Д. Жеке адам психологиясы зс. Бақылау сұрақтары: «Жеке адам» ұғымының анықтамасы мен мазмұны. «Индивид», «субъект», «тұлға», «жеке даралық» ұғымдарының арақатынасы. Тұлғаның дамуында биологиялық және
Д. Жеке адам психологиясы ЗС. Бақылау сұрақтары: 1. «Жеке адам» ұғымының анықтамасы мен мазмұны. 2. «Индивид», «субъект», «тұлға», «жеке даралық» ұғымдарының арақатынасы. 3. Тұлғаның дамуында биологиялық және әлеуметтік детерминант мәселелері. 4. Тұлғаның құрылымы туралы көзқарастардың дамуы. 5. Тұлғаның дамуының жалпы заңдылықтары. Тұлғаның дамуы мен өмірлік жолы. 6. Тұлғаның бағыт-бағдары. 7. Тұлға теорияларының салыстырмалы талдануы (персонализм, психоанализ, гуманистік психология және т.б.) 8. Кеңес психологиясындағы тұлға туралы ұғым (А.Ф.Лазурский, Б.Г.Ананьев, С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, В.Н.Мясищев, К.К.Платонов және т.б.).
1.«Жеке адам» ұғымының анықтамасы мен мазмұны.
Жеке адам ұғымын индивид пен адамның ерекшілігі (индивидуальность) жөніндегі ұғымдарда ажырата білу қажет. Индивид ұғымы кімінің адам баласына жататынын ғана білдіреді. Ал жеке адамның ерекшелігі жайындағы ұғым бір адамның екінші адаммен салыстырағндығы физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін, тек өзіне тән қасиеттерін білдіреді.
Жеке адам ұғымы адамның өзіне тән қасиеттері мен атқаратын әлеуметтік қызметін түгел қамтиды. Идеализм жеке адамды әлеуметтік өмірден тыс, тарихты өз бетімен жасайтын рухани жан деп есептейді. Тарихи материализм жеке адам қоғам дамуының нәтижесі, қоғамдық қатынастардың субъектісі, әлеуметтік коллективтің бір бөлігі, мүшесі деп ұйғарады. К.Маркс тұңғыш жеке адам мәселесін нақтылы тарихи жағдаймен байланысты зерттеп, антагонистік қоғам мен жеке адамның арасындағы қарама-қарсылық сол қоғамның әлеуметтік қайшылықтарының көрінісі екенін дәлелдеп берді. Қоғамнан тыс жеке адамның өмір сүруі мүмкін емес, сондықтан оның еркіндігі мен көркеюі халықты бостандыққа жеткізу ісімен тікелей байланысты деп көрсетті.
2. «Индивид», «субъект», «тұлға», «жеке даралық» ұғымдарының арақатынасы.
Индивидң түсінігінің бірнеше мәні бар. Алдымен, индивид - ол табиғи жалғыз тіршілік иесі адам, Homo sapiens түрінің өкілі. Мұнда адамның биологиялық жағы айтылған. Кейде бұл түсінікте адамды адамзат қауымының жеке өкілі, еңбек құралдарын пайдаланатын әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қолданады. Алайда бұл жағдайда да адамның биологиялық тұрғысы ұмытылмайды.
Б.Г.Ананьев индивидтің бірінші және екінші қасиеттерін бөліп көрсеткен. Бірінші қасиетке адамның барлығына ортақ жас ерекшеліктерін (белгілі бір жасқа сай болу), жыныстық диморфизм (белгілі бір жынысқа сай болу), сонымен қоса, жеке-типтік сипаттамалар, оның ішінде конституционалды ерекшеліктер (дене бітімінің ерекшеліктері), мидың нейродинамикалық қасиеттері, үлкен жартышарлардың функционалды геометриясының ерекшеліктерін жатқызады.
Индивидтің бірінші қасиеттерінің жиынтығы оның екінші қасиеттерін анықтайды, олар: психофизиологиялық функциялардың динамикасы және органикалық қажеттіліктердің құрылымы. Осы қасиеттердің барлығы қосыла келіп, темперамент пен адам нышандарының ерекшеліктерін жасайды.