Дәріс №5. Тақырыбы: Қоңыжай белдеудің далалық табиғат зонасы. Жоспар



бет1/4
Дата18.05.2020
өлшемі47 Kb.
#69361
  1   2   3   4
Байланысты:
5 лекция дала зонасы


Дәріс №5.

Тақырыбы: Қоңыжай белдеудің далалық табиғат зонасы.

Жоспар:

  1. Далалық табиғат зонасының физикалық-географиялық сипаттамасы.

  2. Батыс Сібір ойпаты, Орал және Торғай үстірттері.

  3. Далалық табиғат зонасының халық шаруашылығындағы маңызы.


1. Дала зонасы орманды даланың оңтүстігінде республика жер көлемінің 20 пайызынан астамын алып жатыр. Дала зонасына Батыс Сібір ойпатының оңтүстік шеті, Торғай үстіртінің солтүстігі, Мұңалжар бүтіндей дерлік, Жалпы Сырттың етегі, Каспий бойы ойпатының солтүстік шеті, Сарыарқаның солтүстігі және орталығының біраз бөлігі кіреді. Бұл зона екі зонаға бөлінеді: 1) оңтүстік (гумусі аз) қара топырақты, бозды әр-түрлі шөпті дала, 2) қоңыр-каштан топырақты, бозды-бетегелі дала.

Бозды әр-түрлі шөпті дала дала зонасының солтүстік жартысын алып жатады. Мұнда алдыңғы зонаға қарағанда климат өте континентті келеді. Орташа жылдық атмосфералық жауын-шашынның мөлшері 250-300 мм, жазы біршама ыстық, шілдедегі орташа температурасы 20-220. Қысы қатты.

Далада қара және қоңыр сарғылт топырақ тараған. Ойыс жерлерде, әсіресе қазан шұңқырларда, тұзды топырақтар кездеседі. Тұздану үлкен ала-құлалықты тудырады. Атмосфералық жауын-шашынның азая беруіне, буланудың көбеюіне және температура амплитудасының өсе беруіне байланысты сортаңдар оңтүстікке және шығысқа қарай арта береді.

Өсімдік жамылғысы әр түрлі шөпті-дақылды формациядан құралады. Дала зонасы шөп өсімдіктеріне бай, мұнда боз, бетеге, атқонақ, еркек шөп, кермек (қаңбақ) басым.

Ойпаңдарда және ылғалды жерлерде мынадай өсімдіктер тараған: жатаған жоңышқа, Сібір анары, жібек тәріздес жусан, дала қарабасы.

Бозды-бетегелі дала дала зонасының оңтүстік бөлігін алып жатады. Мұнда климат анағұрлым құрғақ. Сондықтан бұл зонаны кейде құрғақ дала деп те атайды. Оның көпшілік жерінде жылына 250-275 мм ғана жауын-шашын түседі. Жауын-шашынның максимумы алдыңғы зонаға қарағанда ертерек түседі. шілдедегі орташа температура 22-240 , қысы қатал, қары аз болады.

Топырақ жамылғысы қоңыр-каштан топырақ, гумус горизонтының қалыңдығы 35-45 см. Бұл топырақтардың карбонаттылығы жоғары. Ойпаңдар мен ылғалды жерлерде олар бірсыпыра тұзды болып келеді де сортаңдар мен және сорман кезектесіп отырады. Сортаңды жерлер тыңайтқыш қолдануды қажет етеді.

Өсімдік жамылғысы негізінен бозды-бетегелі формациядан тұрады, олар: шашақты боз, жіңішке жапырақты боз, бетеге және сұлы өлеңшөп, бандалы т.б.

Дала өсімдіктерінің ішінде шай қурай, шай шөп, түйін шөп, итмұрын сияқты дәрі-дәрмектік өсімдіктер де өседі.

Даланың жануарлар дүниесі өз алдына ерекше. Далада ашық кеңістікте өмір сүруге бейімделген әр түрлі жануарлар өмір сүреді. Олардың түстері өмір сүретін жерінің түсіне ұқсас және олар жылдам жүгіреді немесе тез ұшады, жылдың қолайсыз мезгілінде ұзақ ұйқыға кетеді.

Дала сүт қоректілеріне саршұнақ, қосаяқ, суыр, сасықкүзен, дала тышқандары жатады. Бұл кеміргіштер егінге көп зиян келтіреді. Саршұнақтар ін қазып топырағын сыртқа шығарып, үйіп тастап, жер бетін өзгертіп қалың төмпешіктер пайда етеді. Ең ірі деген жануарлардан борсық, қасқыр, түлкі, тұяқтылардан бұрын үйір-үйір болып жүрген бөкендер кездеседі.

Құстардан дуадақ, безгелдек, көптеген дала торғайлары, тырна, балшықшы, боз торғайлар бар. Жыртқыш құстардан дала бүркіті мен құладыны, кезқұйрық кездеседі.


2. Қазақстанның аз ғана қиыр солтүстік бөлігін Батыс Сібір жазығы алып жатыр. Солтүстік Қазақ жазығы Орал тауларынан Алтай тауына дейін ені 200-250км, Ертіс бойында 300км-ге дейін, 1400км ұзындықта жіңішке белдеу түрінде созылып жатыр. Ол оңтүстіктен солтүстікке қарай ылдилай береді. Оңтүстігінде көтеріңкі Сарыарқа жазығымен шектеседі. Территория батысында Орал тауы, оңтүстікке қарай ашық болуы оның климатының,табиғат кешенінің ерекшелігін анықтайды.

Солтүстік Қазақ жазығының оңтүстіктен солтүстікке қарай еңіс келеді. Жазықтың оңтүстіктегі биіктігі 200м, солтүстігінде-100м.

Солтүстік Қазақ жазығының Қазақстандық бөлігі палеозойдың қатпарлы-жақпарлы тұғырының үстінде жатқан палеогеннің теңіз және неогеннің континенттік шөгінділерінен тұрады. Кайназой эрасында теңіз тартылып, қазіргі жер бедері қалыптасқан. Жер бедері біркелкі тегіс. Өзендері сирек. Сондықтан да көп тілімделмеген. Ондаған тұйық қазаншұнқырлар ғана ұшырасады. Олардың көбін тұзды көлдер алып жатыр.Кей жерлерде биіктігі 10-15м-ге көтерілетін жалдар кездеседі.Солтүстік Қазақ жазығының жер бедері біркелкі. Онда биік төбелер мен қыраттар кездеспейді. Жазықтың абсолюттік биіктігі оңтүстігінде 180м-ден солтүстігінде 120м-ге дейін аласарады. Тек кей жеолерде ғана солтүстік-шығыс бағытта аласа жалдар мен жондар бар. Олардың арасындағы жайпақ ойыстарда ұсақ көлдер тізбегі байқалады.

Ішкі ерекшеліктеріне сәйкес Солтүстік Қазақ жазығының Қазақстандық уданы төрт ауданға бөлінеді. Олар:





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет