Ынталандыру
|
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Ал, балалар қане бәріміз шеңбер құрайық. Күн туған жерімізге нұрын шашып, әрдайым шуағын төгіп тұрады. Сол күнге сияқты бір-бірімізге жылуымызды таратайық.
|
Балалар шеңбер құрып тұрады.
|
Ізденістер, ұйымдастыру:
|
Үстел үстінде жасырын суреттерді бір-бірден алайық. Енді қолымыздағы суреттерге қарайықшы, не бейнеленген?
Олай болса біз қолымыздағы суреттерге сәйкес топқа бөліне қояйық.
-
Елтаңбалар тобы
-
Тулар тобы
-
Бәйтеректер тобы
Балалар біз топқа бөлінгеннен кейін бүгінгі оқу іс-әрекетіміз топтық жарыс түрінде өткіземіз. Мен дұрыс жауап берген топқа мынадай смайликтер таратып отырамын. Оқу іс-әрекетінің соңында қай топтың смайлигі көп болса сол топ жеңіске жетеді.
Балалар шағын бейнероликке назар аударайық.
Бұл жерде сіздер не көрдіңіздер?
Дұрыс айтасыңдар балалар!
-
Жақында қандай мерекені тойладық?
Ұлы жеңіске 70 жыл толды. Осы Ұлы Жеңісті бізге ата-бабаларымыз Отан үшін от кешіп оны қорғап, жаумен күресіп бізге бейбіт өмір сыйлады. Аталарымыздың көрсеткен ерлігін мәңгі ұмытпауымыз керек. Біз ата-бабаларымыздың арқасында қәзір Отанымызда бейбіт өмір сүріп жатырмыз балалар.
Сұрақ-жауап:
- Балалар, сендер Отан туралы не білесіңдер?
- Біздің ұлтымыз кім?
- Біздің Отанымыз қалай аталады?
- Біз қай ауылда тұрамыз?
- Қай тілде сөйлейміз?
- Біздің елбасымыз кім?
Әр адамның өз Отаны болады. Отан – ол біздің туған жеріміз, отбасымыз, осы тобымыз, айнала қоршаған ортамыз. Қазақстан үлкен, ғажап, әдемі ел. Қазақстан – біздің сүйікті отанымыз, оны мақтан тұтамыз.
Сергіту сәті: «Мен қазақпын»
Әліппе-дәптермен жұмыс
-
Балалар ойын ойнағыңыз келе ме?
Ойын «Құрастыру».
Шарты: суреттің бөліктеріндегі сұрақтарға жауап беру арқылы құрастыру.
-
Әліппе-дәптеріміздегі 1 ші сурет туралы не білеміз?
-
Келесі сурет туралы не білеміз?
-
Мемлекеттік рәміздерді орысша ата?
Тамаша! Біз суретті құрастырып шықтық!
-Балалар бұл ненің суреті?
-Бәйтерек қай қалада орналсқан?
-
«Бәйтеректің» биіктігі 97 м (Астана қаласының елорда статусына ие болған жылға байланысты таңдалған екен.
-
Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орын тепкен.
-
Авторы Н.Ә. Назарбаев
Бәйтеректің суретін бояңдар.
Отанға сүйіспеншілігімізді қалай білдіреміз? Тапсырма ассоцация жасау арқылы орындалады. Отан туралы тақпақ айтайықшы балалар.
|
Балалар сурет бойынша топқа бөлінеді.
Балалар бейнероликті қөреді.
Өз пікірлерін ортаға салады.
Сұрақтарға жауап береді
-Қазақстан
-Ақшұқыр
.........
Сергіту сәтін орындайды
Балалардың жауабы.
Балалар сурет бойынша білгендерін айтады.
Балалар жауабын тауып тақтаға жапсырады.
|