Дәріс 11: Теориялық зерттеу әдістері



бет1/2
Дата23.11.2022
өлшемі17,75 Kb.
#159575
  1   2
Байланысты:
зерт мад
мугал1

Дәріс 11: Теориялық зерттеу әдістері
1 . Теориялық әдістерінің түсініктемесі
2 . Зерттеудің теориялық әдістерінің түрлері
1. Теориялық білім – белгілі бір педагогикалық құбылысты талқылауға, қолдануға және түсіндіруге бағытталған ғылыми көзқарастар, түсініктер, идеялар жиынтығы. Теорияның тар мағынасы, педагогикалық іс-әрекеттің зерттелініп жатқан саласының заңдылықтары мен байланыстары туралы тұтас түсінік беретін ғылыми білімді ұйымдастыру формасы.
Ғылым дамуының ұзақ тарихында оның құрал-сайманы байытылды, ал ғылыми әдіс ғылыми теориядан, оны қолданудан бөлек қарастырылмайтын болды. Ғылыми теория ғылыми әдістің міндетті құрамдас бөлігіне айналды. Ғылыми теориясыз ешбір ғалым қазіргі уақытта гылыми әдісті көз алдына елестете алмайды. Жақсы құрылымданған теория – шынайы болмысты танудың жоғары жиыны нағыз мәні. Сондықтан да, ғылыми теория ғылыми әдістің мәнді бөлігі, демек ғылыми әдіс – әрекеттенуші теория.
Ғылыми білімнің басты құрамдас бөлігі – теория. Әрине, ғылыми білім – шынайылықты тәжірибелік танудың мәліметтері, зерттеу барысында алынған фактілер, анықталған эмпирикалық заңдылықтар. Бұның бәріне ғылыми білімнің құрамдас бөліктері ретінде теория тұтастық қасиетін қалыптастырады. Ғылыми теория зерделенетін шынайы болмысқа тән заңдылықтар мен мәнді байланыстар туралы түсінік беретін білім болып табылады. Нақты ғылымның пәндік алаңын құрайтын танылатын феномендер туралы түрлі мәліметтердің жинақталуынан бұрын теорияның пайда болуы мүмкін емес. Көптеген ғасырлар бойы механикалық құбылыстар физиктердің назарында болды. Бірақ тек жаңа заманда ғана механиканың заңдары тұжырымдалды. Олар зерттелетін құбылыстардың сипаттамаларын жүйеледі. Сипаттамалық теориялардың орнына түсіндірмелі теориялар өмірге келді, яғни бұл теориялар түрлі сипаттамаларды жүйелеп қана қоймай, зерделенетін құбылыстарды түсіндіреді. Осындай теорияларға дамыған ғылыми пән ұмтылып отырады. Педагогикалық зерттеудің теориялық әдістеріТеориялық сипаттағы әдістер нақты педагогикалық үдерістердің талдауынан шығады да, олардың даму көздерінің нәтижелі жұмыс жасауын қамтамасыз ететін себептерді анықтайды.
2. Педагогикалық зерттеуде қолданылатын теориялық әдістерді қарастырайық. Бұл әдістер педагогикалық болып саналмайды, бірақ жалпы ғылыми сипатқа ие. Зерттеуші оларға зерттеудің теориялық кезенінде және эмпирикалық кезенінде жүгінеді. Педагогикалық зерттеуде келесідей теориялық әдістер қолданылады. Абстракция, индукция және дедукция, модельдеу.
Абстракция- зерттеуші зерттеліп отырған объектіінің тек белгілі бір қасиеттерін, белгілерін және сипаттамаларын ойша анықтайтын зерттеу әдісі және басқада қасиеттер, белгілер мен сипаттамаларды қарастырмайды.
Абстракциясыз зерттелітін затты бөліп оның негізгі қасиеттеріне жан-жақты талдау жасау мүмкін емес. Мысалы, абстрактіге жүгінбей оқытуды, дамытуды, әдістерді, құбылыстарды зерттеу мүмкін емес.
Абстракция нәтижесінен қандай білім қалыптасады? Ол түсінікке өтетін жалпылау болуы мүмкін (сызба, диаграмма, модель, карта, кесте, формула).
Абстракциямен нақтылау әдісі тығыз байланысты.
Нақтылау (лат. concretus-жетілдірілген,қалыптасқан). Абстарктілік шындық жоқ, шындық әрқашан нақты болатынын белгілі.
Нақтылау үрдісі кезінде зерттеліп отырған объект, мысалы сабақкөптеген байланыстар мен қатынастарда қамтиды (сабақтың оқыту мазмұны, қағидалары, әдістері, оқыту жолдары, сабақтың құрылымы). Осыған байланысты, шынайы педагогикалық құбылыс туралы толық білімдіжаңғыртуға болады. Нақтылау әдісін қолдану нәтижелері ол педагогикалық мысалдар, толық талдау мен сипаттаудан тұратын жеке бір жағдайлар болып табылады.
Талдау (анализ, грек. analysis- ажырату, жіктеу)- толық педагогикалық құбылыс ойша құрама бөліктерге жіктеледі, сонымен қатар ерекшеленген «бөлік» бүтіндей бөлік ретінде түсіндіріледі.
Талдаудың мақсаты - күрделі біртұтастын элементін жеке бір бөлік етіп тану. Зерттеуші талдауға жүгіну арқылы қандай нәтижелерді ала алады? Талдаудың көмегімен зерттеліп отырған объектінің оның құрылымын (Мысалы, сабақ құрылымы, таным болмысының құрылымы, мәселелік міндеттер құрылымы және т.б) құрастыруға болады. Екіншіден, талдау бастапқыдан келесіні, маңыздыдан маңызды емес дүниені бөліп қарастыруға мүмкіндік береді; әрі қарай талдау күрделіні қарапайымтата алады; талдау нәтижелеріне классификация, құбылыс типологиясы анықталады; егер талдауды педагогикалық үрдісті тануға қолдансақ, онда бұл құбылыста кезендерді, сонымен қатар, қарам- қайшы тенденцияларды анықтауға болады.
Синтез (лат synthesic- бірігу) – бұл қарапайым жинақтау емес, мағыналы біріктіру болып табылады.
Құбылыстарды жай біріктірсе, олардың арасында жүйелі байланыс пайда болмайды, ретсіз жеке байланыстардың жинақтауы қана болады. Егер талдауда біз біртұтасты бөлікке бөлсек, синтез сол бөліктерді, қасиеттерді, қатынастарды, біртұтас қылады. Синтез педагогикалық құбылыстын барлық бөліктерін бірге, біркелі жүйеде қарастырады. Біртұтастық, мысалы біртұтас оқу құбылысы анализдің бағытын анықтайды.
Ғылыми педагогикалық зерттеуде талдаудың бірнеше түрлері қолданылады:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет