Ол біздің жүрегімізде мәңгілік қалады Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды 1-жүргізуші



бет3/4
Дата04.11.2016
өлшемі0,9 Mb.
#195
1   2   3   4

1-оқушы:

Жеңіскерлер, ер елдің өрендері,

Солар жұрттың айбары әлемдегі

Отан бағын жайнатып гүлмен жаңа,



Мерей тапты солармен ел еңбегі. ("Жеңіс күні" әнінің әуені қаттырақ естіледі.)

2-оқушы: 194]-1942 жылдардағы Мәскеу үшін шайқас ірі соғыс оқиғаларының бірі болды. Кеңес Армиясының бұл соғыстағы Жеңісі гитлершіл соғыс жоспарының және неміс армиясының жеңілмейтіндігі туралы аңызды жоққа шығарады.

3-оқушы: Қазақстанда құрылған 316 атқыштар дивизиясының қолбасшысы генерал-майор Панфилов болды.

4-оқушы:

Жер жүзінде нұр шашып жеңіс күні,

Жақсы үміттің шырағы жанды міні!

Аспан бетін қаптаған қара тұман

Серпіліп, зұлымдықтың сөнді түні!

5-оқушы:

Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті!

Жер бетінен жамандық мүлдем үрікті.

Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз,

Аспандатып жырлаймыз жақсылықты.

6-оқушы:

Бүгін жайнап жасарсын ана біткен,

Асыр салып қуансын бала біткен.

Жүректері жарылсын қуаныштан,

Аялансын кеңілі жақсы үмітпен.

7-оқушы:

Балалардың тілеймін күлгендерін,

Күн бетінде ешбір дақ тұрмасын деп.

Планета ең ғажап гүлдеп жерім,

Мәңгі үстінде Бейбіт күн орнасын деп.

Хор: "Бейбіт күун тілегі".

8-оқушы:

Қайран жан қайтып келмес замандарда,

Қазаққа оңай болған қоғам бар ма?

Сақтаған сабыр беріп тәңір бізді,

Садақтың оғы арқаға қадалғанда.

9-оқушы:

Қираған көп-көп қала, көп-көп корған,

Түңілмей үміт күттік аппақ таңнан.

Бір сүйем орыс жерін жауға бермей,

Қазақтың қайсарлығы сақтап қалған.

10-окушы:

Елдің жырын жырлаған,



Қайғысын да толғаған

Домбырасыз ешқашан

Жүрекке ем қонбаған.

Ән: "Нені аңсаймын".

11-оқушы:

Күлейікші, біз де бір жарқылдайық,

Өзгелердей елтиік, ән тыңдайық.

Биді де біз билейік төгілдіріп.

Күйді де біз тартайық, тартынбайық

12-оқушы: Мәскеуге шабуыл жасаумен бірге фашистер Ленинградты басып алуға ұмтылды. Қала тұрғындары тәулігіне 150-200 грамм нанды талғау етті.

13-оқушы: Ленинградты қорғаушыларға туысқан республикалардың барлығы тылдан көмектесті. Ленинградты қорғаушылар 16 ай, яғни 900 күн қоршауда аштық азапқа шыдап, қаланы жау езгісінен сақтап қалды. Бұл шайқаста А.Матросовтың ерлігін қайталаған батыр ұлымыз С Баймағанбетов пен жалынды мерген қызымыз Әлия Молдағұлова да бар еді.

Сахнада Ана мен немересі әңгімелесіп отырады. Немересі орнынан тұрып.

Немересі:

Айтшы ана, сонда сезіп пе ең,

Қара бұлттың төнгенін?

Ұйтқи соққан дауылдан

Бақыт шамы сөнгенін.

Естідің бе сонда сен,

Нөсер үшін селдеткен,

Үрейді алып өрекпіп,

Сұрапыл соғыс көлдеткен,



Сан мың адам қан төккен...

Ана жесір, бала жас,

Жетімдіктен көрді өктем.



Анасы немересіне мейірлене құшағын жайып Жер-Анаға табынғандай.

Ана:

Иә, сұмдықтың болатынын сезіп ем,



Әлсіреді ел күшті дауыл тезінен...

Ел қорғайтын ұл-қыздарым тұрғанда,

Бейбіт өмір болатынын болжадым.

Сахнага әскери киімді Мәншүк пен Әлия шығады.

Сахна сыртынан: 18 жасында Кеңес Одағының Батыры атағын алған қазақ қызы Әлияның ерлікке толы өмірі қалай тебірентпесін.

Ол өзі туралы былай дейді:

Біз сендердей жана ашылған гүл едік,

Жерге бақыт, елге бақыт тіледік.

Отан - ана отқа күйіп жатқанда,

Біздер ме едік үй бағатын тірі өлік.



Мәншүк:

Отан ана жылағанда шерленіп,

Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт.

Қара бұлтты қақ жарайық дедік те,

Қолымызға қару алдық ерленіп.



Әлия:

"Отан" деген сөз көкейде жатталып,

Зор айқасқа кеттік біздер аттанып,

Біз сендердей қыдырмадық кешқұрым,

Біз сендердей арман гүлін тақпадық.

Мәншүк:

Қатар тұрмыз, қатар жүріп келеміз,

Қатар жүріп қырдан гүлдер тереміз.

Біздер елдік, елмесін деп басқалар,



Бізді қайта туды Отан, ел егіз.

Екеуі қосылып:

Жетсек деген арманымыз көп еді,

Айтылған жоқ махабаттың өлеңі.

Бізді туған күнімізбен құттықтап,



Ешкім бізге жыр ұсынған жоқ еді.

Бірақ ерте, тым ертерек жандық біз,

Жанарлардан мөлдір жас боп тамдық біз.

Жанымызды құрбан еттік осылай,

Біздей ерте солмау үшін барлық қыз.

Монологтан кейін барлығы "Қазақ қызы" әнін орындайды.

Ана: (Немересіне және қос аруга қарап)

Шығысымның қос шынары,

Қос алауы, өздерің өмірден ерте кеткендеріңмен, ерліктерің қалды. Біз сендерді ұмытпаймыз. Жер Ана сендердің ерліктеріңді мәңгі ұмытпайды.

1-жүргізуші:

Байтақ Отан сия ма тар қыспаққа?

Мұхиттай жігер тасып сол бір шақта,



Сұрапылдай соқты да жау қамалын,

Жеңіс туын қадады рейхстагқа!



2-жүргізуші:

Сарғая күткен ұлы күн,

Шұғыласын төккен күн.

Бағына талай миллионный,

Баянды күн, Жеңіс күн



1-жүргізуші:

"Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көнілге түрлі ой салар,



Әнді сүйсең менше сүй" деп Абай атамыз айтқандай "Бегімайдың жыры" орындалады.

2-жүргізуші:

Бабамыздың мұңысың сен, домбыра.



Анамыздың сырысың сен, домбыра.

Қазағымның жүрегінен жаралған



Даламыздың үнісің сен, домбыра.

Күй орындалады

1-жүргізуші:

Қажымас қара нарым,

Кең байтақ даналарым.

Күнім деп еркелетер



Аман бол ағаларым.

Ән: "Ағаларым".

2-жүргізуші:

Асқар таудай тірек болған

Құттықтаймыз ерлерді.

Тілек көп кой жүрек толған,

Ардақтаймыз серілерді.



1-жүргізуші:

Бір-бір ата ұрпағы,

Құтты болсын мерекең.

Бұзылмасын қаймағың,

Кетпесін тек берекең.

Осы мектеп қыздары

Құттықтайды бәрі-бәрі.

Барлығының атынан



Қабыл алғын осы әнді.

1-жүргізуші:

Ескеріп келіпсіздер сіздер бізге

Өнерді аянбадық мына біз де.

Осымен ойымызды тәмәмдадық,

Рахмет сыйлап келген мына сізге.

2-жүргізуші:

Мерекелеріңіз құтты болсын!

Қош, сау болыңыздар!


Ү.Батырбекова
ОТТЫ ЖЫЛДАР ШЕЖІРЕСІ
1-жүргізуші:

Жер жүзінде нұр шашып жанды күні

Жақсы үміттің шырағы жанды міні,

Аспан бетін қаптаған қара тұман

Серпіліп, зұлымдықтың сәнді түні.

2-жүргізуші.

Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті.

Жер бетінен жамандық мүлдем бітті.

Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз,

Аспандатып жырлаймыз жақсылықты.

1-жүргізуші:

Бүгін жайнап, жасарсын ана біткен,

Асыр салып қуансын бала біткен.

Жүректері жарылсын қуаныштан,

Аялансын көңілі жақсы үмітпен.

2-жүргізуші:

Жүрек біткен желпінсін, жүйрік аттай,

Сезім біткен серпілсін дамыл таппай

Дәл бүгін өлең айтпай, ән шырқамай,

Қандай жүрек қалғандай қанат қақпай.

Екеуі кезекпен:

Жеңіскерлер әр елдің өрендері,

Солар жұрттың айбары әлемдегі.

Отан бағын жайнатып гүлмен жаңа,



Мерей тапты солармен ел еңбегі.
1 бөлім.

1-жүргізуші: 1941-1945 жылдар-дағы Мәскеу үшін шайқас ірі соғыс окиғаларының бірі болды. Кеңес Армиясының бұл соғыстағы Жеңісі гитлершіл соғыс жоспарының және неміс армиясының жеңілмейтіндігі туралы аңызды жоққа шығарды.

2-жүргізуші: Гитлер сөзінде. «Кыс түскенше мәскеуліктерді жаныштап тастайтын, жойқын, акырғы соққыға жол аштық. Мәскеуді алу керек те, жер бетінен жойып жіберу керек», - деді. Мәскеуді басып алу операциясын фашистер «Тайфун» деп атады. Гитлер Мәскеуге 51 дивизиясын жіберді. Оның 13-1 танк, жетеуі - моторлы қайық, 31-жаяу әскер дивизиясы еді.

1-жүргізуші: Қазақстанда кұрылған 316-атқыштар дивизиясынын. қолбасшысы генерал-майор Пан­филов болды. 28-панфиловшылар қатарында Б.Момышұлы, М.Ғабдуллин, Н.Есеболатов т.б, ұлт өкілдерінің жауынгер ұлдары Мәскеуді қорғауда ерекше ерлік көрсетті.

2-жүргізуші: Дубосеково разъезінде әр алуан ұлттардан құралған 28-панфиловшы батырлар жаудың 50 танкісіне қарсы жекпе-жек соғысқа

шықты. Ұрыс 4 сағатқа созылды. Батырлар жаудың 18 танкісін өртеді. «Россия ұлан-байтақ, бірақ шегінетін жер жоқ, артымызда - Москва» деген ұран тастады Клочков. Жауынгерлердің басым көпшілігі қаза тапты, бірақ бірде-біреуі шегінбеді. Сол 28 батырдың бірі - ер жүрек жауынгер Н. Есеболатов-тыңда ерлігі ұрпағы үшін үлгі.

(Сахна. Қолында гранатасы бар, шекесін дәкемен ораған Нарсутбай ортаға шығады. Гуілдеп соққан боран мен атылған мылтықтың дауысы естіліп тұрады).

1-жүргізуші: (сахнаның ар жағынан): Нарсүтбай сонда: «Қош», - деді. Нарсүтбай (жігерлі дауыспен):

Барамын тартып батысқа,

Жортуыл, қырғын, тун қату,

Өлтіру, өлу атысқа!

Жігіттің жігіт болғаны,

Жаудан елін сақтаса,

Жау шапқанда еліне,

Қояндай бұғып, қашпаса.

Атой сап жауға кіремін,

Ұлы Отаным, сен үшін!

Туысқан ұлы ел үшін,

Мына бір қалған бел үшін!

Менің жаным отандық,



Отан деп өлем, әлсем де,

О, сүйікті, Отаным,

«Балам» деп кем, кемсең де!



Нарсұтбай қолындағы гранатасын лақтыра бергенде оқ тиеді. Ол басын көтеріп, қарсы келе жатқан жау танкісіне (макет қағаздан жасалған) қарай гранатасын лақтыра беріп:

Ант еттім де, қорғадым мен,

Жасқанбай-ақ жауымнан,

Көргенім жоқ бой алдырған,

Бақытына мызғымайтын,

Тас қамал боп қаландым.

Сақтап қалам елімді мен



Өртті жойқын дауылдан!

Граната жарылысы, уралаған дауыстар естіледі. Нарсұтбай кұлап, анасы басын сүйеп отырады.

Н.Тілендиевтің «Сөнбейді, әже, шырағың» әні орындалады.

2-бөлім.(Құрманғазының күйі ойналып, сахна сыртынан жургізушінің дауысы естіледі).

1-жүргізуші: Қимылдаңдар - бәрі де майдан үшін,

Майдан үшін дегенде қайда күшің?

(Өлең оқылып отырғанда тылдағы ел тұрмысы кино немесе көрініс арқылы бейнеленеді. Қазақстандықтардың тылдағы ерен еңбектері баяндалады).

1-жүргізуші: (сахна сыртынан):

Мәскеуге шабуыл жасаумен бірге фашистер Ленинградты басып алуға ұмтылды. Қала тұрғындары тәулігіне 200 г, кейіннен 150 г нанды талғажау етті.

2-жүргізуші: Ленинград қорғаушыларға туысқан республикалардың барлығы тылдан көмектесті. Жыр алыбы Жамбылдың «Ленинградтық өренім» өлеңі қоршаудағыларға күш-қуат, дем берді.

Сахна. Прожектордың қызыл сәулесі Жамбылдың өлеңі басылған, оқпен шұрқ тесілген плакатқа түседі. Жамбыл бейнесінде киінген ақсақал ортаға шығып, «Ленинградтық өренім» өлеңін оқиды. Өлең оқыльп болған кезде Жамбыл бейнесі бірте-бірте көрінбей кетеді. (Экраннан Ленинград блокадасы көріністері көрсетіледі).

1-жүргізуші: Ленинградты қорғаушылар 16 ай, яғни 900 күн блокадада аштық азапқа шыдап, каланы жау езгісінен сақтап қалды. Бұл шайқаста А.Матросовтың ерлігін қайталаған батыр ұлымыз С.Баймағамбетов пен жалынды мерген қызымыз Ә.Молдағұлова да бар еді. (Экраннан суреттері көрсетіледі).

Сахна. Анамен немересі сөйлесіп отырады. Немересі (орнынан тұрып):

Айтшы, ана, сонда сезіп пе ең,



Қара бұлттың төнгенін?

Ұйтқи соққан дауылдан

Бақыт шамы сөнгенін



Естідің бе сонда сен.

Нөсер үшін селдеткен,

Үрейді алып өрекпіп

Сұрапыл соғыс көлдеткен,

Сан мың адам қан төккен.

Ана — жесір, бала - жас,

Жетімдіктен көрді өктем.

Анасы: (немересіне құшағын жайып, Жер-анаға табынғандай)

Иә, сұмдықтың болатынын сезіп ем:

Ел әлсіреп, күшті дауыл тезінен,

Тыныш жатқан берекелі Отанға



Қанішердің көз қадарын сезіп ем.

Оу, немерем, қайдағыны қозғадың,



(Шейіт болды талай-талай боздағым)

Бірақ, бірақ тәңіріме табынып,



Ел қорғайтын ұл-қыздарым тұрғанда,

Бейбіт өмір болатынын болжадым.

Сахнаға әскери киімді Мәншүк пен Әлия шығады.

Сахна сыртынан:

1-жүргізуші: 18 жасында Кеңес Одағының Батыры атағын алған қазақ қызы Әлияның ерлікке толы өмірі қалай тебірентпесін. Әлия өмір мен өлім арасында жүріп өмір сүруді үйренді, елін сүйе білді. (Прожектордың жарығы Әлияға келіп түседі). Ол өзі туралы былай дейді.

Әлия: Мен 18-ге толдым. Бірақ өзімді ересек адамдай сезінемін. Се-бебі, Ленинград балаларының өлімін, жолдастарымның төгілген қанын өз көзіммен көрдім. Енді фашист жыртқыштарын аулауға өзім шықтым. (Атады. Мылтық даусы естіледі) Әлия сол орнынан қозғалмай тұрып қалды. С.Бәйтерековтің «Әлия» әні,

Прожектордың жарығы Мәншүкке түседі. «Мәншүк туралы ән» фильміндегі Мәншүктің шайқас кезіндегі жараланған жері немесе Мәншүк туралы көрініс бейнеленеді. Өлеңнен кейін Әлия мен Мәншүк бір-біріне жақындап келіп, залға қарап, өзара сыр бөліседі (Ақырын күй тартылады).

Әлия:

Біз сендердей жаңа ашылған гүл едік

Жерге бақыт, елге бақыт тіледік.



Отан-ана отқа күйіп жатқанда,

Біздер ме едік үй бағатын тірі өлік.

Мәншүк:

Отан-ана жылағанда шерленіп



Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт

Қара бұлтты қақ жарайық, дедік те,

Қолымызға қару алдық ерленіп.

Әлия:

«Отан» деген сөз көкейде жатталып,

Зор айқасқа кеттік біздер аттанып,



Біз сендердей қыдырмадық кешқұрым,

Біз сендердей арман гүлін тақпадық.

Мәншүк:

Қатар тұрмыз, қатар жүріп келеміз,



Қатар жүріп, қырдан гүлдер тереміз.

Біздер өлдік, өлмесін деп басқалар,

Бізді қайта туды Отан, ел егіз.



Екеуі қосылып:

Жетсек деген арманымыз көп еді,



Айтылған жоқ махаббаттың өлеңі,

Бізді туған күнімізбен құттықтап,

Ешкім бізге жыр ұсынған жоқ еді.

Бірақ ерте, тым ертерек жандық біз,

Жанарлардан мөлдір жас боп тамдық біз,

Жанымызды құрбан еттік осылай,

Біздей ерте солмау үшін барлық қыз.

(Диалогтан кейін И.Сапарбаевтың «Қазақ қызы» әні беріледі. Сахнаға Ана шығады).

Ана: (немересіне және қос аруға қарап:)

Қош болыңдар, Шығысымның қос шынары, қос алауы! Өздерің өмірден ерте кеткендеріңмен, ерліктерің қалды. Біз сендерді ұмытпаймыз. Жер-Ана сендердің ерліктеріңді мәңгі ұмытпайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет