Ол біздің жүрегімізде мәңгілік қалады
Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды
1-жүргізуші: Жеңіс күні — адамзат аңсап жеткен күн, жеңістің туын тіккен 1945 жылғы 9-мамыр - азат күресінің айбынды күні. Жеңіс күні өмірді сүйер адамзат қауымының есінен мәңгі кете ме?!
Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігерленген кұштарлықтың құрамы.
Күрескердің амалы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекесі бұл оның.
1-жүргізуші: Біз бүгін соғыстың 64 жылдығына орай мерекелік жиында сол соғыста Отан үшін өмірлерін беруге даяр болған ардагерлермен бас қосып отырмыз. Отан үшін жан қиған ерлеріміз біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.
1-жүргізуші: 1941 жылы 22-мамыр күні таң алдында, тәтті ұйқыда жатқан КССР шекарасынан ұрланып еткен жау оғымен адам баласының тарихында бұрын-соңды болмаған бір ғаламат соғыс басталды. Сол күні жау тәтті ұйқыны ғана бұзған жоқ. Зұлым жау бейбіт өмірге бүлік әкелді. Қыз жігітімен, ана баласымен, бала әкесімен қоштасты.
1-жүргізуші:
Ұлы ұрыс, қанды майдан даласында,
Жанған от, атылған оқ борасында
Жатыр бір жас жауынгер жараланып,
Өлім мен өмір көші арасында, - дегендей қанды соғыста қанша адам қанға боялып көз жұмды. Қатал соғыс талай адамның өмірін үзді емес пе!
1-жүргізуші:
Әлия, Мәншүк қайсар гүлі қазақтың
Ерлігіне таңданамын ғажап тым.
Желбірейді бейбітшілік жалауы,
Орындалып жас ұрпақтың қалауы. Әлия,
Мәншүк жүрегі боп жанып тұр
Мәңгілік от ескерткіші алауы.
Ән: "Әлия".
1-жүргізуші:
Көркі сұлу, көк терек,
Көтер мені аспанға.
Көп жұлдызға еркелеп
Тапсын тыным жас жанда.
Сағынған жарын сарғайып.
Есіне сонда бір алсын.
Отырса сәулем мұңайып.
Сергіп бойы қуансын.
Күншығыста зарығып.
Күтіп отыр жарың да,
Сүйгендерін сағынып
Жүрген шығар бәрі де.
1-жүргізуші:
Аналар ғой алауланып от кешкендер,
Сыздап тұр-ау әлі күн оқ тескен жер.
Қаласыңдар мәңгілік ел есінде,
Аналар ғой алаулап от кешкендер.
Ән: "0, аналар".
2-жүргізуші:
1-жүргізуші:
Соғыс берді Аналарға жесірлік,
Дей алмаймыз "Санамызды өшірдік".
Батыр халық бар қондырған құс қолға,
Қуанамыз ақ көгершін ұшқанға.
Сұм соғысты жерлеп қайтқан әкелер
Болған солай бізде әділ күш барда.
(Музыка ойнап тұрады.)
.
1-жүргізуші:
Біріктіріп үміті мен тілегін,
Біріктіріп барлық күшін, жігерін.
Ана үшін, бала үшін, жар үшін
Жасқанбастан тосты оққа жігерін.
Соғыс жалмап аға, іні, бауырды.
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.
Бірақ біздер өздеріңнің арқанда
Көрген жоқпыз сол бір қырғын дауылды.
Жалғызынан айырылған Аналар.
Әкесінен айырыпты баланы.
Бірақ біздер өздеріңнің арқанда
Көрген жоқпыз сол бір қырғын дауылды.
Отан деп өз өмірлерін берген ерлерімізді бір минут үнсіздікте еске алайық.
(Бір минут үнсіздік.)
"День Победы " әні орындалады.
1-жүргізуші: "Соғыстан қайтқан солдаттар "
{Музыка ойнап тұрады.)
Жаутаңдап қарап дала тұр,
Көз жасын сүртіп жаңа бір.
Хабарсыз ұлын сұрауға
Жолыңды тосып ана жүр.
Қанша үйдің ұрлап адамын,
Қанша үйде сөніп қалды оттар.
Көрдің бе ұлын ананың,
Соғыстан қайтқан солдаттар.
Кешікпей жарым келер деп,
Төрінен сайлап орынды.
Батысқа қарап елеңдеп,
Ару жүр тосып жолыңды.
Көтерді бәрін ауырдың
Азамат болып арды ақтап.
Көрдің бе жарын арудың,
Соғыстан қайтқан солдаттар.
Кетерде солдат жарының
Ішінде қалған ана жыл.
Көкемді айтпай танырмын
Деп бір сәби бала жүр.
Қайырылмай калай кетесің,
Хабарсыз қалай ол тоқтар.
Көрдің бе оның көкесін,
Соғыстан қайтқан солдаттар.
Қаралы қағаз жіберіп,
Қаншама кайғы салды оқтар.
Барады үнсіз түнеріп
Соғыстан қайтқан солдаттар.
Ұмыт болған, ұмыт қалған жоқ ешкім,
Ешбір адам ұмытпайтын мәңгі есім,
Ұрпақ үшін тозбайтұғын, бітпейтін
Ардагерлер - естелігі соғыстың.
Құрметті ардагерлер, Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Сіздердің ерліктеріңіз тарих бетіне өшпестей болып жазылады.
Аңыздан туған қыз
(Кеңес Одагының батыры Әлия Молдағұлованың 85 жасқа
толуына арналган музыкалық деректі көрініс)
Сахна жабық. Проектор қосылган (Әлияның суреті).
Айғаным: (Сахнада Айғаньм ұялы телефонмен, әдемі етік киген.)
- Алло! Сенбісің? Сәлем! Иә, фотосуреттеріңді алдым, өзімдікін ММС-пен жіберемін! Кездескенше!
Кімнің суреті екен? Әлия Молдағұлова — Кеңес Одағының батыры, 1924 жылы туып, 1944 жылы қайтыс болыпты. Жиырма жыл ғана өмір сүріпті, қандай жас, қандай әдемі. Кітапты алып оның өмірбаяны туралы оқып шығайыншы.
1-көрініс "Ауыл"
Қараңғы түскен, сахнада киіз үйдің көрінісі, паровоз дауысы, бақташының ысқырығы, иттің үргені, сиырдың мөңірегені. Әжесі сахнаға самаурын ұстап шығады.
Әубәкір: Амансыз ба, апа! Қалыңыз қалай? Аман-есенсіздер ме?
Денің сау ма, кұлыным! Қайдан жүрсің, тиыштық па, әйтеуір? Үй-іші аман ба?
Бәрі дұрыс, апа. Барлығы да жақсы!
Шүкір, Алла! Аман болсаңдар болды. Жалғыз жүрсің бе? Не жаңалықтарың бар?
Жаңалықтарымыз жақсы, апа. Мені партия қызметімен Алматыға жібергелі тұр, бәрі ойдағыдай болса мүмкін Ленинград қаласына да жіберер. Қызметім ілгері жылжып барады, апа! Құдай қаласа, балаң үлкен адам болады!
Дұрыс болған екен, жарады, ал келінжан қалай? Қызым не боратып жүр?
Келінжан сізге сәлемдемесін беріп жіберді, Сапура қызыңыз мектепке дайындалып жүр, бірінші сыныпқа барады ғой. Апа, айтпақшы, Әлия жиенім көрінбейді ғой, кайда жүр?
Өзенге суға шомылуға кеткен.
Сапура биыл мектепке барады, Әлия екеуінің жастары бір, оған да оқу керек, мен оны алып кетейін, мектепке Сапурамен бірге барады, саған да оңайырақ болады.
Оның жөн, балам, сөйтсең сөйтерсің, саған аманат еттім. Әне өзі де келіп калды. Әлия! Қайда жүрсің, нағашыңа сәлем бер!
(Әлия көңілді болып кіреді.)
Сәлеметсіз бе, Әубәкір нағашы, денсаулығыңыз калай?!
Жақсы, жаным, қайда болдың?!
Қобда өзеніне барып қыздармен шомылып келдім.
Әлия, жинал, жол жүреміз, сен енді бізбен Алматыда тұрасың, саған оқу керек. Сапурамен бірге бір мектепте оқисың, бір-біріңе тірек боласыңдар!
Қалай кетемін!? Әжемді тастамаймын, әжетай, мен бармаймын, барғым келмейді. Мен өскесін саған көмектесуім керек, жаныңда болып сені емдеймін.
Мені емдеу үшін мектепке барып, бітірген соң дәрігерлікті оқисың. Дәрігер болып шығасың.
Әжетай! Мені міндетті түрде дәрігерлікті оқып аламын да, ауылға оралып, жерлестерімді және сені емдеймін, әжетайым! Жыламашы, мен саған хат жазып тұрамын, сау бол, әжешім!
(Темір жол және паровоз дауысының фонограммасы.)
Менің Отаным, қандай кереметсің! Кең жайылған далаң, мөп-мөлдір өзен-көлдерің, көкке самғаған биік тауларың! Ал гүлдер қандай тамаша!
Бәйшешек, қызғалдақтар, раушан гүлі, неткен керемет! Құлпырған байтақ жерім!
(Сахнаның негізгісі ашылады. Би орындалады.)
2-көрініс "Алматыда"
(Сапура күйтабақты, Әлия айнаны алып шығады.)
Әлия, не істеп жатырсың?
Әжеме хат жазып отырмын.
Не туралы?
Екі жыл өткені туралы, мен Алматыны өте жақсы көретінім туралы, туған ауылымды сағынғаным туралы жазып отырмын.
Әлия, білесің бе, ағаны Ленинградка ауыстырғалы тұр. Енді біз Нева өзенінде орналасқан калада түрамыз! Ойлап көрші, ондай калада өмір сүрген неткен бақыт десеңші! Әрбір тасы азаматтық соғыс туралы айтып тұратын тарихи қала. Ескерткіштер, театрлар, мұражайлар, үлкен сарайлары қаншама!
Өзені үлкен қала шығар. Кобдада шомылып жүргеніміз есіме түсіп кетті, қандай тамаша кез еді!
(Күйтабақ пен айнаны қайтадан алып кетеді.)
3-көрініс "Ленинград"
(Қоңырау естілді, бұзық бала Сапура мен Әлияны жібермей тұрады. Үлкендеу қыздар ойнайды.)
Петров: Мен сендерді бұрын-соңды көрген емеспін, қай жақтан келгенсіңдер?
Әлия: Мен Актөбеде туғанмын, ал Алматыда оқыдым, енді міне Ленинградқа келдік, осында оқитын боламыз.
Петров: Қазақстан! Онда жылы болады! Алматы жасыл қала ғой!
Әлия: Иә, ол өте әсем кала, ал мынау біздің апорт деген алмамыз! Жеңіздер, мұнда барлығыңа да жетеді.
Петров: Рахмет, сараң емес екенсің!
Әлия: Сыныптастарым үшін аяйтын ештеңе де жоқ.
Петров: Атың кім?
Алия: Менің атым Әлия!
Петров: Біз сені Лия деп атаймыз!
(Таня мен Саша жүгіріп келеді.)
Таня мен Саша: Біз пионер белмесінде вожатыйлармен сөйлесіп отырдық.
Петров: Иә, онда не тұр!
Таня мен Саша: Демалыста пионер лагеріне демалуға баратынымыз туралы айтты.
Петров: Ура! Жазғы демалыс! Орман ішінде тұрамыз!
Алия: Ал онда өзен бар ма?
Петров: Әрине! Вожатыйларға барайық тезірек!
(Барлыгы кетеді, жарық өшіріледі, от жанып тұрады, "Взвейтесь кострами, синие ночи" әні орындалады.)
4-көрініс "У костра"
Сапура: Ойбай! Айнала ну орман ғой - түнде орманда қорқынышты, онда орман перілері бар!
Петров: Қыздар неге қорқақ болып туады екен!
Әлия: Неге, мен қорықпаймын, қазір мен орман ішіне барамын!
Сапура: Керегі не, адасып кетсең не істейсің?!
Әлия: Мен орманды жағалап қана өтемін, бір сәтке ғана!
(Кетеді, балалар "Взвейтесь кострами синие ночи" әнін айтып отырады, вожатый шаммен кіріп келеді.)
Вожатый: Лияны көрмедіңдер ме? Лия жоғалып кетті...
Барлығы: Лия, Лия! (Әлия мен Петров шығады.)
Петров: Лия, қорқынышты болды ма?
Әлия: Басында шамалы ғана, кейін қатты қорқып кеттім, бұтақтар көйлегіме оралған кезде. Бірақ ол перілер емес, бұтақ қана ғой!
Петров: Ал сен батыл екенсің!
Әлия: Барлығы да батыл бола алады! Тек жаттықтыру керек!
Петров: Әр ұл бала олай істей алмайды!
Әлия: Не ғып тұрмыз, барайық, мен онсыз да тәртіпті бұздым, тәртіп бұзуға болмайды ғой, вожатый енді не дейді екен.
