Бөлім ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды қалай түсінесіз?



Дата04.03.2022
өлшемі24,06 Kb.
#134378
түріБағдарламасы
Байланысты:
Документ


Сапарбаев Жарас Мик 191


  1. Бөлім ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды қалай түсінесіз?

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау – оқу бағдарламасындағы әр бөлімді/ тақырыпты аяқтағаннан кейін оқушының оқу жетістігі деңгейін анықтауға бағытталып, баға мен балл қою арқылы өткізілетін бағалау түрі. Оқушының жұмысына қойылған баға нәтижесі оның тоқсандық бағасын қоюда ескеріледі. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың ұйымдық құрылымы келесіде көрсетілген:

  1. Тоқсан ішіндегі белгіленген бағалау рәсімдері.

  2. Оқу бағдарламасы бөлімінің оқу мақсаттарына жеткендігі туралы шешім қабылдау.

  3. Тоқсандық баға шығарудағы нәтижелерді ескеру және тіркеу.

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар бөлімдегі оқу мақсаттары мен бағалау критерийлеріне сәйкестендіріліп құрастырылады. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының үлгілері ҚР Білім және ғылым министрлігі бекітуімен ұсынылған жиынтық бағалаудың әдістемелік нұсқаулығында беріледі. Әр мектеп жиынтық бағалаудың әдіс-тәсілдері мен тапсырмаларын өз еркімен дайындай алады. Мектеп ішіндегі әдістемелік бірлестік оқу жылына арналған, барлық бағалау түрлері, оны өткізу кезеңдері, бағалау міндеттерін айқындайтын, бағалаудың әдіс-тәсілдері көрсетілген бағалау жоспарын дайындауы қажет.
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау белгілі оқу бөлімінің соңында өткізіледі де, жаратылыстану-ғылыми пәндер мен тілдік пәндер бойынша бөлімді; әлеуметтік-ғылыми пәндер бойынша ортақ тақырыпты оқып, аяқтаған кезеңде өткізіледі. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау рәсімінің саны оқыту топтамаларының санына негізделе анықталады:
• жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша – бөлім санына қарай;
• әлеуметтік-ғылыми пәндер бойынша – ортақ тақырыптар санына қарай; • тілдік пәндер бойынша – сөйлеу әрекетінің түрлеріне қарай (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым). Мұғалім бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмаларды құрастыру үшін:  оқу бағдарламасы мен жоспары, оқу мақсаттарын зерттейді;  ойлау дағдыларының деңгейлерімен сәйкестендіре отыра бағалау критерийлерін жасайды;  тапсырмалар мен дескрипторлар құрастырады;  өткізілген жиынтық бағалау негізінде оқушының оқу деңгейлерін анықтайды және оқу материалдарын меңгерудегі жіберілген кемшіліктерді түзету үдерісін анықтайды.
Бөлім/ортақ тақырып бойынша берілген оқу мақсаттары мұғалімнің өз жұмысын жоспарлау арқылы жиынтық бағалауды өткізуіне ықпалын тигізеді. Оқу мақсаттарының мөлшері бөлімдер мен ортақ тақырыптарда белгіленген күтілетін нәтижелерге байланысты.
Қалыптастырушы бағалаудағы сияқты, жиынтық бағалау тапсырмалары бөлім/ортақ тақырып бойынша берілген оқу мақсаттарына және бағалау критерийлеріне сәйкес құрастырылады. Белгілі бөлім мен ортақ тақырыптарды аяқтаған кезде оқушыларға әртүрлі тапсырмаларды ұсынуға болады. Мұғалім бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуде оның тек белгілі бір кезеңдегі игерілген оқу материалын қорытындылайтынын ескеріп, толық сабаққа жоспарламай, сабақтың белгілі бір бөлігінде ғана өткізуі ұсынылады.

  1. Қалыптастырушы бағалаудың әдістері қандай?

Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады, оқушылардың дағдыларының қалыптасу және білімді меңгеру деңгейін көрсетеді, оқудағы қиындықтарды анықтап, оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізуге көмектеседі. Бағалаудың бұл түрі оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді, балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді.
Қалыптастырушы бағалау – оқушының оқу нәтижесінің үнемі ілгерілеп және дамып отыруына ықпал ететін, мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасында кері байланысты қамтамасыз ететін үдеріс.
Оқыту мен оқуды тиімді түрде ұйымдастыру үшін әр оқушының ілгерілеуі мен ағымдағы түсіну деңгейін үнемі анықтап отыру маңызды. Бұл қалыптастырушы бағалау барысында жүргізіліп, оқушының оқу жетістіктері туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Қалыптастырушы бағалау оқыту мен оқудың біртұтас құрамдас бөлігі болып табылады, оны қосымша жаттығу мен тест тапсырмалары деп қабылдамаған дұрыс.
Қалыптастырушы бағалау үдерісі төмендегі кезеңдерден тұрады:
- Оқушыларды анықталған оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерімен таныстыру.
- Оқушылардың нені және қандай деңгейде түсінгендігін анықтайтын дәлелдемелердің көрсеткіші бола алатын тиімді орта тудыру немесе олардың басқа іс-әрекеттерін ұйымдастыру.
- Оқушының дамуына ықпалын тигізетін тиімді кері байланыс беріп отыру.
- Оқушыларды бір-біріне өзара оқыту көзі бола алатындай етіп ынтымақтастыру.
- Оқушы өз оқуы барысында өзін «жасаушы/құрушы» ретінде қабылдау.
Тиімді оқыту және оқу мақсатында оқушылардың түсіну деңгейін анықтау үшін олардың оқу мақсаттарына жеткендігінің немесе алға ілгерілеуінің деңгейі қадағалануы тиіс. Мұғалімнің іс-әркетіндегі қалыптастырушы бағалау үдерісі төмендегі кезеңдерді жүзеге асыруды талап етеді:
-қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру және жоспарлау;

-қалыптастырушы бағалау әдістерін таңдау;

-оқыту мен оқу үдерісінің бөлігі ретінде қалыптастырушы бағалау жүргізу;

-қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау;

-кері байланыс ұсыну;

-қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау негізінде оқу мен оқытуды түзету.

Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру

- Әр сыныпта сабақ беру үдерісінде мұғалім оқу бағдарламасындағы барлық оқу мақсаттарын қамтуы керек. Пән бойынша оқу жоспарында барлық оқу мақсаттары үшін ұсынылатын жаттығулар берілген.

Бағалау үдерісін тиімді түрде өткізу үшін мұғалімге:

- оқу мақсатына сәйкес бағалау критерийлерін нақты құрастыру;

- тапсырмаларды бағалау критерийлеріне сай құрастыру және дескрипторларын анықтау;

- оқушыларға тиімді кері байланыс беру ұсынылады.

Сабақта қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыру үшін жеке, жұптық, топтық жұмыс түрлерімен қатар, оқушыларға ауысып отыратын топ құрамында жұмыс істеу ұсынылады.

Бағалау критерийлері оқу мақсатында не көрсетілсе, тек соны ғана бағалайды және Блум таксономиясында берілген алты ойлау дағдыларының деңгейлерін – білу мен түсіну, қолдану, талдау, жинақтау және бағалауды көрсетеді. Мұғалімнің бағалау критерийлерін оқу мақсаттарына сәйкестендіріп, нақтылап дайындауы маңызды.

Одан кейін мұғалім бағалау критерийлерін сәйкестендіріп, оқушылардың жеке ерекшеліктерін, оқу мазмұнын ескеріп, тапсырма және оның дескрипторларын құрастырады. Дескрипторлар тапсырманы орындаудағы оқушы қадамын нақтылайды, нәтижеге жету жолын анықтайды, сондықтан дескрипторлар оқушыларға түсінікті болуы қажет.

Қалыптастырушы бағалау әдістері




  1. «Бұрыштар» тәсілі: Мұғалім оқушыларға сұрақ ұсынады және мүмкін төрт жауабын сыныптың төрт бұрышына орналастырады. Оқушылар өзіне дұрыс деген жауаптың қасына барып тұрады, таңдаған жауаптарын топтық жұмыста тұжырымдайды және өздерінің көз қарастарын дәлелдейді.



  1. «Ойлан-жұптас-бөліс». Берілген тапсырма (сұрақ) бойынша әрбір оқушы жеке жұмыс жасау арқылы өз ойын қорытып, жұп болып пікірлерімен бөліседі; бұл бүкіл топтық талқылауға ұласады.




  1. Stop-кадр. Stop-кадр — бейнефильмнің бір сәтімен (кадр) жұмыс. Кадрды экранда тоқтатып қойып, сұрақтар қою арқылы оқушыларды диалогқа тартуға болады. Сыныпта жұптық жұмыс ұйымдастыруға да болады: оқушылардың біреуіне кадрды көрсетіп, екіншісіне осы көріністі толықтай сипаттап беруін тапсыруға болады, екінші оқушы оған нақтылау сұрақтарын беру арқылы көмектесуіне болады.



  1. Дыбыстау. Фильмнен өткен тақырыпқа байланысты немесе оқушылардың деңгейіне сәйкес келетін үзіндіні дыбыссыз көрсетіп, оқушылардың рөлге еніп, дыбыстауын тапсыруға болады. Алдымен үзіндіні дыбысымен көрсетсе де болады. Дайындалуға оқушыларға жеткілікті уақыт беру қажет.




  1. Серпілген сауал. Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында бірінен-біріне сұрақтарды «лақтыру»: мысалы, «Асан, Айнаның пікіріне қосыласын ба?», «Айна, Асанның жауабын тағы қалай толықтыруға болады?», «Асан, айтылған пікірлерді бір сөзбен қалай тұжырымдауға болады?»



  1. «Сұрақты қағып ал». Мұғалім сұрақ қойған кезде оқушыларға бұршақ салынған қапшықты лақтырады. Бұл сұрау үдерісіне кинестикалық сипат береді және оқушыларды өз еркімен жауап беруге итермелейді. Оқушы жауапты білмеген жағдайда сұрақты басқа оқушыға лақтыруына мүмкіндік беріледі. Сұрақтардың қиындығына қарай оның басиапқы салмағын белгілеуге (ұпай арқылы) болады. Мысалы, қағып алған оқушы жауабын білмей, қапшықты басқа оқушыға лақтырса, сұрақтың құны 1 ұпайға кемиді. Бұл тапсырманы шағын топтардың арасында да қолдануға болады; мұнда мұғалім қапшықты кезекпен топтарға лақтырады.




  1. «Допты лақтыру» Мұғалім доп лақтырып сұрақ қояды. Допты қағып алған оқушы сұраққа жауап беріп, өзінің сұрағын қояды. Егер оқушы сұраққа жауап бере алмаса, допты басқа оқушыға береді. Бұл әдіс теориялық сұрақтарды бағалауға, тілдік мақсаттардың орындалуына көмек береді.



  1. «Сөзді тап». Қобдишаға тақырыпқа қатысты түйінді сөздер жазылған қағаз қиындылары салынады. Бір оқушы қобдишадан қиынды қағазды алып, 1 минутта ондағы сөздің өзін атамай сипаттап түсіндіруі керек. Сөзді тапқан оқушы келесі сөзді алып түсіндіруді жалғастырады.




  1. «Конверттегі сұрақ». Әрбір оқушыға арнап конверт дайындаңыз және оқу мақсатына сәйкес 2-3 сұрақ жазып, конвертке салыңыз. Конвертті оқушыларға таратып 2 минут уақыт беріңіз: оқушы стикерде өз атын, сұрақтардың жауабын жазып конвертке салады және конвертті келесі оқушыға жібереді. Барлық оқушылар жауап бергенше конверттермен алмасады. Соңында стикерлерді жинап, бірнеше жауапты дауыстап оқыңыз (аттарын атамастан); сынып жауаптардың қаншалықты дұрыс болғанын талқылайды



  1. «Пікір алмасу» (Showdown). Әрбір топ тақырыпқа қатысты 5 сұрақ дайындайды. Әрбір сұрақты стикердің бірінші жағына, ал жауабын екінші жағына жазып, келесі топпен стикерлерін ауыстырады. Топ басшысы стикердегі сұрақтарды оқиды, топ мүшелері жауаптарын жазып дайындайды. Көшбасшы белгі бергенде, барлығы өз жауабын ашады және жауаптарды талқылап, дұрыс жауаппен салыстырады.




  1. Элективті тест. Мұғалім алдын ала әрбір оқушыға A, В, С, D, Е арқылы белгіленген түстері сәйкес ақ, сары, көк, қызыл, жасыл стикерді таратады. Әрбір сұрақты қойғаннан кейін 20 секунд кідіріп, сыныптан тест жауабына сәйкес әріпті көтерулерін сұрайды. Өзін-өзі және бірін-бірі бағалауды жүзеге асыру үшін дұрыс немесе дұрыс емес жауаптарды диалог құру арқылы талқылайды.




  1. Сын тұрғысынан ойлау технологиялары жайында не білесіз?

Сын тұрғысынан ойлауға американдық профессор Дэвид Клаустер төмендегідей анықтама береді. Оның анықтамасы бес пункттен тұрады.

1 Сыни түрғыдан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады. Сыни тұрғыдан ойлауда идеяның ерекше болуы міндетті емес, ойлау өзіндік сипатта болу қажет. Ең негізгісі – оқушы нені ойлау керектігін өзі шешу керек.

2 Берілген ақпарат сыни тұрғыдан ойлаудың соңы емес, бастапқы пункті болып табылады.Терең ойлау үшін фактілер мен идеялар,мәтіндер мен теориялар, мәліметтер мен концепциялар секілді көптеген шикізаттарды өңдеу керек болады. Тек сыни тұрғыдан ойлаудың арқасында дәстүрлі таным процесі жекелік сипат алып, саналы, үздіксіз әрі өнімді бола бастайды.

3 Сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады. Америка педагогі әрі философы Джон Дьюи «сыни тұрғыдан ойлау оқушылар тек нақты бір мәселемен айналысқанда ғана пайда болады. Мәселелерге ерекше көңіл аудару оқушылардың табиғи әуесқойлығын оятып, оларды сыни тұрғыдан ойлауға итермелейді.»

4 Сыни тұрғыдан ойлау көңілге қонымды, дәлелге ұмтылады. Бұлай ойлайтын адам мәселені шешудің жолын өзі іздеп табады да, сол шешімді негізі бар саналы дәлелдермен нақтылай түседі.

5 Сыни түрғыдан ойлау әлеуметтік ойлау болып табылады. Барлық ойлар ортаға салынғанда тексеріліп, өткірлене түседі, әрі шыдамдылық, басқаны тыңдай білу және өз көзқарасына деген жауапкершілік секілді өнімді ой алмасуға өте қажет болатын сапалы өңдеулер жүріледі.Сын тұрғысынан ойлау әдіснамалық жағынан философияға негізделіп құрылса, оны жүзеге асыруда жүздеген стратегиялар қызмет атқарады.Сыни ойлау технологиясының сабақты жүргізу құрылымы дәстүрлі құрылымнан өзгеше болып келеді.



  1. Сыни тұрғыдан ойлау технологиясының тиімділігін мысал келтіру арқылы дәлелдеңіз.

Магниттер: Олардың аттас зарядтары бірін-бірі тебеді. Ал әр аттас зарядтары бірін-бірі тартады.



Не үшін аттас зарядты магниттер бір-біріне жабыспайды?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет