Cабақтың тақырыбы Газдардың көлемін есептеу/Авогадро заңы. Мақсаты



Дата08.02.2022
өлшемі3,58 Mb.
#99193
Байланысты:
711a9765e4d11a0e6b7ab0bd3e268e385fbf3334bf76f

Cабақтың тақырыбы

  • Газдардың көлемін есептеу/Авогадро заңы.

МАҚСАТЫ

  • газ көлемдері бойынша есептеулерді кеңейту үшін молярлық көлемді пайдалана білу;

Авогадро заңы: Көлем және моль

  • Авогадро заңы бойынша бірдей жағдайда бірдей молекула саны бар екі газдың көлемі бірдей болады. Сонымен қатар кез келген заттың 1 молінде бөлшектер саны бірдей болады. Демек белгілі бір жағдайда кез келген газ тәрізді заттың 1 молінде бірдей көлем болады. Қалыпты жағдайда (1 атм. қысым, t = 0°C) газ тәрізді заттың 1 молінің көлемі 22,4 литрге тең болады. Осы тұрақты сан мольдік көлем деп аталып, Vm деп белгіленеді.

Молярлық көлем

  • Стандартты температура мен қысымда (қ.ж.), 1 моль кез келген газдың көлемі 22,4 л тең болады, оны молярлық көлем деп атайды.
  • Әртүрлі газдармен толтырылған шарлардың бәрі ауада ұша ала ма?
  • Мольдік көлемнің және зат мөлшерінің өзара байланысы мына формуламен көрсетіледі.
  •  
  • n =V\VM
  • Қалыпты жағдайда (1 атм. қысым, t = 25°C) газ тәрізді заттың 1 молінің көлемі 22,4 литр/ мольге тең болады.
  • Мысалы 2 моль оттегі газы қандай көлемді алады?
  • V = 22,4 л /моль*2 моль = 44,8 л
  • Жауабы 44,8 литр көлемді оттегінің екі молі алады
  • 10 кг метанды СН4 жағуға оттектің қандай көлемі қажет.
  • СН4 + 2О2 → СО2 + 2Н2О
  • Бер:
  • m (СН4)= 10 г
  • Табу керек: V (О2) = ?
  •  
  • n = m/M М (СН4) = 16г/моль n = 10г / 16г/моль = 0,625 моль
  • 0,625 моль х моль
  • СН4 + 2О2 → СО2 + 2Н2О
  • 1 моль 2 моль
  • х моль = 0,625 моль * 2 моль / 1 моль = 1,25 моль
  • V = n*Vm
  • V(O2) = 1,25 моль * 22,4 л/моль= 28л
  • Жауап: V(O2) = 28л


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет