Дәрігер бізге не айтты?
Кеше мектпке дәрігер келді. Бәрімізді шешіндіріп қарады. Кейбіреулердін шешінгенінде тәндері де, іш киімдері де кір болып шықты. Дәрігер басын шайқап, ұнатпаған секілді болды.
Бугін дәрігер бір шыны әкеліп, қолымыздың үстіне қойып, әрқайсымызға қаратты. Қарасақ, теріміз шұрқ-шұрқ тесік. Дәрігер айтты;
-Тер осы шұрқ-шұрқ тесіктен шығады. Тер шыққанда, термен бірге тәнімізден зианды нәрселер де шығады. Тән кір болса, осы тесіктердің барі бітіледі, тер шықпайды, іште қалады. Тәнді аздырып, аурулы қылады деді.
Тән тазылығы неге керек екенін сонда білдік.
1-тапсырма . Мәтіннен антоним созді тап?
2-тапсырма.Мәтіннен қос сөздерді теріп жаз?
3-тапсырма. Мәтіннен күрделі етістіктерді теріп жаз.
4-тапсырма.Сөйлемнен дұрыс немесе бұрыс берілген пікірлерді жаз.
1. -Тер осы шұрқ-шұрқ тесіктен шықпайды.
2.Тер шыққанда, термен бірге тәнімізден зиянды нәрселер де шығады.
3.Дәрігер басын шайқамай, ұнатпаған секілді болды.
4.Тәнді аздырып, түзу қылады деді.
5-тапсырма.Мәтінде берілген қате сөздерді теріп жаз.
Достарыңызбен бөлісу: |