«Дарын» мектеп-интернатының ғылыми-әдістемелік кеңесінде «Ұсынылды» 28. 08. 2009жыл



Дата24.04.2017
өлшемі139,37 Kb.
#14636
Қарағанды облыстық дарынды балаларға арнайы мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты

«Дарын» мектеп-интернатының

ғылыми-әдістемелік кеңесінде

«Ұсынылды»

28.08.2009жыл

«Тіл пәндерін біріктіре оқыту»

арнайы курс бағдарламасы

(қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі)

(10-сынып, 34 сағат)

Құрастырушылар: қазақ тілі пәнінің мұғалімі

Майманчиева С.Б.

ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Рахимбекова А.К.


Қарағанды 2009

Түсінік хат
«Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын кезендеп іске асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деп Н.Ә.Назарбаев өзінің 2007 жылғы халыққа арналған жолдауында атап көрсеткеніндей, білім беру жүйесінде осы мақсатты іске асыруды көздеп отырмыз.

Көптілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік.

Үштілді оқытудағы негізгі тұғыр қазақ тілі болуға тиісті. «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторларының бірі – еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек», - деді Елбасы.

Қазақстанда білім саласында қазақ, орыс, ағылшын тілдері оқу тілі ретінде қолданылады, пән ретінде де қолданылады. Неміс, корей, француз, қытай тілдері негізінен пән ретінде қолданылады.

Қазақ тілі сабақтарында көптілді оқытудың элементтері ғана қолданылады. Белгілі бір тақырыптарды оқытуда біріккен сабақтарда интеграция арқылы енгізіледі.

Интеграция дегеніміз – пәндердің өзара байланысын жоғары деңгейде нақтылы түрде іске асыру. Интеграция тұтастықты қалыптастырып, білімді жүйелеу мен жинақтауда әр түрлі ғылымдарды біріктіреді, бір сабаққа бірнеше оқу пәндері мақсатының бірігуіне мүмкіндік береді.

Мұғалімдердің тәжірибесінде жиі кездесетін интеграцияны жүзеге асырудың бір жолы – сабақтарды бір мұғалім арқылы жүргізіп, бірнеше пәндер бойынша біріккен сабақтар білімнің жинақталуы, яғни, әр түрлі пәндерден алған білімдерін синтездеу.
Бағдарламамыздың мақсаты:


Осы мақсатты жүзеге асыру барысында төмендегідей міндеттерді шешу көзделеді:

  • оқушылардың үш тілде еркін сөйлеу біліктілігін дамытуда оқыту технологияларын тиімді пайдалану;

  • ана тілінде ғана емес, орыс және ағылшын тілдерінде сөйлей алатын тілдік құзыреттілік біліктіліктерін қалыптастыру;

  • үш тілде де қарым-қатынас жасауға үйрету;

  • жалпы тілдік мәдениеттің қалыптасуы;

  • әр оқушының тілдік қабілетін толық ашу;

  • өз бетінше белсенді тіл үйрену қабілетін арттыру;

  • сөздік қорын молайтуда аударма және түсіндірме сөздіктерін пайдалана алу;

  • әр тілде үлгісіз, жетексіз өз бетінше сөйлеуге, жазуға, оқып айтуға дағдыландыру;

  • тәрбиелік міндеттерді шешуге ұмтылдыру;

  • танымдық мазмұн-мәнін жүзеге асырып отыру.


Қолданылатын әдістер.

Мұғалім пәнге байланысты алдына қойған мақсатты шешуде кез келген оқыту әдістері мен технологияларын қолдана алады. Мұғалімнің оқыту технологиясын қолдануда мынадай шарттарды ескеріп отыруы абзал:



  • оқытудан шығатын нәтижені жобалау;

  • оқушылардың білім сапасының ағымдағы жағдайын диагностикалау;

  • оқыту үлгілерінің жиынымен қарулану;

  • берілген нақты жағдайларға сәйкес келетін ұтымды үлгіні таңдау;

  • білім мазмұнын сұрыптау;

  • оқыту құралдарын, формаларын, әдістерін екшеу;

  • қысқа уақытта тиімді нәтижеге жету үшін оларды кезең-кезеңмен жүзеге асыру.

Қазіргі тиімділігі жоғары оқыту технологияларының жалпыға танылған түрлері: проблемалық оқыту, жеделдетіп оқыту, модульдік оқыту, даралап оқыту, ақпараттық оқыту, ойындық технология, коммуникативтік технология, т.б.

Осы бағдарламаны іске асыру мақсатында төмендегі технологиялар пайдаланылады.



Проблемалық оқыту – бұл дамыта оқыту технологиясы. Оның қызметі – белсенді таным әрекетін ынталандыру, ойлаудың зерттеушілік стилін қалыптастыру. Проблемалық оқыту мұғалімнің басшылығымен проблемалық жағдаяттарды ұйымдастыруды, оны шешуде оқушылардың өз бетінше белсенді жұмысын қамтамасыз етуді көздейді.

Модульдік оқыту технологиясы – әлемдік ( Дж.Блок, Дж.Керрол. В.Монахов, Р.М.Грановская) және отандық тәжірибеде танылған технология. Модуль дегеніміз – белгілі жүйенің ішіндегі бөліктердің өзара жинақталған дербес топтамасы (С.И.Ожегов). Модульдік оқытуда берілген модуль бойынша оқу, тыңдау, жазу, сөйлеу әрекеттерін меңгеру шегіне жету үшін, кем дегенде, әрбір оқушыға үш деңгейлік тапсырмадан өз қалауынша өтуге мүмкіндік беріледі. Модульдік оқытуда әр оқушы өзінің немен және қалай шұғылдануы тиіс, сабақ барысында не істеуі керек екенін анық біледі және оған қатысты керек материалдармен, тәсілдермен міндетті түрде қамтамасыз етіліп отырады. Балаларға бірін-бірі тексеру, бағалау еркіндігі беріледі.

Ойын технологиялары.Бұл технологияның өзіндік ерекше сипаты оның өмірде маңызды жағдаяттарды модельдеу, соларға ұқсастырылған, еліктеп құрастырылған жағдаяттар түзу және оларды шешу жолдарын іздеу арқылы жүзеге асатындығында. Ойын технологиясының жетекші әдісі – ойын. Ойындардың іскерлік, рөлдік, оқиғалық, саяхаттық, дидактикалық сияқты түрлері бұл технологияның ұйымдастыру формалары болып табылады.
Бағдарламаның мазмұны және құрылымы.
Қарым-қатынастық және танымдық тақырыптар. Достық. Салт-дәстүрлер. Жер-Ана жыламасын. Мамандық. Ақпарат көздері. Қазақстанның халықаралық жағдайы.

Лексика. Қанатты сөздер. Тұрақты сөз тіркестері. Сөз мағыналары(синоним, омоним, антоним). Мақал-мәтелдер.

Морфология. Сөз таптары. Зат есім. Зат есім жасайтын жұрнақтар. Зат есімнің түрленуі. Зат есімнің сөйлемдегі қызметі. Сын есім. Сын есімнің шырайлары. Сын есімнің сөйлемдегі қызметі. Сан есім. Сан есімнің түрлері. Сан есімнің сөйлемдегі қызметі. Есімдік. Есімдіктің мағыналық түрлері. Есімдіктің сөйлемдегі қызметі. Етістік. Етістіктің болымсыз түрі. Есімше. Көсемше. Етіс. Етістіктің шақтары. Етістіктің райлары. Етістіктің сөйлемдегі қызметі. Үстеу. Шылау.

Синтаксис. Сөйлем. Айтылу мақсатына қарай түрлері. Сөйлем мүшелері.

Тақырыптық-күнтізбелік жоспар

Календарно-тематическое планирование

Subject planning of lessons

(34 сағат)






Модуль

Сабақ тақырыбы

Тема урока

Theme

Сабақ саны

Кол-во уроков

Hours




І.

Достық /Дружба/

Friendship




5

1

1




Қанатты сөздер./Крылатые слова./Words of wisdom.

1

2

2




Тұрақты сөз тіркестері./Фразеологизмы./Phraseologisms.

1

3

3




Сөз мағыналары(синоним, омоним, антоним)./ Antonyms, synonyms.

1

4

4




Мақал-мәтелдер./Пословицы и поговорки./Proverbs and sayings.

1

5

5




Нәтиже сабақ

1




ІІ.

Салт-дәстүрлер/

Традиции/

Traditions and customs




5

6

1




Сөз таптары./Части речи./Parts of speech

1

7

2




Зат есім/Имя существительное./Noun

1

8

3




Зат есім жасайтын жұрнақтар./Образование имен существительных./Noun suffixes

1

9

4




Зат есімнің түрленуі./Изменение имен существительных/

1

10

5




Нәтиже сабақ

1




ІІІ.

Білім/Образование/

Education




5

11

1




Зат есімнің сөйлемдегі қызметі./Синтаксическая роль имен существительных./The role of noun in a sentence

1

12

2




Сын есім./Имя прилагательное./Adjective

1

13

3




Сын есімнің шырайлары./Степени сравнения имен прилагательных./

1

14

4




Сын есімнің сөйлемдегі қызметі./Синтаксическая роль имен прилагательных./The role of an adjective in a sentence

1

15

5




Нәтиже сабақ

1




ІV

Жер-Ана жыламасын/

Экология./Ecology




5

16

1




Сан есім./Имя числительное./Numerals

1

17

2




Сан есімнің сөйлемдегі қызметі./Синтаксическая роль имен числительных./The role of numerals in a sentence

1

18

3




Есімдік./Местоимение./Pronoun

1

19

4




Есімдіктің мағыналық түрлері.//Types of pronoun

1

20

5




Нәтиже сабақ

1




V

Мамандық./Профессия./Profession




5

21

1




Есімдіктің сөйлемдегі қызметі./

Синтаксическая роль местоимений./



The role of pronoun in a sentence

1

22

2




Етістік./Глагол./Verb

1

23

3




Етістіктің болымсыз түрі./Отрицательная форма глагола./Negative sentences

1

24

4




Есімше./Причастие./Participle Көсемше./Деепричастие./Gerund

1

25

5




Нәтиже сабақ

1






Ақпарат көздері/Средства массовой информации/

Means of mass media




5

26

1




Етістіктің шақтары./Времена глаголов

1

27

2




Етістіктің райлары./Наклонение глаголов./Types of Voices

1

28

3




Етістіктің сөйлемдегі қызметі./Синтаксическая роль глаголов. /The role in a sentence

1

29

4




Үстеу./Наречие./Adverb

1

30

5




Нәтиже сабақ

1




VІІ

Халықаралық қарым-қатынас/ Международные отношения/

International affairs




5

31

1




Шылау./Служебные части речи

1

32

2




Сөйлем. Айтылу мақсатына қарай түрлері./Sentence. Types of sentences

1

33

3




Сөйлем мүшелері.

1

34

4




Қорытынды бақылау жұмысы./Final control work.

1

Күтілетін нәтиже:

  • үш тілде еркін сөйлеу дағдылары қалыптасады;

  • өз көзқарастарын үш тілде еркін білдіреді;

  • үш тілде сөйлеу дағдыларын меңгереді;

  • мәтіндерді түсініп, өз көзқарас негізінде баяндай білу.


Пайдаланылған әдебиет:

  1. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан: ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың

  2. Қазақстан халқына жолдауы. – Астана, 2007 жыл

  3. Ибрагимов Қ. Жаңа үлгідегі қазақ тілі әдістемесі. – Алматы: ШЫҢ-КІТАП, 2007 жыл

  4. Ибрагимов Қ., Базарғалиева Б. Жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық-тест. – Алматы: ШЫҢ-КІТАП, 2007 жыл

  5. Голицынский Ю.Б. Грамматика: сборник упражнений. – 4-е изд.,


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет