Дәріс 9 Өндірістік шу. Оның адам ағзасына зиянды әсер етуі. Шудың деңгейін нормалау және бақылау., жарықтандыру түрлері, нормалау. Шу деп әртүрлі күштер мен жиіліктері бар дыбыстардың кездейсоқ тоғысуын айтады. Шудың ұзақ уақыт әсер етуі орталық жүйке жүйесі мен есту катализаторын зақымдайды, ендогендік жүйенің қызметіне өзгерістер енгізеді, сонымен қатар адамның еңбек қабілеттерін төмендетіп, жарақаттар мен кәсіби аурудың себептерінің бірі болып есептелінеді.
Шу - кең таралған сыртқы орта факторының бірі болып саналады, ол адам ағзасынына кері әсерін тигізеді. Шудың адам ағзасына әсер ететіні оның спектрі мен дәрежесіне байланысты, оларға 80 дБ дәрежелі шу дұрыс сөйлеуге кедергі келтіреді, жұмыс қабілетін төмендетіп, дұрыс демалуға кедергі болады; 100-120 дБ дәрежедегі шу төменгі нақтылық пен 80-90 дБ орта және жоғары нақтылықта белгісіз өзгерістер мен есту қабілетін төмендетуге әкеліп соғады. Және болашақта үшқұлақтықтың дамуына әкелуі мүмкін, 120-140 дБ дәрежелі шу есту қабілетінің механикалық кедергіге әкелуі мүмкін.
Барлық шулар санитарлық норма бойынша жиілік құрамына – шу спекторына байланысты 3 топқа бөлінеді:
1-ші класс –төменгі жиілікті шулар, 400Гц. Соғылатын бөлшектері жоқ, жәй жүрісті агрегаттар мен механизмдердің шулары.
2-ші класс – орташа жиілікті шулар, 400-1000Гц, дөңгеленіп қозғалатын агрегаттар мен машиналардың шулары.
3-ші класс – орташа жиілікті шулар – 1000Гц-тен жоғары шулар.
Шулар шығу тегіне байланысты екі топқа бөлінеді:
1) Аэродинамикалық
2) Механикалық.
Шумен күресудің әдістері мен құралдары:
- шуды пайда болу көзінде төмендету;
- шуды таралу жолында төмендету;
- шудан қорғайтын жеке қорғау құралдары.
Таралу жолында шуды төмендету үшін екі қағида қолданылады: кеңістіктегі дыбыстың тынышталуын қамтамасыз ететін, ара қашықтықпен қорғау, дыбыстың шағылысуын қамтамасыз ететін құрылғыларды тарату жолындағы орнату.
Шулы жұмыс жүргізілетін бөлмедегі шу басқа тыныш бөлмелерге жетпеу үшін биіктігі 2-4 м болатын арнайы акустикалық экрандар қолданады. Бұл кезде дыбыс жұтылушылық қабаттың экрандағы қалыңдығы 50-60 мм кем болмауы тиіс. Экранның акустикалық эффекті толқындар бөлшектеніп қана кіретін көлеңке облысының құрылуына негізделген. Экран екі жағынан дыбыс сіңіретін (әйнек және базальтті талшықтардың жұқа қабаттары, минералды тақталар және т.б.) матариалдармен қапталу керек.
Экрандардан басқа аса шулы машиналарды, механизмдерді, агрегаттарды жабатын дыбыс оқшаулағыш бүркеніштерді, кабиналарды қолдануға болады. Олар коммуникация өту үшін қараушы терезелерімен, саңылауларымен алмалы-салмалы немесе ағытылмалы болады. Бүркенішті орнатқанда, шудың спектрлік құрамын есепке алу керек. Бүркенішті шуды басатын материалмен жабады.
Өндіріс орындарында шу деңгейін азайтатын қоршаулар болуы керек. Дыбыс изоляциясынан бір орыннан келесісіне немесе сол орында шуды таратуға жол беретін арнайы құрылыс қондырғыларын – қоршауларды (қабырғалар, ара қабырға, каптамалар және т.б. түрінде) құруды түсіну керек. Бәрінен де жиірек оларды дайындау үшін бетон, кірпіш, керамикалық аспаларды 100-ден 1000 кг/м3 дейінгі тығыздықпен қолданады.
Қоршамалы құрастыруда саңылаулардың, тесіктердің, қысаңдардың бар болуынан қашуға тура келгендіктен дыбыс оқшаулағыш бәсеңдейді. Дыбыс оқшаулағыш қоршамалардың тиімділігін күрт төмендететін дірілдеткіш бөлшектермен дыбыс оқшаулағыш құрастырмалардың бір-біріне тиюіне жол бермеу керек.
Шу шығаратын қондырғылардың эксплуатациясына әсер етпейтін жағдайда арнайы дыбыс сіңіретін қаптамалармен қаптайды
Сонымен қатар жұмысшыларды шудан қорғайтын жеке қорғау құралдары ретінде: вкладыштар – жұмсақ талшықты тампондар, конус тәрізді қатты вкладыштар, наушниктер, шлемдер қолданылады.