Бөж тақырыбы: Ағзадағы тіршілікте еріткіштердің маңызы Тірі ағзадағы электролиттер



Дата20.10.2023
өлшемі3,16 Mb.
#187171
Байланысты:
Айс хим бож

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті

Стоматология факультеті

БӨЖ

Тақырыбы: Ағзадағы тіршілікте еріткіштердің маңызы

Тірі ағзадағы электролиттер


Орындаған : Хасенұлы Айсұлтан
Тобы: Стк-102
Қабылдаған:Берді Д.

Жоспар:

I. Кіріспе

Ерітінділердің жалпы сипаты

II.Негізгі бөлім

1-Ерітінділер түрлері

2-Идеал ертітінділер және реал ерітінділер

3-Ерітіндінің пайыздық концентрациясы ,

4-Электролиттердің жіктелуі

5-Күшті және әлсіз электролиттер

III.Қорытынды

Ерітінділер— кем дегенде екі құрамдас бөліктерден тұратын құрамы өзгермелі гомогенді (біртекті) жүйелер. Ерітінділер газ тәрізді, сұйық және қатты болуы мүмкін. Олардың ішінде жан-жақты зерттелгені және жиі қолданылатыны сұйық, әсіресе, сулы ерітінділер.

Сондықтан тұрмыста ерітінділер деп, көбінесе, сұйық күйдегі молекула-дисперстік жүйелерді айтады.

Кез келген затты еріткенде еріткіш буының қысымы төмендейтінін көптеген тәжірибе жүзінде көрсетті . Осы негізде ерітінді құрамы мен бу қысымының төмендеуі арасындағы байланысты Франсуа Роуль ашты.

Кез келген затты еріткенде еріткіш буының қысымы төмендейтінін көптеген тәжірибе жүзінде көрсетті . Осы негізде ерітінді құрамы мен бу қысымының төмендеуі арасындағы байланысты Франсуа Роуль ашты.

Роуль заңының тұжырымдамасына орай, ерітінді бетіндегі еріткіш қысымының салыстырмалы төмендеуі, сұйықта еріген заттың мөлдік үлесіне тең.

Кез келген температура мен концентрацияларда Роуль заңына бағынатын ерітінділерді идеал ерітінділер деп атайды

Химияда суда еріген зат пен еріткіштің арасындағы сандық қатынасты анықтау үшін ерітіндінің концентрациясы деген ұғым енгізілген.

Ерітіндінің концентрациясы еріген зат шамасының жалпы ерітінді шамасына қатынасымен анықталады.

Ерітіндідегі еріген заттың массасы массалық үлеспен

(ω омега) өрнектеледі.

Электролиттер ( грек. lysіs – еру, ыдырау) – еріген немесе балқыған күйде электр тоғын өткізетін заттар.Электролиттерге қышқыл, негіз, тұздың судағы ерітінділері жатады; бұларда электр тогы иондар арқылы тасымалданады. Э ерітінділерінен ток өткенде электродтарда тотығу-тотықсыздану процестері – электролиз жүзеге асады.

Электролит диссоциациясының теориясы

  • Электролиттердің еру немесе балқу процесі электр тоғын өткізе алатын зарядталған бөлшектерді түзе жүретін процес

Электролит молекуласындағы атомдар арасындағы байланыстың беріктігіне карай диссоциацияланған молекулалар саны диссоциацияланбаған молекулалар санынан не көп, не аз болуы мүмкін. Электролит молекуласындағы байланыс әлсіз болса, диссоциацияланған молекулалар саны көп болады. Керісінше байланыс берік болғанда, иондарға айналатын молекулалар саны аз болады. Электролиттің қандай мөлшерде диссоциацияланғанын көрсететін шама - диссоциациялану дәрежесі деп аталады және α (альфа) әрпімен белгіленеді.

  • Күшті және әлсіз электролиттер

Адам ағзасындағы электролиттер

  • Дәрігерлер қан анализімен өлшейтін қарапайым электролиттерге натрий, калий, хлорид және бикарбонат жатады. Бұл электролиттердің функциялары мен қалыпты диапазон мәндері төменде сипатталған.

Натрий - жасушадан тыс сұйықтықтағы негізгі оң ион (катион). Натрийдің химиялық белгісі Na+. Хлоридпен қосқанда, алынған зат - ас тұзы.
Калий - жасушалардың ішінде болатын негізгі оң ион (катион). Калийдің химиялық белгісі - К+. Калийдің қалыпты деңгейі жасушаның қалыпты жұмыс істеуі үшін қажет.
Хлорид - жасушалардың сыртындағы сұйықтықта және қанда болатын негізгі анион (теріс зарядталған ион). Анион - бұл сұйықтықта еріген кезде ас тұзы (натрий хлориді немесе NaCl) сияқты кейбір заттардың теріс зарядталған бөлігі.

Қорытынды Электролит деп ерітінділері не балқындылары электр тогын өткізетін заттарды айтамыз. Ерітіндіде электр тогын тасымалдаушы бөлшектер – иондар, олай болса, зат молекулаларының полюсті еріткіштер және жоғары температура әсерінен иондарға ыдырауы диссоциация деп аталады. 1887 жылы швеция ғалымы С. Аррениус электролитік диссоцияция теориясын ұсынды, оның қағидалары төмендегідей: 1) негіз, қышқыл, тұзды суға еріткенде молекулалары оң және теріс зарядты иондарға ыдырайды; 2) электр өрісі әсерінен оң зарядты бөлшектер катодқа, ал теріс зарядты иондар анодқа тартылады (катион, анион); 3) барлық заттардың иондарға ыдырау дәрежесі бірдей емес, оның сан шамасы ерітуге алынған заттың табиғатына байланысты. Электролит ерітінділерінің электр тогін өткізетіні және олардың ерітіндісінде зарядталған бөлшектер болу керек деген болжам XIX ғасырдың басынан бар. Бірақ, С. Аррениусқа дейінгі ғалымдар (Гроттус, Фарадей т.т) зат иондарға электр тогі әсерінен ыдырайды деп келді.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет