Менің жетістігімнің шыңы Эссе



Дата31.03.2022
өлшемі14,54 Kb.
#137472
Байланысты:
эссе Тұрсабекова




Менің жетістігімнің шыңы
Эссе


Теректі ауылы, Қ.Аухадиев атындағы орта мектептің
химия пәні мұғалімі Тұрсабекова Гаухар Калкатайқызы


Мен – жемісінің өнімін көруге асыққан бағбандай, бала жанына білім дәнін сепкен ұстаздардың бірімін. Өскелең ұрпақтың қоғам алдында жауапкершілігін сезініп, рухани дүниесі бай, жан-жақты жетілген азамат болып өсуіне химия сабағынан білім беру арқылы өз үлесімді қосып келемін. Оқушы нені қалайды? Бүгінгі ұстаз бейнесі қандай болу керек? Бұл сұрақтарға жауап беріп көрейін.
Ұлы педагог К.Д.Ушинский айтқандай : "Мұғалім өмір сүреді, ол оқығанда ғана. Егер ол оқуын тоқтатқанда, онда мұғалім өмірден озады", - деген. Мен, бәсекеге қабілетті жастарды дамыту және тәрбиелеу үшін барлық жаңалықтарды білуге міндеттімін. Бүгінгі қоғамдағы мұғалім – ой-өрісі жаңашыл, ізденімпаз, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, еңбекқор, оқытудың жаңа білімділік технологияларын терең игерген шебер болу керек.
Осы деңгейге жету үшін көптеген ізденістер жолында болдым.Үнемі ізденісте жүрген іс-тәжірибемде бірнеше рет біліктілік арттыру курстарынан өтіп, елімізде білім мазмұнын жаңарту бойынша жүріп жатқан реформаның сәтті жүзеге асуына жол ашып, мектеп тренері ретінде оқушылармен бірге мектеп мұғалімдерінің де кәсіби деңгейінің көтерілуіне өз үлесімді қосып келемін. 17. 06. 2016 жылы «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша мектеп тренерлерін оқыту курсының сертификаты (Т № 001926) бұған дәлел бола алады.
Жапон халқының «Балаға балық ұстап берме, қалай ұстау жолын үйрет» деген қанатты сөзі қазіргі заманда мұғалімдерге қойылып отырған зор міндетті айқындап тұр. Себебі, қазіргі оқушы, келешек қоғамды алға жетелейтін негізгі тұлға, ел болашағы болғандықтан білім, білік, дағдыны өз беттерімен игертуге методикалық әдіс тәсілдерімді бағыттаймын.
Ойымды қорытындылай келе, ұстаздық жол – мен үшін өмірімнің мәні, күш-жігерімнің, қабілетімнің бастауы. Әлем өзгереді, мен өзгеремін. Енді «Басқаларды үйрете отырып, өзіміз де үйренеміз» деген Сенеканың сөзін мен өмірлік ұстанымға айналдырып, оқуға ынталы, талантты балаларды дамытуға тырысамын. Өйткені, мен – қазіргі заман педагогімін!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет