Ерлік - елдік қорғаны
Мақсаты:
1) оқушылардың бойына Жеңісті дәріптей отырып, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілік қасиеттерін арттыру, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу;
2) жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, әкеге деген бала махаббатын ояту.
Көрнекілігі: ерлік туралы макал-мәтелдер жазылған плакаттар, суреттер, қазақстандық батырлар суреттері, гүлдер, шарлар.
Барысы.
Оқушылардың сабаққа даярлыгы тексеріліп, тәрбие сағатының мақсаты таныстырылады. Өткізілетін тәрбие сағатының екі бөлімнен туратынын айту.
I бөлімі: "Ер есімі - ел есінде"
II бөлімі: "Әке - асқар тау".
(Әнұран орындалады.)
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, конақтар! Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күніне арналған тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
I бөлімі. "Ер есімі - ел есінде"
1-оқушы:
Адам тарих! Адам кешкен жолын ұқ,
Неше ұрпақ күнтізбеден алындық.
Бүкіл жерді бүркеп ұстап зұлымдық,
Қанша тер мен қан ұрттады зұлымдық.
2-оқушы: Отанымызға қатерлі күн туды. Дүниедегі бейбітшілік бағына сұрапыл соғыс каһарын төкті. Отанымызды қорғау үшін еліміздің көптеген ер-азаматтары майданға аттанды.
Мұғалім: Енді осы соғыс кезінде ерлік көрсеткен қазақстандық батырлардан кімдерді білесіңдер?
Оқушылар: Төлеген Тоқтаров, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышүлы, Талғат Бигелдинов және т.б.
(Әрқайсысын атаған оқушы суретін көрсетеді.)
Сөз кезегі оқушыларға беріледі.
3-оқушы:
Оқ борады күн-түні,
Жапты жерді от қарып.
Алға қарай ұмтылды
Батыр казақ Тоқтаров.
4-оқушы:
Отанға жаулар қаптады,
Опасыз жаулар тапталды.
Қасиетті жер үшін,
Қастерлеп батыр елі үшін
Әлия, Мәншүк, Төлеген
Жаулардың көзін жойды олар.
5-оқушы:
Даламыздың гүлісің,
Балауса гүл, балғын қыз.
Жанын қиып, халқы үшін
Жанып түскен ақ жұлдыз.
6-оқушы:
Қыр қызы орындады берген антты,
Халқына адал болу — ердің салты.
Елі үшін қасық қанын аямаған
Жүректе мәңгі өшпейді Мәншүк аты.
Хор: "Жойылсын жалгыз сөз соғыс деген ".
7-оқушы: Сонымен, 1945 жылы 9-мамыр күні Жеңіс күні болып есептелді.
8-оқушы:
Жеңіс келді далама,
Жеңіс келді қалама.
Жеңіс келді әке боп,
Елдегі бар балаға.
Жеңіс келді ән болып,
Келді ауылға сән көрік.
Жеңіс келді, алақай,
Тойып жейтін нан болып.
Мұғалім: Құрметті ата-аналар, әкелер! Сіздерді Отан қорғаушылар күніне, яғни әкелердің мерекесіне арналады.
9-оқушы:
Сәулелі сөз сөне ме,
Орны бөлек батаның.
Бізге тәлім, өнеге -
Актілеуі әкенің.
10-оқушы:
Атамның ән-күйі ғажайып,
Әжемнің ән-күйі ғажайып.
Анамның мейірі ғажайып,
Әкемнін пейілі ғажайып.
Осындай жақсы әдет ғажайып
Қалмасын ешқашан азайып.
Би бшенеді.
11-окушы:
Әкем шытса қабағын -
"Байқа, балам" дегені.
Алған кеп-ақ сабағым,
Жақсы көрем мен оны.
12-оқушы:
Бойға қуат береді -
"Әй, жарайсың!" дегені.
Мен әкемнен әр кезде
Соны естігім келеді.
13-окушы:
Сабағымнан калмаймын,
Бес аламын бәрінен.
Озат оқып әрдайым
Қуантамын әкемді.
14-окушы:
Арайлы ақ тілекпен
Ән жолдаймын өзіңе.
Сағыныш сазды жүрекпен
Жыр арнаймын өзіне.
Ән: " Тойбастар ".
15-оқушы:
Теңіздей шалқып жүремін,
Сүйенер сенсің тірегім.
Барсам да қайда, жан әке,
Өзіңмен бірге жүрегім.
16-окушы:
Аққудай ак арманым,
Ауырмашы әкешім.
Ауруы көп-ау жалғанның,
Қартаймашы әкешім.
17-оқушы:
Көкке ермелеп көңілің,
Нұрға толсын өмірің.
Бақытты бол, жан әке,
Ұзақ болсын ғұмырың.
Ұл балалар арасында жұмбақ жасыру жарысын ұйымдастыру.
Қырық екі жауынгер
Сапын түзеп тұрады.
Бүлдіршіндер қауымды ел
Сырын терең үғады. (Әліпби)
2)Маған да, саған да
Жақын туыс бес адам,
Үш әріптен тұратын.
Оңға оқы, солға оқы,
Өзгермейді еш одан.
Бәрі де өз жұртың,
Айтады, кәне, кім атын?
(Ата, ана, ana, аға, іні)
Мақал-мәтелдер жарысы. Жүргізуші мақалдың бірінші бөлігін айтады, ал оқушылар жалғастырып, мағынасын ашады.
Баланың ұяты әкеге ...
(Қыздың ұяты шешеге).
Мектеп - білім ордасы ...
(Ұстаз - мектеп тұлғасы)
Бірлік болмай ...
(Тірлік болмас).
Әке - аскар тау ...
(Ана - ағып жатқан бұлақ,
Бала - жағасындағы құрақ)
Жақсы адам — елдің ырысы ...
(Жақсы жер — жанның тынысы)
Мұғалім: Балалар, сендер Отанымыздың болашақ ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып, үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жерлеріңді көркейтіп, Қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсындар. Ендеше, балалар, Отан туралы білетін нақыл сөздерімізді айтып жіберейік.
18-оқушы:
1) Отан оттан ыстық.
2) Ер ел үшін туады,
Ел үшін өледі.
19-окушы:
1) Туған жеріңде туынды тік.
2) Отан үшін отқа түс, күймейсің.
20-оқушы:
1) Өз елің — алтын бесік.
Туған жердің қадірін шетте жүргенде білерсің.
3)Халқын сүйген салтын сүйеді.
Хор "Атамекен ".
Сүрапыл жылдар
Мүғалім: Құрметті соғыс ардагерлері, мектеп әкімшілігі, ұстаздар және ата-аналар, оқушылар! Сіздерді Жеңістің 67 жылдық мерекесімен құттықтаймыз!
Біз сол сұрапыл жылдардың отты күндерін еске түсіріп, соғыстың тек қана азап пен қантөгіс екенін мойындата отырып, "Сұрапыл жылдар" әдеби монтажымызды бастаймыз.
Осыдан 67 жыл бұрын дүние жүзі тарихындағы ең, сұрапыл қантөгіс соғыс аякталды!
I бөлімнің I бөлігі "Майданға, майданға!"
1-оқушы: Қиылды
Қанаты тәтті арманның,
Үзілді қайырмасы бақтарда әннің.
Әлемде ен сұмдық күн ана үшін —
Майданға азаматтар аттанған күн.
Бұлт басты,
Ашық сәні қашты аспанның,
Жоғалсын заты бұлай бас қосқанның.
Анаға ең ауыр күн тіршілікте —
Боздап кеп,
Боздағымен қоштасқан күн.
Аналар уайымдаса
Уайымдасын,
Сұм соғыс кімге бақыт дайындасын?
Қайғыдан кәрі таулар қап-қара боп,
Жеткізді жерге дейін қайың басын.
2-окушы: Жабады
Дала төсін нала, қайғы,
Шын қайғы жас-кәріге қарамайды.
Қып-кызыл көлдің бетін
Сұңқылдаған
Аққулар қанатымен сабалайды.
Долданып,
Лайланып, тасқын әні
Сай-сайды тастарменен бастырады.
Селкілдеп,
Желкілдеген қамыс құрақ
Өкіріп,
Өзен басын тасқа ұрады.
3-окушы: Күннің де жүзі кызыл күндегіден,
Иттердің ұлуы көп үргенінен.
Қан шапшып,
Қауызынан райханның,
Еменнің жас тамып тұр діңгегінен.
Жас бала дір-дір етті мұны көріп,
Жібереді төгіп-төгіп мұңын өрік.
Қоштасу,Жылау,Тілеу,
Қайрат беру...
Дүние кетті бір сәт күңіреніп.
(Ана)
Сен кетсең,
Солды гүлім, өшті күнім.
Жайылар қос қолым мен қос бұрымым.
Келгенше қайта айналып
Кім бар, кім жоқ,
Тапсырдым бір құдайға.
Қош, құлыным.
(Баласы)
Қайтармын, соғыстан қол босағасын,
Сенемін, сен үмітпен тоса аласың.
Майданға кіргеннен сон
Хат салармын, жылама.
Қош болып тұр, қош, анашым!
Ән: "Ана туралы баллада".
Қарындас
- Ағалар,
Жүрегімде жаңа әнім бар,
Кетпесін тұншықтырып оны ағыңдар.
Адамдар қалыпты өмір сүру үшін
Ауылға аман-есен оралыңдар!
1-ші Солдат
Біздерді сағынғандар еске алындар,
Біздің де жүректе үміт, баста мұң бар.
Арнаймын жеңісімді өздеріне,
Қара көз қарындастар, Қош болыңдар!
2-ші Солдат
Тасысақ көктемдегі айдындаймыз,
Жасақты.
Әскерді де жай құрмаймыз.
Өмірден айрылсақ та,
Анамыздай
Отаннан қасиетті айрылмаймыз!
Бақытқа қол созған ел едік анық,
Жау жауыз келгісі бар өлім алып.
Отанды
Ойраңдатып қоя алмаспыз,
Жеңеміз,
Жеңілмейміз! -
4 оқушы: Аналар тілек айтты, қол жайысты,
Қарлығаш ұясынан зарлай ұшты.
Ерлердің екпінінен дауыл тұрып,
Қалың қол табанында жер қайысты.
5-оқушы: Солдаттың көкірегі толы арманы,
Оқ жаңбыр астында да жоғалмады.
Отан мен анасы үшін "Алға!" деді,
Амал не,
Көпшілгі оралмады.
Қанымен қорғап қалған халқын олар,
Мәнгі өмір кешіп кетті бәлкім олар.
Ерлік жайлы ұмытып бара жатсаң,
Ерте тұрып
Панфилов паркіне бар.
Адамның әлсіз неге кейде енері,
Акиқат -
Қиналсаң көп ой келері,
Жауынгер жүрегінде жүрді-ау сонда
Ана, жар, бауыр, бала бейнелері.
Жеңістің туы желбіреп мың,
Қарайды тыныш түндер мөлдіреп тым.
Сонда да мазалайды-ау
Майдангерді
Санада қалған даусы зеңбіректің.
6-оқушы: Өткенде дүрбелеңді қатты дүбір,
Жүгіріп басылмаған аптығы бір.
Мейірімді медбике жете алмады-ау,
Үзіліп жапырақтай жатты ғұмыр.
Жар жазған хат,
Ашылмай мәңгі сол хат,
Жүрегінің тұсына болды салмақ.
Қайран елді соңғы рет елестетіп,
Қарағайлар жанғанда жанды солдат.
Ерлігін естіді ел соңғы ақпардан,
Қалың тұман орманды торлап та алған.
Осылайша Отанды қорғап қалған
Айрылдық біз қаншама солдаттардан!?
Бір есер әлдеқайда өмір беріп,
Жап-жасыл жапырақты жалын кешіп,
Жатты жер қанға бөгіп қасіреттен,
Жатты жер сонша қатты жәбірленіп.
Шошымас, шынын айтсақ, кім мұндайдан,
Кетпейді ер болсаң да бір мұң бойдан.
Болған емес
Тарихта мұндай шайқас,
Болған емес,
Дәл мұндай қырғын майдан.
3-ші Солдат
Жұлдыздардай жанамыз біз, сөнбейміз,
Қасиетті байтақ Отан!
Өлмей,
Біз
Жау қолына жолдарыңды бермейміз,
Көлдеріңді, белдеріңді бермейміз!
Әке өмір сүрген жерді бермейміз,
Сәби басар, жүрген жерді бермейміз!
Барлық барар өрістерді бермейміз!
Қасиетті жеңісті енді бермейміз!
Бермейміз! Бермейміз! Бермейміз!
Хор: "Катюша".
I бөлімнің IV бөлігі "Жеңіс"
7-ші оқушы:
Сен болмай, топталып жер, құрып eric,
Тауысып өзен суын, нуын өріс.
Отан сәл дағдарғанда дабыл қағып,
Келдің бе, айналайын, Ұлы Жеңіс!
Көркіңнен ел де өзгеріп, көл де өзгеріп,
Алдыңнан мейрамдаған ел кез келіп,
Келіндей кеп күттірген жарқ етіп бір,
Келдің бе, ұлы жеңіс, кербезденіп!
Бөленіп кеткендей-ақ алауға алап,
Гүлдердей ашылсын деп жадау қабақ,
Келдің бе май айында біздің байтақ
Далаға қызғалдақтан жалау қадап?!
8-ші оқушы:
Халықтың орындалды ұлы арманы,
Жігіттер, жасырмандар, жігер кәні?
Соғыстың заңы солай, қатысқанның
Қайтпайды туған жерге түгел бәрі.
Жолдардай қуаныш пен тоғысты мұң,
Жан толқыр сәттері бұл жер үстінің.
"Сүйінші!", "Сүйінші!" деп бебеу қағып,
Күй болып тартылып тұр жеңіс бүгін.
Қабағым - қату, жанарым жасты жабы бұлт,
Аспанды түгел алыпты басып жанығып.
Табиғат өзі көз жасын түр ма тыя алмай,
Кияда өлген қыршын жастарын сағынып.
Жақсы емес пе бүгінгі заманымыз,
Сол соғысты ойлаймыз неге әлі біз.
Неге бойдан бір күдік кетпейді әлі,
Неге ызаға толы әлі жанарымыз.
9-окушы:
Өйткені
Біз әлі де жаралымыз,
Өйткені
Біз әлі де қаралымыз.
Әлі күнге
Күтеміз ағаны біз,
Көріп өстік жоқтаған ананы біз.
Батырға бас иіндер сол үшін де!
Алтындай жарқырайды терек күзде,
Қуаныш ұялайды кенет жүзге.
Сәбидің, күлкісі неткен мөлдір,
Сол үшін өмір сүру керек бізге!
Біз бүгін басқалардай бөлекпіз бе,
Біз бүгін басқалардай ерекпіз де!,
Осынау таза аспанды сактау үшін
Күресе білу және керек бізге!
Ұраным - бұл,
Қолдамас мұны кімдер?
Ақыл-ойы әлемнің, бірігіңдер!
Жеңу керек ізгілік жер бетінде,
Келу керек мейірімді ұлы күндер!
Ән: "Соғыстан қайтқан солдаттар ".
Отты жылдар шежіресі
Көрнекілігі: Ұлы Жеңіске арналған плакат "Ешкім де ұмыт калмайды, еш нәрсе де ұмыт қалмайды", Сахна гүлдермен, ленталармен безендірілген.
Барысы.
Сахна ашылганда "Жеңіс күні" әнінің әуенімен екі жүргізуші шығады.
1-жүргізуші: Армысыздар, бүгінгі кешке жиналған қауым!
2-жүргізуші: Қайырлы күн, кештің қадірлі қонақтары.
1-жүргізуші: Жеңіс жырын айтсын бүгін тіл -көмей,
Абзал досым, мүгедекті жүр демей!
Ел дегенде еңіреп туған ерлерді
Еске алайық бір сәт тұрып үндемей.
Адамзаттың бейбіт дамуының, тұрмыс тіршіліктің рахатына кенелуінің бақыты үшін миллиондар жанын пида етті, қане барлығымыз Ұлы Отан соғысында құрбан болған жандарды 1 минут тыныштықпен еске алайық.
Рахмет, отырыңыздар!
2-жүргізуші: Біз майдан мен тыл ерлерінің каһармандығы мен ержүректігін, партизандар мен астыртын әрекет етушілердің, концлагерьлер тұтқындарының табандылығы мен мұқалмас ерік-жігерін зор құрметпен еске алып, алапат майдан даласында қаза тапқандардың, соғыс салған жара мен қасірет салдарынан о дүниелік болғандардың бүгінгі күні арамызда жоқ жандардың жарқын бейнелері алдында бас иеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |