Болашақ – латын әліпбиінде



Дата21.07.2020
өлшемі14,83 Kb.
#63521

Болашақ – латын әліпбиінде.
Әліпби –халықтың рухани болмысын қалыптастыратын факторлардың бірі. Елімізде латын әліпбиіне көшу соңғы жиырма бес жылда жиі болмаса да арагідік талқыланып келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруге байланысты нақты міндеттер белгіленді.Жалпы, «рухани » дейтін ұғым «рух» сөзінен бастау алады. Рух- ұлттың мықтылығы мен тектілігі, күш-жігері мен қайраты. Ұлт рухының әлсіздігі осы реформалардың сәтті жүргізілуін қамтамасыз ете алмайды.

Рухы мықты мемлекет қана тәуелсіздігін баянды етпек. Ұлт ұғымының тұғыры - мәдениет. Ұлттық рухани- мәдени жаңғыруымыздан бастап, бәсекеге қабілеттілік,прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, еліміздің эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы мәселесі және салт-дәстүрімізді, ұлт зиялыларын дәріптеуге дейінгі көңілге қонымды ойлар нақты көрініс тапқан.

«Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, XXI ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты», депте

Нұрсұлтан Назарбаев атап көрсетті.

Бүгінгі компьютер заманында интернет жүйесінде үстемдік ететін латын әліпбиі екендігін мойындауымыз керек. Бұл әліпби бізге тансық емес. Латын әріпіне көшкен уақытта оның іске асуында көп қиыншылық болады деуге негіз жоқ. Өйткені бүгінгі таңда, әсіресе жастар ағылшын тілін білгендіктен, қиналмай оқи да, жаза да біледі. Тіпті қазіргі интернетте, әлеуметтік желілерде олар латын әріптерімен жазыпта жүр.

Латын алфавитіне аудару қазіргі интернетті технология дәуірінде қиын емес.Ал латын алфавиті кез-келген алфавит емес, маңдайалды, осы заманның, интернет дәуірінің прогрессивті, №1 алфавиті.

Өзім басшылық жасап отырған «Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесінде,қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөнінде төрт жобаны жоспарладық:


  1. Мемлекеттік тілден латын әліпбиіне көшу;

  2. Туған жер;

  3. «Қазақстандағы 100 жаңа есім»;

  4. «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет»;

Осы жобалар арқылы қалалық кітапхана жүйелерінде қала тұрғындары, мекемелер, жастар, жасөспірімдер мен оқырмандар арасында танымдық, электронды кітап көрмелері, кітап сөрелерін, әңгіме талқылаулар, тарихи сағаттар, патриоттық сағаттар, видеоэкскурсиялар, әдеби кештер,кітап экспозициялар жасалады. Жалпы 32 іс-шара ұйымдастырылады.

Анық бір мәселе бар – Қазақ елі бүгін бе, ертең бе міндетті түрде латын әліпбиіне көшері сөзсіз. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол- әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады.



«Қостанай қаласы әкімдігі

мәдениет және тілдерді дамыту

бөлімінің орталықтандырылған

кітапхана жүйесінің» ММ директоры А.Сейдахметова

Каталог: rukhani-zha-yru
rukhani-zha-yru -> Бағдарламасы «Рухани жаңғыру»
rukhani-zha-yru -> Мағжанның 125 жылдығы аясында 250-ге жуық іс-шара өтеді
rukhani-zha-yru -> Бір суреттің сыры: Сұлтанбекке серік болған Ескендір
rukhani-zha-yru -> Жаңғыруға темірқазық болған шаһар
rukhani-zha-yru -> «Соңғықазақ Герольд Бельгер» әдеби портреті Литературный портрет «Последний казах – Герольд Бельгер»
rukhani-zha-yru -> Биографиялық фильмдердің бәсі биік болуы тиіс Кейінгі кезде «Еуразия бірінші арнасынан»
rukhani-zha-yru -> «Высокогорье его прозы» кітап сандықшасы Книжный сундучок «Высокогорье его прозы»
rukhani-zha-yru -> Қытайдан келген қазақ
rukhani-zha-yru -> Музей тарихпен тілдесу мүйісі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет