Кіріспе зерттеудің өзектілігі



бет1/5
Дата19.04.2020
өлшемі219,79 Kb.
#63043
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Анаркулова диплом

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Елдік пен еркіндікті аңсаған қазақ елі бүгнде іргесін бекемдеп, саяси-экономикалық, әлеуметтік жағынан өркениетті елдер қатарынан орын алуда.

Өтпелі кезең өзгерістеріне орай халыққа білім беру жүйесі де, реформалануда. Білім беруді қоғам мүддесіне сәйкес қайта құру, оқыту мен тәрбиелеу мазмұнын жаңарту, әдебиет пен мәдениетті өркендету бағытында бірсыпыра шаралар жзеге асырылып, жас ұрпаққа жаңа оқу бағдарламалары мен оқулықтары, оқу-әдістемелік құралдары жасалып, мектеп өміріне енгізілді. Мұнда көздеген ең басты мәелелердің бірі – болашақта қоғам мүддесін өтеуге қабілетті, жан-жақты дамыған, өз еліне сүйіспеншілігі зор тұлғаны қалыптастыру. Бұл міндеттер мемлекеттік құжаттарда Қазақсатн Республикасының Конституциясында «Тіл туралы» Заңдарында т.б. атап көрсетілген.

Қазақстан республикасының тәуеліздік алуы жаңа ұрпақты өз ана тілінде оқытуға, білім беруге, әдеби, мәдени мұраларымзды танып-білуге мол мүмкіндік тғызды. Ата-бабадан бүгінгі күнге жеткен тарихи мұраларды таныту халық қазынасы ауыз әдебиеті, балаларға арналған көркем әдеби шығармалардлы кеңінен пайдалану арқылы жүзеге аспақ. Бұл жөнінде ел президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған үндеуінде: «... біз тарихи мүмкіндіетерді, әдеби-мәдени мұраларды таныта тәриелеуді мектепке дейінгі кезеңнен бастап, үзіліссіз жүзеге асыруға тиіспіз. Осы арқылы жастарды адамгершілікке, өз еліне сүйіспеншілікке, патриоттыққа тәрбиелеуге тиіспіз», - дей кле, «бәріміз де бала кезімізде халық ауыз әдебиетінің баға жеткісіз бай мұрасымен сусындап өтік. Қазақ ертегілерін батырла жырылары оқөымаған қазақ баласы жоқ шығар деп есептеймін», - деен болатын.

Табиғат пен өмір әлемін поэзиялық өрмекпен біртұтас бейнеде сурттеп көрсететін, балалардың ойын орныөьырып, игілігіне айналдыруда, олардың сөз мәнісін түсінуге баулуда , тілін дамытуда балалар әдебиетінің тәлім-тәрбиелік мәні ерекше.Тәрбие – тарихи үрдіс, оған адамзат қоғамында талай

ғасырды астьан өткізіп, қасиетті мұраларға айналып, бүгінгі жас ұрпаққа жеткеніне, Отанымызға оралған Күлтегін жазба ескерткіші әл арабилің философиялық, педагогикалық, дидактикалық ой-пікірлері дәлел. Осы мақсаттақазақ халқының ғұлама ғалымдары, ойшыл ағартушылары асыл мұралар қалдырған. Орта ғасыр ойшылдары: «Қорқыт ата еітабы», ұды бабамыз Ж.Баласағұнидың «Құтты білік» , М.Қащқаридың «Диуани лұғат ат-түрік» шежіресі, А.Жүйнекидің «Ақмқат сыйы» ғылыми-философиялық, әдебитарихи еңбектеріінң келер ұрпақтытуған тілге, әдеби-мдени мұраларды танып-білуе қызығушылыққа, туған жерге, Отанға сүйіпеншілікке тәрбиелеуде басты құрал екені сөзсіз.Біз зерттеу барысында қазақ философтары Д.Кішібеков, Ұ.Сыдықов, А.Қасабк, Қ.Мұханбетәли, Ж.Алтай т.б. еңбектерін негізге алдық.

Қазақстанда психология ғылымының негізін қалаушы ғалым Ж.Аймауытов пен психлогтар: Т.Тәжібеков, М.Мұқанов, Е.Суфиев, С.Балаубаев, А.Темірбеков, Қ.Жарықбаев, Х.Т.Шерьязданова т.б. зерттеулерінде оқушылардың тілін дамытуда ауыз әдебиетінің алатын орны туралы ой толғады.

Бала тілін дамытуда көркем әдебиеттің құдіретті күші туралы ой түйіндеген Ресей психологтары В.В.Давыдов, Д.В.Эльконин, Л.С.Выготский, А.В.Запарожец, А.Леонтьев т.б. еңбектері зертеуімізге өзек болды.

Қазақстан Ркспубликасы көлемінде балалар әдебиетінің дамуы туралы Ш.Ахметов, С.Қалиев, Ә.Табылдиев, .Нұғыбаева, Б.Ыбырайымов, С.Ахметова, К.Сейембаев, Н.Албытова т.б. зерттеулерінде балалар әдебиетінің бастауыш сыны оқушыларлын оқыу және тәрбиелеу үрдісінлегі тәлімдікжәне білімдік мәні, әдеби шығармаларды оқу-тәрбие үрдісінде қолдану тәсілдері жөнінде келелі ой қозғағанына көз жеткіздік.

Ғылыми зертеу нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларлының тілін дамыту жөнінде С.Рахметованың «Бастауыш сынып оқушыларныың тілін дамыту», Т.Әбдікәрімованың «Мәтін арқылы бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту» атты монографиялық еңбектері жарияланып, оларды көркем әдебиет арқылы оқушылардың тілін дамытудың маңыздылығын байқадық.

Десек те, балалар әдебиетінің баланың дамуындағы құдіретті күші туралы зерттеу еңбектері болғанымен, оқушылардың тілін дамытуда балалар әдебиетін пайдаланудығ әдістемеі жайында арнайынысана болған емес. Осының нәтижесінде оқушылардың тілін дамытуда балалар әдебиетіінң педагогикалық мүмкіндіктері мен оларды пайдаланудың қазіргі жағдайының арасыда қарама-қайшылықтар туындап отыр. Аталған қайшылықтарды шешу мақсатыда жұысымызжың тақырыбын «Балалар әдебиеті арқылы бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту» деп алуымызға тура келді.

Зерттеудің мақсаты: Балалар әдебиеті арқылы бастауыш сынып оқушылраның тілін дамутыдың териялық және әдітемелік жолдарын айқындау.

Зерттеудің міндеттері:

- балалар әдебиеті арқылы басауыш оқушыларының тілін дамытудың теориялық негіздерін айқындау;

- оқушылардың тілін дамытуда балалар әдебиетін пайдаланудың мүмкіндіктері мен қазіргі жағдайын анықтау;

- балалар әдебиеті арқылы оқушылрадың тілін дамытудың моделін құру өлшемдері мен деңгейлерін және тиімді педагогикалық әдістерін айқындау.

Зерттеудің іс-тәжірибелік және теориялық мәні: Тақырыптың маммұнын ашу үшін бірнеше авторлық ғылыми жұмыстар, баспасөз беттерінде жарияланған ғылыми мақалалар, сонымен қатар интернет желілеріндегі берілген мәліметтер қолданылды. Отандық және ресейлік ғалымдардың еңбектері басшылыққа алынды.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Оушылар тілін дамытуда балалар әдебиетін пайдаланудың тиімділігі артады, егерде оқу-трбие үрдісіндк балалр әдебмиетініңілімдік және тәрбиелік мүмкіндіктері мен мазмұны ғылыми-педагогикалық тұрғыдан неігзделе, оны і-тәжірибеде қолданудың тиімді әдіс-тәсілдері айқындалып, оқу-тәбие үрдісіне енгізілсе, оа балалр әдеюиетін пайдаланудың мүмкіндігі жоғары деңгейде боады.

Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселеіне байланысты теориялық және әдістемелік әдебиеттерді ғылыми-әдістемедік тұрғыдан талдау, мектептегі озық тәжірибелерді жинақтау, оны оқу-тәрбие үрдісінде қолдану, жүргізілге сі-тәжірибені сараптау, экспеимент нәтижесін қорытындылау, оларды математикеалық ұрғыда өңдеу.

Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Балалар әдебиеті арқылы оқушылардың тілін дамытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Тіл – ұрпақ тәрбиесінің пәрменді құралы, рухани байлықтың баға жетпес құдіретті, қуатты қайнар көзі. Ана тілі – халықтың өткен ұрпағы, қазіргі және келешек ұрпағы арасындағы тарихи жалғастықты жүзеге асыратын бірден – бір сенімді құрал. Елімізді, туған жерімізді ана тіліміз арқылы танып білеміз, халықтың рухани байлығының сарқылмас бастауы да осында. Ана тілін оқыту тіл дамыту жұмыстарынсыз жүзеге аспайды. Тілі жақсы дамыған бала ойы да дамыған, жақсы мен жаманды толық айыра алатын, әділдік пен әділетсіздікті тани алатын азамат деуге болады. Адам тілі арқылы ойын дәл жеткізе алады. Дұрыс сөйлеп, дұрыс жаза білуге дағдыланған баланың сөйлеген сөзі де, жазғаны да түсінікті болатыны айқын. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім берудің ізгілікті, дамытушылық сипаты және адамды қалыптастырудағы рөлі, жеке шығармашылық қабілеттерің дамуы үшін жағдай жасау қажеттігі болып отыр деген саясатты ұстана отырып, қазіргі заманға сай технологиялардың үлгілерін таңдап, сабақ барысында пайдалана білу – бүгінгі заманның талабы. Қазіргі таңда мемлекеттік тілді меңгерту өзекті мәселенің бірі екендігі баршаға мәлім. Бүгін заман өзгерді, қоғам алмасты, еліміз тәуелсіздік алды, тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, қайта жанданып жатыр. Тіл дамыту арқылы оқушылардың ақыл – ойы кеңейеді, адамгершілік, эстетикалық тәрбие, бір – бірімен достық қарым – қатынас мәселелері де дұрыс жолға қойылады. Тіл дамыту тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс- әрекет кезіндегі тілдік қарым- қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.

Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді. Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр- түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым- қатынас жасай білуге үйретеміз. Мектеп жасындағы балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде мұғалімнің:

-балалардың сөздік қорларын дамыту;

-жаңа сөздерді меңгерту;

-үйреген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады.

Осы аталған міндеттерді мұғалім үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын молайтуда ойын, тапсырма жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын- баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол озін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.

Тілдік норма жетілу үшін оқушының ауызекі сөйлеу тілін, жазба тілін дамыту керек. Осы мақсатта тіл дамыту оқушыларға еркін тақырып аясында ауызша мәтіндер құрастыруға, өздері оқыған шығармаларын мазмұндап, көркемдеп баяндауға, ертегі, әңгіме құрауға үйретіледі. Сөйлеу арқылы ауызша тіл дамыса, еркін тақырыпқа жазылған мақала, эссе, ойтолғау, әңгіме, мазмұндама, шағын шығарма жазу арқылы жазба тілді дамытуға болады. Әр сыныпта белгілі бір тақырыптар қайта қайталанғанымен оқушылардың жас ерекшелігіне қарай жұмыс көлемі күрделенетіні анық. Осы жұмыстардың ішінде сабақ барысында өте жиі қолданылатыны мәтінмен жұмыс.

Мәтінмен жұмыс істегенде әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады. Бірақ сол қолданылатын әдіс-тәсілдердің мақсаты оқушыларға айкын болуы керек. Қазақ тілі сабағында жүргізілетін басты жұмыстар – балаларды қазақша сөйлетіп үйрету, сұраққа жауап бергізу, өздерін бір – бірімен сөйлестіру, оқығандарын ауызша айтқызу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру. Міне, осыған орай оқулықтағы мәтіндер, жаттығулар, өлең, жұмбақтар оқу, ауызша әңгімелеу, тіл дамыту және грамматикалық тұлғаларды меңгертіп, қазақ тілінде дұрыс сөйлеу үшін пайдаланылады және соған лайықтап беріледі. Кітаптағы мәтіндердің күрделілігі сол мәтіндермен жұмыс істейтін оқушылардың білім деңгейіне сай келу керек.

Адам өмірінде қарым-қатынас аса маңызды, ал қарым-қатынас сөйлеу арқылы жүзеге асады. Сондықтан шыр етіп дүниеге келген бала қоршаған ортамен, анасымен дыбыс, тіл арқылы қарым-қатынас жасайды.

Сөйлеу – адамның бір-бірімен қатынасында ойын, еркін, сезімін білдіріп жеткізу үшін тілді қолдану үрдісі. Тілі шықпаған нәрестенің алдымен сөйлеу мүшелері дамиды. Жалпы, дүниеге келген сәби еріксіз дыбыс шығарады: қарнының ашқанын, ауырғанын немесе тағы да басқа әрекеттерін айғай салуы, жылау, қыңсылау және басқа да дыбыстар арқылы білдіреді. Бұл дыбыстар сөйлеудің ізашары болып табылады, олардың интонациялық мәнерлігіне қарап анасы баласының қарнының ашқанын, оның бір жерінің ауырып тұрғанын және тағы басқаны ұға алады. Бірақ та бұл дыбыстардың әлі де ешқандай сөйлеуге қатысы жоқ болса да, олар өте маңызды. Ол жіңішке және әртүрлі қозғалысты сөйлеу мүшелерінің дамуына себеп болады: тыныс алу, дыбыстық және артикуляция мүшелері. Бала дауысқа өте тез үйренеді және бірінші айдың аяғында сөйлеген дауысқа әрекет ете бастайды. Оған еркелік интонация ұнайды, әуенді ән оның тынышталуына және ұйықтауына көмектеседі. Тағы да біраз уақыт өткеннен кейін бала дыбыс шыққан жаққа қарай басын бұрып немесе көзімен оны қадағалайды. Егерде баланың бір жері ауырса, мазасызданса бала жылай бастайды. Баланың сыртқы дүние әсеріне реакция жасауы жылаудан басталады. Жылаудың әсерінен баланың тыныс мүшелері мен сөйлеу органдары нығая түседі. Бірінші дыбыс артикуляциясының әрекет жасауы екі – үш айында гуілі белгіленеді, одан кейін бес айдай шамасында бала үлкендердің ерін артикуляциялық қозғалыстарын қайталауға тырысады. Бұл бірнеше қайталау қозғалыстары қозғалыс дағдысының қатаюына әкеледі. Алты айдан бастап бала бөлек буындарды анық айтады (мысалы: ше-ше, ә-ке және тағы басқа), және ақырындап үлкендерден тек барлық сөз элементтерін ғана емес, сонымен қатар интонацияны, ритмді, екпінді ұға бастайды. 9-10 айында бала бөлек сөздерді бірдей жұпты буындармен айтады (мысалы: ма-ма, па-па және тағы басқа). Бұл жылда сөздік қоры 10-15 сөзден тұрады. Ал белгілі ғалым А.Н. Леонтьев бұны даярлық этабы дейді, себебі бұл уақытта сөзді меңгеру дайындығы өтуде. Балалар төрт жасында фразалармен еркін сөйлейді, олардың сөйлемдері біршама қиын, ал бес жасында дыбыс шығаруы дұрыс

дамиды. Егерде адам дыбыстарды қалай болса солай шығара беретін болса, ешкім оны тіл деп санамас еді. Сондықтан сөйлеу мүшелерінің қозғалыстары дәл, белгілі заңдылыққа бағынып отырады.

Адамда сөйлеуге арналған негізгі органы жоқ, сөйлеуге өкпе, өңеш, жұтқыншақ, тіл, тіс, ерін, ұрт қатысады. Дауысқа негізі ауыз қуысы мен мұрын қуыстары қатысады. Қатты сөйлеуде мидың үлкен жарты шарында орналасқан бөліктері реттейтін тыныс алу, фонациялық және артикуляциялық бұлшықеттер қатысады. Адамның сөзі анық және түсінікті болу үшін сөйлеу органдарының қозғалысы нақты және автоматты түрде болу керек. Сөйлеу аппараты – бас миында орналасқан орталық және тыныс алу, сөйлеу, артикуляциялық бөлімдерінен тұратын перифериялық болып екіге бөлінеді. Тыныс алу бөлімі кеуде қуысындағы өкпе, бронхы, трахеядан тұрады. Сөйлеу дем шығару кезінде пайда болады, сондықтан да сөйлеген кезде тыныс алуға қарағанда дем шығаруы көбірек. Дауыс бөлігі дыбыс қатпарлары бар кеңірдектен тұрады.

Артикуляция мүшелеріне қысқаша тоқталып кетейік. Оның негізгі органдары болып ерін, тіл, жоғарғы-төменгі жақ, жұмсақ және қатты таңдай, альвеолдар жатады. Тіл, ерін, жұмсақ таңдай және төменгі жақ қозғалу органдары болып табылады. Дауыс буындарының қысылуына байланысты дыбыс кеңірдектен шығады. Дауыс жоғарлығымен, күшімен, екпінімен сипатталады. Дауыстың жоғарлығы дауыс буындарының толқуының жиілігіне байланысты. Ол ұзындығымен жуандығына байланысты болады. Дауыс күші демнің ішке тартылуына байланысты шығады, ал дауыс буындарының қозғалыс қарқынына байланысты болады. Баланың сөйлеуі бойының өсуімен және дамуымен бірге қалыптасады және дамудың әртүрлі қатардағы сатыларынан өтеді. Алайда тіпті кейбір балалардың естуі мен интеллектісі қалыпты болған жағдайда да, сөйлеуінің дамуында кідіріс болуы мүмкін. Бұндай балаларға дыбыс шығаруының бұзылуы, фонематикалық естуінің дамымауы, сөз қорының аздығы және грамматикалық қатарының дұрыс болмауы тән. Бірақ сөйлеу тілін меңгеру процесі барлық балаларда ойдағыдай біркелкі жетіле бермейді. Кейбіреулерінде оның жетілу барысы кешеуілдейді, екіншілерінің сөйлеу тілдеріндегі дыбыстардың айтылуы бұзылады немесе бұрмаланады, үшіншілерін-де сөздердің және сөйлемдердің түзілістері немесе олардың мағыналары бұзылады.

Сөйлеудің жалпы дамымауы түрлі дәрежеде көрінеді, сондықтан сөйлеудің дамуының 3 деңгейін бөліп көрсетуге болады:



Бірінші деңгейі – сөйлеудің жоқтығымен сипатталады. Баланың сөйлеуі былдырға ұқсас. Алайда, егер сөйлеу орташа дамып келе жатса, бұл үрдіс 5 айға созылады, ал науқас балаларда көпке дейін созылады.

Балалар қандай да бір ойын жеткізу үшін былдырлы сөздерін жестермен және мәнерлі мимикасымен толықтырады.



Екінші деңгейі – былдырлаған сөзден басқа күнделікті қолданылатын сөздермен фразалардың едәуір мәнді болуымен сипатталады. Бірақ та сөздері бұзылған, сөзді жеткізулері нашар болады, бала негізінен айқындалған заттармен әрекеттерді атап кетумен ғана тежеледі. Егер балаға сурет бойынша әңгіме құрауын ұсынса, онда ол үзіндіден құралады, сонда да ол дұрыс, қысқа фразаға қатысты болып келеді. Мазмұнын айтқанда қарапайым қателері – септік жалғауын ауыстыруы және санның түрін дұрыс қолданбау болып табылады. Жалғаулар, бөлшектер өте сирек қолданылады.

Үшінші деңгейі – балаларға түрленген фразалармен айтуын сипаттайды. Алайда дамымаған лексико-грамматикалық және фонетико-фонематикалық элементтері болады. Бала суреттерді бейнелейді, өзі туралы, жанұясы, жолдастары туралы әңгіме құрайды, бірақ бұның алдында оның жақсы сөйлесетін құрдастарына қарағанды үлкен қиыншылықтарды басынан кешіреді. Сонымен қатар дыбыс шығаруының өте нашар болуынан қарым-қатынас өте күрделенген. Егер бала тіпті жеке дыбыстардың дұрыс айтылуын үйреніп алса да, сөйлеудің өзбеттілігінде олар түсініксіз естіледі. Сөйлеудің бұзылуына биологиялық және психологиялық факторлар ықпал етеді. Осыған байланысты тіл мүкістіктерінің бұзылуының бірнеше түрлерін ажыратып кетуге болады:

1.Дислалия - сөйлеу тіліндегі ең көп тараған мүкістіктер. Мұнда тек дыбыстардың айтылуы ғана бұзылады.

2.Дизартрия – сөйлеу тіл аппаратындағы ағзалар мен тіндердің нервпен қамтамасыз етілуінің органикалық жеткіліксіздігінен сөйлеу тілінің дыбыстарды айту жағынан бұзылуын көрсетеді.

3.Ринолалия – ең алдымен сөйлеу тіл аппаратының анатомо-физиологиялық құрылысы бұзылады, ал оның зардабынан дауыстың реңі мен әуезділігі және дыбыстардың айтылуы бұзылады.

4.Алалия – тіл мүкістіктерінің ішіндегі ең ауыр түріне жатады. Мүкістіктің мұндай түріне шалдыққан баланың сөйлеу тілі іс жүзінде қатынас құралы бола алмайды. Баланың ана құрсағында және сәбилік кезде дамуындағы ми қабығының сөйлеу орталықтарына табиғи байланыстардың бұзылу әсерінен сөйлеуінің дамымауы немесе мүлдем болмауы деген сөз. Алалия сөйлеудің болмауы, сөйлей алмау деген мағынаны білдіреді.

5.Афазия – бұған бас миының белгілі бір жеріне жинақталған

зақымнан сөйлеу тілінің мүлде немесе жартылай жойылып кетуі жатады. Бұл көбнесе үлкен ми сыңарларының белгілі бір бөлігінің зақымдануынан болады. Афазия көбіне мидың белгілі бір жеріне қан құйылу, ми тамырларының тромбоз сырқатына шалдығуы, мидың ісуі, қабынуы, жарақаттануы салдарынан болады. Сөйлеу екпіні оның мәнерлі тәсілдерінің бірі болып табылады. Аз ғана сөйлеп үйренген барлық балалар дерлік бір нәрсені бөлісуге асығады және олардың сөйлеу екпіні тым жылдам болады. Көптеген жағдайда жас үлкейген сайын бұл басылады, бірақ та кейде екпінінің патологиялық бұзылуы – тахилалия пайда болады.



Тахилалия (грек сөзінен tachus - тез, lalia - сөйлеу деген мағына береді) – сөйлеудің патологиялық жылдамдауы. Бұл ауруға жүйке жүйесі тозған, қоздырылған, шыдамсыз балалар бейім, алайда ауру кейде тұқым қуалайды. Бала тез сөйлегендіктен, тіпті оның дыбыс шығаруы дұрыс болғанымен оны түсіну ақылға сыймайтындай қиын. Бала демі жеткенше сөйлей береді және сөздерін қолдың жестикуляцияларымен; кейде аяғының және барлық денесінің ретсіз қозғалыстарымен жеткізеді.

Бала оқыста қатты қорқып, шошынып қалса тұтығу пайда болуы мүмкін.

Тұтығу - бұл сөйлеу ырғағымен сөйлеу екпінінің бұзылуы. Әдетте тұтығу сөйлеудің интенсивті даму кезеңінде пайда болады, көбінде бала 2-5 жасында фразалармен айта бастаған кезде көрінеді. Тұтығу балаларда үнемі жүйке жүйесінің әлсіреуінен болады. Сонымен қатар тәрбиелеу кемістігі, жанұядағы конфликтілік жағдайлар және тағы басқалары үлкен роль алады. Тұтығу – нң ауыр кесел. Оның себептері:

1. Қорқу;

2. Баланың түрлі инфекциялық аурулармен жиі ауруы;

3. Ата-анасының тұтығуы;

4. Шамадан тыс жазалау әдістерін қолдану.

Бұл әдетте, 2-5 жас арасында кездесетін құбылыс. Алдын-ала оларға шара қолданбаса, ол асқынып, кей уақытта бой бермей кетуі мүмкін. Тұтығудың пайда болу себептері көп. Кейде олар жұқпалы аурулардан кейін, дене әбден әлсірегенде пайда болады. Баланың қоршаған ортаның оған көзқарасы, ол туралы әділетсіз баға да, жалтақ сөйлеуге, қорқып сөйлеуге әкеп соғады.

Осындай фактілердің жиіленіп қайталануы – баланың тұтығуына әкеп соғады. Мысалы, кейбір ата-аналар балаларының қабілетін жұртқа мақтаныш ретінде көрсеткісі келгендей, миы әлі қатып үлгермеген жас балаға көлемді өлең, тақпақтар, ертегілер, өлеңдер оқытқызады. Осының өзі баланың орталық нерв жүйесін шаршатып, тілдік сөйлеу анализаторын бұзып, тұтығуға жол береді. Жасы жетпеген балаға кітапты көп оқуға болмайды. Әсіресе түнге қарай қорқынышты ертегілерді оқу зиянды. Өйткені бала қатты қорқып, түсінде түрлі қорқынышты нәрселерді көруі мүмкін. Бала түсінде қорқып, шошып оянады, ал бұл, орталық нерв жүйесіне әсер етеді, осының өзі тұтығуға әкеледі.Баланы жазалау мақсатында қорқыту әдісі де көп қолданылады. Бірақ, қорқытудың да жөні бар. Шамадан тыс қорқыту, үйде жалғыз қалдырып кету, осының бәрі баланың үрейленгіш болып өсуіне септігін тигізеді. Тұтығатын бала күдікшіл болады, өзінің құрдастарының алдында сөйлеуге ұялады. Тұтыққан баланы өзге балалардың мазақтауынан сақтау керек. Мүмкіндігнше, дұрыс күтім жасап, баланың ойнауына, оқуына ыңғайлы жағдай туғызу керек. Тұтығу асқынбастан арнайы мамандарға көрсетіп, уақытылы кеңесіп отыруы қажет, ал оның зардабынан дауыстың реңі мен әуезділігі және дыбыстардың айтылуы бұзылуы мүмкін. Тұтығуды органикалық және функционалды деп 2-ге бөледі.

1. Органикалық тұтығу – тек орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануынан туады, кез-келген жаста көрінеді және сирек кездеседі.

2. Функциональді тұтығу – көбінде орталық және жүйке жүйесінің перифериялық сөйлеу механизмдерінің органикалық зақымдануынсыз кездеседі. Бұл жеңіл қоздырғыш балаларда аяқ-астынан психикалық жарақаттың әсерінен туады. Соныменен, органикалық дислалия бұл перифериялық аппараттың сүйегі мен бұлшық етіне зақым келуінен дыбыстардың дұрыс айтылмауы Перифериялық сөйлеу аппаратының бұзылуы туа пайда және жүре пайда болуы мүмкін.

Туа пайда болатын кемістікке жататындар:

• прогнатия -жоғары жақ төменгі жақтан алға шығып тұрады;

прогения – төменгі жақтың алға шығуы;

тістердің дұрыс орналаспауы;

• еріннің түрлі кемістіктері;

• таңдай параличі;

Жүре пайда болатын кемістікке жататындар:сүйектер мен бұлшық еттердің зақымдалуының нәтижесінде артикуляциялық аппаратта пайда болатын түрлі кемістіктер.

Дұрыс тістеу – бұл астыңғы алғы тістер үстіңгі тістермен сәл жабылып тұрады. Органикалық дислалияға жататын кемістік бұл ринолалия.

Ринолалия – ауыз бен мұрын қуыстарының дұрыс қызмет етпеу нәтижесінде дауыс құбылысының өзгеруі мен сөйлеген уақытта дыбыстың бүлінуі.

Ринолалияның түрлері:

1. Ашық ринолалия – сөйлеген уақытта ауа ауыз және мұрын қуысы арқылы өтеді.

2. Жабық ринолалия – ауа тек ауыз арқылы өтеді, бұл әсіресе «м,н» әріптерін атағанда білінеді.

Ашық ринолалияның себептері: таңдайдың бөлінуі, жұқа таңдайдың қысқалығы, таңдайдың параличі.

Жабық ринолалияның себептері: мұрын қуысының бітелуі, мұрын қуысындағы ісіктер, мұрын қалқасының қисайып қалуы.



Ринолалик балалар өте әлсіз болады. Осының өзі олардың сөйлеуінің дамуына әсер етеді. Туылғаннан кейін олар өте кеш отыра бастыйды, сөйлей бастағанда көптеген қиыншылықтарға кездеседі. Олар мектепке барған уақытта түрлі қиыншылықтарға кездеседі. Мұғалімдер оны түсінбеуі мүмкін, айналасындағы балалар да мазақтауы мүмкін. Бұның бәрі оның психикасының дамуына әсерін тигізеді. Кейбір ринолалик балалар өздерінің осындай кемістіктерінен мектепті тастап кетеді де көп сөйлемейтін жұмыс, мамандық іздей бастайды. Міне, сондықтан ринолалик балаларға ерте кезден бастап жәрдем көрсету керек. Бұл жәрдемді хирург пен логопед мамандары көрсете алады. Мысалы, «хейлопластика» - бұл туғаннан кейінгі бірінші аптада баланың жоғары ерніне жасалатын операция.

«Уранопластика» - жасанды таңдай жасау. Бұл операция 5-6 жасында жасалады. Қазіргі мәліметтерге қарағанда жыл сайын 5000-нан астам балалар таңдай кемістіктерімен туылады. Бұның себебі: сөйлеу аппаратының жетілмеуі, түрлі инфекциялық, вирустық аурулар, тұқымқуалаушылық. Дислалия сөйлеу тіліндегі бұзылған дыбыстардың санына қарай қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Егер баланың сөйлеу тілінде мүкістердің саны төрт дыбысқа дейін байқалатын болса – оны қарапайым дислалия деп атайды, ал егер бесеу және одан да көп болса – оны күрделі дислалия деп атайды.

Сөйлеу тіліндегі дыбыстардың мүкістік ерекшеліктеріне қарай бөлінетін дислалияның түрлері:

1. Сигматизм – ызың дыбыстардың («с», «з», «ц», «ж», «ч», «ш», «щ») айтылуындағы мүкістіктер. Бұлар сөйлеу тіліндегі кемістіктердің ішіндегі ең көп тараған түрі;

2. Ротацизм – «р» дыбысының айтылуындағы мүкістік;

3. Ламбдацизм – «л» дыбысының айтылуындағы мүкістік;

4. Таңдай дыбыстарының айтылуындағы мүкістіктер;

5. Каппацизм – «к» дыбысы;

6. Гаммацизм – «г» дыбысы;

7. Хитизм – «х» дыбысы;

8. Йотацизм – «й» дыбысы;

Алалия грек сөзі, «қолдануға жарамайтын болымсыз тіл» деген мағынаны білдіреді. Демек алалия деген ұғымға баланың құрсақтағы немесе тілі шыққан нәрестелік даму кезеңінде бас миы қабыршағының сөйлеу тілін қалыптастырып жетілдіретін аймағының органикалық зақымдануынан сөйлеу тілінің жүйелі түрде дамымауы немесе мүлде болмауы жатады. Сөйлеу тілінің мұншалықты бұзылуына негізінен орталық жүйке жүйесінің зақымдануы себеп болады. Органикалық зақымдануға мидың қабынып ісінуі, сырттан болатын қатты соққыдан зақымдануы, босанған кезде миға қан кетуі және нәрестенің құрсақтағы дамуы кезеңінде және толғақ кезінде, сондай-ақ дүниеге келгеннен кейінгі бір айлығынан бір жас аралығындағы дамуында ағзадағы зат алмасу процесінің бұзылуы жатады. Сонымен қатар, алалияның пайда болуына менинго-энцефалит, рахит және қызылшаның асқынған түрі тыныс алу жолдарының қатты сырқаттануы және нәрестенің алғашқы айларындағы ұйқысы мен тәбетінің бұзылуы себеп болуы мүмкін. Бас миының үлкен сыңарының сөйлеу тілі аймағындағы жинақталған зақымдардың өздеріне тән ерекшеліктеріне байланысты алалия моторлы және сенсорлы болып бөлінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет