БоөЖ 14 Тақырыбы: Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың еңбектеріндегі адамзаттың өткені, бүгіні және келешегі туралы Тапсырма



Дата13.12.2021
өлшемі14,29 Kb.
#125931
Байланысты:
БОӨЖ 14


БОӨЖ 14

Тақырыбы: Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың еңбектеріндегі адамзаттың өткені, бүгіні және келешегі туралы
Тапсырма: тақырып бойынша эссе жазу.
Тапсырмаларды орындаудың әдістемелік шарттары:

Эссе құрылымы:

1. Кіріспе (мәлімделген тақырыпты өзектендіру) - 20%;

2. Негізгі бөлім (тезис, дәлелдер) - 60%;

3. Қорытынды - 20%.
Эсседе берілуі керек:

- белгіленген кезеңнің сипаттамасы;

- тарихтың осы кезеңіне жататын кемінде екі оқиғаны (құбылыстарды, процестерді) көрсету;

- қызметі көрсетілген оқиғалармен (құбылыстармен, процестермен) байланысты екі тарихи тұлғаны атау және олардың қызметін сипаттау;

- тарихи фактілерді және тарихшылардың пікірлерін пайдалану, осы кезеңнің (құбылыс, оқиға) маңыздылығына тарихи баға беру;

- осы кезеңге қатысты тарихи терминдерді қолдану.


Эссені бағалау талаптары.

• тақырыпты түсінуі; тақырыптан еш ауытқымауы;

• тезисті (ұстаным, негізгі идея) тақырыпқа сәйкес қолдану;

• тезиске қатысты пікір білдіру (сыни ой, көзқарас);

• сыни пікіріне нақты дәлелдер (аргументтер) келтіру;

• анализ жасау үшін алған дәлелдерді, автор қолданған тәсілдерді талдау;

• терминдерді, деректерді өте орынды қолдану;

• ойдың логикалық бірізділігін сақтау;

• өз талдауының, сараптауының түйінін қорытындылап, шешім ұсыну.

БОӨЖ-ді рәсімдеуге қойылатын талаптар:

Сабақтың түрі (мысалы, БОӨЖ 1), сабақтың тақырыбы, автор туралы мәлімет (аты-жөні, тобы), ақпарат алынған дерек көздер (мысалы, Әминов Т.М. Қазіргі Қазақстан тарихы: Оқу құралы. - Алматы, 2017) жазылуы керек.
MS word документ форматындағы жазбаша жауапқа қойылатын талаптар:

- көлемі 1-2 бет.



- бет форматы: А4, шрифт: Times New Roman, кегль – 12, жоғары және төменгі шегі - 2 см, оң шегі – 1 см, сол шегі – 3 см, жоларалық интервал – бір, азат жол шегінісі: 1.

Тапсырма көрсетілген мерзімге сәйкес жазбаша түрде орындалуы тиіс. Сіздің жазбаша жұмысыңыздың нәтижесі бағаланып, қорытынды бағаға ықпал етеді. Тапсырманың уақытында орындалуы қатаң ескеріледі. Мерзімінен кейін тапсырылған БОӨЖ қабылданбайды және бағаланбайды. Тапсырманы орындау барысында бір-бірінен көшіруге, орындалған бір жұмысты бірнеше студенттің өткізуіне тыйым салынады. Егер ондай жағдай орын алса, барлық жұмыс жарамсыз деп табылып, бірдей тапсырманы өткізген студенттердің балы жойылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет