Күні:
10.10.2020
Пән:
Металдар технологиясы
Тақырып:
Болатты химико-термиялық өңдеу
Мақсаты:
Химико-термиялық өңдеудің мәні мен белгілерін білу. Түрлерімен танысу.
Жалпы мағлұматтар
. Машина детальдарының ұзақ мерзімді жұмыс істеуінің есептік
мәндерін сақтау және оны жоғарылату мақсатында әртүрлі әдістер қолданылады:
конструктивтік, технологиялық және пайдалану-жөндеу.
Конструктивтік әдістерге детальдардың қажетті
қаттылығы мен серпімді
қатаңдылығын,
машина
конструкциясына
негізгі
элементтердің
тозуын
компенсациялайтын құрылғыларды енгізуді, үйкеліс торабын сыртқы абразивті ортадан
жасыруды қамтамасыз ететін әдістер жатады.
Технологиялық әдістер төмендегі тәсілдердің бірімен орындалуы мүмкін:
- қатты қорытпалармен балқыту;
- термиялық (беттік шынықтыру) және химия-термиялық (көміртектендіру, азоттау)
өңдеу:
- жоңқасыз механикалық өңдеу (аунақшалармен таптау).
Болатты термиялық өңдеу
. Термиялық өңдеуді құрылымды өзгерту және қажетті
қасиеттер мен механикалық сипаттамаларды алу үшін жүргізеді.
Жасыту
– кіші дәнді перлитті құрылымды алу,
илемділікті жоғарылату, ішкі
кернеулер мен қақталманы жою үшін қолданылатын термиялық өңдеу. Босаңдату кезінде,
мысалы,
болаттарды 900
0
-қа шейін,
болаттарды 840
0
С-қа дейін
қыздырады, одан соң біраз ұстап тұрып, біртіндеп салқындату процесі жүреді. Дәнді перлит
болатты 680...700
0
С-та ұзақ уақыт қыздырып, сонан соң біртіндеп салқындату жолымен
алынуы мүмкін.
Қалыптандыру
– болатты босаңдату температурасына дейін қыздыру және кіші дән
алудағы босаңдатуға қарағанда жоғары беріктікті әрі қаттылықты болатты алу үшін ауада
салқындату.
Шынықтыру
– 950 С-қа
дейін қыздыру, беріктікті, қаттылықты, тозуға төзімділікті
жоғарылату үшін суда немесе майда салқындату арқылы біраз ұстап тұру. Ереже бойынша
шынықтырудан соң болатты босаңдату жүреді. Болаттың әрбір типі мен маркасының өзінің
шынықтыру температурасы мен салқындату сұйығы болады.
Кейбір легірленген
детальдарды ауада да шынықтыра береді Шынығу қабатының тереңдігі жоғары
температурада болатты ұстап тұру уақыты мен оның шынығуына байланысты болады.
Шынықтыруда қаттылықтың жетіспеуі, жұмсақ орындар,
қатты қызып кету,
бұжырлану, сызаттар, пештің қышқылдану нәтижесінде көміртектің жетіспеуі секілді
ақаулардың барлығы да технологияны дұрыс сақтамаудан және өңдеу ретін бұзудан келіп
шығады.
Жұмсарту –
шынықтырылған болатты 723
0
С-қа дейін қыздырып,
сонан соң ішкі
шынықтыру кернеулерін азайту және созымдылық пен иілімділік қасиеттерін жоғарылату
үшін жайлап салқындату,
төменгі жұмсартуды
150-250
0
С-та жүргізіп, сонан соң жайлап
босатады.
Бұл
өңдеу
болаттың
қаттылығын
кемітпестен
тұтқырлығын
жоғарылатады.
Орташа жұмсарту
жеткілікті тұтқырлық бола тұра жоғары серпімді
қасиеттерді қамтамасыз ету мақсатында 350...450
0
С температурада жүргізіледі, мысалы,
серіппелер үшін.
Жоғары жұмсарту
– 450...650
0
С температурада жүргізіледі де, ол
шынықтыру
кернеулерін төмендетеді, беріктік пен тұтқырлықты жоғарылатады.
Беттік шынықтыру
– қатты тозуға түскен көлік техникасы детальдары жоғары
беттік қаттылыққа ие болуы тиіс. Осы қасиеттерді беру үшін детальдардың беттік
шынықтыруын жоғары жиілікті токтар (ЖЖТ) арқылы жүргізу әдісі қолданылады. Ол
детальдарды индуктор-катушка көмегімен жасалатын магнит өрісінде қыздырып, содан соң
жайлап салқындату арқылы жүргізіледі.
Деталь конструкциясына байланысты ЖЖТ-мен шынықтыру
төмендегі тәсілдің
бірімен жүзеге асырылады:
- деталь қозғалмайтын немесе айналып тұрған жағдайда олардың барлық беттерін
(үлкен емес беттер үшін) бір мезгілде қыздыру және шынықтыру.
- детальдің жекелеген участоктарын біртіндеп қыздыру және шынықтыру
- жылжытып отыру арқылы үздіксіз-тізбектей қыздыру және шынықтыру (ұзын
өлшемді біліктер мен осьтер үшін қолданылады).
Берілген тереңдіктегі шыныққан қабатты алуға қажетті қыздыру режимі меншікті
қуат пен қыздыру ұзақтығы арқылы келетін ток жиілігімен анықталады.
Қажетті жалпы ток қуаты (ЖЖТ генераторының) мына формуламен анықталады:
(1.1)
мұндағы,
- меншікті қуат, кВт/см
2
, арнайы
номограммалар көмегімен
анықталады;
- шынығуға түсетін деталь бетінің ауданы;
- генератордың
П.Ә.К-і.
Тапсырма:
Жаңа тақырыпты конспектілеп жазыңдар, осы сабақтың жалғасы келесі
сабақта болады. Тапсырма сол кезде беріледі.