Вожатый: Лияда достары көп болды. Ол кезі келгенде топжарған бола білетін, оны қыздар да, ұлдар да сыйлады. Ол батыл әрі мейірімді, көңілді әрі жақсы қыз болатын. Менің отрядымда басшы болатын.
(Мұғалім шығады.)
Мұғалім: Менің атым Мария Антиповна, тегім Голубева. 1938 жылы мен Ленинград қаласындағы №140 мектепке жолдама алғанымда қатты қобалжып жүрдім. Оқушылар мені қалай қарсы алады екен? Міне, бірінші сабақ. Сыныпқа кіріп келдім. Бәрі тұрды, ал бұзақы Петров орнында отыра берді. Сол кезде Лия қатал даусымен "Қалай ғана ұялмайсың, ұятың жоқ екен" деді. Петров тұрды.
Лия үздік окушылардың бірі болды, тек орыс тілінен қиналатын, бірақ оны да артта қалдырып, таза беске окыды. Үздік оқуы үшін марапаттау қағазы мен чемодан ұсынылды. Ал 1940 жылы балалар үйінің директоры жақсы оқуы мен кішкентайларға көмектескеніне байланысты Лияға Артек лагеріне жолдама берді.
(Кітаптан оқып А йғаным шығады.)
Айғаным: Соғыс басталған кезде Ленинградты жан-жағынан бомбылап жатты. Балалар үйіне Әубәкір ағасы келді. Оны және оның отбасын эвакуацияға жібергелі жатқаны туралы айтты. Ол Сапура мен Әлияны өзімен бірге Алматыға алып кеткісі келді.
5-көрініс "Соғыс"
(Бомбылар жарылып жатты. Ағасы Әлияны алып кетуге келді.)
Сапура, Әлия жиналыңдар, жол жүреміз, эвакуацияға барамыз.
- Мен ешқайда бармаймын. Ол менің де туған қалам. Біз осында келгенде, Ленинград бізді кең құшағын жая қарсы алды. Осында тұрып, көп нәрсеге үйрендік! Ал енді қаламыз осындай қиын жағдайға душар болғанда біз калай кетеміз? Жоқ, мен қай кезде де Отанымды қорғауға дайынмын, қолыма қару ұстап, керек болса жаудың алдынан да шығамын.
Сапура: Қымбаттым менің! Барайықшы бірге, Ленинград бомбылап жатыр, айналамызда адамдар қайтып жатыр.
Әлия: Міне сондықтан, ленинградтық балалардың қайтып жатқанын көргесін, достарымның қанын көргесін мен ешқайда бармаймын. Өз қаламды қорғауға шығамын!
Вожатый: Ленинград ол үшін туған қаласындай болды, онда бірге оқыған жолдастары мен ұстаздары, достары мен құрбылары болды. Лия басқа жастармен бірге өртеніп жатқан үйлерді сөндіруге көмектесіп, көшелерді тазартып жүрді. Ржевкаға шығатын қорғану окоптарын қазысты және Ленинградтың қорғаушысы ретінде өзін сезінеді. Ал суық қыс түскен кезде, су құбыры жұмыс істеуін қойған кезде, құрбыларымен Нева өзеніне суға барып жүрді. Ағаш үйлерді отынға бұзды.
(Айғаным кітаппен шығып оқиды. Әлияның құрбысы Дашаны есіне алады.)
- 1941 жылғы қыркүйек айында №140 мектеп шәкірттеріне есік ашқан жоқ, оны госпиталь ретінде дайындады. Біз еденді, терезелерді жуып, емхана керуеттерін кіргіздік, жараланғандар үшін үй-үйлерді аралап көркем әдебиеттерді жинап жүрдік, госпитальда концерт қойып жүрдік, жараланғандар-ға хат жазуға көмектестік.
Лия белсенділердің бірі болып қатысты. Ол Ленинградтан кеткісі келмеді. Бірақ эвакуацияға түсуге тура келді. 1942 жылы балалар үйі қоршауда тұрған қаладан балаларды шығару бұйрығы келді. Кетер алдында ешкімнің де ұйқысы келмеді, сөзден сөз құрып мына бір өлең жолдары сол түні туған.
(Айғаным кітаптан оқиды.)
Айғаным: Балалар үйі Ярославль облысы Некрасов ауданы Вятское селосында орналасқан. Ол жерде Әлия Рыбинский авиатехникумына оқуға түсті. Үш ай оқып шықты. Бірақ соғысқа кету оның ойынан кетпеді.
(Әлияның есейген кезі.)
Әлия: "Соғысқа! Соғысқа қалай кетсем екен? Бүгіннен қалмай военкоматқа барамын! Ал жоқ десе? Бірақ мен тылда отырғым келмейді! Жоқ, военкоматқа қазір барамын!"
(Надя соғысқа аттанар арызын ұстап тұр.)
Сәлеметсің бе, атың кім болады?
Надя.
Ал мен Әлиямын.
Сен соғысқа барғалы тұрсың ба?
Барғым келеді, кім бірінші болып кіреді?
Бірге кірсек қайтеді?
Кірейік.
(Айғаным кітаппен шығады.)
- Оларды мергендер мектебіне жібереді. Екеуіне төртінші ротаға кіргізеді. Он сегіз жасар Әлия Молдағұлова үшін әскердегі қызмет осылай басталды. Бәрімен қатар жүруге киындау болса да қоршауда болған қыс әсер етті, Әлия мойымады, үлкен төзімділік қажет екенін білді. Ол дайындалды.
Әлияның Сапураға хаты.
Амансың ба, қымбатты Сапура! Өзіңе қымбат адамдардан хат алған қандай қуаныш екенін білсең ғой! Кешегі күні ағамнан хат алдым, сол хатында ол маған сенің мекен-жайынды жазып жіберді. Неден бастайтынымды да білмеймін, қуанышым ішіме сыймай бара жатыр, хатын мәнді болмай қала ма деп ойлап тұрмын. Сапура, хатымды алғаннан кейін бір сәт қалдырмай маған хатыңды жаз. Жағдайың қалай, денсаулығың, кім болып істейсің, жалпы барлығы туралы жаз. Ауылдан не хабар бар, әжемнің халі қалай? Оған жазатын болсаң, менен үлкен сәлем айт, мен оны қатты сағындым.
Өзім туралы қысқаша ғана жазайын. 1942 жылғы наурыз айында біздің балалар үйімізді Ярославль облысының деревнясына эвакуациялады. Мен сол жерде үш ай оқыдым да соғысқа аттануға арыз жаздым. Мені мергендер мектебіне жіберді, сол жерде казір де оқып жүрмін. Соғысқа жіберетін шығар.
Толығырақ сосын жазамын, фотосуретімді жіберемін, мен онда қатал болып көрінемін. Сау бол, жазуды ұмытпа! Бетіңнен сүйдім, Лия.
(Үшбұрыштап бүктеп қояды. "Лизаветта" өлеңі айтылады.)
- Қайдасыңдар, менің аяулы құрбыларым, жолдастарым? Соғыс сендерді қайда жіберді екен?
(Солдат киімін киген Надя жүгіріп келеді.)
Лия, не болды, мұңайып тұрсың ғой?
Ленинградтық достарым есіме түсті, біреулері аштықтан кетті, біреулер атысқа түсіп, бомбылаған кезде қаза тапты. Не үшін? Адамдар не үшін өліп жатыр? Осы құрғыр соғыс қашан аяқталады екен? Егер тірі қалсам, Ленинград балалары туралы кітап жазамын.
Надя: Лия, өлеңдерді оқып берші.
(Жамбыл өлеңін оқып тұрады. Командир келеді.)
Бұл кімнің өлеңдері?
Жамбыл Жабаевтікі, ол да қазақ, оның баласы да соғысқа аттанған. Ол қазақтың ұлы ақыны! Оның сөз күші Ленинградта қоршауда болған кезде тірі
қалуға дем берген, Жеңіс біздікі болатынына сендік. Мен жолдастарым үшін, өрт астында калған қалалар үшін, жоғалған жастық шақ үшін фашистерден өшімді аламын. Менің Қазақстаным, ленинградтықтар білсін: мен бәрібір жауынгер боламын!
Ендеше ойлаған мақсатына жеттім дей бер, ертең соғысқа аттану туралы айтайын деп келдім. Дегеніңе жеттің, қызым, бірақ мен қолдамаймын! Әйелдер ісі емес — соғысу деген!
- Сіз неге мұңаясыз, қуану керек емес пе! Мен үшін ең қымбат Отанымды қорғауға барамын, кане көңілдірек.
(Әлия частушкаларды айтады.)
Наварили кулешу —
Получилась каша.
Сколько Гитлер ни воюет,
А победа наша!
Надя қостайды:
Скоро Гитлеру могила,
Скоро Гитлеру капут!
Куда руки, куда ноги,
Наши пули разнесут!
(Қыздар жүгіріп келіп қүттықтайды, шығарып салады.)
- Жарады Әлия, өз дегеніне жетті ақыры, мен аттанғым келеді!
"Прощание славянки " әні орындады.
Комбат кіреді.
Ефрейтор Молдағұлова, бері кел!
Құп болады!
Жарайсың, Әлия! Көңіл көтеруді де, билеуді де, өлең оқуды да біледі, ал соғысқанда қалай! Бүгін 7 фрицті өлтірді! Жаудың көзін құртқаны үшін алғыс жариялаймыз!
(Әлияның қолын қысады.)
Кеңес Одағына кызмет етемін! (Қыздар жүгіріп келіп құттықтайды.)
- Ал қазір демал, біз саған үш күндік демалыс береміз.
Алдыңғы қатарда болуға рұқсат етіңіз. Соғыс біткесін демаламын!
Ал жарайды, рұқсат етемін! Әлияға арнап мен бір ән шырқап жіберейін.
"Три танкиста" әні орындалады.
- Жолдастар, бүгін шабуылға шығамыз. Біздің 54 бөлек атқыш бригадасының алдында Насва станциясы ауданына қарай жау шебінісін бұзу және Ягодкино-Федорухново маңайындағы темір жолын алу мақсаты қойылған, келесі тұрғын жерлерін жаулап алу: захватить следующие населенные пункты: Щенайлово. Волгино, Воево и Казачиха. Жауынгер жолдастар, жоғарыда аталған деревнялар фашистермен ұоршауда тұр. Шайқасымыз ауыр болады. Бәріне де дайын болыңдар.
(Кетеді. Бомбылар жарылып, автоматтар атылады.)
- "Отан үшін! Ура! За Родину!".
(Жалғас атылыс. Жарық өшіріледі.)
Комбат: Жауынгер жолдастар, достар! Бүгін теміржол алаңын алу шабуылында, қатігез шайқаста мерген Әлия Молдағұлова ерлікпен қаза тапты. Немістер қатты оқ ашқан кезде ол туған тілінде "Отан үшін" деген ұранмен алға шықты. Ол жауынгерлердің рухын көтеріп, жау шебінісіне бірінші болып кірді. Жасаған ерлігі үшін Лия Кеңес Одағының батыры атағын қайтыс болғаннан кейін иеленді.
Надя: Сәлеметсіз бе, Сапура!
Сізге хат жазып отырған бейтаныс Надежда Матвеева. Лия менің ең жақын досым болатын. Лияның жоқ екені туралы ойлағым да келмейді. Ол қатты жарақат алып өмірден өтті. Мен осы уақытқа дейін жанында болдым. Ол сізге хабар жіберілсін деп айтқан, сол тілегін мен орындап отырмын. Лияның аты тарихымызға енетіні сөзсіз. Иә, мен құрбымды жоғалттым, тек суреті ғана қалды.
Сау болыңыз. Надя.
(Шам жанады. Айғаным шығады. Слайдтан ескерткіш көрсетіледі.)
- Мәскеу қаласындағы көшенің бірі Әлия Молдағұлова атында. Ленинградта №140 мектеп Әлия Молдағұлова атын иеленді. Кеңес Одағы кезінде мұхит пен теңізде жүрген Әлияның атымен теплоход аталған. Оған арналған деректі фильм түсірілді, балет қойылды, кітаптар жазылды. Оның аты бүкіл әлемге жайылды.
(Заяға барып құрдасының жанына отырады.)
- Керемет қыз! Нағыз аңыз! Бүгін ол 85 жасқа толар еді. Осы кітапты міндетті түрде оқып ал. Біз қаһармандарымыз туралы білуіміз керек. Әлия тек тарих бетінде ғана емес, біздің жүрегімізде де мәңгілік сақталып калады. Әлия өткен ғасырдың ғана емес, казіргі заманның да мақтанышы болып қалады, Отанды, өмірді сүюдің үлгісі
(Роза Рымбаеваның орындауында "Әлия"әні).
Кобда, Нева суларын сүйіп өскен.
Әсем гүлін құшаққа жиып өскен.
Аққу құстың бейне бір баласындай!
Сұлу сазды жастықтың күйін кешкен.
Әлия - ару қызы сен халқымның
Әлия - батыр қызы сен халқымның,
Ерке құсы сен даламның!
Достарыңызбен бөлісу: |