Тренинг Тақырыбы: «Ойлау қабілеті мен танымдық белсенділігін дамыту» Тренинг мақсаты



Дата31.07.2020
өлшемі19,05 Kb.
#75799
Байланысты:
оқушылармен жұмыс


Тренинг

Тақырыбы: «Ойлау қабілеті мен танымдық белсенділігін дамыту»

Тренинг мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін, танымдық процестерін дамыту арқылы белсенділікке, ұшқырлыққа дамыту және қалыптастыру.

Тренинг барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Балалар білесіңдер, қазіргі таңда «Жаңартылған білім беру» бойынша оқып, білім алып жатырсыңдар. Осы алып жатқан білімдеріңді ұштау үшін, танымдық үдерістеріңді дамытып отыруларың керек. Сол себепті, бүгін сендермен осы тренингті ұйымдастырып отырмын.

Ал ендеше, тренингімізді бастайық.

І. «Танысу» жаттығуы

Мақсаты: Оқушылар арасында жағымды есте сақтау қабілетін орнату.

Нұсқау: Қазір, балалар, сіздер 1-ші (партадағы) оқушыдан бастап өз есімдеріңе жақсы сөзбен мақтау немесе мадақтау (Әр мақтау сөзді айтқанда іс – қимылмен көрсетіп отырамыз).

ІІ.»Не өзгерді?» жаттығуы

Мақсаты: Баланың танымдық белсенділігін ояту, зейінін және ес процесін дамыту.

Құралы: Бірнеше ойыншық

Нұсқау: Үстелдің үстіне бірнеше ойыншық қойылады. Балаға үcтелде тұрған ойыншықтарды есіне сақтау ұсынылады. Содан кейін “Көзіңді жұм” деп нұсқау беріледі. Осы кезде жүргізуші 1 ойын -шықты алып қояды. Жоғалғанын табу ұсынылады.



ІІІ.»Мен жақсы көремін» ойыны

Ойын шарты: Дөңгеленіп отырып, бір-бірімізге доп лақтырамыз. Доп кімнің қолына түссе, сол оқушы кімді жақсы көретінін айтады. Мысалы, мен анамды жақсы көремін. Өйткені ол менің ең жақын адамым. Немесе мен Айнұрды жақсы көремін. Өйткені ол сыпайы т.б. Ойынның соңында доп жүргізушінің қолына тиеді.



ІV. «Ретін сақта» ойыны

Мақсаты: көру есте сақтауын, көңіл аударуды есте сақтау.

Нұсқау: Бес- алты баланы таңдап алады, қалғандары – «көрермендер». Таңдалып алынған балалардың бірі басшысы болады. Қалған төрт- бес бала «паровоз» болып қатарға тұрады. Ал төрт басшы бала сол парабала «паровоз» болып қатарға тұрады. Ал топ басшы бала сол паравозға бір минут қарап, содан соң теріс айналып, паровоз болып тұрған балаларды тұрған орны бойынша аттарын атау керек. Осыдан кейін ойыншылар «көрермендер» болады да, сахнаға басқа балалар шығады.

V. «Менің үйім» әдістемесі

Мақсаты: Отбасылық жылуын сезінуін, көңіл-күйін анықтау.

Нұсқау: Оқушылардан қағаз бетіне өзінің қалаған үйін салуын ұсыну. Салған үйлері туралы ойларын тыңдау,кеңес беру.

VІ. «Мен қандаймын» жаттығуы

Мақсаты: Кеңістіктік бағытты, көріністік есте сақтауды, дыбыстық қабылдауды, көңіл аударуды дамыту.

Жүргізуші: қазір мен сендермен сендердің біреулерін Детектив болатын ойын ойнағым келіп тұр. Біз ол тек құлағымен көре алатындай етіп детективтің көзін байлаймыз. Ол бөлменің бір ұшында тұрады, ал қалғандары бөлмеге тарайды, әркім өз орнын тапқан кезде Детектив, сол балалардың біреуінің атын атайды, ал ол бала сол тұрған орнынан жанында тұрған затты ұрады. Детектив дыбыс бойынша өзі атаған бала қайда тұрғанын табу керек. Содан кейін Детективтің орнын басқа бала атқарады.

VІІ. Қорытынды: Балалар бүгінгі тренинг ұнады ма?

-Балалар, біріншіден мұндай ойындар сендердің қызығушылықтарыңды тудырып, оқу іс-әрекетіне деген танымдық ынталарыңды тудырады.



Екіншіден қабілеттеріңді, зейіндеріңді дамытады (Зейінін бір жерге шоғырландыру, зейінді болуға керекті жерде қажетті нәрсені есте сақтау мен ойлап табуға үйретеді).

Түркістан облысы

Түлкібас ауданы

Түлкібас поселкесі

Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебі

Еркебаева Гульнара Стыбаевна

Педагог-психолог

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет