Нерв. Құрылысы мен қалпына келуі



Дата01.03.2023
өлшемі40,12 Kb.
#170711
түріҚұрамы
Байланысты:
гиста полный
Ибрагимова Мерей 3003ом, Сая презентация днк мырыш рөлі, МВС. АНАТ, 119731 2, $ =G ›07 1 B , 184172, АЛИНА, klinich-prot2015-aip-smp-gs, Сфо 1-001 пбл Жансая Тулебай, Мәдениеттану- ГТХ1, Арс и Бурта бизнесмены, Дәріс 7 фармация ФГЗЭфирмайлары, Микро толқынды активтендіру жағдайында гуанинді дайындау, Компьютерлік желілер ж не а паратты ауіпсіздік п ні бойынша те, Бұлшық ет ұлпасы

Нерв. Құрылысы мен қалпына келуі.
Жүйке дәнекер тінді қабықша мен миелинді және миелинсіз талшықтардан тұрады. Жүйкені көлденең кесетін болсақ, осьтік цилиндрлер мен глиалдық қыбықшаны көре аламыз. Жүйке бағанының құрамында борпылдақ дәнекер тіннің жұқа қабықшасы – эндоневрий бар. Жүйке талшықтары шоғырын – периневрий қаптайды. Периневрийдің сыртында қантамырлары бар дәнекер тін бар. Жүйке бағанының сыртын – эпиневрий қаптайды. Эпиневрийде фибробласттар, май жасушалары, макрофагтар көптеп орналасқан. Және көптеген қантамырлары кіреді.
Нейроциттер тармақталады. Тарайтын өсінділеріне қарай топтарға бөлінеді.
Егер нейрон денесінен көптеген өсінді тараса ол – мультиполярлы деп аталады. Егер бір өсінді шығып, кейін екіге бөлінсе – жалған униполярлы деп аталады. Бір ғана өсіндісі болса – униполярлы. Екі өсінді болса – биполярлы болады. Өсінділер ұзындықтары бірнеше мкм-ден 1,5 метрге дейін жетеді. Ең ірі нейрон – Бец жасушалары, ми қыртысының сұр затында орналасқан. Нейрон пішіндері: алмұрт, жұлдыз тәр, себет, пирамида тәр.
Қалыпқа келуі: жүйке тіні қалыпқа келу қабілеті тым төмен. Ол ОЖЖ жүрмейді. Онда микроглия көмегімен зақымданған жер тазартылады. Регенерацияны Шванн жасушалары атқарады. Миелинді талшықтардың қалыпқа келуі төмен.
Жұлын түйіні.
Жұлын түйіні дәнекер тінді капсуламен қапталады. Капсуладан ішке қарай дәнекер тіннің жұқа қабаттары өтеді. Құрамында қантамырлар болады. Жұлын түйінінің жасушаларының пішіні алмұрт немесе дөңгелек тәр болады. Олар негізінде топтанып, мүшенің шетінде орналасады. Ал отралығында осы нейрондардың өсінділері орналасады. Аксондар жиынтығы импульсті жұлынның сұр затына және сопақша миға өткізеді. Адамдардың жұлын түйінінде даму барысында биполярлы нейрондар жалғануниполярлы болын қалыптасады. Түйін құрамында аксондары нейролеммоциттерден тұратын қабықшамен қапталады. Ал денелері глялық жасушалардың қабатымен қапталған. Олар ганглионарлық глиоциттер деп аталады.
Жұлын түйіні нейрондары гетероморфты. Ішінде ауырсыну мен температураны сезетін кіші нейрондар бар, үлкен нейрондар проприорецепцияға, аралық нейрондар тактильді сезімге жауапты.

Морфофункцияналдық сипаттамасы.


Жұлын дегеніміз екі симметрлиялы бөліктерден құралған, бір бірінен негізгі айырмашылығына келер болсақ, алдынан терең алдыңғы саңылаумен,артынан дәнекер тіннен түзілген тосқауылмен бөлінген.. Жұлынды құрайтын негізгі бөліктері: орталық канал, сұр зат және ақ заты.
Сұр заттың орналасуы: жұлынның көлденең кесіндісінде Н әрпі сияқты немесе көбелек тәрізді.
Сұр заттың шығыңқы жері:жұлынның мүйіздері.
Жұлынның дамуы кезінде пайда болады:жүйке түтікшесінен Рексед табақшаларынан нейрондар.
1-5 табақшаларда артқы мүйіздерге сәйкес
6-7 аралық аймаққа
8-9 алдыңғы мүйіздерге
10 орталық канал аймағы
Табақшаларға бұлай бөлу сұр затының ядролардың орналасуына негізделген құрылымының құралуын толықтырады.
Сұр заты құралады: нейрон денесінен, миелинді және миелинсіз талшықтардан, макроглиядан және микроглиядан ,сонымен қатар қан тамырлардан.
Негізгі айырмашылығы ақ заттан:мультиполярлы нейрондардың болуы.
Ақ зат құралады: бойлай бағытталған гетеропиялық нейроннан, миелин талшықтардан, гемокапиллярлардан және фибриллярлық астроциттерден.
Жұлынның өткізу жолдары: әр түрлі бөліктердің араларындағы байланысты құрау.
Нейрондар.
Қызметі, құрылысы және көлемі ұқсас жасушалардың сұр затта топтасып орналуы жұлынның ядроларын құрайды.
Нейронның ішіндегі жасушалар:ішкі жасушалар, түбіршектік жасушалар, шоғырлы жасушалар.
Артқы мүйіз ажыратады: кеуекті қабатты, желатинозды затты, артқы мүйіздің меншікті ядросын, кеуделік ядроны.
Торлы құрылым дегеніміз: бүйірлік және артқы мүйіздердің араларында сұр зат ақ затқа ене бастауы.
Артқы мүйіздің ішінде ерекше зат студень тәрізді зат болады, ол 1-4 табақшаларда жұлынның бойымен үздіксіз созылады.
Жұлынның 3 қабықтарын ажыратамыз:
Қатты қабық; торлы қабық; жұмсақ қабық.
Торлы қабық тереңдеу, жұқа және тамырсыз дәнекер борпылдақ талшықты жапырақшадан тұрады.Ал жұмсақ қабығы ми затына жанасып жатады, ол да қатты қабық секілді талшықты дәнекер тіннен тұрады , айырмашылығы құрамында қан тамырлары болады. Барлығыда футляр секілді жұлынды жауып тұрады.
Омыртқа өзегінің қатты қабығы мен жұмсақ қабығы арасында эпидуральді кеңістікті ажыратамыз. Бұл кеңістіктің құрамында шелмай тіні мен венозды өрімдер бар.Қатты және торлы қабықтың арасында субдуралды кеңістік жатады. Жұқа мен торлы қабықтың арасында торлы қабық асты кеңістігі толып тұрады.Ол жұлынды тікелей жауып тұратын кеңістік болып есептеледі.
Жұлынның глиоциттері.
Жұлын каналын қаптайды:эпендимоциттер.
Пішіні:цилиндр тәрізді жасушалар.
Апикальды бөліктерінде кездеседі: микробүрлері және кірпікшелері.
Микроглия жұлынға ішіне қан тамырлар өсуі өте бастағанда түседі. Сұр және ақ затта таралады.
Микроглия өте ұсақ , орталық жүйке жүйесінде аз кездеседі шамамен 3%.

Жұлынның құрамында қозғалтқыш және сезімтал талшықтар бары бізге белгілі. Сондықтан жұлын жүйкелерін қызметі жағынан аралас жүйкелерге жатқызамыз.

Жұлын дамуы.
Нейруляция сатысында жүйке пластинкасының жасушаларының үздіксіз көбеюінің нәтижесінде жасушалар цилиндр пішінді болады да, пластинканың шеттері жоғары көтеріледі. Олар түйісіп, жүйке түтігін түзеді. Түтіктің төменгі жағында хорда пайда болады. Ал шеткі жоғарғы жағынан 2 ганглиозды пластинкалар түзіледі. Одан перифериялық жүйке жүйесі дамиды. Дамудыдың 3 аптаның соңында жүйке түтігінің растралды шеті көпіршікке айналады. Одан ми түзіледі. Каудалды шеті жұлынға бастау береді. 2-айда миеленцефалоннан жұлын дамиды.
4,5 айда ұрықтың алғашқы қозғалысы болады. Бұл жұлынның төменгі бөлігінің жұмысын көрсетеді. Кейін қолдың қозғалысы байқалады. Құрсақ ішілік кезеңнің соңына қарай баспен қозғалыс болады. Бұл жұлынның калыптасуының аяқталуы. Нәресте жұлыны 14 см болады. 2 жаста – 20 см, 10 жаста – 28 см болады(2 еселенеді). Жұлын ұзындығы адам ұзындығына пропорционал. Бастапқы кезде ақ зат көп болады, бірақ кейін сұр зат тез өсе бастайды.
Алғашқы 1 жаста кеуде бөлімі тез өседі да, бел бөлімі жай өседі.
Баланың жұлынында қыртыстар ересектерге қарағанда көп. Кейін кейбіреулері тереңдейді, кейбіреулері жойылады. Баланың орталық өзегі үлкендеу болады.
Жұлынның постнатальды дамуы аса күрделі емес. Себебі эибриогенездің соңына қарай жұлынның жасушалары мектепке баратын баланікінен айырмашылығы жоқ. Есейгенде жасушалар тек үлкендейді.

Жұлынның сезімтал және қимылдатқыш жолдары.


Сигнал рецепторлар арқылы қабылданып, жалғануниполярлы жасушалардың бір өсіндісі арқылы жалғасып, жұлын ганглиеніне барады. Кейін жалғануниполярлы жасушаның екінші өсіндісі арқылы артқы мүйізге, сезімтал аймаққа келеді. Онда ендірме жасушалыры орналасы. Бұл аймақ сезімтал деп аталғанымен, сезімтал ядролары бұл жерде орналаспайды. Одан кейін алдыңғы мүйізге, қозғалтқыш аймаққа барады. Бұнда мотонейрондар орналасады. Оның аксондары алдыңғы аяқшалары арқылы әсер етуші мүшеге барады.

Бас миы


Бас миында негізгі құрамды бөліктері сұр және ақ заты. Бірақ мұндағы құрамдық бөліктерінің бөлінуі жұлынға қарағанда аса күрделі болып есептеледі.
Сұр заттың көп бөлігі мишықта және үлкен мидың үстіңгі беткейінде орналасып, олардың қыртысын түзеді.Ал азғантай бөлігі ми сабауының көптеген ядроларын құрайды. Кез келген ядро жүйкелік орталық болып есептеледі, ол жерде жүйкелік импульстер ауыстырылып, сонымен қатар сапалық өзгерістері өтеді.
Ядролар пайда болады: жасушалардың миграциясының және байланыстардың түзілуінің нәтижесінде.
Ядроның құрамындағы әр нейрон бір уақытта көптеген жасушаларға сигнал жіберіп , өзі де сол уақытта мәліметтерді қабылдай алады.
Ядроларды жүйеге біріктіру өткізу жолдары арқылы іске асады. Қимылдатқыш, сезімтал, нейроэндокриндік белсенділікті реттеп, ұйқы мен белсенділікті ,сонымен қатар көптеген физиологиялық қызметтерді басқарады.
Үлкен ми жарты шарларының жалпы морфофункционалдық сипаттамасы
Үлкен ми қыртысы стриатуммен бірге, алдыңғы ми көпіршігінің дорсалды бөлігінен дамитын соңғы мидың бөлігіне жатады.
Эмбриогенездік дамудың бірінші айының соңында соңғы мидың негізгі бөліктері пайда болады, жүлгелер мен қатпарлары түзіледі.
Эмбриогенездік даму соңғы мидың вентрикулярлық герминативті аймағынан басталады. 7-8аптада табақша алды құрылымынан үстінен астынан қарай аздифференцияланған нейрондардың орын ауыстыруы нәтижесінен, беткейлік кортикалды табақша түзіледі. Нейрондардың негізгі қызметі қыртыстың екі алты қабатын түзеу. Нейрондардың орын ауыстыру екі түрлі жолмен жүреді.
Адам дамуының он бесінші жиырмасыншы аптада глиобласттардың және нейробласттардың генерация процесі жүреді. Алғашқы қатпарлары пайда болады, одан кейінгілері жиырма бесінші және отызыншы аптада түзіледі. Бұл процесс эмбриогенездің көптеген кезеңдерінде жасушалар түзілуі бойынша жүреді. Аймақтардың әрбірінде тізбектелетін нейрондардың колонка түрінде пайда болуы өтеді.
Эмбриогенездік дамуда нейрон топтарының қалыптасу уақытын анықтауға радиозотопты әдіс қолданылады.
Құрылысы:
Үлкен ми қыртысы:
Қалыңдығы үш мм (сұр заттың қабатынан тұрады)
Жақсы дамыған аймағы:алдыңғы орталық қатпар,осы жердегі қалыңдығы бес мм.
Бас миының сұр затының ауданын үлкейтеді:жүлгелер мен қатпарлар
Қыртыстағы жүйке жасушалар саны:10-14 млрд.
Алаң дегеніміз:жасушалардың құрылысының ерекшеліктерімен, талшықтардың орналасуымен және қызметтік маңызымен айқындалатын әр түрлі аймақтар.
Аймақтардың арасында нақты шекара болмайды.
Қыртысқа тән ерекшелік: талшықтар мен жасушалардың табақшалық орналасуы.

Үлкен ми жартышарларының нейрондық құралуы.


Қыртыстың нейрондарының барлығы мультиполярлы. Пішініне қарай 2 топқа айырады: пирамидалық және пирамидалық емес. Пирамидалық емеске жұлдыз тәрізді және ұршық тәрізді нейрондар жатады.
Пирамидалық жасушалар барлық нейрондардың 90 % алады. Көлемі 10-150мкм. Пішіні ұшбұрыш. Жоғарғы жағынан ұзын апикальды дендрит шығып тұрады, Т-тәрізді тармақталады. Бүйір жағынан жиырмаға дейін дендриттер шығып тұрады. Бұл нейрондардың басқа нейрондармен синапс түзетін тікенектер бар. Дененің төменгі жағынан аксон шығады, төмен қыртыстың басқа бөлігіне барады.
Жұлдыз тәрізі нейрондар барлық қабатта кездеседі. Пішіні әртүрлі. Көлемі кішілеу. Өсінділері қысқа, көп тармақталады. Бұл жасушалардың көбісі тежегіш қызмет атқарады. Екінші бөлігі пирамидалық жасушаларға қоздырушы әсер етеді. Ұршық тәрізді нейрондардарда ұзын аксонадар бар, олар бойлай немесе тігінен орналасады.
Цито- және миелоархитектоникасы
Цитоархитектоника
Ми қыртысының көпполярлы нейрондары пішіні бойынша өте алуан түрлі. Олардың ішінде:пирамидалық,жұлдызды,фузиформа (веретенообразные),өрмекшітәрізділер,көлденең.
Пирамидалық нейрондар ми қыртысының негізгі және ең ерекше формасын құрайды (барлық нейрондардың 80-90%). Олардың өлшемдері 10-нан 140 микронға дейін өзгереді. Олардың ұзынша үшбұрышты денесі бар, оның ұшы қыртыстың бетіне қараған. Дендриттер дененің шыңы мен бүйір беттерінен таралып, сұр заттың әртүрлі қабаттарымен аяқталады. Аксондар пирамидалық жасушалардың негізінде пайда болады, кейбір жасушаларда олар қысқа, қыртыстың белгілі бір аймағында тармақтар түзеді, басқаларында ақ затқа енетін ұзын болып табылады.Кортекстің әртүрлі қабаттарының пирамидалық жасушалары мөлшері бойынша ерекшеленеді және әртүрлі функционалдық маңыздылыққа ие. Кішкентай жасушалар - аксондары бір жарты шардың қыртысының жекелеген бөліктерін (ассоциативті нейрондар) немесе екі жарты шарды (комиссуралық нейрондар) байланыстыратын интеркалярлық нейрондар. Бұл жасушалар қыртыстың барлық қабаттарында әртүрлі мөлшерде кездеседі. Адамның ми қыртысы оларға әсіресе бай. Үлкен пирамидалық нейрондардың аксондары ми бағанасы мен жұлынның сәйкес орталықтарына импульстарды жіберетін пирамидалық жолдардың түзілуіне қатысады.Кортекстің нейрондары анық емес шектелген қабаттарда орналасқан. Әрбір қабат жасушаның кез келген бір түрінің басым болуымен сипатталады. Қозғалтқыш қыртысында 6 негізгі қабат бар:молекулалық ,Сыртқы түйіршікті ,Пирамидалық нейрондар,Ішкі түйіршікті,Ганглиондық (Бетц жасуша қабаты),Көп пішінді (полиморфты) жасушалар қабаты.Ми қыртысында сонымен қатар трофикалық, қорғаныштық, тірек және шектеу функцияларын орындайтын қуатты нейроглиальды аппарат бар .Жарты шарлардың медиальды және төменгі беттерінде екі қабатты және үш қабатты құрылымы бар ескі, ежелгі жер қыртысының бөлімдері сақталған.
6 қабаты ажыратылады:

  1. Молекулалық

Ең сыртқы қабат. Жұмсақ ми қыртысының астында орналасады. Ұсақ нейрондардан тұрады. Ұршық тәрізді ендірме жасушалар анықталған: Рамон және Кахаль.

  1. Сыртқы түйіршікті

Көптеген пирамидалық және жұлдыз тәрізді жасушалардан құралған.

  1. Пирамидалық

Ірі пирамидалық жасушалардан тұрады. бірақ пирамидалық еместері де кездеседі.

  1. Ішкі түйіршікті

Кіші пирамидалық және жұлдызды жасушалардан құралған.

  1. Ганглионарлық

Ұлкен пирамидалық жасушалар орналасқан. Сондықтан ең жақсы ажыратылатын қабат.

  1. Полиморфты жасушалар

Ұршық пішінді, пирамидалық және жұлдызды жасушалар болады. Махтиготти – кері бағытталған жасушалар кездеседі.

Қыртыстың қызметіне қарай қабаттар дамуы әртүрлі. Соган орай 2 топқа бөледі: гранулярлы және агронулярлы.


Агронулярлыға 3,5,6 қабат жатады. Моторлы аймақтарға тән.
Гранулярлыға 2,4 қабат жатады. Сезімтал аймақтарға тән.

Миелоархитектоникасы


Үлкен ми жарты шарлары қыртысының жүйке талшықтары арасында проекциялық талшықтарды ажыратамыз. Олардың қызметі: бір жарты шардың жеке аймақтарын бір бірімен байланыстыратын ассоциативті, ал қарама қарсы жартышарларды бір бірімен байланыстыратын коммиссуралды болатын қыртысты орталық жүйке жүйесінің төменгі бөліктері ядроларымен байланыстыру.Қыртыста радиалды бағыт алатын сәулелерді түзеп, пирамидалық қабатта аяқталады. Үлкен ми сыңарларының қыртысында нейроглиалдық аппарат болады. Олардың қызметі : қорғаныш, тірек, шекаралық және трофикалық.
Үлкен ми жартышарларының жастық ерекшеліктері.
Ұрық дамуының 4-айына дейін ми қыртыссыз, тегіс болып келеді. 5-айдан бастап бастап ірі қыртыстар түзіледі. Туар алдында ересек адамның миына ұқсас болады. Тек пішіні мен көлемі өзгешеленеді. Баланың ми қыртысы ересектерге қарағанда жұқа болады. Талшықтардың миелинденуі 3 жасқа келгенде аяқталады. Кейін ассоциативті талшықтардың санының өсуі мен жаңа байланыстардың пайда болуы жүреді. Ең бірінші сезімтал және моторлы қыртыс 3 жаста жетіледі. Ал есту және көру қыртысы жәй дамиды. Ассоциативті қыртыстың жетілуінің шарықтау шегі 7 жастан пубертаттық кезеңге дейін жүреді. Қыртысты-қыртыс асты байланыс дамиды.
Шамамен 75 жасқа келгенде мидың салмағы 6% дейін төмендейді. 55 жастан кейін әр жыл сайын 1,5% нейронға азаяды. Қартайған сайын мидың функционалдық қабілеті төмендейді, әсіресе күш түскенде. Синапс саны азаяды, медиатор бөлінуі төмендейді. Соның әсерінен импульс берілуі баяулайды.
Мишық.Құрылысы мен қызметтік сипаттамасы.
Бас миын қарастырған уақытта негізгі үш бөлікке бөліп қарастырған болатынбыз. 1)Ми бағанасы; 2)Мишық; 3)Үлкен ми сыңарлары.
Мишыққа тоқталар болсақ, ол қимыл қозғалысқа жауап береді. Ол ми сабауының эфферентті және афферентті өткізу жолдарымен байланысты. Сөйтіп олар жинала келе, мишықтың үш жұп аяқшасын түзейді. Мишық ми сабауымен және үлкен ми қыртысымен байланысы. Соның нәтижесінде олар мишыққа зейінге, ұзақ уақыт есте сақтауға, мидың сөйлеіне мүмкіндік береді. Мишықтың аудынын едәуір ұлғайтады:иірімдер мен қатпарлар.Олар «өмір ағашы » көрінісін береді.Мишық қыртысын оның сұр затының негізгі бөлігі құрайды. Ал ақ заты орталық ядро түрінде тереңде орналасады. Әрбір қатпар ортасында ақ зат , ал оның сыртын сұр зат қаптайды.
Мишықтың қыртысының нейрондық құрамы, нейронаралық байланыстары.
Мишық қыртысының 3 қабатын ажыратады:
Сыртқы-молекулалық
Ортаңғы-алмұрт тәрізі нейрондар
Ішкі- түйіршікті
Алмұрт тәр нейрондардың аксоны денесінен шығып, түйіршікті қабат арқылы ақ затқа өтеді. Бұл нейрондар тек бір қабат болып орналасады. Және бір ғана жазықтықта жатады, сондықтан бойлай немесе көлденең кесіндісінде олардың пішіндері басқаша болып көрінеді. Алмұрт тәр нейрондардан басқа шығардан-жасуша және Пенза жасушалары бар. Шығардан-жасушалар тежеуші әсер етеді, Пенза жасушалары түйіршіктерге әсер етеді. Шығардын жасушаларда тежеуіш ГАМК-ергиялық интернейрондық байланыс болады.
Молекулалық қабатта 2 негізгі нейрондар бар: себет тәрізді және жұлдыз тәрізді. Қабат тереңінде ең ірі себет тәр нейрондар орналасады, ал жоғарыда ұсақ. Бір себет тәр жасуша 250 алмұрт тәр жасушаларымен байланысады. Бір алмұрт тәр жасушасына шамамен 20-30 себет тәр жасушаның аксондары келеді.
Себет тәр нейрондардан жоғары жұлдызды нейрондар орналасады. Жұлдызды нейрондар алмұрт тәр нейрондармен синапс құрайды.
Түйіршікті қабатта жасушалардың бірінші түріне жататын түйіршікті нейрондар орналасады. Аксондары молекулалық қабатқа дейін жетеді. Т-тәрізді екі тармаққа бөлінеді. Басқа нейрондармен синапс құрайды. Екінші түріне Гольджи жасушалары жатады. Оның қысқы және ұзын аксонды түрлерін ажыратады. Түйіршікті жасушалармен тежегіш ГАМК-ергиялық синапс құрайды. Үшінші түріне ірі мультиполярлы нейрондар- Лугаро жасушалары жатады. Ол пуркинье жасушаларының қабатының астында орналасады. Ол көптеген тежегіш ГАМК-глицинергиялық синапстарды себет және жұлдыз тәр нейрон дендриттерімен құрайды. Және Гольджи жасушаларының апикальды дендриттерімен де синапс құрайды. Бұл жасушаны үндемес жасуша деп атайды. Себебі ол тек серотонин келген кезде ғана белсенді болады. Түйіршікті қабатта униполярлы шашақты нейрондар бар. Олардың көлемі ұсақ, бір ғана дендриті болады.
Көру мүшесі
Көз көру анализаторының шеткері бөлігі, нейросенсорлық жасушалары рецепторлық қызмет атқарады.
Дамуы
Әр түрлі эмбрионалдық бастамада дамиды. Көздің торлы қабықшасы мен көру жүйкесі жүйке түтікшесінен қалыптасады, көз көпіршікшелері түрінде.
Көз көпіршікшелерінің алдыңғы бөлігі қуыстың ішкі жағына қарай иіледі, нәтижесінде қабырғасы екі қабатты көз бокалы пішініне ие болады. Көз бокалы тесігіне қарама қарсы орналасқын эктодерма бөлігі қалыңдап, көз бұршағына айналады. Бұл өзгерістер дифференцировка индукторларының ықпалына өз әсерлерін тигізеді. Бастапқыда көз бұршағы көпіршік қуыс түрінде болады. Одан кейін эпителийлік жасушалары ұзарады, көз бұршағының талшықтарына айналып, көпіршіктің қуысын толтырады. Даму барысы кезінде көз бокалының ішкі қабырғасы торлы қабықшаға, ал сыртқы қабаты сол торлы қабықшаның пигменттік қабатына айналады. Эмбриогенездік дамудың 4 ші аптасында көздің торлы қабықшасының бастамасы аздифференцияланған жасушалардан тұрады. Бесінші аптасында торлы қабықша өзіндік екі қабатқа бөлінеді:сыртқы және ішкі. Сыртқысы ядролық қабат, ал ішкісі ядросы жоқ қабат. Сыртқы қабат матрикстік аймақ қызметін атқарады . Алтыншы апта басында матрикстік аймақтан нейробласттар көше бастайды. Үшінші айдың соңына қарай ганглионозды нейрондар қабаты анықталады.Торлы қабықшада ең соңы болып сыртқы ядролық қабат дамиды. Ол таяқшалы және сауытшалы(құтыша) нейрондардан тұрады. Бұл процестердің барлығы бала туылар алдын өтеді.
Торлы қабықшада ганглиозды мультиполярлы нейрондардың аксондары пайда болады.Олар көз бокалының сабағын тесіп өтеді. Қызметі: миға бағыт алатын көз жүйкесін қалыптасыру. Көз бакалын қоршап жасткан мезенхимадан дамиды:склера және тамырлы қабықша. Одан әрі көздің мөлдір қабықшасына ұласады. Тамырлар мен мезенхима шыны тәрізді дененің және нұрлы қабықтың түзілуіне қатысады. Нұрлы қабықшасының екі бұлшықеті даму негізі бойынша қарастырсақ нейралды болып келеді.
Көз алмасының негізгі қызметтік аппаратының құрылысы.
Көз алмасы 3 қабықтан тұрады.
Сыртқы қабаты қорғаныштық қызмет атқарады. Оның алдыңғы бөлігі мөлдір қабықша, ал артқы бөлігі мөлдір емес склера алып жатыр.
Ортаңғы қабық зат алмасу қызметін атқарады. Ортаңғы қабық 3 бөліктен тұрады: нұрлы қабық, цилиарлық және меншікті тамырлы бөлік-хородея.
Ішкі қабық немесе торлы қабық көру анализаторлары орналасқан бөлік. Одан алынатын ақпарат қыртыс асты және қыртысты көру орталығына жеткізіледі.
Негізгі көру апппараттары: сәуле сындырғыш, аккомодациялық, рецепторлық.
Склера – фибробласттар мен коллаген талшықтарының шоғыры. Дәнекер тінінен түзілген. Көздің артықы бөлігі ең қалың жері – 1,5 мм, ал алдыңғы жағы жұқарып – 0,6 мм болады.
Көздің сәуле сындыру аппаратына мөлдір қабықша, шыны тәрізді дене, камералық сұйықтық жатады.
Көздің мөлдір қабықшасы склераның көп бөлігін алып жатыр (1/16). Қорғаныштық қызмет атқарады. Сәулені өткізіді, сындырады.
Оның қабатын ажыратады:
- Алдыңғы көпқабатты жазық мүйізденбейтін эпителий
- Алдыңғы шекаралық табақшасы
- Меншікті заты
- Артқы шекаралық табақша
- Артқы эпителий
Алдыңғы камера мөлдір қабықшадан, нұрлы қабықшадан, көз бұршағының алдыңғы капсуласынан тұрады.
Көз бұршағы – екі жағы дөңес мөлдір дене. Ол көздің жақыннан не алыстан көруіне байланысты өзгеріп отырады. Көздің мөлдір қабықшасы мен мөлдір дене көз бұршағы негізінді сәуле сындырушы ортаны құрайды. Ол қалыңдығы - 11-18 мкм болатын капсуламен қапталған. Бұршақ бір жағынан цилиарлы деншікке, екінші жағынан көз бұршағының капсуласына бекінеді. Оның гистофизиологиясын білу жасанды көз бұршағын жасап, катарактадан зардап шеккен науқастарға көмек беруге мүмкіндік береді.
Шыны тәрізді дене – көз бұршағы мен торлы қабықшаның арасын толтырып тұратын, желім тәрізді мөлдір зат. Шеткері аймақтарында тығыздау. Құрамында: гиалоциттер, макрофагтар, лимфоциттер бар.

Көздің аккомодациялық аппараты – көз бұршағының пішінін, сәуле сындыру күшінің өзегуін, жарық қарқынына бейімделуді қамтамасыз етеді. Ол нұрлы қабықтан, кірпікшелі белбеуше мен кірпікшелі денеден тұрады.


Нұрлы қабықша – ортасында көлемі өзгеріп отыратын қарашығы бар диск тәрізді құрылым. Ол тамырлы және торлы қабықшалардың туындысы. Нұрлы қабық диафрагмалық қызметін қарашықты кішірейтетін және кеңейтетін бұлшықеттер арқылы атқарады.
Цилиарлық дене – тамырлы және торлы қабықшалардың туындысы. Қызметі: көз бұршағын бекіту және қисықтығын өзгерту.
Хородея – нейрондардың қоректенуін іске асырады, көз алмасының қысымы мен қызуын реттейді.
Көздің рецепторлық аппараты – торлы қабықшаның көру аймағынан құралады. Ол сыртқы пигменттік қабаттан және нейросенсорлық қабаттан тұрады.
Нейросенсорлық жасушалар: таяқша мен сауытшалар.
Таяқшалар – түнде, қараңғыда, іңірде көруді қамтамасыз етеді.
Сауытшалар – күндізгі жарықта қабылдайды.
Олардың пішіні: ұзын, цилиндр тәрізді. Оларды фоторецептордар деп те атайды. Онда сәулені сіңіруі мен көрудің қозуы жүреді.
Торлы қабықтың сыртқы қабаты пигменттік беткей тінімен жабылған, оның ішінде фусцин деген зат бар. Фусцин – жарықты сіңіріп, шағылысуына, шашырауына кедергі жасайды. Әрбәр фоторецептордың сыртқы (көру пигменті) және ішкі (ядро, митохондриядан) тұрады.
Әркелкі орналасқан. Орталық шұңқырда тек сауытшалар болады. Оны сары дақ деп атайды. Шетке қарай сауытшалар азайып, таяқшалар көбейеді.
Горизонталды жүйкелік жасушалар 1 немесе 2 қабат құрап орналасады. Олардың дендриттері нейросенсорлық жасушалардың аксондарымен байланысады. Ол тежеу эффектісін туғызады.
Биполярлы жүйкелік жасушалар таяқша мен сауытшалармен және ганглиозды нейрондармен байланысады.
Амокринді жасушалар екінші синапстық деңгейде байланыстарды қамтамасыз етеді. Бұларда негізінде аксон болмайды, бірақ кейбіреулерінде аксонға ұқсас ұзын өсінділер байқалады. Синапстары химиялық немесе электрлік болады.
Ганглиозды нейрондар – торлы қабықшаның ең ірі жасушалары. Олар электр сигналдарын өткізуге қабілетті. Цитоплазмасында хромофилді зат жақсы дамыған.
Адам жасына байланысты ерекшеліктері.
Адам жасы келген сайын адамның көру мүмкіншілігі азайя береді. Организмдегі метаболизмнің өзгеруі әсерінен бұлыңғырлану жүреді. Адам қартайған уақытында склерада және мөлдір қабықшада липидтердің орналасуы байқала бастайды және соның нәтижесінде олардың күңгірттенуіне әкеледі. Көз бұршағының икемденуі жойылып, аккомодациялық мүмкіншілігі азаяды. Склероздық үдерістер тіндердің, торлы қабықшаның трофикасын бұзады. Ал бұл рецепторлық аппараттың құрылымы мен қызметінің өзгеруіне алып келеді.
Есту мүшесі. Морфофункцияналдық сипаттамасы.
Есту мүшесі адамға оның кеңістіктегі орны мен қозғалысы туралы ақпарат беретін күрделі орган. Ол үш бөлімнен тұрады:сыртқы, ортаңғы және ішкі. Негізгі қызметі: дыбысты қабылдау, беру және діріл энергиясын жүйке импульсіне айналдыру.
Есту мүшесінің құрылысы
Дыбыстар адамды туғаннан қоршап тұрады. Есту мүшесінің 3 бөлігі бар:сыртқы құлақ;ортаңғы құлақ;ішкі құлақ.
Сыртқы құлақ – мүшенің көрінетін бөлігі. Ол құлақшамен және сыртқы есту жолымен ұсынылған. Қабық терімен жабылған воронка тәрізді шеміршек. Оның бетінде әртүрлі түзілімдер бар: шұңқырлар, бұйралар, төбелер. Олар дыбыс сапасын жақсартуға көмектеседі, оны күшейтеді және оны құлақ арнасына бағыттайды.Құлақ бұлшық еттерінің талшықтары қабықшаға бекітіледі. Қабықтың терісінде май және тер бездері бар.
Сыртқы есту ұзындығы 2 см-ден артық, диаметрі 0,7 см.Онда дыбыс сигналы ұлғаюын жалғастырады және ортаңғы құлаққа беріледі. Өткел терімен қапталған. Құлық сарғыш зат. Негізгі қызметі каналды ылғалдандырады және инфекциялық аурулардан сақтау. Жиналған және тығыздалған кезде ол құлақ қалқанының қозғалысын бұзатын тығындарды құрайды. Бұл өткізгіш есту қабілетінің жоғалуына әкелуі мүмкін.
Ортаңғы және ішкі құлақтың құрылымдары самай сүйегінің денесінде орналасқан.Тимпаникалық мембрана - сырты тері, ішкі жағы шырышты қабықпен жабылған жұқа қабық. Кішкентай балаларда оның тесігі бар, соның арқасында ортаңғы құлақ сыртқы ортамен байланыста болады және инфекцияға сезімтал. Ол 3 жаста жабылады.
Ортаңғы құлақ көлемі 1 текше сантиметрден сәл асатын қуыспен ұсынылған. Оның құрамында бір-бірімен тізбекте байланысқан үш кішкентай есту сүйектері бар:балғашық , төс, үзеңгі.Үзеңгі вестибюль терезесіне қосылады. Ортаңғы құлақ та евстахи түтігі арқылы мұрын-жұтқыншақпен жалғасады.
Ішкі құлақ. Ол сүйек лабиринтінен және жарғақты лабиринттен тұрады.

Ішкі құлақтың рецепторлық жазушаларының дамуы, құрылысы мен цитофизиологиясы.


Дамуы. Ұрықтың 3 аптасында ромб тәрізді ми деңгейінде есту плакодалары анықталған. Есту плакодасы мезенхиманың ішіне кіріп, есту шұңқырларын түзеді. Кейін олар толық батып, эктодермадан бөлінеді. Яғни есту көпіршіктері түзіледі. Ол бірінші желбезек саңылауының маңында орналасады. Бір мезгілде есту көпіршігі екіге бөлінеді. Кіреберіс ганглийі және ұлулық ганглий болып. Даму барысында көпіршік пішінін өзгертеді. Ұлу каналы өседі, иірімдері артады, қабырғасы қалыңдайды.
Құрылысы.
Ішкі құлақ ұлулы денеден, кіреберістен және 3 жартылай иірімді каналдардан тұрады. Және сүйекті мен жарғақты лабиринттен тұрады.
Олар өз кезегінде 2,5 айналым жасайды.
Ұлу денесі үшбұрыш пішінді. Оның көлденең кесіндісінде 3 кеңістік көрінеді. Олар өзара мембраналар арқылы бөлінеді: вестибулярлы және базилярлы мембраналар. Екі баспалдақ тұзіледі: вестибулярлы және дабыл баспалдағы. Ал олардың ортасында ұлу жарғақты канал болады. Онда Кортиев мүшесі орналасқан. Ұлу жарғақты каналының сыртқы қабырғасында тамырлы жолақ болады. Ол эндолимфаны түзеді деген пікір бар. Осында эндолимфаның көлемін реттеуге қатсатын гормондар – серотонин, мелатонин, адреналин өндіретін жасушалар анықталған.
Базилярлық мембрананың құрылысы күрделі келеді. Ішкі жағынан лимб 2 ерінге бөлінеді. Жоғарғы – вестибулярлық және төменгі – дабыл еріндеріне. Дабыл ерніне базилярлы табақша бекиді.
Кортиев мүшесінің ортасында туннель орналасады. Оның екі жағында қылшықты жасушалар бар. Олар ішкі және сыртқы деп бөлінеді. Ішкі қылшықты жасушалар 1 қатар бойынша, ішкі тірек эпитеийінде орналасады. Сыртқы қылшықты жасушалар 3-5 қатар болып, сыртқы тірек эпителийінде орналасады. Және осы әр қатардағы қылшықтардың пішіні әркелкі. Шеткісінің пішіні V әрпіне ұқсас болады.
Тіреуші жасушалардан фалангалық өсінді шығып, зонтик тәрізді расширение түзеді. Ол кірпікшелерді денесінен бөліп тұрады. Олар бірігіп, мембарана түзеді. Кортиев мүшесінің астында жүйке жасушаларының дендриттері болады. Олар қосылып, иірімді түйін құрайды.
Гистофизиологиясы.
Дыбыс – ауаның әртүрлі жиіліктегі ауытқуы. Ол дабыл жарғағының колебанияларын тудырады. Дабыл жарғағы дыбыс толқындарын механикалық сигналға айналдырады. Кейін есту сүйекшелері арқылы ішкі құраққа өтеді. Ол вестибулярлы баспалдақтың ауытқуын түзеді. Жүре геликотрема деген жерде дабыл баспалдағының перелимфасына өтеді. Базилярлы мембрананың толқуы туады. Кортиев мүшесінің тітіркену кірпікшелері жабу мембранасына үйкеледі. Механорецепторларының конформациясы өзгереді. Кірпікшелі жасушалар қозады. Қозу дендриттерге өтеді. Кейін аксондар импульсті орталыққа апарады. Содан дыбысты есту сезімі туады.
Дәм сезу және иіс сезу мүшелері. Морфофункционалдық сипаттамасы. Рецепторлық жасушалардың дамуы, құрылысы және цитофизиологиясы.
Дәм сезу мүшесі дәм сезу буылтықтарында орналасқан рецепторлық эпителийлік жасушалардан құралады. Олар тағамдық немесе тағамдық емес тітіркендіргіштерді қабылдайды. Барлық мәліметтерді қыртыстық немесе қыртыс асты орталықтарға апарады. Сенсорлық жүйенің қатысуымен асқазан сөлі бөлінуінің, сілекей бездерінің бөлінуі және тағы басқа реакция жүруін қамтамасыз етеді. Дәм сезу буылтықтары көпөабатты жазық эпителийдің ішінде орналасады. Балаларда, кейде ересектерде дәм сезу буылтықтары орналасады: ерінде, жұтқыншақтың артқы қабырғасында, таңдай доғашығында, көмей қапшығының ішкі немесе сыртқы беткейлерінде. Дәм сезу буылтық саны адамдарда әм сезу буылтық саны адамдарда 2000 ға жетеді.
Дамуы
Адам эмбриогенез дамуының 6-7 аптасында дамиды. Бастапқыда тілдің дорсалды беткейінде шырышты қабықшасының өскіні түрінде қалыптасады. Дәм сезу буылтықтарының жүйкеленуі олардың бастамаларының пайда болуымен бір уақытта жүреді.
Құрылысы
Дәм сезу мүшесі:
Пішіні эллипсоидты;
Биіктігі 27-115 мкм
Ені 16-70 мкм
Бір біріне жақын әр түрлі 40-60 гетероморфты эпителиоциттерден құралады. Дәм сезу буылтығы базальды мембранамен бөлінеді. Буылтық ұшы үстіңгі жағымен дәм сезу тесігімен байланысады. Дәм сезу тесігі әрі қарай дәм сезу ойпаңына жалғасады.
Дәм сезу жасушаларын морфофункцияналдық түрлерін қарастырамыз. Бірінші типті эпителиоциттердің апикалды беткейінде дәм сезетін 40 шақты микробүрлер болады. Екінші типті эпителиоциттердің цитоплазмасы ашық түсті, құрамында жазық эндоплазмалық тордың цистерналары , лизосомалар және ұсақ вакуольдер кездеседі. Үшінші типті эпителиоциттердің цитоплазма диаметрі 100-200 нм, дәм сезу буылтығының шамамен бес жеті пайызын құрайды. Төртінші типті эпителиоциттер дәм сезу буылтығының базальды бөлігінде орналасқан.
Шеткері жасушалардың пішіні орақ пішінді, құрамында органеллалар аз мөлшерде,микротүтікшелері көп. Микротүтікшелері жүйкелік аяқтамалармен байланысады.
Тілдің алдыңғы бөлігі тәттіні, артқы бөлігі ащыны, ал екі бүйірі қышқыл мен тұзды сезеді.Дәмді сезетін бір жасуша көптеген дәмдік тітіркендіргішті қабылдауға қабілетті болып келеді. Әрбір дәм сезу буылтығына 50 шақты жүйкелік талшықтар кіріп, тармақтанады.
Дәм сезу анализаторының аралық бөлігі.Тіл жұтқыншақ, бет және кезбе жүйкенің орталық өсінділері бас миы бағынына кіріп, дәм сезу жолының екінші нейроны орналасатын дара жол ядросына бағыт алады. Дара жол ядросы талшықтары дәм сезу жолының үшінші нейроны орналасқан таламусқа барады, сөйтіп олар бас миы қыртысында төртінші нейронда аяқталады. Бұл жерде қалыптасады: дәм сезу түйсігі.

Иіс сезу мүшесі


Иіс сезу анализаторы екі жүйеден құралған:негізгі және вомероназалды. Олардың әрбірі үш бөліктен тұрады: шеткері, аралық, орталық. Иіс сезу мүшесі сенсорлық жүйенің шеткері бөлігі болып есептеледі. Иіс сезу бөлігінің шеткері бөлігі бөлігі вомероназалды мүше болып табылады. Бір жағы тұйықталған, екінші жағы мұрын қуысына ашылатын жұп эпителийлік түтікше түрінде болады. Вомероназалды жүйенің негізгі қызметі: эмоционалдық саламен жіне жыныс мүшесімен байланысты.
Дамуы
Иіс сезу мүшесінің барлық дерлік бөлімдерінің даму көзу иіс сезу плакодалары және мезенхима. Плакода материалы иіс сезу қапшығын құрайды. Иіс сезу қапшағының қабырғасында иіс сезетін дің жасушалары орналасады, құрсақішілік дамудың төртінші айында нейросенсорлық тіректік және базальды жасушаларға айналады. Вомероназалды мүше дамудың алтыншы аптасында мұрын қалқасының төменгі жағында жұп бастама түрінде дами бастайды. Жетінші аптасында вомероназалды мүшенің қуысының қалыптасуы бітеді, ал вомероназалды мүше оны қосымша иіс сезу буылтығымен біріктіреді. 21 апталық ұрықтың вомероназалды мүшесінде нейросенсорлық эпителиоциттер болады. Құрылымдық ерекшеліктері мен оның перинаталдық кезеңнің өзінде қызметтік ерекшелігі байқалады.
Құрылысы
Биіктігі 60-90 мкм болатын көпқатарлы эпителий қабатынан тұрады.Тіректік және базальды эпителиоциттерді ажыратады. Адамда иіс сезу жасушалары 6 млнға жетеді. Иіс сезу жасушаларының екі түрі белгілі.
Нейросенлық жасушалардың иіс сезу төмпешіктерінің ұшында он он екіге дейін жетеді. Кірпікшелерде бойлай бағытталған базальды денешіктен басталады.
Тіректік эпителиоциттер даму негізі бойынша глиалдық болып есептеледі. Тіректік эпителиоциттердің апикальды бөлігінде ұзындығы екі мкм ге дейін микробүрлердің көптеген түрлері кездеседі.
Базальды эпителиоциттер пішіні текшелі. Базальды мембранада орналасқан. Цитоплазмасы рибосомалармен толтырылған ,сол себепті тонофибриллары болмайды.
Иіс сезу буылтықтарының құрылымы үлкен жарты шарлардың қыртысына сәйкес болып, шеңберлене келген алты қабаты болады: иіс сезу шумақтарының қабаты;сыртқы түйіршікті қабат;молекулярлық қабат;митралды нейрондардың денелері орналасқан қабат; ішкі түйіршікті қабат;орталықтан шетке бағытталған талшықтар қабаты.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет