Кіріспе зерттеудің өзектілігі



бет4/5
Дата19.04.2020
өлшемі219,79 Kb.
#63043
1   2   3   4   5
Байланысты:
Анаркулова диплом


ТақырыбыСөз тіркестері, байланысу түрлері

Мақсат блогы: 1. Жалпы мақсат – Сөз тіркестері, байланысу түрлері бойынша оқушылардың теориялық білімін, әдістемелік дайындығын қалыптастыру.

Басты мақсат – Сөз тіркестері, байланысу түрлері сөйлемдік сипатын ашу.

Нақты мақсат үш түрлі.

  Сөз тіркестері, байланысу түрлері қолданылуы мен бір-бірінен ерекшеліктеріне тоқталу.

  Әр сөз тіркестері, байланысу түрлерінің өзіне тән белгілерін, құрамын айқындау.

  Әр сөз тіркестері, байланысу түрлерінің жасалу жолына тоқталу.



Жеке мақсаттар. Әрбір нақты мақсаттан бірнеше жеке мақсаттар туындайды:

  қазақ тілі біліміндегі сөз тіркестері, байланысу түрлерінің құрамы, олардың жасалуы, негізгі белгілері.

   қазақ тілі оқулығындағы сөз тіркестері, байланысу түрлері туралы анықтама – ережелерді еске түсіру.

Мақсат блогы айқындалғаннан кейін, оқушылардың бұрын игерген білімдерін жаңғырту, зейінін жаңа материалға аудару мақсатында қайта оралу блогы беріледі.

Танымдық - әрекет блогы. Ол екі компоненттен тұрады:

  теориялық блок,

   практикалық дағды блогы.

Модульді-интерактивті технологияны қабылдау. Ол екі бөлімнен тұрады:

   бақылау сұрақтарына жауап беру;

   тест тапсырмаларын орындау.

Оқу материалының толық, жеткілікті болу ұстанымы. Әр тақырып модульді-интерактивтік технология арқылы аяқталған блок ретінде берілуі тиіс. Білім алушының таным деңгейі оның сөйлеу тіліне, сөздерді орынды қолданып, сөйлемді жүйелі, дұрыс құрастыру, ойын жеткізе білу іскерлігіне тікелей тәуелді. Сондықтан модульді-интерактивтік технология арқылы оқыту процесінде оқушының білімін кеңейтумен қоса олардың пәнге деген қызығушылығын, ынтасын арттыратын әлеуметтік, танымдық мотивтердің қалыптасуына жол аша отырып, теориялық білімдерін практикада қолдана білу көзделеді.

Жаңа технология бойынша оқытудың түрлері: проблемалап оқыту, бағдарлап оқыту, саралап, жекелеп, тереңдетіп оқыту, дамыта оқыту, ұжымдық оқыту, деңгейлеп оқыту, қашықтықтан оқыту,  модульдік оқыту т.б. Қандай технология болмасын, оны оқытушы сөзжасам, морфология сабақтарының жоспары арқылы іске асырады. Сондықтан технологиялық карта әмбебап жоспар, оны барлық пәндерге бейімдеп қолдануға болады. Технологиялық карта арқылы оқытуды келесі үш бағытта жүргізген тиімді: білім мазмұны, құрылымы, қандай әдіс-тәсіл арқылы. Нені және қандай бірлікте оқыту мәселелерінің мазмұны пән бағдарламасында, мемлекеттік стандартта көрсетіледі. Педагогика ілімінде технологиялық карта ұғымы білімді қолданысқа, меңгеруге ыңғайлы етіп жүйелеу, шоғырландыру, жинақтау болып табылады . Жалпы технология ұғымына мынандай анықтама беруге болады: «оқытудың арнайы формаларын, әдістері мен тәсілдерін айқындайтын педагогика-психологиялық нұсқаулардың жиынтығы, педагогикалық процесті ұйымдастырудың әдістемелік аспабы, оқуды іске асырудың мазмұндық техникасы, практика жүзінде іске асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы», «оқыту процесінде жоcпарлы нәтижеге жетудің сипаттамасы» , «белгілі бір қалыпты өзгертудің, өңдеудің әдістерінің жиынтығы, өнер, шеберлік, іскерлік», «оқытушыға қолайлы жағдай жасау мақсатында оқу процесін жоспарлаудың, ұйымдастырудың, өткізудің ойластырылған моделі, үлгісі», «педагогикалық жүйе»,  т.б.



Бастауыш сынып оқушылары үшін тіл – білім алудың көзі болып саналады. Сондықтан да ата-аналар мен мұғалімдер баланың тілін дамытуың маңызын түсінуі тиіс. Оқушының тілінің дамуы жоғары болса, ол оның өмір жолында, сыныптастарымен қарым-қатынасына, сонымен қатар мектепте нәтижелі оқуына әсер етеді.

Сөйлеу тіліне ең алдымен, анықтама бере кетсек. «Сөйлеу тілі – күнделікті қарым-қатынаста пайдаланылатын әдеби тілдің бір түрі. Сөйлеу тлі белгілі бір жағдайда ауызба-ауыз тікілей жалғанатын қатынас тілі болғандықтан, ол сөйлеудің ауызша формасымен тығыз бйланысты болады. Ал ауызша сөйлеуде еркіндік басым келеді, яғни үйреншікті жағдайда адамдар емін-еркін сөйлейді. Сонымен бірге сөйлеу тілі жазбаша түрде де қолданылады. [2].

Оқушылардың сөйлеу тілінің қабілеттерінің қалыптасуы және дамуының нәтижелі шарттары қандай?

Ең бірінші шарт ол – қарым-қатынастың қажеттілігі. Демек, өз пікірімен немесе ақпаратпен бөлісу тілегі мен қызығушылығын туғызатын, сөйлеу тілінің ынтасын айқындайтын жағдайларды қалыптастыру керек.

Екінші шарт ол – қарым-қатынас ортасын құру. Қарым-қатынас ортасы – бұл ата-аналардың, жақындардың, достардың әңгімелері, көркем әдебиет, бұқаралық ақпарат құралдары, мұғалімнің сөйлеу тілі, оқулықтардың тілі… Сөйлеу тілі оқушыға қарым-қатынасқа түсуге және дүниені танып білуге көмектеседі.

Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеуге үйретуде психологияға сүйенбей болмайды. Сөйлеу тілін дамыту процесінде адамның еркі, есте сақтау қабілеті, ой-өрісінің дамуы, сезімі, қиялдай білу ерекшеліктері негізгі рөл атқарады.

Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілінің дамуы әрдайым педагогикалық басшылықты қажет етеді. Сөйлеу тілін дамыту мен байытуда жүйелі жұмыс қажет.Жас балалардың тілін дамытудың бір жолы ол – көрнекілік пен ойын. Ойын арқылы түрлі тілдік жағдай туғызып, балалардың түрлі тақырыпта сөйлеуіне жағдай жасауға болады. Ойын кезінде баланың сөйлеуге ынтасы артады, көңіл-күйі өседі, сөйлеуге белсенді қатысады. Ойын баланың сана-сезіміне де әсер етіп, тәрбиелік мақсатын да орындайды.

Ойын кезінде балалар бір-бірімен тіл арқылы тығыз қарым-қатынасқа түседі. Ойынға байланысты сөздер ойын кезінде бірнеше рет қайталанады. Сондықтан ойынды белгілі сөздердің қайталануына қарай ойын-жаттығу деп атау ғылымда бар, біз де осы пікірге қосылып, ойын-жаттығу терминін қолдану дұрыс деп таптық.

Ойын-жаттығу мына талаптарға сәйкес болуы керек:

1. Ойын-жаттығу баланың жасына сай болуы керек.

2. Ойын-жаттығу негізінен сөйлесімнен құрылуы керек. Яғни, ойынның негізі саналатын тілдік жағдай сөйлеу әрекетін туғызатын боуы керек.

3. Тілдік қатысымды жүзеге асыратын сөйлеу нәтижесіне ойнау нәтижесі қосылу керек.

4. Ойын-жаттығу ұжымдық болады, бала ойында өзі қалған рөлді таңдай алуы керек.

5. Ойын-жаттығу баланың ауызша сөйлеу дағдысын, сөйлей білуін нақтылы сөйлеу әрекеттері арқылы жүзеге асу жағдайын белгілеу керек. Бұл әдісте білім мен ойын сабақта елеусіз байланысады да, ойында, сабақта бала өзін еркін ұстайды. [3].

Оқыту әдістемесін зерттеген ғалымдар оқытуда қолданылатын көрнекіліктің мынадай түрін ұсынды, олар: демонстрация, иллюстрация.

Оқытуды демонстрациялық негізде ұйымдастыру оқушылардың оқу материалын жеңіл әрі терең ұғынуына мүмкіндік туғызады, олардың ойлау әрекетін жандандырып, қосымша ақпараттар береді. Оқушылардың құбылысты және танымдық процесті, өздері белсенділік танытып оқып үйренсе, шын мәнінде бұл әдіс нәтижелі болмақ. Олар тарапынан мұндай қарым-қатынас оқыту процесінде проблемалық және ізденушілік жағдайға итермелейді.

Иллюстрация – демонстрация әдісімен тығыз байланыста болады. Бұл әдісті иллюстративті құралдарды (суреттер, сызбалар, портреттер, модельдер) көрсету қолданылады. Мысалы, қазақ тілі сабағында оқушыларға сурет көрсетіліп, оны сипаттау жұмысы немесе мәтін құрастрыу, не болмаса екінші бір суретпен салыстыру жұмысын орындатуға болады. Көрнекіліктер айшық түсті, барлық оқушыларға жақсы көрінуі тиіс және ол оқушының жас ерекшелігіне сәйкес келуі ескеріледі.[4].

Сабақта қолданылатын түрлі көрнекіліктер оқушыларды әртүрлі ойлау әрекетіне бейімдейді. Түсіндірілген материалды саналы түрде меңгеруге ықпал жасайды.

Бастауыш мектеп бағдарламасында балалардың жас ерекшелігіне байланысты тапсырмалар, жаттығу жұмыстары берілген. Сол сияқты тіл жұмыстары мәтіндерді оқу, оны мазмұндап айту, сұрақтаға жауап беру және шығарма, мазмұндама жазу арқылы жүзеге асырылады.

Көптеген мұғалімердуің байқауы бойынша бастауыш сынып оқушыларының жаттығуларды түсінбеуі, олардың тілінің дамуының жетіспеушілігінің себебі болып отыр.

Жаңа сөздермен жұмыс тіл дамыту барысында ерекше орын алады. Оқушы әр сабақ барысында белгілі бір мөлшерде жаңа сөздерді меңгеруі тиіс. Сөйтіп, оқушылардың сөздік қоры молаяды. Сабақ барысында сөздерді жеке дара емес, белгілі бір жағдайға байланысты тақырып аясында қолдануға мүмкіндік жасалуы тиіс. Ахмет Байтұрсынұлының: «Тіл дамыту мәселесі тек қана грамматика заңдарына үйреніп, не болмаса, сөздерді балаға үйретіп қана емес, сөзді тіршілігінде көрсету барысында ғана шешуге болады», – деген тұжырымы бұған дәлел бола алады. [5].

Сөйлеу тілі мен сөздік қоры молая бастаған сайын бала айналадағы адамдармен, құрбылыас балалармен белсенді түрде сөздік қарым-қатынас жасайды.

Бала тілін дамытып қалыптастыруда өз ұлтымыздың ауызекі шығармашылығының тигізер ықпалы зор. Халқымыздың ертегі, аңыз-әңгімелері, мақал–мәтелдері, жұмбақ, жаңылтпаштары, ойнақы, жеңіл тілімен беріледі. Балаға жаңылтпаш үйретіп, оны айтқызу сөзді дұрыс сөйлеуге әдеттендіреді, кейбір тілі келмей, бұзып айтатын дыбыстарды анық айтуға жаттықтырады. Ал жұмбақ айтқызу баланы тапқырлыққа үйретіп, ойлау қабілеті мен тілін ұштайды. Мақал-мәтелдерді пайдаланудың әдіс-тәсілдері көп. Оларды сыныпта, сыныптан тыс оқуда белгілі бір тақырыпты оқытумен бірге сәйкестендіріп алған ыңғайлы.
2.2 Балалар әдебиеті арқылы оқушылардың тілін дамытудың әдіс-тәсілдері
Оқушының ой-өрісінің, сана-сезімінің жан-жақты дамуы бастауыш сыныптан басталады. Бастауыш сыныпта оқушылардың тіл орамдылығын арттырып, өмірге көз қарасын қалыптастырса, ой-өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байытады. Балаларды жақсыға үйретіп, жаманнан жиренуге тәрбиелейді.

Біздің жарқын болашағымыз – өскелең жас ұрпақтың біліктілігімен байланысты. Жас ұрпақ-өркениетті тәрбие шуағына шомылса ғана, білім нәрімен сусындаса ғана мемлекетіміздің көсегесі көгереді, егеменді ел баянды болады. Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ екені ақиқат.

Қазіргі таңда оқыту мен білім беру саласы оқушылардың жеке басын дамыту мен сапалы білім беру мақсатында оқытудың жаңа мазмұнын , тиімді әдістерін үнемі іздестіруді талап етіп отыр.

Осыған орай оқушының бойындағы барлық сапаны , дағдыны, қабілетті, білім мен біліктілікті тұтас сәйкестікте дамытуға бағытталған білім жүйесін қалыптастыру қолға алынуда. Жан-жақты білімді , өз ойын ашық айтатын , сөйлеу мәдениеті жоғары «жеке тұлғаны» бастауыш сыныптан бастап дайындауға ерекше көңіл бөлінуде.

Бастауыш сынып жасындағы балалардың сөздік қорын байытып, тілін дамыту әдістемесі оқушының тұлғалық ерекшелігін дамытуда ерекше орын алады.

Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын дамытып, сөз мәдениетін қалыптастыру жұмысы жүйесіз, негізсіз, бағытсыз кездейсоқ іске асырылмайды. Бастауыш сынып кезеңі- баланың қалыптасатын кезеңі. Олай болса, тіл тазалығы, ой дәлдігінің атадан балаға мирас болып келетінінің бірі.

Тіл- тәрбиенің басты тірегі. Қазіргі заман талабына сай ұл мен қыз өсіру, оларға білім беру- әр ұстаздың басты мақсаты. Ана тілі арқылы жас жеткіншектерді халқымыздың озық ойымен , әдебиетімен, мәдениетімен , тіршілігімен таныстырамыз. Осының бәрін біліп қана қоймай , бала оны жеткізе де білуі керек. Сондықтан әр сабағымда бала тілін дамытып , сөздік қорын байытуға әр түрлі тәсілдерді қолданамын.

Тіл дамыту жұмыстары жеке пәннің әр сабақтарында қолданылып тұрады. Ол- математика, қазақ тілі және әдебиеттік оқу пәндері. Енді осы пәндерде тіл дамыту , баланың сөздік қорын қалай байыту жұмыстарына тоқталайын.

Қазақ тілі сабағында тіл дамыту жұмысы «Тіл және сөйлеу», «Жазбаша және ауызша тіл» тақырыптары бойынша берілген . Оқулықтарында берілген тапсырмаларынан  басқа қосымша тапсырмалар қолданылады.  Мысалы бейнесөз шешу, мәтінді аяқтау, «Мақалды тауып оқы» , «Керекті  сөзді тап», «Қандай әріпті жоғалттым» және тағы басқалары.

Заттың атын білдіретін сөздерді өткенде «Кім тез табады?»ойыны сабақ соңында ойналады. Берілген шашыранды әріптерден атақты адамдардың есімдерін құрастыру. Әр қатардан артылған әріпті шеттегі тік орналасқан шаршыларға жоғарыдан төмен қарай орналастырғанда, оқу құралдарының бірінің атауы шығады. Ол қандай сөз екенін тапқызу.



Табылған сөзді қатыстырып сөйлемдер құрау, жұмбақтар айту, мақал-мәтелдерді еске түсіруге болады.



Сөздің әрбір дыбысынан сөз тудыру жұмысы.

Баланың сөздік қорын молайтып, жаңа сабақты меңгеруде өте көп пайдасы тиеді.

Сөз таптары. Сын есім тақырыбында:Тақтада «Әсем қандай қыз?» деген сөйлем жазылады. Әсем сөзінің әрбір дыбысынан Әсемнің бойындағы жақсы қасиеттерді жазғызамын.

Ә- әдемі, әдепті, әділетті т.б.

С- сұлу, сүйкімді, сезімтал т.б.

Е- епті, еңбекқор, елгезек т.б.

М- мейірімді, мәдениетті, момын т.б.

Енді осы сөздерді тірек ретінде пайдалана отырып, «Әсем» деген тақырыпта мәтін құраттым. Сонда төмендегідей мәтін мәтін құрастырылады.



Әсем әдемі, әрі әдепті қыз. Әсем өте сұлу да, сүйкімді. Оның сүйкімді қылықтары өте көп. Айтар болсам ол епті , еңбекқор, елгезек. Ол үлкенге де, кішіге де мейірімді. Ол-мәдениетті қыз. Әсемнің мінезі де салмақты. Әсемнен мықты дос шығады.

Салыстыру жұмысы арқылы сөйлем құрату.

Тақтаға сурет ілініп, суреттегі зат сипатталады. Мұндай жұмыстар түрі оқушылардың суретке қарап сөйлем құрау сауаттылығын арттыра түседі.

Сөзден сөз тудыру жұмысы.Мүмкіндік деңгейінде орындалады.

Тақтаға «Қарындас», «Қарлығаш», «Қарындаштар»сөздері жазылады.

Үш қатардағыларға бөлініп беріледі.

«Қарындас» сөзінен-қар, қара, қас, ара, нан, ана,садақ, арық, қарын, дана т.б

«Қарлығаш»сөзінен-қараша, ағаш, шаш, шағала, ғарыш, шар т.б

«Қарындаштар»сөзінен-қар, арық, тарақ, шана, шындық,шара, артық т.б



Сөздің соңғы дыбысынан басталатын сөз тудыру.

Жалқы есімдер тақырыбында:

Кісі аттары: Алмат, Талғат, Тимур, Рахат, т.б.

Қыздар есімі: Гауһар, Раушан, Нұргүл, Лаура, т.б

Жер-су аттары: Шымкент, Темір, Рига, Алматы, т.б.

Балалардың сөздік қоры молайып, ойлау қабілеті, байқампаздық қабілеті арта түседі.

Жеке дыбыстарды өткенде «Кім жылдам»  ойынын жие қолдандым. Мысалы: дауысты «и» және қысқа «й» дыбысы қатысқан сөздерді екі оқушы тақтаға шығып жазады. Көп сөз жазған оқушы жеңімпаз  аталады.

«Буын», «Тасымал» тақырыптары бойынша «Мақалды тауып оқы» ойыны қолданылады.



Бұл ойынның маңызы өте зор. Өйткені, бала біріншіден ойланады. Екіншіден мақалды тапқан соң оны жаттап алып,  қолдана алады.  Үшіншіден алынған мақалдың тәрбиелік мәніне көп көңіл бөлінеді.

Мысалы: Сан есім тақырыбы бойынша:


ж

О

т

б

,

і

н

.

Қ

-

і

з

ң

е

з

С

ң

л

ы

-

г

ы

А

і

м

ғ

б

л

ғ

Н

н

е

о

І

і

о

Т

е

г

т

р

Б
 

 

 



 

і

ш

і

г

ү

м

қ

ң

н

ү

т

і

ш

е

а

ұ

.

л

т

ж

і

ж

р

с

қ

е

у

р

н

р

ұ

қ

м

р

а

е

,

а

ш

А

Жауабы: Білгенің-бір тоғыз,              Ақ сұңқар ұшар жем үшін,

Білмегенің-тоқсан тоғыз.             Ер жігіт туар ел үшін.

Бұл ойын оқушылардың сөздік қорын молайтып,  ізденімпаздық қабілеттерін жетілдіреді, оларды логикалық ойлауға тәрбиелейді.

Сабақта оқушылардың  жұмысқа деген ынтасын көтеру үшін, тіл өрісінің дамуының нәтижелі болуы үшін «Тілдік шынығу сәттер»  кезеңі жүргізілуге тиіс деп ойлаймын.   Тілдік шынығу сәттерінде –жаңылтпаштардың алатын орны ерекше. Мысалы осы тақырыпта жаңылтпаштар:

Қырық құлып,                              Үш қыз  да ұшқыш,

Қырық құрық.                                       Ұшқыш та үш қыз.

Құлып та-қырық

Құрық та –қырық.

Сонымен қатар анаграммалар, мақал –мәтелдер,  өтірік өлеңдер, сөзжұмбақтар тілдік шынығу кезеңінде көбірек қолданыста болған оң нәтиже берері сөзсіз. Олардың негізгі қасиеті- нақтылық, жылдамдылық, көркемдік. Сондықтан әр сабақта ұстаз үнемі оқушының тілімен жұмысты жүргізгені жөн, сөздің айтылуын үнемі қадағалау.

Математика пәнінде де баланың тіл байлығын дамыту үшін оларды ,  математикалық тілде сөйлеп және жауаптарын толық сөйлеммен айтуға баулимын.

Мұнда да сабақ барысында түрлі ойын элементтері қолданылады немесе сабақ соңында математикалық ойындар ойналады.

Мысалы «Есептеу машинасы» ойыны , «Шырша өсір», «Пойыз құрастырамыз», «Шеңбердегі мысалдар» және тағы басқалары. Бұл ойындар баланың  тез ойлану қабілеттерін дамытып қана қоймай , математикалық тіл байлығын дамытады.  Өйткені әр баланың жауабы толық болуын мұғалім қадағалап, талап етіп отыруы керек.

«Есептеу машинасы» ойынында ұзын тізбекті мысалдар беріледі.

18+12-19+16-14+13-12+15-17=

Бала айтып тұрып шығарады. Мысалы , 18 санына 12 санын қосқанда жауабы отыз болады, отыз санынан он тоғызды азайтқанда жауабы он бір болады т.с.с. Баланың тілін дамытуда мазмұнды есептер үлкен рөл атқарады. Есептердің шартын оқыту, сұрақты дұрыс қою, сұраққа жауапты толық беру арқылы баланың математикалық тілі жетіледі. Сонымен қатар ауызша жаттығулар жүргізуге де болады. «Мен қандай сан ойладым?» ойыны: «Мен бір сан ойладым, оған 55-ті қосқанда, 89шықты. Мен қандай сан ойладым?»  Оқушылар мұғаліммен бірлесе  отырып жауабын табады. Ендігі кезекте балалар өздері ойлап, өздері сөйлеп, жауаптарын береді.

Мектепке келген бала тілі бір жақты, тек отбасы, ошақ қасында пайдалынатын сөздер ғана болуы мүмкін. Атап айтсақ, оның айтқан сөздері арасында мәнді және  білім саласында қолданылатын термин сөздері аз. Ол баланың сөйлеу тілі, сөздік қоры ең алдымен сол сыныпта жүргізілетін пән оқулықтары , пайдаланылатын көрнекі құралдар және сыныптан тыс шаралар арқылы, өткізілген сабақтарда ғана танысып ,тіл байлығы дамып өз беттерінше кітап оқу, түрлі сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстарға қатысу, кино, саяхатқа шығу арқылы жаңа сөздер үйреніп, тіл сындырады.

Әдебиет пәні- ол нағыз тіл дамыту пәні.

Әдебиет пәнінде баланың тілін, ойын дамыту үшін қолданылатын тәсілдің бірі «Ойды, мәтінді, суретті, ертегіні жалғастыру» ойынын балалар қызыға ойнайды. Мысалы, бір тақырыпқа мәтінді бастап, аяқтауды балаларға ұсыну,есте сақтау, ойлану қабілеттерін дамытуға көп септігін тигізеді.

Таласып отырып жауап береді. Әр бала өз ойынын дәлелдеуге тырысады.

Осы жерде пікірталас та тууы мүмкін.

