БӨЛІМ:Менің отбасым және достарым 2-СЫНЫП ҚАЗАҚ ТІЛІ
№ 30 сабақ
Дауыссыз л мен р.
Лашын 48 – 52-жаттығулар
Үй тапсырмасы 46-жаттығу Сөйлемдерді оқы. Орны ауыстырылып берілген бөліктерден мәтін құра. Сұраққа жауап бер: -Мәтін не туралы? -Найзағай туралы не білесің? -Мәтіннен л дыбысынан басталатын сөздерді тап. -Мәтінге ат қой.
Дескриптор:
Сөйлемдерді оқиды-1б
Орны ауыстырылып берілген бөліктерден мәтін құрайды-1б
ТАҚЫРЫПТЫ АШУ «Адасқан әріптер» ойыны Дыбыстарды тиісінше тіркестіріп сөз жасаңдар және сол сөзге дыбыстық талдау жасаңдар
ЖАҢА ТАҚЫРЫП
. 48-жаттығу Екі бағандағы сөздерді салыстыр.Содан соң өзің қорытынды жаса. Лашын,лағыл,лебіз, рақмет,рақат,рең, рақым Іле,ілгіш,ілесу,ірі,ірімшік,ылди,ылғал. Дескриптор:
Екі бағандағы сөздерді салыстырады-1б
Содан соң өзі қорытынды жасайды-1б
49-жаттығу Берілген сұраққа сүйеніп, құсты сипатта. -Лашын қандай құс? -Оның түсі, көзі қандай? -Оның саусақтары қандай? -Оны неліктен жыртқыш құс деп атайды?
Дескриптор:
Л әрпінен басталатын сөздердің айтылуы мен жазылуын салыстырады-1б
Лашынды сипаттайды-1б
СЕРГІТУ СӘТІ Оңға, оңға түзу тұр, Солға, солға түзу тұр. Артқа қарай бір адым Алдыға қарай бір адым Жоғары төмен қарайық Орнымызды табайық.
Қорытындылау
Шығармашылық тапсырма
51-жаттығу
Перизатқа атасына мерейтойына құттықтау жазуға көмектес
Үлгі:
Құрметті ата! Сізді мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Сізге денсаулық, ұзақ өмір тілеймін! Мен сізді жақсы көремін!
Дескриптор: Перизатқа атасына мерейтойына құттықтау жазуға көмектеседі-1б Қосымша тапсырма
ДЫБЫСТАРДЫ АЖЫРАТ