Мектепке дейінгі ұйымда ойын технологиясын қолдану Ойын



Дата07.12.2022
өлшемі0,75 Mb.
#161801
Байланысты:
Презентация "Мектепке дейінгі ұйымдарда ойын технологиясын қолдану"



Мектепке дейінгі ұйымда ойын технологиясын қолдану
Ойын- бала әрекетінің негізгі түрі . Ойын баланың тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.
Ойындар мазмұнына, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті-рөлді,, дидактикалық құрылыс ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар т.б. болып бөлінеді.
«Мектеп жасына дейінгі балалар үшін ойынның айрықша маңызы бар: ойын олар үшін еңбек,ойын олар үші тәрбиенін ең мықты формасы»
Н.К.Крупская
Мақсаты: әлеуметтік белсенді жеке дара баланы қалыптастыру және жетілдіру, балалардың ойын бірлестіктерін нығайту, өз әрекетін серіктесінің іс-әрекетімен үйлестіре білуді дамыту.
Міндеттері:
- бірлескен ойын әрекетінде жақсы әдеттер мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, білуге құмарлық пен танымдық қабілеттілікті дамыту, қимылдарды жетілдіру;
- әр баланың шығармашылық бастамасын, ойынды өз бетінше құру және ойлаған ойын іске асыру, өзін ойын желісі мен ережесіне сәйкес ұстауды дамыту;
- түрлі ойындарға ойын топтарын құруға көмектесу;
- ойын үдерісінде жолдастарына тілектестік қарым-қатынасын, олармен санаса білуді, қиын жағдайларда көмекке келуді, ойын материалын қолдануда келісім жасауды, дауларды әділ шешуді қалыптастыру;
- бірлескен ойында өзін-өзі ұстау ережелері мен нормаларын орындауға үйрету;
- ойыншықтар мен ойын материалдарына қамқорлықпен қарауға, өз бетімен ойыншықтарды ретке келтіруге тәрбиелеу;
- балалардың қоршаған тіршіліктің жағымды жақтарын бақылау және ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінен алған білімдері негізінде ойын мазмұнын дамыту және молайту;
- отбасы және балабақша тұрмысын, түрлі саяхатты, адам еңбегін, қоғам өміріндегі айрықша оқиғаларды бейнелейтін ойындарды қолдау.
 
ойын үдерісінде жолдастарына тілектестік қарым-қатынасын, олармен санаса білуді, қиын жағдайларда көмекке келуді, ойын материалын қолдануда келісім жасауды, дауларды әділ шешуді қалыптастыру;
- бірлескен ойында өзін-өзі ұстау ережелері мен нормаларын орындауға үйрету;
Балалар ойындары екі топқа бөлінеді
Шығармашылық ойындар
Ойын ережелерімен
Ойын ережелерімен
Қимылды ойындар
Дидактикалық ойындар
Қимылды ойындар балалардың қалыптасқан қимыл дағдыларын жетілдіру және қимылдарды орындаудың тиімді жолдарын таңдау, жиі өзгермелі ойын жағдайларында қимыл үйлесімділігін дамыту.
“СИҚЫРЛЫ АЛАҢҚАЙ”
ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНЫ
ОЙЫН БАЛАЛАРДЫҢ ТҮСТІ ҚАБЫЛДАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ЖЕТІЛДІРЕДІ, ТҮСКЕ САЙ ЗАТТАРДЫ АЖЫРАТУҒА , НЕГІЗГІ ТҮСТЕРДІ АТАУҒА ҮЙРЕТЕДІ. БҰЛ ОЙЫН ЭСТЕТИКАЛЫҚ СЕЗІМІН ДАМЫТАДЫ, БАЛАНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ӘРЕКЕТІН БЕЛСЕДІРЕДІ, ЗЕЙІНІН ЖӘНЕ НАҚТЫЛЫҒЫН ТӘРБИЕЛЕЙДІ.
«ҒАЖАЙЫП ТАСБАҚА»
ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНЫ

ОЙЫН - БАЛАЛАРДЫҢ ТҮСТІ ҚАБЫЛДАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН, ЗАТТЫ ТҮСКЕ САЙ АЖЫРАТУҒА, НЕГІЗГІ ТҮСТЕРДІ АТАУЫН ЖЕТІЛДІРЕДІ. БҰЛ ОЙЫН ТАКТИЛЬДЫ-ҚИМЫЛДЫ СЕЗІМІН ( ӘРТҮРЛІ САПАЛЫ ЗАТТАРДЫ ҰСТАП СЕЗІНУ АРҚЫЛЫ ФОРМАСЫН АНЫҚТАУ) ДАМЫТУҒА ЖӘНЕ АЙНАЛАДАҒЫ ЗАТТАРДЫҢ БЕЛГІЛЕРІН ТАНЫП , БЕКІТУГЕ АРНАЛҒАН .


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет