ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3-деңгейдегі СМЖ құжат
|
ПОӘК
|
|
«Қазақ тілі» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
|
№ 2 басылым
2014 жыл
|
ПОӘК 042-18-15.1.38/03-2014
|
«Қазақ тілі» пәнінің
ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей
2016
Мазмұны
1 Глоссарий
2 Практикалық сабақтар
3 Студенттердің өздік жұмысы
4 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 ГЛОССАРИЙ
Ие болу – овладеть
Сәулетші – архитектор
Бас басқарма – главное управление
Құрылысшы – строитель
Кеңсе – офис, кантора
Құрам – состав
Тілші – корреспондент
Бірнеше саты - несколько этапов
Бөлу - делить
Бесжылдық - пятилетка
Егеменді ел - Независимая страна
Жол құрылысы - структура дорог
Мәртебесі - авторитет
ХХ ғасырдың бас кезі - В начале ХХ века
Қазақ сахарасы - Казахская степь
Жолдың ұзындығы - протяженность дороги
Тарихи оқиға - историческое событие
Болашақ - будущее
Сеніммен қарау - с уверенностью
Кәміл сену - твердо верить
Шақырым - киллометр
Халық өмірі - жизнь народа
Жөндеу шеберханасы - мастерская
Су қоймасы - водохранилище
Мұнара - башня
Тұрғын үй - жилые дома
Мемлекеттік бюджет - государственный бюджет
Қаржы жұмсау - использовать средства
Халықтың игілігіне - на благо народа
Әулет - семья
Қаржы - средства
Қазандық - котельный
Жөндеу шеберханасы - мастерская
Су қоймасы - водохранилище
Мұнара - башня
Тұрғын үй - жилые дома
Мемлекеттік бюджет - государственный бюджет
Қаржы жұмсау - использовать средства
Халықтың игілігіне - на благо народа
Әулет - семья
Қаржы - средства
2 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР
1,2,3-Сабақ. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. Дауысты дыбыстардың емлесі. Дауыссыз дыбыстардың емлесі.
Мәтін: Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Ана тілі – асыл қазынаң. Тіл туралы заң.
Дауысты дыбыстар (Гласные звуки): а, э, о, ө, е, ү, ү, ы, і, и, (у)
Сөйлегенде ауаның дауыс шымылдығынан кедергісіз, еркін шығуынан пайда болған дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз.
Қазақ тіліне тән дауыстылар
(Специфические гласные казахского языка): ә, ө, ү, ү, і.
І.
|
Тілдің қатысына қарай
(по положению языка)
|
Жуан (твердые)
|
а, о, ү, ы, у
|
Жіңішке (мягкие)
|
ә, ө, ү, і, е, и
|
ІІ.
|
Еріннің қатысына қарай
(по участию губ)
|
Еріндік (губные)
|
о, ө, ү, ү, у
|
Езулік (негубные)
|
а, ә, ы, і, е, и
|
III.
|
Жақтың қатысына қарай
(по степени раскрытия рта)
|
Ашық (широкие)
|
а, э, о, е, е
|
Қысаң (узкие)
|
ү, ү, ы, і, и, у
|
Дауыссыз дыбыстар (Согласные звуки): б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, н, п, р, с, т, ф, х, ц, ч, ш, щ, Һ, (у)
Сөйлегенде ауа кедергіленіп шығатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз.
Қазақ тіліне тән дауыссыздар
(Специфические для казахского языка согласные): қ, ғ, ң, һ.
I. Дауыстың (саддырдың) қатысына қарай
(По участию шума и голоса)
1. Қатан (глухие)
|
п, ф, к, к, т, с, ш, щ, х, ц, ч
|
2.Ұяң (звонкие)
|
б, В, Г, Ғ, Д, Ж, 3
|
|
3.Үнді
(сонорные)
|
1. Мұрын жолды
(носовые)
|
м, н, ң
|
2. Ауыз жолды
(плавные)
|
л, р, й, у
|
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл
Қазақ тілі - қазақ халқының ана тілі. Ол - халық тарихымен бірге жасап, ұрпактан-ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді. Қазақ тілі 1989 жылы мемлекеттік мәртебе (статус) алды. Енді ол толық мағынасында Республикада білім-ғылымды, техниканы үйрену тілі, мәдениет пен экономиканы дамыту тілі болып отыр.
Қазақ тілі түркі тілдері тобына жатады. Түркі тілдері тобына қырғыз, қарақалпақ, өзбек, ұйғыр, түркімен, әзірбайжан, түрік, татар, башқұрт, тува, хакас, якут, т.б. халық тілдері жатады.
Бұл тілдердіңішінде қазақ тіліне ең жақындары - ноғай.
Қазақ тілі Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан т.б. ТМД елдерінде, сондай-ақ Монғолия, Қытай, Ауғаныстан, Иран, Түркия т.б. шетел елдерде тұратын қазақтардың да ана тілі.
Қазір қазақ тілі - Қазақстанның мемлекеттік тілі.
Ана тілі — асыл қазынаң
Тіл қай ұлтта, қай елде болсын қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол - атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашағындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануына қарсы тұруға тиіс.
Амал не, туған тілімізді шұбарлап, аралас сөйлейтіндерді жиі кездестіреміз. Тіпті, туған тілден безетін сорақыларды да көргеніміз бар.
Мұндайларды кездестіргенде, Паустовскийдің: «Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік»,- деп ашына айтқаны ойға келеді.
"Егер, ертең туған тіліміз жоғалар болса, мен бүгін өлуге даярмын!"- деп жазды Дағыстанның әйгілі ақыны Расул Ғамзатов.
Өкінішке орай, соңғы кезде көптеген жастар ана тілінде тұрпайы сөйлейді. Төл тілінде сөйлеуден безу ақ сүтін беріп асыраған анаңды ұмытумен бірдей. Ана тілі - ар өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлау, көңіл тұңығын лайлау.
Құрметгі ақынымыз Қадір Мырзалиевтің:
"Ана тілің - арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!" деген тұжырымы - жастармен қатар үлкендерге де қойылатын талап.
1-тапсырма: Көп нүктенің орнына ы, і дыбыстарының тиістісін қойыңыздар:
ер...к, 6...л, хал...қ, к...ш..., ұлтт...қ, т...л, к...р, қ...з...қ.
2-тапсырма: Төмендегі сөздерге дыбыстық талдау жа-саңыздар:
Үлгі: тіл - т -дауыссыз, қатаң дыбыс; і - дауысты, жіңішке; л - дауыссыз, үнді
Тіл, ана, халық, құрмет, көрік
3-тапсырма: Сөздердің жуан дауыстыларын бір сызықпен жіңішке дауыстыларын екі сызықпен сызып көрсетіңіздер:
Кітап, білім, өлең, құдық, шаһар, аң.
4-тапсырма: Берілген сөздерден дауыссыз дыбыстарды тауып, түрлеріне ажыратыңыз:
Үлгі: нарық - н - үнді, р - үнді, қ - қатаң
Нарық, есеп, салық, қаржы, кеден, несие, ақша, тексеру,
табыс.
5-тапсырма: Көп нүктенің орнына қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстарды қойыңыздар:
Ма...ына, ә...гіме, ...аржы, нары..., ...а...арман, көле...ке, жел-то...саң, таби...ат, ...алым.
Мәтінді мәнерлеп оқып шығыңыздар.
Мәтінге жоспар құруға тырысыңыздар.
Дүние жүзі, мекендеуші, жергілікті, сөйлеу, қолданылады
сөздерінің синонимін табыңыздар.
4,5,6-Сабақ. 2. Үндестік заңы. Ықпал түрлері. Буын түрлері.
Мәтін: Қазақстан – менің отаным. Қазақстан Республикасының рәміздері.
Буын үндестігі
(Сингармонизм или гармония гласных)
Қазақ тіліндегі тума сөздердің бірыңғай жуан не жіңішке буынды болып келуі буын үндестігі деп аталады. Буын үндестігі зандылығы кірме сөздерде сақтала бермейді (кі-тап, мұ-ға-лім).
Ерін үндестігі
(Губная гармония)
1. Алдыңғы буында еріндік о, ұ дауыстылары болса, келесі буындағы қысаң ы еріндік ұ дыбысына айналады.
=
1.1. о+рын = о+рұн
құ+лын = құ+лұн
1.2. той+ды = той+дұ
тұр+ды = тұр+дұ
2. Алдыңғы буында еріндік ө, ү дауыстылары болса, келесі буын-
дағы қысаң і еріндік ү дауыстысына айналады.
ө, ү + і = o, ү + ү
2.1. ө+мір = ө+мүр
ү+міт = ү+мүт
2.2. өш+ті = өш+тү
күл+ді = күл+дү
3. Алдыңғы буында еріндік ө, ү дауыстылары болса, келесі буындағы қысаң е еріндік ө дауыстысына айналады.
e, ү + е = ө, ү + ө
ө+лең = ө+лөң
кү+рек = кү+рөк
көр+се = көр+сө
күл+се = күл+сө
Дыбыс үндестігі
(Ассимиляция или гармония согласных)
Түбір мен қосымша немесе сөздер аралығында қатар келген дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, үндесіп бейімделіп, бірін-бірі игеруі дыбыс үндестігі деп аталады.
Дыбыс үндестігі зандылығының 3 түрі бар:
Ілгерінді ықпал (Прогрессивті ассимиляция).
Кейінді ықлал (Регрессивті ассимиляция).
Тоғыспалы ықпал (Тоғыспалы ассимиляция).
I. Ілгерінді ықпал
(Прогрессивная ассимиляция)
Түбір мен қосымша немесе сөздер аралығында қатар келген дыбыстардың аддыңғысының кейінгі дыбысқа ықпал етіп, игеріп үндесуі ілгерінді ықпал деп аталады.
II. Кейінді ықпал
(Регрессивная ассимиляция)
Түбір мен қосымша немесе сөздер аралығында қатар келген дыбыстардың кейінгісінің алдыңғы дыбысқа ықпал етіп, игеріп үндесуі кейінді ықпал деп аталады.
1. Сөз қатаң к, к, п дыбыстарына аяқталып, қосымша не келесі сөз дауысты, үнді және ұяң д, ж, з дыбыстарынан басталса, сөз соңындағы к, к, п ұяңданып ғ, г, б дыбыстарына айналады.
III. Тоғыспалы ықпал
(Прогрессивно-регрессивная ассимиляция)
Сөз бен сөз аралығында қатар келген дыбыстардың бір-біріне ілгерілі-кейінді ықпал етуінің нәтижесінде екеуінің де өзгеріске ұшырауы тоғыспалы ықпал деп аталады.
Қазақстан – менің отаным
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің сессиясында 1992 жылғы 4 маусымда қабылданған мемлекеттік нышандарымыздың төл тарихы тым әріде жатыр. Біз сонау ықылым заманнан бері байрақты елміз. Халқымыздың бостандық сүйгіш өр рухы оның этнографиялық-мәдени нышандарында жарқын көрініс тауып отырған.
Ту көтерген батыр бабалар бейнесі сонау ерте замандарда жартаста сызылған суреттерде айқын бейнеленген. "Көк асаба" аталған көне байрақ түсі исі түркі халықтары кие тұтқан көк аспан әміршісінің белгісіне баланса, түркілердің тағы бір табынары - көк бөрі бейнесі де тудағы таңбаға айналған.
Мәтінді оқып, азат жол бойынша жоспар құрыңыз.
Мәтінді жоспар бойынша айтып беріңіз.
Берілген сөздерді түсіндірме сөздіктен тауып, мағынасын
түсіндіріңіз.
Нышан, айшық (-талган), қоректік, шипалық, мегзейді, әрлендіру, бедерлеу, киелі
Елтаңба
Танымал суретшілеріміз: Жандарбек Мәлібеков пен Шотаман Уәлихановтың ой-қиялы, маңдай терімен дүниеге келген мемлекеттік Елтаңбамызға қарап көрелікші. Көңілден шығар ма екен?..
Шеңбер ішіндегі негізгі нышан белгі - шаңырақ түндігі күн бейнесін елестетсе, уықтары - одан тарап жатқан алтын сәуледей. Әр бөлшегі әсем айшықталған шаңырақ алдымен өз халқымыз, одан қалды қатар тіршілік кешкен басқа ұлт өкілдері бар бірлесіп, кереге-уықтай кірігіп, күш-жігер жұмсап аяғынан тік тұрғызуға кіріскен қасиетті отауымыз – тәуелсіз мемлекетімізді мегзегендей.
Елтаңба композициясын құрап тұрған келесі бөлік - ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ бейнесі. Көшпенділердің бүкіл тіршілігі, еңбегі мен өнері онымен тығыз байланысты. Ел қорғап, ата жауымен алысқанда да, қолы қалт етіп, құс салуға барса да, жігіттік жасап, қызды ауылды жағалағанда да сайын дала сайыпқыранын сәйгүлігінсіз елестете алмаймыз. Көшпенділер ұғымында жылқы - түлік біткеннің төресі. Оның жолға беріктігі мен жүрдектігі, еті мен қымызының қоректік және шипалық қасиеттері жанға дәру болса, ойыңды айтпай көзіңнен ұғатын қасиеті мен талғампаздығы мінез-құлқындағы тектілік ретінде жоғары бағаланған. Көне түсініктер бойынша, киелі көк пырағы адамды тәңірілер мекен еткен аспанмен байланыстырады. Жалы қанат тектес. Ат болса - адамның қанаты. Жалына қолың тиісімен-ақ жердің тартылыс заңын жеңіп, қиялыңа қанат бітеді. Жақсы ат мінген - жарым патша. Тіпті, азамат болды деген ұғымның өзін "ат жалын тартып мінді", жолы болған жігіт жайында "аты озып тұр" дейміз.
Елтаңбадағы енді бір назар аударатын белгілер маңдайдағы бес бұрышты жұлдыз бен елдің аты. Тәуелсіз мемлекеттің құшағы бес құрлыққа бірдей ашық дегенге мегзейтін бес бұрьшты жұлдыз бізге бұрыннан таныс. Аспан денелерін, әсіресе, күн мен айды, жұлдыздарды кие тұтатын халқымыздың "бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін" деген асыл арманын білдіреді.
Елтаңбаның негізгі бояуы - алтын түстес. Оған зеңгір көк нұрдың қосылуы мемлекеттік нышанды айрықша әрлендіріп, бедерлендіріп тұр. Жалпы, қай жағынан алғанда да кемел келісім тапқан Елтаңба, елдігімізді танытар белгі. Әманда, тұғыры биік болғай! Ортақ шаңырақ биік, ортақ босаға берік болсын!
Мәтін бойынша тапсырмалар:
1. Берілген сөздердің синонимдерін табыңыз.
Белгі, білдіреді, танымал, жылқы, тәуелсіз.
2. Сөздің түбірінен қосымшаларды дефис (-) арқылы бөліп
жазып, қосымша түрін анықтаңыз.
Таңба-белгілер көне ақшамызда да көрініс тапқан. Тараз, Отырар қалаларынан мыс теңгелер табылған. Жақсы ат мінген -жарым патша. Ат - адамның қанаты.
3. Тұрақты тіркестердің мағынасын түсіндіріңіз.
Жақсы ат мінген - жарым патша. Ер қанаты - тұлпар. Ат шаба ма, бап шаба ма? Ат жалын тартып міну.
4. Мәтін ішінен термин сөздерді тауып, олармен сөйлем
құрастырыңыз.
5. Көп нүктенің орнына төменде көрсетілген қосымшалардың тиістісін қойып көшіріңіздер. Бір қосымшаның сөздердің әрқайсысына әр түрлі жалғану себебін түсіндіріңіздер. Түбір мен қосымшаның аралығындағы дыбыстардың қалай үндесіп тұрғанын айтыңыздар.
1. -лар (-лер, -дар, -дер, -тар,-тер):
Жылқы..., суретші..., құс..., бүркіт..., алтын..., ел... ;
2. -ның (-нің, -дың, -дің, -тың, -тің):
Елтаңба... композициясы, шеңбер... іші, көшпенділер... тіршілігі, еті мен қымызы... қасиеті, тәуелсіз мемлекет... құшағы.
3. -ға (-ге, -қа, -ке):
Жылқышы... жолығу, жан... дәру, осы уақыт... дейін, үй... таман, табыс... жету, кітап... кұмар.
4. -ны (-ні, -ды, -ді, -ты, -ті):
Қала... жаяу аралау, көше... тазарту, ағаш... балтамен жару, шөп... орақпен ору, егін... кезінде жинап алу.
Мәтінді оқып, қысқаша мазмұнын айтып беріңіз.
Тиісті сөздікті пайдалана отырып, берілген сөздерді аударыңыз.
Зеңгір көк, кіршіксіз, береке, бейкүнә, тіршілік, өркениет, пәк, мәңгілік, көшпенділер.
Төмендегі сөздермен сөйлем құрастырыңыз.
Қасиетті, пәк, бүркіт, береке
Қасиетті көк байрақ
Мемлекеттік тәуелсіздігіміздің қасиетті белгісі ретінде көтерілген қыран қанатты туымыздың негізгі түсі - аспан түстес. Танымдық тұрғыдан алғанда, зеңгір көк- аспанның, ауа құрлықтың белгісі, адалдықтыңкіршіксіз тазалық пен бейкүнә пәктіктің нышаны.
Күн нұры жердегі тіршіліктің көктепгүлденуіне тікелей әсеретеді. Сондықтан "Көгімде күн сөнбесін" деп тілейді көшпелі."Мәңгілік қозғалыста болу", міне, оның Күннен үйрене көңілге түйген басты тағылымы. Көгілдір аспан аясында мәңгілік сапар шеккен ұлы Күн бейнесі көшпелі үшін нағыз өмір символы.
Табиғаттың төл баласына айналған көшпелілер ұрпағы үшін қанатты қыран - дала бүркітінің де орны бөлек. Нышандық мәніне келер болсақ, бүркіт бейнесі өкімет билігін паш етіп, көрегендік пен кеңдікті білдіреді. Далалықтар үшін, ол еркіндік бейнесі, биік ар-мандарға қол созу нышаны.Сонымен бірге жолына кесе көлденең тұрып, аяқтан шалғысы келетіндерді топшысымен кағып, ерен қайрат көрсете алатын құс. Туымыздағы бүркіт бейнесі тәуелсіздік алып, қанатын қомдаған қазақ елінің әлемдік өркениет биігіне тал-май ұмтылып, талассыз жетуін тілеген игі ниеттен туғаны анық.
Төл туымызды даралап тұрған тағы бір белгі - оның сабына таяу тік тартылған ұлттық өрнекті жолақ. Онда "қошқар мүйіз" деп аталатын қазақы өрнек ойылған.
Халқымыздың талантты ұлдарының бірі – Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков ұсынған жоба негізінде жасалған қасиетті көк байрағымыз, тәуелсіз мемлекетіміздің қыран қанатты көкшулан туы, міне, осындай.
Мәтін бойынша тапсырмалар:
1. Берілген сөйлемдегі сөздердің түбірі мен қосымшасының аралығындағы дыбыстардың қалай үндесіп тұрғанын түсіндіріңіздер.
Табиғаттың төл баласына айналған көшпенділер ұрпағы үшін қанатты қыран - дала бүркітінің орны бөлек.
2. Сөздің түбірінен қосымшаларды дефис (-) арқылы бөліп
жазыңыздар. Қосымшалардың сөздердің біріне жуан, біріне
жіңішке түрде жалғану себебін түсіндіріңіздер.
Туымыздағы бүркіт бейнесі тәуелсіздік алып, қанатын қомдаған қазақ елінің әлемдік өркениет биігіне талмай ұмтылып, талассыз жетуін тілеген игі ниеттен туғаны анық.
3. Берілген сөздердің түбірі мен қосымшаларын дефис (-)
арқылы бөліп жазып, қосымшаларды жұрнақ, жалғау түріне ажыра-
тыңыздар.
Қыран қанатты, кіршіксіз таза, далалықтар үшін, төл туы-мызды, халқымыздың талантты ұлдары.
4. Мәтіннен тәуелдік тұлғада тұрған сөздерді теріп жазыңыздар.
5. "Қошқар мүйіз" - ою түрі. Ол туралы не білесіз?
Мәтінді мәнеріне келтіріп оқыңыз.
1944 жылы жазылған Әнұранның авторлары кімдер?
Мәтін бойынша сұраулы сөйлемдер кұрастырып, оларға
ауызша жауап беріңіздер.
Достарыңызбен бөлісу: |