Мұғалімдерге арналған тапсырмалар
1. Эссе тақырыптары: «Менің жетістіктерімнің шыңы»; «Мұғалім мамандығындағы менің парызым»
Бағалау критерийлері:
мазмұнның өзектілігі;
тақырыпты ашу тереңдігі мен кеңдігі;
мазмұн креативтілігі;
сөйлеу шеберлігі
Эссені а.ж. 12 сәуірге дейін ұйымдастыру комитетінің мына мекен-жайына жіберуге болады: t_takeyeva@inbox.ru
2. Визиткалық карточка «Мен – Жаратушы!»
Музыка, театр, поэзия, кескіндеме, өнер құралдары арқылы өзі туралы әңгімелеу, өзін көрсету.
Сөз сөйлеу уақыты – 5 мин.
Бағалау критерийлері:
- ерекшелігі;
- мәнерлі көрсетуі;
- сезімталдығы.
3. Таңдау бойынша педагогикалық жобаларды қорғау: «Педагогикалық шеберлік шеберханасы»; «Менің педагогикалық жаңалықтар ашуым».
Мұғалім жобасын көрсетіп оның мәнін ашады, нәтижесін көрсетеді. Жоба қандай да тақырыпты зерттеу бойынша әдістемеге, пәнін оқыту ерекшелігіне арналу керек. Бұл әзірлеме педагог қойған мәселелерді шешуге қабілетті, қойылған мақсатты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін технологиялық карталар, оқу сабақтарынан, сыныптан тыс іс-шаралардан тұруы мүмкін.
Жобаны әзірлеуге мыналар кіреді:
педагогикалық мәселе туындаған жағдайды сипаттау;
мәселені қою;
іс-әрекеттің уақыты мен технологиясына сәйкес іске асырылатын жобаның мақсаты;
мәселені шешу тәсілдерін айқындау (мәселені шешудің танымал тәсілдерінің болуы да жеткілікті, немесе ұқсас мәселені шешудің адаптация нәтижесі);
іс-әрекеттің жоспары мен міндеттері;
жоспарланған білім беру нәтижесі;
нәтиже жетістіктерінің көрсеткішін және диагностика тәсілдерін сипаттау;
алынған білім нәтижесін, оның жетістігін бейнелеу және жоба нәтижесін талдау.
Мұнда жобалық және әдістемелік іскерлікті қалыптастыру деңгейін дәлелдейтін, жоба қосымшасының мазмұны мен сипаты маңызды болып келеді. Қосымшада оқу-бағдарламалық құжат, оқу-тәрбие процесін нормативті, әдістемелік қамтамасыз ету көрсетіліп, қолданылатын технологиялар сипатталуы мүмкін.
Сөз сөйлеуде компьютерлік презентацияны қолданған дұрыс.
Жоба ауызша қорғалады (10 мин.).
4. Талқылау.
Тақырыбы байқау күні айтылады. Ақпараттың кез-келген түрін қолдануға болады.
Тақырыптар:
«Сабақ барысындағы қиын жағдай және Сіздің одан шығу жолыңыз ...»
«Қазіргі таңдағы мұғалім»
Бағалау критерийлері:
-педагогикалық эрудиция; - мәселе мәнін түсіну; - мәселе бойынша өз ойын еркін жеткізе алу іскерлігі;
- қазіргі педагогикалық сөздікті меңгеру.
5. Педагогика, педагогикалық психология және білім саласындағы нормативті-құқықтық құжаттар бойынша тест тапсырмалары.
Ұйымдастырушы -педагогтар мен тәлімгерлер үшін
Олимпиадаға 5 жылдық жұмыс өтілі бар, жас шамасында шектеу жоқ және балаларға арналған оқу-сауықтыру лагерьлерінде, орталықтарда, мектепішілік алаңдардағы тәлімгерлер, тәрбиеші (ұйымдастырушы-педагог) қызметінде жұмыс істейтін мамандар, ЖОО-ның студенттері қатыса алады.
Таңдауға арналған эссе тақырыптары:
«Отряд үшін атауының маңызы»
«Дайын сценарийлердің пайдасы мен зияны»
«Мен өзіммен бірге кезекшілікке аламын....»
«Тәлімгерлерге арналған демалыс» (кезекшілікте, кезекшіліктен кейін, жыл бойына)
«Мен, серіктес ретінде».
Бағалаудың критерийлері:
мазмұнның өзектілігі;
мақырыптың ашылуының толықтығы мен тереңділігі;
мазмұнның креативтілігі;
тілдік өрнектеудің мәдениеті.
