Ұйымдастырушы- оятушылық кезеңі
|
Шаттық шеңбері:
Алақан мен жылуды, айналаға таратайық,
Бір-бірімізге жақындасып,
Бақыт, күлкі сыйлайық.
Жүректі біз ашайық,
Бақыт нұрын шашайық.
Барлық жақсы тілекті,
Сіздерге біз арнайық.
Балалар, бүгін біздің сабағымыздың тақырыбы: «Дәрілік өсімдіктер», яғни біз еліміздің қызыл кітапқа енген өсімдіктер жайында айтып әңгімелесеміз. Әңгімемізді бастамас бұрын мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын.
|
Балалар шеңбер жасап тұрады.
Тәрбиешінің жасап жатқан қимылдарын қайталап жасайды. Оның айтқан сөздерін қайталап шаттық шеңберіне көңіл бөледі.
Балалар тәрбиешінің айтқанын тыңдайды.
Балалар тәрбиешінің айтқанына қызыға қарап назар салып отырады.
Балалар тәрбиешінің артынан қайталап тақпақты сабақтың соңына дейін жаттап алуға тырысады.
|