Авогадро заңы бойынша бірдей жағдайда бірдей молекула саны бар екі газдың көлемі бірдей болады. Сонымен қатар кез келген заттың 1 молінде бөлшектер саны бірдей болады. Демек белгілі бір жағдайда кез келген газ тәрізді заттың 1 молінде бірдей көлем болады. Қалыпты жағдайда (1 атм. қысым, t = 0°C) газ тәрізді заттың 1 молінің көлемі 22,4 литрге тең болады. Осы тұрақты сан мольдік көлем деп аталып, Vm деп белгіленеді.
Молярлық көлем
Стандартты температура мен қысымда (қ.ж.), 1 моль кез келген газдың көлемі 22,4 л тең болады, оны молярлық көлем деп атайды.
Әртүрлі газдармен толтырылған шарлардың бәрі ауада ұша ала ма?
Мольдік көлемнің және зат мөлшерінің өзара байланысы мына формуламен көрсетіледі.
n =V\VM
Қалыпты жағдайда (1 атм. қысым, t = 25°C) газ тәрізді заттың 1 молінің көлемі 22,4 литр/ мольге тең болады.