Эссені 12 сәуірге дейін ұйымдастыру комитетіне жіберу керек.
2. Визит карточкасы «Мен балалық шақтың штурманымын»
Өзі жайында ерекше әңгіме немесе музыка, театр, поэзия, өнер, сурет өнері түрінде өзіндік тұсаукесер. Уақыты – 5 мин.
Бағалаудың критерийлері:
ерекшелігі;
мәнерлілігі;
әсерлілігі.
3. «Балалар мен жастар ұйымы: олар қажет пе?» педагогикалық идеяны қорғау.
Жобаны қорғау уақыты – 10 мин.
Байқаудың мақсаты – таңдаған мәселе бойынша сөз сөйлеуде, логикалық құрастыруда шеберлігін айқындау, әсіресе: тақырыптың негізгі бөлігін толық аша білу және оны тұжырыммен аяқтау; ғылыми терминологиямен дұрыс пайдалана білу; таңдаған мәселе бойынша қажетті және күрделі сұрақтарға жауап беру, өзекті дисскуссиялық тақырыптарға пікірлесу; өздерінің педагогикалық ұстанымдарын ашық көрсете білетін студенттердің шығармашылық әлеуетін айқындауда уақыт пен кеңістікте мамандықты өзіне жайғастыру қабілеттерін анықтау.
Көркем-музыкалық, мультимедиялық құралдардың сүйемелдеуімен, театрландырылған педагогиканың элементтерін пайдалануға болады. Педагогикалық идеяны ұсынғаннан кейін команда қазылар алқасының сұрақтарына жауап береді.
Конкурсты бағалаудың критерийлері:
ұсынылған педагогикалық идеяның өзектілігі;
тақырыпты түсінудің баламалылығы;
педагогиканың ұғыну құрылғысына сүйену;
гуманистік идеяларға сүйену арқылы педагогикалық, психологиялық, философиялық білімнің кіріктірілуі;
қарастырылған мәселеге өзіндік көзқарастың негізділігі және дәлелділігі;
безендірудің эстетикалылығы және көркемді бейнелілігі, ашықтығы (мультимедиялық және көркем бейнелеу құралдарын қолдану);
баяндаманың ерекшелігі мен көрнекілігі, мазмұндылығы;
ойлаудың креативтігі.
4. «Мен – тәлімгер» экспресс-шығармашылық сайысы. (10 мин)
Бұл номинацияда:
авторлық, эстрадалық, классикалық, халықтық, фольклорлық әндер, рэп-композициялар орындалады;
аспаптық орындаушылық;
әдеби шығармашылық;
актерлық шеберлік: миниатюра, пантомима, конферанс.
Қатысушылардың сахналық костюмдерінің болуы шарт.
Гуманитарлық колледж студенттері үшін
1. «Визит карточкасы» сайысы. Ұзақтығы – 5 минут.
Сайыстың мақсаты –өз оқу колледжін, колледж оқушыларын педгогикалық мамандықты таңдауға бағдарлаудағы мәселелерді шешудегі іс-әрекетпен таныстыру. Өз факультеті туралы презентация көрсету (музыка, театр, пантомима, поэзия, кескіндеме және т.б. құралдарын қолдануға болады).
Бағалау критерийлері:
1) колледж ерекшелігін сипаттау (ашылу тарихы, жетістіктері, даму перспективасы);
2) сөз сөйлеу мазмұны;
3) безендіру (топтың аты, ұран, эмблема, киім үлгісі);
4) шеберлік, айқындылық, сезімталдық;
5) регламенттің орындалуы.
2. Психологиялық-педагогикалық экспромт «Педагогикалық жағдаятты талдау». Сөз сөйлеу уақыты – 5 минут.
Әр топқа педагогикалық жағдаяттар ұсынылатын болады.
Бағалау критерийлері:
1) педагогикалық жағдаяттың мәнін түсіну;
2) өзара әрекет ету субъектілерінің ұстанымын түсіну;
3) педагогикалық мәселелерді құрастыру;
4) мәселені шешудің мүмкін болатын тәсілдерін анықтау;
5) өз шешім нұсқасын дәлелдеу;
6) педагогикалық эрудиция.
Педагогикалық колледж оқушылары үшін жаднама:
1. Бөлшектерді қолдана отырып жағдайды сипаттаңыз.
2. Педагогикалық жағдаят қатысушыларын көрсетіп, олардың ұстанымын анықтаңыз.
3.Әр қатысушы нені ойлады, нені көрсеткісі келді, нені көрсетті, нені сезінді?
4.Бұл мәселені шешудің қандай нұсқалары болуы мүмкін? Осы мәселені шешудің барлық нұсқасын сипаттап беріңіз.
5. Осы мәселені шешудегі өзіңіздің жауабыңызды дәлелдеңіз.
3. Педагогикалық жобаны қорғау. Тақырыбы «Мұғалім болып дүниеге келу керек, тек содан кейін ғана мұғалім бола алады!». Жобаны қорғауға берілетін уақыт – 10 минут.
Конкурс қазыларына жобаның қысқаша нұсқасы тапсырылады, онда келесілер көрсетілу керек: жоба аясында шешілетін мәселе, жобаның концептуалды негіздері, жобаны іске асыру формалары, күтілетін нәтиже (көлемі 2 баспа беттен аспауы керек).
Бағалау критерийлері:
1) нақты педагогикалық тапсырмаларды шешуде және жобалау бағытын таңдауда өзінің педагогикалық ұстанымы үшін топтың жобаның мәнін аша алу іскерлігі;
2) топпен қазіргі мәселелердің педагогикалық ерекшеліктерін және білім жүйесінде даму шарттарын түсіну;
3) педагогикалық жобаның жүйелілігі және толықтығы;
4) ауызша хабарлауда және сұрақтарға жауап беруде жоба ерекшеліктерін топпен аша білу іскерлігі;
4. Ұжымдық-шығармашылық жұмыстың жоспарын жасау сайысы (ҰШЖ) (үзінді көрсетумен) - 5-7 минут. Әр топ «ЭКСПО 2017 – болашақ технологиясының көпірі» тақырыбында ҰШЖ толық әзірлемесін көрсетеді.
Бағалау критерийлері:
1) әзірлеменің қазіргі талартарға сай болуы;
2) ҰШЖ оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру деңгейі;
3) ҰШЖ таңдап алынған мазмұнның сапасы;
4) ҰШЖ педагогикалық мәнін ашу, жалпы педагогикалық және психологиялық эрудицияны қолдану;
5) әдістемелік талаптарға сай болу, көрсетілген әзірлемеде ҰШЖ негізгі құрылымдық компонеттерінің болуы;
6) ҰШЖ безендіру сапасы;
7) ҰШЖ негізгі компонеттерінің сапасы.
Мектеп психологтары үшін
1. Сайыс жұмыстарының тақырыптары:
"Менің психологиялық философиям»,
"Мектеп психологы болашақта: армандаймыз және қолымыздан келеді!",
"Мектеп психологы – бұл керемет!"
Бағалау критерийлері:
Мазмұнның өзектілігі;
Тақырыпты ашу кеңдігі және тереңдігі;
Мазмұн креативтілігі;
Сөйлеу мәдениеті.
Эссені а.ж. 12 сәуірге дейін ұйымдастыру комитеттің мына мекен-жайына жіберу керек: t_takeyeva@inbox.ru
2. Визиткалық карточка «Менің кәсіби шеберлігім».
Музыка, театр, поэзия, көркемдеу, өнер құралдары арқылы өзін-өзі ұсыну. Сөз сөйлеу уақыты – 5 мин.
Бағалау критерийлері:
-ерекшелігі;
-нақтылығы;
-сезімталдығы.
3. Авторлық түзету-дамыту немесе психология бойынша элективті курстың бағдарламасын қорғау.
Сөз сөйлеу уақыты – 7-10 мин.
Бағалау критерийлері:
Бағдарлама тұтастығы,
Тапсырмалар мен жаттығулардың кешенін таңдаудағы ғылыми негіздеме,
Тапсырмалар мен жаттығудың бағдарлама мақсатына сәйкес келуі (курстың),
Бағдарлама тиімділігі (курстың).
4. «Ата-аналарға арналған психологиялық практикум».
Ата-аналарға арналған психологиялық іс-шараның авторлық әзірлемесін ұсыну.
Сөз сөйлеу уақыты – 5-7 мин.
Бағалау критерийлері:
Іс-шараның ерекшелігі, жаңалығы,
тиімділігі,
тәжірибеде қолдану мүмкіндігі.
Регламент – 5-7 минут.
.
5. Писхология бойынша тест тапсырмалары.
Волонтер- педагог стажер – балалар сауықтыру орталығының (лагерьдің) ұйымдастырушысы (тәлімгері) номинациялары бойынша
олимпиадаға қатысушылар үшін
Олимпиадаға жазғы демалыстарда мектеп жанындағы алаңда тәрбиешінің көмекшісі, балалар сауықтыру орталықтарының (лагерлердің) ұйымдастырушылары (тәлімгерлері) болуға дайын жалпы білім беретін мектептердің 8-10 сынып оқушылары қатыса алады.
«Тәлімгер мамандығы ... !»
Бағалау критерийлері:
Мазмұнның өзектілігі;
Тақырыпты ашу тереңдігі мен кеңдігі;
Мазмұн креативтілігі;
Сөйлеу мәдениеті.
Эссені а.ж. 12 сәуірге дейін ұйымдастыру комитетінің мына мекен-жайына жіберу керек: t_takeyeva@inbox.ru
2. «21 ғасырдағы балалар орталығы» авторлық идеяны қорғау.
Слайдты көрсету арқылы авторлық идеяны 7 минут ішінде ұсыну.
Бағалау критерийлері:
ұсынылған тақырыптың түсінігін ашу іскерлігі;
баяндама ерекшелігі;
сөз сөйлеудің анықтылығы, шеберлігі.
4. «Мен - жаспын!» экспресс-шығармашылық сайысы.
Номинацияда болуы мүмкін:
- фольклорлық, халық, классикалық, эстрадалық, авторлық әндерді, рэп-композицияларын орындау;
- аспапта орындау;
- ерекше жанр;
- әдеби шығарма;
- актерлық щеберлік: миниатюралар, пантомималар, конферанс.
Қатысушыларда сахналық киім үлгісі болуы керек.
5. Конкурсантта мектептегі балалар ұйымының атрибутикасы болуы керек (галстук, белгі және т.с.с.).
Жоғары сынып оқушыларына арналған тапсырмалар
(командадағы оқушылар саны 5 адамнан аспауы қажет)
Конкурс жұмысының (эссе) тақырыптары:
«Өзіміз жақсы көрген нәрсені жасау....., бұл нағыз бақыт болып табылады»,
«Мен неге ..... болғым келеді»,
«Мен балалардың ...... екеніне сенемін»
«Балалар мен бейбітшілік.....»,
«Егер мен мектеп директоры болсам....»
Бағалау критерийлері:
мазмұнның өзектілігі;
тақырыптың ашылуының толықтығы мен тереңділігі;
мазмұнның креативтілігі;
тілдік өрнектеудің мәдениеттілігі.
Эссені 12 сәуірге дейін ұйымдастыру комитетінің мына мекен-жайына жіберу керек: t_takeyeva@inbox.ru
«Визит карточкасы» байқауы. Сайыстың уақыты – 5 минут.
Конкурстың мақсаты – педагогикалық мамандықты таңдаудағы бағдарына, шешім қабылдауына оның қызметі, өз мектебінің имиджін ұсыну.
Бағалау критерийі:
өз мектебінің ерекшелігінің мінездемесі (ашылу тарихы, жетістіктері, даму болашағы);
баяндаманың мазмұндылығы мен композициялығы;
безендіру (топтың атауы, девизы, эмблемасы, киім үлгілері);
сөз сөйлеудің мәдениеті, шеберлігі;
регламент сақтау.
Педагогикалық шеберлік сайысы (мектеп туралы балалар әндері және мектеп өмірінен сахналық қойылым). Ұзақтығы – 5 мин.
Плакат түріндегі үй тапсырмасы. Тақырыбы «Үшінші мыңжылдықтағы менің мектебім». Плакатты қорғау уақыты – 6-8 минут.
Бағалау критерийлері:
топтың плакат арқылы берілген тақырып мазмұнын аша білуі;
плакатты безендірудің ерекшелігі;
плакат мазмұнын ашуда команданың шеберлігі мен мәнерлілігі;
топтың дербестігі мен білімділік деңгейі.
«ЭКСПО-2017 – болашақ технологиясының көпірі» тақырыбына үй тапсырмасы. Уақыты – 5 минут. Әр команда коллективтік-шығармашылық жұмыстың (КШЖ) толық әзірлемесін ұсынады. КШЖ үзінді көрсетіледі.
Бағалау критерийі:
ұсыну формасының ерекшелігі;
сөз сөйлеудің әсерлілігі;
орындаушылық мәдениет.
Топ басшылар сайысы. Әр топ басшы «Жетістікке жеткен мұғалім болу дегенді қалай түсінесіз?» тақырыбына бір сұрақтан дайындайды.
Студенттер мен магистранттар үшін
«Визит карточкасы» сайысы. Ұзақтылығы – 5 мин.
Сайыстың мақсаты – өзінің оқу орнының имиджін ұсыну (институт, университет), студенттердің педагогикалық мамандықты таңдаудағы бағдарына шешім қабылдауында оның қызметі. Өзінің факультеті жайындағы ерекше әңгімелерін ұсыну (музыка, театр, пантомима, поэзия, көркем өнер құралдарын пайдалануға болады).
Бағалау критерийі:
өз оқу орнын сипаттау (ашылу тарихы, жетістіктері, даму болашағы);
баяндаманың мазмұндылығы мен композициялығы;
безендіру (топтың атауы, девизі, эмблемасы, киім үлгілері);
ерекшелігі, мәнерлілігі, мәдениеті, шеберлігі;
регламент сақтау.
«Педагогикалық басылымның жарнамасы» сайысы
Сайыстың мақсаты – кәсіби қызығушылықты дамыту үшін (кітаптар, журналдар, әдістемелік құралдар т.б.) аудиторияға педагогикалық басылымдарды ұсынудың шеберлігін анықтау.
Топ басшыларына жарнама жасау үшін педагогикалық басылымдар салынған пакеттер тапсырылады (4-5). Топтар жарнама жасау үшін ұсынылған басылымдардың біреуін таңдап сахнаға дайын жарнаманың жобасын ұсынады. Уақыты -5 минут.
Бағалау критерийлері:
басылымда қарастырылған сұрақтардың негізгі мәнін ашу;
басылымда пайдаланатын тәсілдер мен орта жайлы ұсыныстардың негізділігі;
жарнаманың ерекшелігі (аудиторияға ықпал етудің тәсілдері);
сөйлеу мәдениеті мен техникасы;
тілдік құралдар мен үйлесімдегі таңбалы айқындылығының құралын пайдаланудағы педагогикалық мақсаттылығы мен реттілігі;
орындау шеберлігі, шығармашылығы, жаңалығы, ерекшелігі;
жарнаманың көркемдігі.
«Үшінші мыңжылдықтың мұғалімі» педагогикалық идеяның қорғауы.
Уақыты – 10 минут.
Сайыстың мақсаты- таңдаған мәселе бойынша сөз сөйлеуді қисынды құрастыруды анықтай білу, әсіресе: тақырыптың негізгі бөлігін толық және мазмұнды аша білу және оны қорытындымен аяқтау; ғылыми терминологиямен дұрыс пайдалана білу, таңдаған мәселе бойынша қажетті және күрделі сұрақтарға жауап беру шеберлігін анықтау, өзекті пікірталастық тақырыптарға әңгімелесу; таңдаған мамандықта қабілетін анықтау, өзінің педагогикалық кредосын айқын көрсететін студенттердің шығармашылық әлеуетін таныту.
Музыкалық-көркем, мультимедиялық құралдардың, театралдық педагогиканың элементтерін пайдалануға болады. Педагогикалық идеяны ұсынғаннан кейін топтар қазылар алқасының сұрақтарына жауап беруі тиіс.
Сайыстың бағалау критерийлері:
ұсынылған педагогикалық идеяның өзектілігі;
тақырыпты түсінудің баламалылығы;
педагогиканың түсінік аппараттына сүйемелдеме;
гуманистік идеяларға сүйену арқылы педагогикалық, психологиялық, философиялық білімнің кіріктірілуі;
қарастырылған мәселеге өзіндік көзқарастың негізділігі және дәлелділігі;
безендірудің эстетикалылығы және көркемді бейнелілігі, ашықтығы (мультимедиялық және көркем бейнелеу құралдарын қолдану);
баяндаманың ерекшелігі мен көрнекілігі, мазмұндылығы;
ойлаудың креативтілігі.
Жобаның қысқаша аңдатпасы сайыстың қазылар алқасына тапсырылады (көлемі 2 баспа бетінен аспайтын).
Интерактивті оқыту әдістемесін пайдалана отырып өткізілген сабақ жоспарының әзірлеме сайысы (сабақ үзіндісін көрсете отырып: инновациялық технологияларды пайдалану алгоритмі, шығармашылық есеп, видеосабақ, шебер-сынып) 5-7 минут. Әр топ коллективтік-шығармашылық жұмыстың (КШЖ) толық әзірлемесін ұсынады. КШЖ үзінді көрсетіледі.
Бағалаудың критерийлері:
Әзірлеменің талапқа сәйкестігі;
Сабақтың дидактика принципіне сәйкестігі;
Сабақ үстінде дәстүрлі емес әдіс-тәсілдерді пайдалану;
Сабақ үстінде оқушылардың ұйымдастыру қызметінің деңгейі;
Таңдалған сабақ мазмұнының сапасы;
Танымдық қызметінің жандану әдістері мен оқушылардың өзіндік жұмыстардың болуы;
Шығармашылық үй тапсырмаларының болуы.
Достарыңызбен бөлісу: |