Д. У. Дуйсебаева «Фразеологизмдер, олардың өзіндік ерекшеліктері» тақырыбында ашық сабақ



Дата08.07.2017
өлшемі226,95 Kb.
#20818
Низами атындағы Ташкент Мемлекеттік

Педагогика Университеті


«Қазақ тілі және әдебиеті»

кафедрасы оқытушысы Д.У.Дуйсебаева



«Фразеологизмдер, олардың өзіндік ерекшеліктері»

тақырыбында ашық сабақ

құжаттары

Ташкент- 2009



Ашық сабақ өткізілген уақыт:19.11.09

Топ: 201-КЗ

Студенттер саны: 18

Аудитория: 4- 07

Уақыты: 2- пара

Ашық сабаққа шақырылған мұғалімдер:

1. Кафедра проф-оқытушылары.

2. РМО түркі тілдер бөлімінің әдіскері Г.Нишанова

3.«Педагогика» кафедрасы доценті А.Қалдыбекова


Пайдаланылған әдістер:

- Ақыл шабуылы

- Сұрақ-жауап әдісі

- Ауызша презентация

- Түсіндіру әдісі

- Кластер технологиясы

- Проблемалы оқыту технологиясы

- Кроссворд пайдалану

- Семантикалық карталар пайдалану

Пайдаланылған негiзгi әдебиеттер мен оқу қолданбалар тiзiмi


  1. Аханов К. Тiл бiлiмiнің негiздерi. Алматы, 1993

  2. Кеңесбаев I, Мұсабаев Ғ. Қазiргi қазақ тiлi (лексика мен фонетика). Алматы, 1995

  3. Ә.Болғанбаев. Қазақ тiлiнiң лексикологиясы. Алматы, 1991 ж.

  4. Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазақ тiлiнiң лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы, Санат, 1997 ж.

  5. Уәлиев Н. Фразеологизм және норма. Алматы, 1998 жыл.

  6. Қайдаров Ә. Қазақ тiлiнiң өзектi мәселелерi. Алматы, 1998 ж.

  7. Кеңесбаев I.

  8. Д.Дуйсебаева. Қазiргi қазақ тiлi (лексикология), оқу қолданба,Ташкент, 2008.



Фразеология деген термин негізінен екі түрлі мағынада қолданылады. Бірінші мағынасы тілдегі тиянақты тіркестерді тексеретін тіл білімінің саласы дегенді, екіншісі-бір тілдегі фразеологизм байлығының тұтас жиынтығы дегенді білдіреді. Алайда фразеологизмдер жеріне деткізе зерттеліп біткен ғылым деп ай туға болмайды. Мұның шешілмеген даулы мәселелері өте көп. Сондықтан да соңғы 15-20 жылға дейін мұны жеке пән ретінде арнайы зерттеушілер тым аз болды. Көбінесе лексикалық қор ретінде сөз байлығы деген топқа жатқызып, лексикалық көлемінде тексерумен шектеліп келгендігі мәлім. Соңғы 20-25 жыл көлемінде түркі тілдерінде фразеология проболемалары жан-жақты зерттеліп, қыруар еңбектер жарық көрді. Әсіресе, академик І. Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» атты көлемді еңбегі тек қазақ тілінде ғана емес, бүкіл түркологияға қосылған елеулі үлес деп қарауға болады. Автор аталған сөздіктің «Қазақ тілінің фразеологизмдері туралы» атты бөлімінде қазақ тіліндегі фразеологизмдердің теориялық мәселелерін жан-жақты қарастырып, біраз ілгері дамытқан.

Фразеологизмдер өз алдына дербес лингвистика саласы екендігін танытатын негізінен үш түрлі басты белгісі бар. Олар: 1)даяр қалпында жұмсалу белгісі, 2) мағына тұтастығы, 3) тіркес тиянақтылығы.

Фразеологизмдердің даяр қалпында жұмсалу белгісі еркін сөз тіркесімен саолыстырғанда айқын байқалады. Мысалы: Ерке магазиннен 40 пышақ сатып алды. Қырық пышақпен қыржыңдап тұрған түлкі, О да осал жау емес қыран паңға (Абай). Екі сөйлемдегі қырық пышақ деген тіркестің алғашқысы- еркін тіркес те, соңғысы- фразалық тіркес.

Оң көз бен оң қол дегендерді түсіну үшін де пәлендей контекстің қажеті жоқ. Қйткені бұлар өзінің тура (заттық) мағынасында жұмсалып тұр. Ал «менің оң көзім де, оң қолым да бір өзіңсің» десек, мұндағы оң көз бен оң қол дегендер туынды мағынада қолданылып, фразеологизмге айналған. Бұлар сенімді серік, адал да мықты жәрдемші дегендермен баламалық қарым- қатынасқа түседі. Сондықтан фразалық байлаулы мағынадағы сөздер өзіне лайықты белгілі контексті талап етіп тұрады.

Фразеологизмдер бір бүтін единица ретінде қолданылуы жағынан лексимкалық единица- сөзге ұқсайды. Жалаң сөз де, күрделі сөз де сөйлеу кезінде жасалмайды, даяр тұрған құрылыс материалы ретінде сөйлемнің құрамына енеді. Мәселен, бала, балалы, балалық, балалау, бала-шаға, балажан, балажандық, балалы-шағалы тәрізді сөздер сөйлемнің құрамына енгенде бұлар түбір морфема, аффикстік мор фемаға жіктелмейді, әрқайсысы бір бүтін единица ретінде жұмсалады. Фразеологизмдер де дәл осы сияқты құбылыс деп тану керек.

Фразеологизмдердің өзіндік екінші белгісі - мағына тұтастығы. Фразеологмзм біткеннің бәрінде де белгілі бір меншікті мағынасы болады. Ол мағына тұрақты тіркесті құрастырушы сыңарлардың мағыналарына сәйкеспейді, оларға тәуелсіз өздігінен өмір сүреді. Мәселен, жерден жеті қоян тапқандай дегеннен қатты қуанды, шаттанды дегенді түсінеміз. Бұл мағына жер, жеті, қоян, табу деген төрт сөздің бір де біреуімен байланыспайтын, бірақ сол төрт сөздің қаз-қатар жұптасып қолдануы арқылы пайда болады. Фразеологизмдер бір бүтін единица ретінде қолданып қана қоймайда, мағыналық жағынан да бір тұтас единица ретінде көрінеді.

Тіркес тиянақтылығы да фразеологизмдердің ең негізгі белгілерінің біріне жатады. Тиянақты сөз тізбегіндегі сөздер әркімнің қалауынша емес, қалыптасқан белгілі жүйемен орналасады. Өзара тығыз жымдасып орналасқан сөздерді жігі ажыратылбмай тұрады. Олар бір-бірімен иін тіресіп, өзге сөзбен алмастырнуға я болмаса, тұрақты орын-тәртібін өзгертуге келмейді. Мәселен, мұрнын көкке көтерді дегеннің орнына қолын көкке көтерді десек , мән-мағынасын бүтіндей өзгертіп жібереді. Тұрақты тіркес еркін тіркеске айналып кетеді.

Фразеологизмдерге тән үш түрлі белгі болғанымен, бұлар бір-бірімен әрдайым ашық ажыратыла бермейді.

Орыс тілі білімінде академик В.В.Виноградов классификациясын негізге алып бөледі. Бұл классификацияны Отандық тіл ғылымына басшылыққа алғалы 30-40 жылда уақыт өтті. Қазақ тіл білімінде осы классификацияны бірден-бір арқау етіп келе жатырмыз.

Қазақ тіліндегі фразеологизмдер де фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік және фразеологиялық тізбек болып, негізінен үш топқа жіктеледі.


Фразеологиялық тұтастық.

Бұл топқа фразеологизм құрамындағы сөздер бір-бірімен тұтасып, әбден жымдасып кеткен , олардың мағыналық жігін ешұандай ажыратуға болмайтын тұрақты тіркестер жатады. Мәселен, мұрнынан шаншылып жүр, мұрнына су жетпеді дегеннен қолы тимеді, бұрылуға мұршасы болмады дегенді түсінеміз. Бұл мағына осындағы үш сөздің тұтас жиынтығынан келіп шығады. Түйдек ішіндегі жекеленген сөздерге талдау жасап, бірін екіншісінен бөліп алуға көнбейді.



Фразеологиялық бірлік.

Бұлар да фразеологиялық тлұтастық тәрізді орын тәртібі жағынан өте тиянақты болып келеді. Алайда құрамындағы сөздердің мағынасының қаншалықты тасалануы, я болмаса, тасаланбауы жағынан елеулі өзгешеліктері болады. Бұлар ең алғашқы еркін тіркесті ауыс мағынада қолданудан келіп шығады. Мәселен, ескі жараның аузын ашты дегеннен өткенді қайта қозғады, ұмытып кеткенді еске салды дегенді түсінеміз. Бұл фразеологиялық мағынаның жасалуына ең алғашқы еркін тіркестегі тура мағынасы негіз болған. Сол мағынаға басқадай мән беріп, ауыстырып қолдану арқылы жасалғандығы бірден көзге шалынады.


Фразеологиялық тізбек.

Бұл да фразеологиялық бірлік сияқтьы еркін тіркесті ауыспалы мағынада қолданудан келіп шаққан. Яғни тұрақты тіркес сыңарларының бастапқы лексикалық мағынасы бүтіндей жойылмағанымен, жойылуға жақындап, күнгірт тарта бастаған. Мұнда ерікті мағынасындағы сөзбен фразеологиялық қалпында сөздің тіркесуінен жасалып, сол қалпында, тізбек күйінде қолданылады. Мысалы: бота көз, қоян жүрек, асқар бел, тоң мойын, сойдақ тіс, қауға бас, оймақ ауыз, бауырсақ мұрын, кем иек, ала қол, қара бет, жел аяқ, қарсақ жон, қолаң шаш, мысық мұрт, алтын айдар, жуан жұдырық, қозы жауырын, ақ саусақ, балды бармақ, кең қолтық, көк езу, салпы ерін, кер азу, қалам қас, ай қабақ, теке сақа, торсық шеке, жез таңдай, бір ұрт, қызыл тіл, күміс көмей, қамыс құлақ, шөп желке, қу жақ, қызыл кеңірдек, біз тұмсық, бір төбе, зор кеуде, шер көкірек, аршын төс, қабырға ағайын, көк жұлын, жұйке тамыр, аш бүйір, еркек кіндік, салқын қанды, т.б.



Құрылым-құрылысы жағынан сөйлемге тең фразеологизмдер.

Мысалы: бір қолын екі ете алмады, екі иығынан дем алды, үш ұйықтаса, ойда жоқ, ел бетін көрместей болды, табанын жерге тигізбеді, аузынан ақ ит кіріп, қара ит шықты, ішкен асы бойына тарамады, көзіне көк шыбын үймелетті, көрер таңды көзімен атырды, ашса алақанында, жұмса жұдырығында, ішкен асын жерге қойды, аяқ қолын бауырына алды, басы ауырып, балтыры сыздады, бұтын бұт, қолын қол қылды, қасынан бір елі тастамады, жеңген иттің желкесінен алды, көңілі су сепкендей басылды, қашпаған қара қашардың уызына қарайтын, қой үстіне боз торғай жұмыртқалады, т.б.

Сөйлеу кезінде тыңнан жасалынбай, даяр қалпында қолдану жағынан мақал-мәтелдер фразеологизмдерге ұқсайды. Мақалдар негізінен екі бөлімді болып келеді де, алдыңғысында іс-әрекеттің шарты мен жағдайы айтылып, соңынаен сол пікірді түйіндеп қорытындылайды. Я болмаса екі нәрсені бір-біріне қарсы қойып, салыстырады. Мысалы: Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа. Жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа. Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу. Суық ширатады, жылы жасытады. Аяғы жаман төрді былғайды, Аузы жаман елді былғайды. Балық аулай алмаған суды лайлайды. Атың барда жер таны желіп жүріп, Асың барда ел таны беріп жүріп ,т.б.

Фразалық тіркестердің енді бір ерекшелігі-дыбыс үйлесімі, ұйқасқа құрылуы. Мысалы, ақай жоқ, тоқай жоқ; үлде мен бүлдеге орану сияқты тіркестер ұйқас нәтижесінде жасалған болуы керек.

Фразалық тіркестердің ішінде әсіресе аллитерация тәсілімен үйірлескен сөз келісімдері жиі ұшырасады. Бұлардың с, т дыбыстары арқылы жасалатынын ғана көрсетіп өтейік. « Сай сүйегім сырқырады», «Сайда саны, құмда ізі жоқ» дегенде алғашқы идиомдағы сөздердің бәрі де с дыбысынан басталып тұр. «Сайда саны(жоқ), құмда ізі жоқ» дегенніңсоңғы бөлігі («құмда ізі жоқ») алғашқы бөлікпен(«сайда саны») мағына жағынан қабысып тұр. Осы сияқты бір тізбектің (фразаның) ішіндегі компоненттер түгелімен бір түрлі дыбыстан келе беруі шарт емес.

Ассонанс жолымен келетін тізбектер де бар. «Атқан таңдай» (сұлу), «Көзге біткен сүйелдей» сықылдылар не біркелкі жіңішке сөздерден, не біркелкі жуан сөздерден келіп тұр.

Фразеологизмнің мағына бірлігінде ешқандай өзгешелігі жоқ, құрылым-құрылысы жағынан ұқсас (үйлес) келген құрылымдарды фразеологиялық варианттар деп атайды. Фразеологиялық варианттар екі түрлі болады: а) Фонетикалық вариант, ә) Лексикалық вариант. Фонетикалық вариантқа тұрақты сөз тіркесінің құрамына енген кейбір сөзлдердің бірде жуан, бірде жіңішке, кейде толық, кейде қысқарып айтылуы жатады. Мәселен, Ай дейтін ажа жоқ, қой дейтін қожа жоқ дегенді әй дейтін әже жоқ, қой дейтін қожа жоқ дегенді айта береді. Мұндағы ай мен әй, ажа мен бір-біріне фонетикалық вариант болып есептеледі.Фонетикалық варианттар бір сөздің ішінде де түрлі-түрлі болып өзгеріп отыруы мүмкін. Мәселен, ұнжырғасы түсті деген фразеологизм ұнжорға, үнжорға, енжорға, өнжорға болып та ауызекі тілде айтыла береді. Лексикалық варианттар фразеологизмдердің арасынан жиі ұшырасады.Мысалы, ағама жеңгем сай – апама жездем сай, аға өлсе, іні мұра – аға өлсе жеңге мұра, адыра қалды – қаран қалды, ант атқан - ант ұрған, аузы мұрнынан келді - аузы мұрнынан шықты т.б. Кей жағдайда фразеологизмнің құрамындағы әрбір сөзден әр түрлі варианттар өрбиді.Мысалы:Көңілге қуат (медет, медеу)

Омономия мен көп мағыналылық(полисемия) құбылыстары негізінен жеке сөздердің арасында жиі ұшырасады. Фразеологизмдер арасынан да ара-тұра кездесіп қалады. Әсіресе омонимия құбылысы фразеологизмдерден тым сирек байқалады. Мысалы: 1.Ат қойды-атой салып шаба жөнелді. 2.Ат қойды-балаға қойылатын есім, ныспы.

Тілдегі жеке сөздер тәрізді тұрақты тіркестерді де кейбіреулері көп мағыналы болып кездеседі. Алайда фразеологизмдердің бәрі бірдей емес, идиом біткендері әрдайым дара мағыналы болады да, фразалық тіркестердің қайсыбіреулері көп мағыналы болатындығы байқалады. Мысалы, бой бермеді: а) айтқанға көнбеді, жеңістік бермеді, ә) ырық бармеді, күші жетпеді. Жігіт ағасы: а)ер- жетті,есейді; ә)ақылшы, басшы.

Фразеологизмдерден туатын көп мағыналық екі түрлі жолмен жасалады. Оның бірі- жалғаса туады, екіңшісі- жарыса туады. Мәселен, ат үсті деген тұрақты тіркестің ең алғашқы мағынасы, ат үстінде тұрумен байланысты шыққан. Содан соң осы ұғымға жалғастырып қолдану арқылы үстірт, үстіртін мағынасы пайда болған. Фразеологизмдердің де көп мағыналығы да негізгі заттық мағынадан өрбиді. Туынды мағына сол алғашқы лексикалы мағынаны ауыстырып қолданудан келіп шығады. Мәселен, иі қанді (жетті) деген тұрақты тіркестің ең алғашқы мағынасы илеген заттың илеуін жеткізу, әбден жұмсартып, жұмсақ қалыпқа келтіру болса, одан соң бір нәрсені әбден жетілдіріп, шыңдап кемеліне келтіру ұғымы келіп шықты. Кей жағдайда жалғаспалы мағына мен жарыспалы мағына бір-біріне ұласып, үсті-үстіне туынды мағына жамай беруі мүмкін. Мәселен, зәрі қайтты дегеннен; а) уы тарады; ә) жыли бастады; б) ашуы басылды деген үш түрлі мағына туындаған.

Тұрақты тіркестер жеке сөздің орнына жұмсалып қана қоймайды, сонымен қатар мән-мағынасы жағынан үйлес келіп, бірінің орнына бірі балама болып та қолданыла береді. Мұндай құбылысты тіл білімінде фразеологиялық синонимдер деп атайды. Мәселен, аза бойы қаза болды, аза бойы тік тұрды, азар да безер болды, ат-тонын ала ұашты дегендер мән-мағынасы жағынан бір-біріне жақын келгенімен, іштей өзіндік сәл ерекшеліктері бар. Фразеологиялық синонимдер де ұғымы жағынан бірінен-бірі сатылап өсіп, күшейіп отырады. Мысалы. Көз(кірпік) ілмеді, көз шырымын алмады, түн баласына кірпік қақпады, түн ұйқысын төрт бөлді, көрер таңды көзімен атырды.

Фразеологиялық синонимдер сындық және үстеулік мағынада да кездеседі. Мәселен, біреудің асқан сұлулығын бейнелеп айтқымыз келсе: ай десе аузы бар, күн десе, көзі бар, үріп ауызға салғандай дейміз. Фразеологиялық синонимдер көркем образ жасау үшін қолданылады. Сондақтан бұлар тілдегі кез келген стильде талғаусыз қолданыла бермейді.

Фразеологиялық синонимдер тәрізді мақал-мәтелдер де бір-біріне синоним болып жұмсала береді. Мысалы: біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы; қасапшыға мал қайғы, қара ешкіге жан қайғы т.б.

Фразеологиялық антонимдер мән-мағынасы жағынан қарама-қарсы болып қолданылатын тұрақты тіркестер.Қазақ тіліндегі фразеологиялық антонимдер негізінен екі түрлі болып кездеседі. Мұның бірінші түрі тұрақты тіркестердің өз ішіндегі компоненттерді басқадай сөздермен алмастыру арқылы жасалады. Мысалы: аты шықты-аты өшті, бақ қонды-бағы, тайды, ер жүрек-қоян жүрек т.б. Фразеологиялық антонимдердің екінші түрі құрылым-құрылысы жағынан да, құрамы жағынан да мүлдем басқа сөздер болып кездеседі. Мысала: соры сорпадай қайнады-көзі ашылды, шөлі қанды-қаны кепті, өркенің өскір-желкең қиылғыр т.б.


Орыс тіліндегі фразеологизмдерді зерттеуші Н.М.Шанский фразеологиялық оралым тілде жеке сөздің кызметін атқарады дейді.Тұрақты тіркестерге тән ортақ қасиет бұлардың құрамындағы сөздер дараланбай, мағынаның тұтастығы мен бірлігіне бағынышты, әрі тәуелді болады да, бір сөздің орнына жүреді.Мәселен, араға от жақты(араздастыру, жауластыру).

Қазақ тіліндегі фразеологизмдерді сөз табына қатыстылығы жағынан негізінен төрт топқа бөліп қарауға болады:

1.Етістік мағыналы фразеологизмдер.

2.Сындық мағыналы фразеологизмдер.

3.Үстеу мағынасындағы фразеологизмдер.

4.Заттық мағыналы фразеологизмдер.

Етістік мағыналы фразеологизмдер: Көзінің еті өсті – көкірек керді, менменсіді; қолды болды – ұрланды, жоғалды; басына іс түсті – істі болды, шатылды; екі аяғын бір етікке тықты – тықсырды, қуырды; көз жаздырды – адастырды, айырылып қалды; пысқырып та қарамады-менсінбеді, көзіне ілмеді; насырға шапты- асқынды, қырсықты, т.б.

Сындық мағыналы фразеологизмдер: аспанмен тілдескен-биік, ұзын; қара қылды қақ жарған-әділ, турашыл; қағанағы қарқ, сағанағы сарқ-мәре-сәре, мәз-мейрам; қаламы жүйрік- жазғыш, қаламы төселген; ит тұмсығы өтпейтін- қалың, бітік, ну; аузын буған өгіздей- үндемейтін, мылқау; кеспеге қарасы жоқ- семіз, майлы; тас бауыр- мейірімсіз, т.б.

Заттық мағыналы фразеологизмдер: Кіндік кесіп кір жуған- туған ел, Отан; бір ауыздылық- ынтымақ, бірлік; қара көлеңке- апақ-сапақ, бейуақыт; о дүние- ақырет, махшар; от басы- үй іші, ошақ басы,семья; ұзын құлақ- өсек, сыбыс; шикі өкпе- перзент, бала; шынжыр балақ, шұбар төс- бай, манап, шонжар, т.б.

Үстеу мағынасындағы фразеологизмдер: Сақадай сай- дайын, әзір; атқан оқтай- түп-түзу, тура; көз ұшында- алыста, қашықта; о баста- басында, алғашқыда; тиіп қашты-үстіртін, соқпа-соқпада; бір төбе- ерекше, айрықша; көз алдында- бетпе-бет, жүзбе-жүз; аяқ астынан- кенеттен, жоқ жерде, т.б.

Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің сөз табына қатыстығы жағынан ең көбі- етістік фразеологизмдер. Онан кейінгілері- сындық және заттық мағынадағы фразеологизмдер. Ең аз кездесетін үстеу мағынадағы фразеологизмдер болып табылады.



Студенттер білімін сынау үшін таратылатын перфокарталар

«Бір сөзбен атаңдар» ойыны

  1. Айдың күні аманда-

  2. Ит терісін басына қаптату-

  3. Бит қабығынан биялай тоқыған-

  4. Инемен құдық қазғандай-

  5. Көз жазып қалу-

  6. Жұмыртқадан жүн қырыққан-

  7. Қызыл сөзден бал жағу-

  8. Мұзға отырғызу-

  9. Көз шырымын алу-

10.Бір ұрты май, бір ұрты қан-

«Баламасын табыңдар» ойыны

  1. Асықпау-

  2. Батыл-

  3. Зерігу-

  4. Сараң-

  5. Үндемейтін-

  6. Ашулану-

  7. Ұялу-

  8. Алдау-

  9. Ұрысу-

10.Тату-

























Ф

о

н


































қ

а

Р

с

ы





































б

А

т

ы

р































ж

а

З











































к

Е

ш





































о

м

О

ф

о

н































Б

о

Л

ғ

а

н

б

а

е

в

























О

б

р

а

з

























о

м

о

Г

р

а

ф




























д

о

м

И

н

а

н

т










п

о

л

и

с

е

м

и

Я
























1.Омофон терминінің жасалуына ұйытқы болған сөз. Омофон дегеніміз не?


7. Қазақ тілінің синонимдер сөздігінің авторы. Синонимдерге мысалдар келтір.

2.Антоним сөздердің мағыналарына тән құбылыс. Мысал келтір.

8. Бейне сөзіне синоним болған термин сөз. Синонимдерге мысалдар келтір.


3. Ер жүрек сөзінің синонимі. Синоним дегеніміз не?

9. Екпін түсуіне орай түрлі мағына беретін сөз не деп аталады? Мысал келтір.


4.Омоним болатын жыл мезгілдерінің бірі. Омоним дегеніміз не?

10. Синонимдік қатарға негіз болатын тірек сөз не деп аталады?


5. Үстеуден болған ерте сөзінің антонимі.Антоним дегеніміз не?


11. Көп мағыналы сөздер терминде не деп аталады? Мысал келтір.

6. Қара ала – қарала, ме екен – мекен сөздері өзара қандай құбылысқа мысал болады? Тағы да мысалдар келтір.






Тірек сөз


мысалдар

мағыналары

ТІЛ










Тірек сөз


мысалдар

мағыналары

АУЫЗ










Тірек сөз


мысалдар

мағыналары

КӨЗ








Тірек сөз


мысалдар

мағыналары

ЖҮРЕК










Тірек сөз


мысалдар

мағыналары

ЖЕТІ










Тірек сөз


мысалдар

мағыналары

ИТ









Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет