Бөж тақырып: Даражарнақ және қосжарнақты өсімдіктердің тұқымы



Дата25.02.2023
өлшемі7,16 Mb.
#170096
Байланысты:
презентация ботаника
«Гипотиреоз даму себептері, лабораторлы диагностикасы, орын басу терапиясының принциптері»;, 1-сабақ. Прокариот және эукариот жасушаларының құрылысы, Имаш Қуанышбек электрлі трансмисия, 461196.pptx, Lekcya lekcykologya, SCIENTIFIC TRANSLATION TECHNIQUES

БӨЖ

Тақырып: Даражарнақ және қосжарнақты өсімдіктердің тұқымы

Жоспары

  • Жабықтұқымдылар туралы ақпарат
  • Даражарнақты өсімдіктер
  • Қосжарнақты өсімдіктер
  • Сабағы және тамыр құрылысы
  • Қорытынды
  • Кері байланыс

Жабықтұқымдылар


Даражарнақты
    • Шашақ тамыр
    • Тұқым жарнағы: 1
    • Камбий: жоқ

Қосжарнақты
    • Кіндік тамыр
    • Тұқым жарнағы: 2
    • Камбий: бар

Даражарнақты өсімдіктер


Пияз туыстар
Лалагүлділер
Астық тұқымдар
Інжугүлділер

Даражарнақты тұқымының құрылысы

 Даражарнақты тұқымға мысал ретінде бидай дәнегін аламыз. Дәнектің сырты тығыз қабықпен (қауыз) қапталған. Бидайдың жемісі бір тұқымды. Піскенде қабығы ажырамай, тұқымға тығыз жанасып бірігіп кетеді. Қанша жібітсе де қабығын ажырату қиын. Бидай қабығы (қауызы) болады. Дәнектің едәуір бөлігін – эндосперм алып жатады. Эндосперм жасушаларында крахмал, нәруыз, май заттары жиналады. Дәнектің төменгі ұшында эндоспермге тығыз жанасып бекінген ұрық бар. Ұрық пен эндоспермнің арасында жұқа бір жарнақ. Коректік заттар қоры эндоспермде жиналады, жарнағында болмайды.

Даражарнақтылар сабағы

Даражарнақты өсімдіктердің сабағы жуандамайды және өткізгіш шоқтары жабық болады. Сабақтың көлденең кесіндісінде жапырақтары жай, параллель немесе доға тәрізді жүйкеленген болып келеді.

Қосжарнақты өсімдіктер

  • Көкнәр
  • Алабота тұқымдастар
  • Орымжапырақ(шаршыгүлділер немесе крестгүлділер)
  • Қылқайыр гүлділер
  • Раушангүлділер
  • Асқабақ тұқымдастары
  • Бұршақ тұқымдастары
  • Алқатұқымдастары
  • Күрделігүлділер тұқымдасы
  • Ерінгүлділер тұқымдасы

Қосжарнақты тұқымның құрылысы

 Қосжарнақты тұқымның мысалы ретінде үрмебұршақ (фасоль) тұқымын қарастырайық. Тұқымның қабығы (қауызы), жарнағы және ұрығы болады. Үрмебұршақ тұқымының пішіні бүйрекке ұқсайды. Оның ойыс жағында жеміске бекінген жерін тұқым кіндігі дейді. Тұқым кіндігінен тұқымның ішіне ауа, су кіреді.

Қосжарнақтылар сабағы

Қосжарнақты өсімдіктердің сабағының өткізгіш жүйесі бір шеңберлі камбийлі өткізгіш шоқтардан тұрады. Флоэмасында органикалық затты өткізетін күрделі ұлпа паренхима бар. Сабақтың қабығы мен өзегі өте айқын ажыратылады.

Тамырлар жүйесі

Қосжарнақты өсімдіктердің тамыры-кіндік

Даражарнақты өсімдіктердің тамыры-шашақ

Қорытынды

Қорыта айтатын болсақ, гүлді өсімдіктерді даражарнақтылар және қосжарнақтылар класы деп екі топқа бөледі.

  • Тұқымында екі тұқым жарнағы бар өсімдіктер қоржарнақтылар деп аталады. Гүлді өсімдіктердің 75%-ын құрайды. Бұлар шөп,бұта,ағаш түрінде барлық жерде кездеседі. Тамыр жүйесі-кіндік тамырлы.
  • Егер өсімдік ұрығының жарнағы біреу болса,жапырағы параллель немесе доға тәрізді жүйкеленсе, шашақ тамырлы болса, онда ол даражарнақтылар класына жатады.

Кері байланыс

  • Жабықтұқымды өсімдіктер қанша классқа бөлінеді?
  • Даражарнақтылар мен қосжарнақтылар класының айырмашылығы қандай?
  • Итмұрын, долана, шетен, алма қай класс, қай тұқымдас өкілі?
  • Сарымсақ қай класстың, туыстың өкілі?
  • Даражарнақтылардың тұқымының құрылысы?

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет