Қарағанды медицина университеті
Қазақстан тарихы және ӘСП-кафедрасы
“Мен медицина мамандығын таңдаған себебім”
Орындаған:Жолдибаева Алина
Топ: 1-004 Биомедицина
Тексерген: Абдрахманова К.Ж
Номер: 87752826692
Қарағанды 2022
Бұл өмірде кез келген адамның өз армандары, алға қойған мақсаттары болады. Әр адам мамандық таңдауда шатыспау керек, себебі осы мамандық оның болашағы болып табылады. Мамандық таңдау үшін адам ең алдымен өзін және қай сала ұнайтынын, немесе қай сала сұранысқа ие екенін білуі қажет. Ең бастысы – адам бойында жақсы қасиеттері еңбексүйгіш, қамқорлық, кішіпейілділік ,і адамгершілігі мол , сонымен қатар , зейінді болуы керек. Өмірде өз ісіне сенімді және дұрыс таңдау жасаған адам ғана үлкен жетістіктерге жетеді.Әрине, әр мамандықтың, өзіндік қиыншылықтары мен қызықтары болады. Сол себептен де қандай сала болмасын, тиянақты түрде оқу қажет. Бірақ, бір нәрсені ұмытпау керек. Ол — жүрек. Яки, жүрегің нені қалайды, соны істеу керек. Мен, өзім жүрегімді тыңдадым. Себебі, әрбір оқушының қорқынышы болған ҰБТ-ны өзімде тапсырып көрдім. Бірақ, өз сүйген маммандыққа баллым жетпей, басқасына түсіп кеттім.
Мен Жолдибаева Алина Қарағанды Медициналық Университеттінің биомедицина факультетіне оқуға түстім . Биомедицина- адам ағзасы, оның құрылымы мен қалыпты қызмет етуіне байланысты теориялық тұрғыдан зерттеу жүргізетін сала. Тіршілік иелерінің патологиялық жағдайларында диагностикалау және емдеу әдістерін ұсынады.
Биомедицина адам қауымдастығы тұрғысынан қарастыратын жалпы биология ғылымының бір тармағы болып табылады. Биологияның медицина үшін маңызы өте зор - ол медицина үшін теориялық негіз болып саналады. Яғни биомедицина медицинаның бір саласы болып табылады. Қорытындылай келе, мен медицина мамандығын таңдауда қателеспегенімді түсіндім.
Достарыңызбен бөлісу: |