпілдете ырғап:
Әй-әй бөпем, Ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем,
Айналайын, Күн бөпем,
Құлыншаққа мін бөпем!—деп ұдайы өбектеп, әлпештеп отыратын.
(Сөйлем автордікі.)
Осы сөйлемдегі: «....уілдеп, еміреніп, жауhар, әлдилеп, үлпілдете ырғап,
әй-әй бөпе, өбектеп, әлпештеп, ...» деген сөздерді шырышын бұзбай, орысша дәлме-дәл аудара аласыз ба? Жоқ! Ешқашанда ! Сөздердегі әрбір дыбысты, әсіресе ғ, і, ә, ө, ү, h, ұ, қ, ң – дыбыстардың өте нәзік болмысын өзге ұлт адамының құлағы (Асқан компазитор, музыкант немесе лингвист болмаса) сол нәзік күйінде, сол поэтикалық гармониясымен толық қабылдай алады деп сенесіз бе?! Әрине, басқа ұлт қазақ дыбыстарының өзіне тән әсем әуезін
ешқашанда толық қабылдай алмақ емес. Өйткені ондай нәзік дыбыстар басқа ұлтқа тән емес.Сондықтан бұл дыбыстарды естіп қабылдау түгілі ауызша айтудың өзіне олардың ауызының икемі келмейді. Осындай дыбыстардың
ең нәзік қылын, дыбысаралық қосалқы дыбыстарды қарапайым әңгіме барысында тура қабылдайтын, сезімтал түсінікті, ұшқыр түйсікті Ұлы Аллаh біздің ұлтқа ғана арнайы сыйлапты.
Демек Алтай мен Атырау арасындағы шетсіз-шексіз Сахарадағы әрбір дыбысты Ұлы Жаратушының жаратқан табиғи түрінде, шырын қалпында,
Бозторғайдың шырылынан, үйректің пырылынан, қаздың қаңқылынан, аққудың сұңқылынан, самалдың лебінен, бұлақтың сылдырынан, жаңбырдың сіркіреуінен,күннің күркіреуінен өн бойына болмыс сіңірген біздің Ата бабамыздың ұлылығы құдіретті қобыз бен қара домбыра тілінде ғана емес, қазіргі біздің алфавитте таңбаланған дыбыстардың санынан -ақ белгілі.
Ендеше, Орыс алфавитінен саны артық таңбаланған қазақи тоғыз дыбыс, біздің ұлттың, өзге ұлттардан есту қабілетінің сандық
көрсеткіші ғана емес, табиғи болмысты сол қалпымен /ешбір бояусыз/ қабылдау /түйсіну/ қасиетінің сапалық деңгейін де танытпақ деп қортындылаймыз.
Ғылыми мақала:
«Ұлттық дыбыс – Ұлт тілінің өзегі»
Жазған:
Бодаухан Тілеухан
(жоғары санатты ұстаз)
Павлодар қ. 2013 жылы
Сабақ тақырыбы: «Логикалық» ойын сабақ
Мақсаты:
Білімділік:
Оқушылардың курс сабақтан алған білімін өмірде қолдану білік дағдысын игерту; Логикалық ойлауды меңгерту, Ауызша жылдам есептеуге үйрету,
Дамытушылық:Ақыл- ойын, ойлау логикасын, ізденушілік және шығармашылық қабілетін, сөйлеу тілін дамыту;
Тәрбиелік:Дені сау, сана сезімі терең, ақыл ойы зерек ұрпақ тәрбиелеу,
ұқыптылыққа, жылдамдыққа, тапқырлыққа, пысықтыққа, ұжымшылдыққа, сыйластыққа, өзгенгі тыңдауға тәрбиелеу
Көрнекілігі:
Көрнекілік сызба схем, кестелер, сөзжұмбақтар суреттер, дидактикалық материалдар,сандар, суреттер, логикалық есептер,үлестірмелі қима қағазлар, геометриялық фигуралар,
Түрі: Ойын сабақ
Әдісі:Талдау, түсіндіру, ойын, жарыс, рольдік ойын,сұрақ -жауап, проблемалық,практикалық, Ой толғау,
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық ахуал туғызу.
Шаттық шеңберін құру, жүректен жүрекке ойынын ойнау,
Сабақты --- Күніміз ашық болсын!
Деніміз сау болсын!
Сабағыңды беске оқы!
Ата- анаңды сыйла Әрбір адам?—туыс, дос , жұрағат,
--Әрбір сабақ?—Үйрену, ұғу, ұлағат.
Олай болса әрбір ісімізге мұхият болайық!
Мен сендерге сәттілік тілеймін!
Бүгінгі Логикалық ойын сабағымыздың мақсаты міндетін хабарлау,
Сабағымыз 6 турдан құрылған.
1 –ТУР Жұмбақ есеп шешу, «Кім жылдам?» ойыны
Үш қаз ұшып барады,
Биіктен төмен қарады.
Аяқ нешеу, бас нешеу?
Шешуін кім табады?
Аулада он алты үйрек, Қорада сегіз үйрек,
Үйрек төрт тығылды. Үйрек үш жығылды.
Қалғаны неше үйрек?
11 ТУР
«Кел, ойнайық!» Сөз құрастыру ойыны
Әр оқушының қолына беріліп уақыт белгіленеді.
Барлық оқушы тексеріледі.
111 ТУР «Тез ойла» ойыны
Кез келген бағытта орналасқан үш санның қосындысы болу керек. Әр жұпқа беру, жарысып орындайды.
Жауап тақтаға ілінеді.
1Ү ТУР
Ауызша есептеулер шығару
«Математикалық парашюттер»
Математика ең негізгі ғылым бұл,
Сондықтан да сол ғылымның тілін біл.
Парашюттегі адамдардың жерге оңай қонуына көмектесейік!
48-9+5= 79-27+8= 485-200+45= 56-43+7= 64-5+31=
Логикалық есептер әр оқушыға тапсырма беріледі.
Бір топ үйрек ұшып барады. Олар бесеу, біреуі жерге қонса нешеуі қалады? Біреуі қалады, қалғаны ұшып кетеді.
Аулада қойлар мен тауықтар жүр.Олардың бес басы, он төрт аяғы бар. Тауық пен қой нешеу? ( 2 қой, 3 тауық )
Аспаз шұжықты төрт рет кесті. Шұжық неше бөлікке бөлінді?
Жауабы: Бес бөлік
Үш кісі шахмат ойнады.Олар барлығы үш ойын өткізсе, әр кісі неше рет ойнаған? Жауабы: Әр кісі 2 рет ойнаған.
Сергту сәті:
Жұмбақ есеп әр оқушыға беріледі.
Табақта он бес алма
Қолымда төрт алма
Барлығын қосқанда
Болады неше алма? Жауабы: 19 алма.
Он бір түйе, бес жылқы
Екі сиыр, бір ешкі
Екі қоян, үш түлкі
Болды сонда нешеуі?
Ү ТУР
«Сиқырлы пішіндер»
Жұптарға тапсырма беру
Үшбұрыштың санын тап?
Шаршының санын тап?
Үй, шырша, кеме құрастыру, адам
бейнесін құрастыру;
Ұ Ү1 ТУР «Көкеніс жина»
Алма бейнесіндегі тапсырмаларды берілген мерзімде тез орындау,
Ү11 ТУР
Рефлексиялық бағалау кезеңі: «Дүкен ойын»- ын ойнау
Дүкенші апайдан әр оқушы өзіне керекті сабақ жабдығы және тағамдар сатып алу.Салмақ өлшемдеріне байланыстыру,
Оқушылардың ұпайларын қосып бағалау,мадақтау;
Үйге тапсырма: Жұмбақ есептерді шешу және құрастырып келу.
Әр оқушыға жеке тапсырма беріледі.
Cабақ жетекшісі: Бодаухан Тілеухан (жоғары санатты ұстаз)
Қазақ тілі сабағынан ашық сабақ бағдарламасы.
Тақырыбы: ТҮБІР мен ҚОСЫМША.
Сабақ мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларға түбір мен қосымша жайлы мағлұмат беру, ісжүзілік тұрғыда сөздердің түбірі мен қосымшасы болатынын
Байқату,
Дамытушылық:
Ақыл-ойын, сөйлеу, ойлау логикасын тілін,сөз бпайлығын ,қабілетін, сауаттылығын дамыту,
Тәрбиелік:Ұжымға,адамгершілікке, бірін-бірі сыйлауға, тыңдай білуге, ізгілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, қима қағаздар, сөзжұмбақ, ребус,
Сабақ түрі; Жаңа білім беру
Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап, талдау, топтау, құрастыру, ребус шешу, қортындылау, бағалау.
1.Сабақтың барысы:
А/ Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
Үлкенге де сіз. Кішіге де сіз.
Сәлем беріп сіздерге
Бас иеміз біз.
Психологиялық дайындық жасау./ ахуал туғызу./
Хормен.
Қазақ тілім- өз тілім, ана тілім,
Абай , МҰхтар сөйлеген дара тілім,
Қастерлейді ұл-қызым мәңгі сені.
Балалығым, бақытым, қазақ тілім.---дей келе сакбағымызды бастоаймыз!
Сабақты жаңашыл педагог Шерхан Әленовтің тәлім сәтінен бастайық.
---Әрбір адам?—туыс, дос , жұрағат,
--Әрбір сабақ?—Үйрену, ұғу, ұлағат.
--Әрбір ісің? ---Тірлік, тірек,адамдық.
---Әрбір сөзің? –Шынджық, бірлік, адалдық.
Олай болса әрбір ісімізге мұхият боолайық!
Мен сендерге сәттілік тілеймін!
І. Мотивациялық—бағдарлау кезеңі:
Мына өлеңді тыңдайық!
Теңіз де тартылады,
Мұхит тва тартылады.
Жер болып тау шөгеді,
Көз жастан қақалады.
Сонда не сақталады?
Мәңгілік .../сөз/ қалады?
Ендеше мәңгілік өлмейтін сөз.
Үй. Тапсырмағак не берілген еді?
Сөз ережесі? Мәндес сөздер.
Мысалдар айтылады.
Үлкен—кіші, биік-аласа,
Жақсы-жаман, ащы-тәтті.
Мәндес сөздер: Ержүрек, батыл, батыр, қорықпайтын, бірнеше мағынасы бар сөз.
Жаз—жаз, бас-бас.
Жарайсыңдар құлыншақтар!
Мына сызбаны есте сақтайық!
Сөз Заттың
сапаның
Қимылдың атауы.
-
-Ал балалар ойнайық,
Ойнайық та ойлайық.
Қандай сөзжұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық!
Сөзжұмбақ шешу.
Т
Ү
Б
І
Р
қ
о
с
ы
м
ш
а
--Бүгінгі білім алатын тақырыбымыз не екен ?
Түбір мен қосымша.
--Талдау—Түбір деген не?
Қосымша деген не?
--Өткен спабақтарда айтылды ма?
Жоқ. Ендеше балалар бұл сұрақтарды бірігіп шешейік!
--Өлең оқылады.
Баяғы өткен заманда,
Бақ болыпты ғажайып,
Суретіне сол бақтың,
Қане, бірге барайық!
Ортасында бұл бақтың,
Зәулім ағаш өсіпті.
«..................» атты бұл ағаш,
«......................» -ын жалғасаң,
Жемісін көп беріпті.
«........» деген бұл—жемістер,
Тәтті екен шырынды.
Қане қайсың ұғындың?
................. сөзге .......................
Жалғап « ................» деп аталар.
« Кім жылдам?» ойыны.
Берілген сөзге оқушылар өз бетімен қосымша / жұрнақ, жалғау, /жалғап, сөйлем құрайды.
М. Орман+шы—орманшы.
Орман не? Орманшы. Кім?
Деген сұраққа жауап береді./ Адам/
-Бұдан нені байқадың? Орман—дар –қосымшасын жалғаңдар. Ормандар орманныңи көп екенін білдіреді.
Не өзгерді? Сөздіңи мағынасы.Оқушылар өз бетімен
Мысалдар жазады. Күй-күйші.
Балық- балықшы. Жылқы-жылқышы.
М: Балық-суда жүретін жәндік ал осы сөзге- шы- жалғанып сөздің мағынасы өзгеріп кетті.
Балық-шы—балық аулайтын адам.
Сергіту сәті.
Ән-айту, мақал айту,/ билеу/
Дұрыс балалар!
Ендеше мына сөздерді /суреттер көрсету арқылы/ су, ай, күн, кеме/- ары қарай бөлуге бола ма?
/Болады, болмайды/
Олай болса анықтамасын шығарайық.Дәптерге әркім өз ойын жазссын. Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін түбір дейміз.Мысалы: Қой, көк, күріш, гүл, сиыр/
Сөздің түбірге жалғанған бөлігін / қосымша/ не дейміз?
М. Күріштің, гүлдің, қойшы, қобызшы, сиырды. т/б
Түбір сөзге жалғану арқылы қосымшалар сөздің мағынасыни өзгертеді., және сөйлемдегі сөзбен сөзді байланыстырады. М: Гүл сөзіне сөйлем. Ара гүлге қонды.
Сөздерді байланыстырып тұр.Қобызшы қобыз ойнады.
Жаңа сөз жасалып тұр.
Түбірге кім көп қосымша жалғаса жеңімпаз болады.
ОҚУ- сөзі сөзжұмбақ арқылы шешу.
ОҚУ :::::::::::
ЖАЗ:::::::::::
ГҮЛ:::::::::
БІЛ:::::::::
ЖАС:::::::::::
/АЯЗ, ҚАР, БОРАН./
Қима қағазға жаттығу./
«Қолғап ойыны»
Бір сыңарында түбір сөз,
Екінші сыңарында қосымша/жалғау, жұрнақ/
Алма:::::::
ЕР.:::::::::
ТАУ:::::::
ЖЕР:::::::
АСПАН::::::
ТЕҢІЗ:::::::
МАЛ::::::::
ДОМБЫРА::::::::
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрамыз
Алақанды ұрамыз,
Бір отырып, бір тұрып/ 2рет/
Иіліп оңға бір,
Иіліп солға бір
Бір жақсы дем алайық! /нан өлеңін айту/
келдім
міндім
түстім
3.ҰШАҚ ....... көрдім
Сыздым.
келдім
кеттім
4.Мектеп .......... оқыдым
Сыздым
7. Реяфлексиялық ---бағалау кезеңі.
«Сөз ойла, тез ойла!» ойыны.
Әрбір оқушы . Өзгертеді. Сөйлем құрайды.
Берілген тест тапсырмаларын орындайды.
М:
Түбір сөзді тап?
а/ жаңалық
ә/ күй
б/ құрылысшы
Түбір жалғанатын бөлік не деп аталады?
а/ қосымша
ә/ түбір
б/ жалғау
3.Қосымшаның неше түрі бар?
а/ 4
ә/2
б/3
Мұғалім қортындысы.Ертегі. Оқушыларды бағалау .
Өте жақсы. 18 ұпай
Жақсы 15-17 ұпай
Орта 10-15 ұпай
Жаман 0-10 ұпай
Үй тапсырмасы:
Сөзжұмбақты шешіп түбір сөздерді ажыратып жаз?
Ас атасы
Сөз атасы
Құстың баласы
біздің мемлекетіміз
Қоршаған орта
Ас сөзіне мәндес сөз
Суық ақ ұлпа
Біздің ұлтымыз
Қазақстандағы қала
Тәтті тағам
Түн құсы
Теларна атауы
Жыл мезгілі.
Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!
Сабақ жетекшісі: Б. Тілеухан.
Сабақ тақырыбы: «З ке көбейту және бөлу»
Мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларды санды ке көбейту және бөлу тәсілдерімен таныстырып,алған білімін өмірде қолдану білік дағдысын игеру;Санды ке көбейту мен бөлу амалы арасындағы байланысты одан әрі ұғындыру,
Дамытушылық:Ақыл ойын ойлау іздену қабілетін дамыту,,,,,,
Тәрбиелік:Дені сау, сана сезімі терең, ақыл ойы зерек ұрпақ тәрбиелеу,
ұқыптылыққа, жылдамдыққа, тапқырлыққа, пысықтыққа, ұжымшылдыққа, сыйластыққа, өзгенгі тыңдауға тәрбиелеу
Көрнекілігі:
Көрнекілік сызба схем, кестелер ,з ке көбейту кестесі, суреттер, дидактикалық материалдар, тест жұмысы,сандар, суреттер,логикалық есептер,үлестірмелі қима қағазлар,
. Түрі: Жаңа сабақ
Әдісі:Талдау, түсіндіру, ойын, жарыс, рольдік ойын,сұрақ жауап,,,, Вени диограммасы.проблемалық,практикалық,
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық ахуал туғызу.
Сабақты жаңашыл педагог Шерхан Әленовтің тәлім сәтінен бастайық.
---Әрбір адам?—туыс, дос , жұрағат,
--Әрбір сабақ?—Үйрену, ұғу, ұлағат.
--Әрбір ісің? ---Тірлік, тірек,адамдық.
---Әрбір сөзің? –Шындық, бірлік, адалдық.
Олай болса әрбір ісімізге мұхият болайық!
Мен сендерге сәттілік тілеймін!
Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау
Сиқырлы мат
Үш қаз ұшып барады,
Биіктен төмен қарады.
Аяқ нешеу, бас нешеу?
Шешуін кім табады?
Аулада 6 үйрек Қорада 3 үйрек
Үйрек 2 тығылды. Үйрек 1 жығылды.
Қалғаны неше үйрек?
«Оқушылар бір біріне жақсы тілектер айту, шаттық көңіл күй сыйлау
Күніміз ашық болсын!
Деніміз сау болсын!
Сабағыңды беске оқы!
Ата- анаңды сыйла!
Ешқашан ауырма ! Қарттарды құрметте! Кіщіге қамқор бол!
Өткенді қайталау
Үй тапсырмасын тексеру:
Үй тапсырма тексеру
Үлестірмелі қимамен жұмыс,
Қалдықпен бөлуге байланысты мысалдар, тапсырма,
екіге көбейту және бөлу кестесін пысықтау, үш төрт балаға айтқызу. 7 кітапты үш- үштен неше балаға бөліп беруге болады?
Мате дик,екіге бөлу 1 қалдық
Жаңа сабақты үйретуге дайындық,
3+3+3=3*3
үшке кеміт, 4 5 6 7 8 9 10 15
үшке арттыр 12 3 4 5 6 7 8 9 10 100
Ауызша есептеулер шығару Оқулықпен жұмыс
Есепті оқып талдап шығару Шешуі Жауабы
Кестені пайдаланып есептер шығару
Сергту сәті
Математикалық диктант
Көрнекілікпен үшке көбейту және бөлу таныстыру.
Оқушылар көбейту кестесін өз бетімен құрады,Есеп шығару үш есе арзан, үш есе қымбат сөздерін ұғындыру, «Дүкен ойын» ын ойнау
Үш санына байланысты әңгімелесу. Рефлексиялық бағалау кезінде он парақшаға жазылған үш санына байланысты суреттер, атаулар үшбұрыш үй макеті, магнитафон,
Тақтаға он түрлі бірдей парақша ілінеді.
1.Үш жұрт
Ағайын жұрт
Нағашы жұрт
Қайны жұрт
үш би
Төле би
Әйтеке би
Қазыбек би
3. үш бәйтерек
Бейімбет
Сәкен
Мұхтар
4. Үш дана
Абай
Ыбырай
Шоқан
5. үш шам көз
Бір көзім кідір дейді
Бір көзім абайла дейді
Бір көзім жүгір дейді.
6. Үш арсыз
Ұйқы
Күлкі
Тамақ
7. Үш тәтті
Мал тәтті
Жан тәтті
Жар тәтті
8.Үш жүз
Ұлы жүз
Орта жүз
Кіші жүз
9.Үш ащы
10.ш қоңыр әнін тыңдау
1Үш жұрт 1 * 3 =3 3 1=3 3 :3 =1
2Үш би 2 3= 6 3 2=6 6 :3= 2
Үш бәйтерек 3 3 9 3 3 =9 9 : 3 = 3
Үш дана 4 3 =12 3 4 =12 12 :3 = 4
Үш жүз 5 3 =15 3 5 =15 15 : 3 = 5
Үш көз 6 3 18 3 6 18 18 :3 = 6
Үш арсыз 7 3 =21 3 7=21 21 : 3 =7
Үш тәтті 8 3 24 3 8 =24 24 : 3=8
Үш ащы 9 3= 27 3 9 =27 27 : 3 =9
Үш қоңыр 10 3=30 3 10=30 30: 3 =10
Үш саны киелі, қасиетті сан екендігін мына атаулар арқылы білдік және өз білімізді пайдалана отырып үшке көбейту және бөлу кестесін құрдық. Міне балалар, Көбейту дегеніміз бірдей қосылғыштардың қосындысы деген ереже шығады.
Көбейту кестесін бөлу амалымен байланыстырып өрнек құрамыз.
Көбейткіштердің орнын ауыстырып жазып өрнек құрамыз.
Көбейту амалының дербес жағдайы бар ма? 3. 1 =3 1. 3 =3
Өзіміз құрған кестеге бойынша көбейту және бөлу амалының
Компоненттерін атап өтіп, кестені пысықтаймыз.
Үшқоңыр жердің аты,әнін тыңдау сабақты аяқтау сәтінде ,
Шығармашылық тапсырма беру.
Бұл не? Үшбұрыш Неше бөлікке бөлінгенін тап?
Үш жүзге бөлінбеу жайлы айтып қалдықпен бөлуге арналған жұмыс 7 :3=2 (1қалд) 10:3= 22: 3=
Оқулықпен жұмыс
Есепті оқып талдап шығару Шешуі Жауабы
Кестені пайдаланып есеғптер шығару
Сергту сәті;
Математикалық диктант
3 4 5 6 6 8 7 6 12 3 30 3 15 3 24 3
Өздік жұмыс
Үшке көбейту және бөлу аралас әр топқа алты есеп.
Тест тапсырмаларын беру
Үш қап жаңғақ көп емес
Бес қап жаңғақ көп,
Cабақты қортындылау
Оқушылар білімін бағалау
Киіз үй тігіп ойнайық!
Шаңыраққа уық шаншу арқылы киіз үй тігу
Уықта сандар жазылған: 15, 18, 21, 27, 30, 12, 24, 9, 3
Өрнек құру арқылы уыұты шаншу М 3. 5= 15
Көбейту кестесін жатұа айту
Әр оқушыға бағалау парағын беру
Сабақты қортындылау мұғалім сөзі,
Үйге тапсырма беру:Көбейту кестесін толығымен жаттау өмірге қолдана білу.
ОЙЫНДАР ФИГУРАЛАР
САНДАР
Кестелер үшбұрыш ребус сөзжұмбақ шешу
Достарыңызбен бөлісу: |