Сызба бойынша сөйлемді толықтыру балалардың  сөздік, тілдік қорының молайуымен қатар ойлану қабілеттерін дамытады.



Қорыта айтқанда , жеке пәннің әр сабақтарында тіл дамыту жұмыстары  жүйелі түрде  дұрыс ұйымдастырылған жағдайда балалардың сөздік қоры молайып, тіл орамдылығы артып,  оқушылардың тұлғалық ерекшелігі  дамиды.

Қазақ  халқы  қай  уақытта  болмасын  ұрпақ  тәрбиесін   ұлттың  тағдыры,  ұлттың  болашағы  деп  білген.Сондықтан  тәрбие  мәселесіне  көңіл  бөліп,  болашақ  ұрпаққа  сапалы  тәрбие  беруді   басты  мақсат  еткен.

Соңғы кезде балалардың сөйлеу, тіл дамуының проблемасы өткір мәселе болып тұр. Неге балалар нашар сөйлейді? Мүмкін біз олармен сөйлесуді ұмытқандықтан болар. Ата-аналар балаларымен сөйлескенде мақал-мәтел, нақыл сөздерді сирек қолданады. Негізінде, халық ауыз әдебиеті адамдардың мейрім шуағын оятатын ғажайып қабілетке ие. Балалармен жұмыс жасағанда халық ауыз әдебиетін қолдану дегеніміз — баланың тілін, ойлауын дамыту, мінез-құлқын реттеу, адамгершілік , патриоттық  сезімдерге  ие жеке тұлғаны қалыптастыру.

Қазіргі  заман  талабына  сай  ұлттық  психология негізінде  қалыптасқан,  дені  сау,  білімге  деген  қызығушылығы  жоғары,  өздігінен  іс- әрекет  жасау  дағдыларын  меңгерген  тұлға  даярлап  шығару  мектепке  дейінгі  мекемелердің негізгі  міндеті.

Балаң  білім  жолын  қусын  десеңіз

Бесігінде-ақ  ілім  шоғын  көсеңіз.

Білім  үйрет  сәбиіңе  сарыла

Уыздай  ілім  сүттей  сіңер  қанына.

Сәбиінде  көкірекке  түйгені,

Өлгенінше  санасында  жүреді»,-  деп        Ж.Баласағұн  айтқандай,  балабақша  тәрбиешілеріне  өте  үлкен  де   жауапты  міндет  жүктелінген. Әлі  тілі  де  шықпай  келген  кішкентай  бүлдіршіндерді  тәрбиелеп,  оқытып,  мектепке  дайындау  аса  зор  жауапкершілікті  талап  етеді.  Балабақшадағы  сәбилер  жас шыбық  секілді,  қалай  майыстырса  солай  өседі. Сондықтан  да   тәрбиешінің  білім  дәрежесі,  мәдениеті, үлгілі  сөйлеу  тілін  меңгеруі  өте  маңызды .

Тіл – табиғаттың үлкен сыйы.Тіл арқылы адамзат тілдесудің үлкен мүмкіндіктеріне қол жеткізеді, қарым — қатынасын біріктіреді, және көзқарастарын қалыптастырады. Дүниенің қыр — сырын танып білуге жол ашады.Сондықтан, тілдің дамуына, әсіресе мектеп жасына дейінгі бала тілінің дұрыс қалыптасуына ерте бастан ерекше мән берген жөн.

Бүлдіршіндердің ой — өрісін дамытуға, қиялын шарықтатып, тіл байлығын дамытуда ауыз әдебиет үлгілері — ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ұлттық  ойындардың тигізетін пайдасы   ұшан - теңіз.

Өз тәжіребиемде, күнделікті оқу іс-әрекетінде және  одан  тыс  уақыттарда  да халық ауыз әдебиетін түрлерін  кеңінен қолданамын. Сонымен қатар бала тілін ,сөздік қорын молайтуына әртүрлі көрнекі құралдарды түрлендіре пайдаланғанды жөн санаймын.Өйткені олар арқылы балаларды қызықтырып,өзіңе тарту қиынға соқпайды.

Б.Момышұлы  атамыздың   «Ертегісіз  өскен  бала  рухани  мүгедек адам»,- деген  қанатты  сөзі бар. Шыныныда  да  ертегі  балаларды  төзімділікке, еңбекқорлыққа, шыдамдылыққа, батылдыққа тәрбиелейді. Балаларға  ертегілерді  үстел  үсті  театры, саусақ  театры, қуыршақ театры, көлеңкелі  театр арқылы сахналау өте  ұнайды және  олардың  қызығушылығы, қабылдауы  жоғары  болады.

Бізде  балалармен   түскі   ұйқыға   жатар  алдында  ертегі  айтып  беру  әдетке  айналған. Оған  балалар  да  үйреніп  алған, төсектеріне  жатқан  соң  ертегіні  күтіп  жатады. Жылдың  басында  ертегіні  біз  айтсақ   ,  II- жарты  жылдықта  балалардың  өздері  айтады. Бұл  жерде  балалар  ертегіні  естеріне  сақтап  қана  қоймайды,  олардың   тілі  дамиды,  бала  байланыстырып  сөйлеуді  үйренеді және  ойлау, қиялдау  қабілеттері  жетіледі. Балалар жағымсыз кейіпкерлердің жаман әрекеттерінен бойларын аулақ ұстап, жақсылыққа құмартады.

Ал халық  ауыз  әдебиетінің тағы  бір  түрі  жұмбақтар - баланы байқағыштыққа, тапқырлыққа баулып, ой - қиялын ұштастыруға көп әсер етеді.  Мен  өз  тәжірибемде  жұмбақтарды  кең  қолданамын. Оны  оқу  іс- әрекеттерінде  де,  басқа  уақыттарда  да  қолдана  отырып  балаларды  жауабын  іздеуге  итермелеймін. Жұмбақтардың  жауаптарын  іздей  отырып  балада  ойлау  қабілеті жақсы  жетіледі.

Халықтық шығармалар ішінде баланы дұрыс та, айқын сөйлеуге үйрететін, тілін жаттықтыруға бейімдейтін жанр – жаңылтпаш. Балалар жаңылтпаш арқылы сөздерді дұрыс сөйлеуге, жеке дыбыстарды алмастырмай дұрыс айтуға үйренеді. Мен  осы ертегілерді  айтқызғанда, жұмбақтар,  жаңылтпаштарды  үйретуде  мнемотехника  әдісін кеңінен    қолданамын.

Бұл  әдіс баланың   суреттерге  қарай  отырып  сөздерді  айтуға,  есіне  сақтауына  жақсы  көмектеседі.

Балабақшадағы  тәрбиеленушілердің тілін дамытуда ұлттық ойынның орны ерекше. Халық педагогикасында ойындар өте көп және мазмұндарды да, бағыттары да бірін-бірі қайталанбайтындай сан-алуан, әрі қызықты. Олар, «Ақ серек,  көк  серек», «Тақия тастамақ», «Айгөлек», «Мысық пен  тышқан» , «Арқан  тарту», «Ханталапай» және т.б. Ойын ережелерінің балалар үшін үлкен тәрбиелік маңызы бар. Олар ойын барысын белгілейді, балалардың тәртібі мен іс-әрекеттерін  олардың өзара қарым-қатынасын бақылап, ерік-жігерінің қалыптасуына  ықпал етеді, тілін  дамытады. М: «Айгөлек»  ойынын  алатын  болсақ, ондағы

«Айгөлек – ау, айгөлек

Айдың  жүзі  дөңгелек

Ана  топтың  ішінен

….  деген  ұл(қыз) керек, -деп  кезек-кезек  қайталай  отырып біріншіден,  ойынның  ережесін  сақтайы; екіншіден  осы  сөздерді  жаттап  алу  арқылы  тілдері  дамиды.

Біздің  балабақшадағы  балалар  «Асық»  ойындарын  жақсы  көреді. Әр  түске  боялған  асықтарды кіші  топ балаларымен  түстерді  ажыратуда, заттардың кеңістікте  орналасуын  үйретуде  қолдансақ, одан  үлкенірек  балалармен   дидактикалық ойындарды  ұйымдастырғанда(«Қай  қатардағы  асық  көп?»немесе «Асықтарды санап  бер»т.б.) қолданамыз.Топішілік  сайыстар  өткізген  кезде  де жеңімпаз  алған  асық  санына  байланысты  анықталады.

Ұлттық ойындардың мазмұндық ерекшеліктері, біріншіден, баланың ақыл-ойының белсенді жұмыс істеуіне, дүниетанымының кеңеюіне, қоршаған ортаға деген көзқарасын қалыптастыруға  мүмкіндік жасайды.

Екіншіден, ойын ережелерінде жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін үлкен тәрбиелік мән бар. Ұлттық ойындар балаларға халықтың салт-дәстүрі мен тұрмыстық шаруашылық еңбегінен түсінік береді.

Үшіншіден, балалардың  қимыл-қозғалысын дамытып, дене тұлғасының дұрыс қалыптасуына мүмкіндік жасайды.

Төртіншіден, бала  қиялын, ақыл-ойын, дене қимылын дамытатын тәрбие құралы. Бесіншіден, ұлттық ойындар балалардың  тілін ширатады, зейінділікті, ұстамдылықты, ойлылықты, зерделікті ,кеңістікті бағдарлай білуді, әрекет үйлесімділігін, өжеттілікті, тапқырлықты, шапшаңдықты, төзімділікті, мергендікті, батылдықты дамытады.

Ертегі, әңгімені, өлең – тақпақтар мен жаңылтпаштарды, сондай - ақ мақал - мәтелдер мен жұмбақтарды мәнерлеп оқып беру мен әсерлеп айту – тек қана олардың сөздік құрамын байытып қана қоймайды, сонымен қатар, сәбидің ақыл - ойының жетілуіне әсерін тигізеді. Баланың әдепті, көргенді болып өсуіне ықпалы өлшеусіз, баланың Отанын, өз ұлтын, өз жерін сүюі, оны қадірлей білуі ауыз әдебиеті мен көркем әдебиеттің әсері деп білеміз. Өйткені, бала кітаптағы жағымды кейіпкерлерге еліктеп, ер атанғысы келіп, еркелікке, еңбекке құлшынып өседі.

Жас кезінде әңгіме, жырларды көп тыңдаған бала өз көрген - білгенін қиыстырып, тұжырымдап достарына, тәрбиешілеріне, ата - аналарына айтып бере алса, тіл шеберліктері артады. Мұндай жақсы қасиеттер баланың парасатты, инабатты, әдепті, еңбексүйгіш, көргенді болып өсуіне әсер етеді.

Мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді қазақ  халқының   әдеби мұраларымен сусындатып тәрбиелеу қазіргі  заман  педагогтарының негізгі  міндеттерінің  бірі.Қазіргі  кезде  балабақша  қабырғасынан  бастап  үш  тілді  үйретудің  қолға  алынғаны  белгілі. Бірақ  та , қазақ  баласы ең бірінші  өз  ана  тілінде  сөйлеуі  тиіс  деп  ойлаймын. Ана  тілінде  сөйлеп, барлық  дыбыстарды  дұрыс  айтып  үйренгеннен  кейін  ғана  басқа  тілді  үйретсе  нұр  үстіне  нұр  болар  еді.

Халық ауыз әдебиетімізде халқымыздың түсінік, пайымы, тәлім-тәрбиесі бар. Бала тілін дамытуға халық ауыз әдебиетін орынды, жүйелі пайдалана білген әрбір тәрбиеші баланың санасын арттыра отырып, түсінігін кеңейтіп, ұғымын байытады. Ондай  балалардан  болашақта  елін,  жерін  сүйетін, тілін  ардақтайтын  жақсы  азаматтардың  шығатынына  сенімім  зор. Сондықтан  да,  мен  жас  ұрпақты  тәрбиелеу  жолында халық ауыз әдебиетінің  барлық түрі мен салаларын   тиімді пайдаланатын боламын,  бұл  менің  қоғам  алдындағы  міндетім  деп  білемін.

Тіл дамыту- қазақ тілін оқытудың, білім мен тәрбие берудің ең маңызды да салмақты мәселесі. Ол арқылы жасөскінді тіл өнеріне баулу, қазақ тілінің қыры мен сырын терең меңгеру, ойын жатық та көркем етіп жеткізе білу, мәдениетті де сауатты жаза білу іс-әрекеттері жүзеге асады.

Тіл – бүкіл тіршіліктің алтын қазығы. Ғылымның, білімнің қай саласы болмасын ол тек тіл арқылы дамиды.

Өзге ұлт өкілдерінің тілін дамыту – қазіргі білім саласындағы оқу-тәрбие ісіндегі басты проблема. Тіл мен сөйлеу үрдісін дифференциалды қарастыра оқыту қажет, өйткені оқушының дұрыс сөйлей білуіне көңіл бөлініп отыр. Орыс тілді оқушыларға қазақ тілін оқытудағы басты мақсат- сөйлей білуге, өз ойын айта білуге, жаза білуге үйрету, сондықтан да коммуникативтік қарым-қатынас бірінші орында тұрады. Қазақ тілін орыс тілді балаларға игертуге коммуникативтік қарым-қатынас бірінші орында тұрғандықтан, тіл материалдары болсын, оны игертуге негізделген жаттығулар болсын, сондай-ақ тіл дамыту жұмыстары болсын түгелдей қазақша сөйлей білуге, өз ойын айта білуге бағытталуы қажет. Қазақ тілін орыс топтарына нәтижелі үйрету үшін оның оқыту әдістемесін жетілдіру, түсіну- бүгінгі күннің маңызды мәселесі. Сондықтан қазақ тілі сабақтарындағы тіл дамыту жұмыстары оқушылардың жалпы ойын дамытуға бағытталады. Яғни, оқушылардың тілін дамыту мәселесі олардың ойлау қабілетімен байланыстырыла, сондай-ақ ойлау мен сөйлеу процесінің бірлігінде ұйымдастырылады. Қазақ тілін оқытуға байланысты тіл дамыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі мақсаты- оқушылар белгілі бір дәрежеде қазақша сөйлеп, өз ойын басқа біреуге жеткізе алатындай, сондай-ақ өзгенің сөзін ұға, түсіне алатындай деңгейге жету. Оқушыларды осындай деңгейге жеткізу үшін мақал-мәтелдерді оқытып жаттатыруға үйреткен тиімді.

Мақал – мәтелдер ғасырлар шежіресі. Мақал-мәтелдер ой дәлелдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді. Онда өмірдің сан алуан құблыстарына баға беріліп, үлкен түйін жасалады. Халық даналығы үлкен ойды аядай қалыпқа сыйғызып, асқан шеберлікпен танытқан. «Көп сөз-көмір, аз сөз-алтын» дегендей, мақал-мәтелдің өн бойынан поэзияға тән жинақылық, үнділік, саздылық, ұйқас, ырғақты кездестіреміз. Онда басы артық бір сөз болмайды. Барлығы өз орнында.

Оқушылардың сөздік қорын молайту жөнінде оларды дұрыс сөйлеуге үйрету жолында өзімнің іс-тәжірибеме сүйене отырып, мынадай тәсілдер пайдаланамын.

- сөздік жұмыс (әңгімелеу,салыстыру,қайталау, сұрақ-жауап, анкеталар т.б.)

- көрнекі құралдар қолдану (сурет, бейне фильм т.б.)

Оқушының сөздік қорын молайту, жаңа сөздерді меңгеруде шешуші роль атқаратын жұмыстың бірі-сөздік жұмысы. Осы сөздік жұмысты жүргізуде, бекітуде, оны практикалық қолдана білуде ойынның атқаратын ролі ерекше.

Мақал-мәтелдің оқушыларға тәрбие берерлік жағы да, сөздік қорды толықтыру үшін теңдесі жоқ қазына. Мақал – сөздің мәйегі. Мәйек – бір қазан сүтті ашытатын (ұйтатын) ұйтқы, яғни қысқа да нұсқа айтылатын сөз, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, сөздің ұйытқысы. Мақал дегеніміз халықтың ғасырлар бойы өмірден, табиғаттан көрген – білгенін бейнелейтін шағын шығармасы, сөз өнері ... Мақал бейнелі сөз, тілі ұста, құрылысы тұрақты сөйлем. Сондықтан да ол жаттауға, есте сақтауға, пайдалануға оңай. Өйткені, қазақ мақалдарының құрылымы қысқа, өлеңге жуық, онда ұйқас бар, дыбыс үндестігі бар.

Мен өз сабақтарымда оқушылардың тілін дамыту мақсатында мақал-мәтелдер арқылы бірнеше жұмыс түрлерін қолданамын:


  • антоним сөздерден жасалған мақалдарды тауып жазу,

Мысалы: «Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат»

« Тамыр болдың айтыс жоқ, қолдан бердің қайтыс жоқ»

« Алғыға қарап пікір ет, артқыға қарап шүкір ет.»

« Кәрліктің алды- жігіттіктің соңы»

« Адам бір терінің ішінде – толады да солады да»


  • антонимдердің қай сөз табынан жасалғанын айту,

Мысалы: жақсы –жаман (қандай? –сұраққа жауап береді) – сын есім

Айтыс-қайтыс (не?) - зат есім

Алғы-артқы - көмекші сөздер

Алды-соңы – көмекші сөздер

Толады- солады ( не істейді?) – етістік

  • қатыстық сын есімдерді бар мақалдарды жазу,

Мысалы: « Ақсақ қой түстен кейін маңырайды»

« Жақсы кісінің ашуы, жибек орамал кепкенше»

« Әдепсіз бала - аяққа басылған шала»

« Бақыр қазан қайнаса, бәріміздің бағымыз»



  • құрамында көмекші есім кездесетін мақалдарды тауып жазу,

Мысалы: «Ел іші – алтын бесік»

«Ырыс алды – ынтымак»

«Тау мен тасты су бұзар,

Ер арасын ку бұзар»



  • тәуелдік жалғаулы сөзі бар мақалдарды жазу,

Мысалы. « Жолы болар жігіттің, жеңгесі шығар алдынан»

«жеңгесі» - оның жеңгесі – тәуелдік жалғау,жекешк

түрінде, 3-жақ

« Жаманға айтқан ақылың, дала атқан оқпен тең»

«ақылың» - сенің ақылың – т.ж. 2- жақ,жекеше түрінде,


  • берілген мақалдардағы есімшелерді тауып және мақалдардың мазмұнын ашу,

Мысалы: «Бүлінген елден, бүлдіргі алма»

«Көпті жамандаган – көмусіз калар»

«Ата көрген ок жонар,

Ана көрген тон пішер»



  • мақал-мәтелдің қалған бөлігін тауып жазу және сөздерге морфологиялық талдау жасау,

Мысалы: «Сабыр түбі ...»

«Балалы үйдің ...»

«Ағайыныңды іске шакырма, ...»


  • мақал құрамындағы бір сөзді ғана атап, сол сөзі бар мақалды табу,

Мысал: « Тіл ...» «Тіл – қылыштан өткір»

« Өнер алды ...» «Өнер алды – қызыл тіл»



  • мақал-мәтелдердің орыс тіліндегі баламасын тауып айтып, жаттатқызу

Мысалы: «Ердің атын еңбек шығарады» -

Человека прославляет труд,

« Біреуге ор қазба, өзің түсерсің» -

Не рой другому яму, сам упадешь

«Өлгенше үйрен» -

Век живи, век учись -



  • Сөздерді бір-бірімен байланыстыру үшін ең жие қолданылатын көрсеткіш – септік жалғау, берілген мақал-мәтелдерді оқып, асты сызылған сөздердің қай септікте тұрғанын талдау жұмысын жасаймыз:

( Не? ) Оқу – білім бұлағы,

(Не? ) Білім – өмір шырағы.

( Кімнің?) Білімдінің алды жарық,

( Кімнің?) Білімсіздің күні ғаріп.

( Кімге?) Өнерліге өлім жоқ,

( Кімге?) Жалқауға жарық жоқ.

(Нені?) Өнерді үйрен де жирен.

( Қайда?) Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аларсың.

( Кімнен?) Ұстаздан шәкірт озар.

Оқу ( немен?) инемен құдық қазғандай –

секілді тапсырмалар жүргіземін.

Көрсетілген мақал мәтелдердің түрлі ойын элементтері арқылы берілгенін байқағандай, осындай элементтерді пайдалана отырып, оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын дамытуға мұғалім үшін өте тиімді - деп ойлаймын. Мұндай тапсырмаларды қызыға орындап, әрі грамматикалық мағынаның ерекшеліктері туралы білімдерін бекітуге, әрі мақал-мәтел арқылы сөздік қорларын толықтыруға ықпалды. Кез келген сөзді бір-бірімен байланыстыра, тіркестіре салуға болмайтындығын жете түсіндірген жөн. Мұндай жағдайда оқушылар мақалдарды құрғақ жаттап қана қоймай, оның мазмұнын, мағынасын ашуға, түсінуге талпынады. Әдетте, мақалдар жаттап алу үшін ғана бермеймін, әрбір мақалдың тура мағынасы мен ауыспалы мағынасын қатар түсіндіріп отырамын. Мұндай жағдайда оқушылар мақалдарды құрғақ жаттап қана қоймай, оның мазмұнын, мағынасын ашуға, түсінуге талаптанады. Тіл дамыту үшін сөздік жұмыстарына да көп көңіл қоя білу керек.

Тіл дамыту жұмысында ауызекі сөйлеу мен жазба тілінің бір-бірімен байланыста. Адам бір-бірімен сөйлеу тілі арқылы тікелей қарым қатынас жасайды. Сөйлеу тілі арқылы адам екінші бір адамның айтқан сөзін естейді, тындайды әрі онымен пікір алысып сөйлеседі. Адам осындай сөйлеу барысында тілдің түрлі көркемдік тілдік құралдарын пайдаланылады. Мысалы, мақал-мәтел, теңеу, салыстыру, әсірелеу, сөзге екпін түсіріп айту, ымдау тағы да басқа әрекеттер арқылы сөйлеу үрдісінде екінші бір адамға ойын жеткізеді. Сондай-ақ ауызекі сөйлеу тілінде адам ойын жай сөйлемдермен айтуға бейім келеді, мысалы, сөйлемнің айқындауыш, оңашаланған мүшелерін, құрамдас сөйлем түрлерін қолдана бермейді. Тіл дамыту жұмыстары грамматикалық зандықтармен байланысты жүргізілуі тиіс.

Морфологияны оқытуда оқушылар тілін дамыту жұмыстарында сөз мағыналары, сөз тіркесі, сөйлем, мәтін туралы тіл білімінің дәлелденген тұжырымдары басты рөл атқарады. Осыған орай морфологиялық тұлғаларды оқушы тілін дамыту мақсатына сай сөйлеу тәжірибесінде қолдануға септігі тиер білім мазмұнын нақтылау көзделеді. Оқушылар тілін морфологияны оқыту арқылы дамытуда олардың сөз мағыналарын жетік біліп , сөйлеу кезінде дұрыс пайдалануға дағдыландыру, сөздік қорларын байыту – ең басты жұмыс. Сондықтан морфологияны оқыту арқылы тіл дамытуда лексикология ғылымының жетістіктері басшылыққа алынды.

Морфологияны оқыту арқылы тіл дамыту жұмыстарын жүргізгенде жаттығу материалдарында мақал-мәтелдер, кеңінен қолданылады. Мысалы, сөздің грамматикалық мағынасына қатысты практикалық сабақта мақал-мәтелдерді пайдалану арқылы сөздердің лексикалық және грамматикалық мағыналарын тапқызу оқушының грамматикалық мағынаны түсінуіне әрі сөз байлығын арттыруға мүмкіндік береді. Немесе, берілген сөздерді ( мысалы, ерлік, тәрбие, жүрек, ел, батыр т.б. грамматикалық көрсеткіштер арқылы түрлендіріп, сол сөздер туралы мақалдарды тауып жазғызу да оқушының морфологиялық тұлғаларды ажырата отырып, сөздік қорының жетілуіне әсер етеді.

Мақалдармен жұмыстың бірнеше түрі бар:



  1. Мақалды үстеу.

  2. Мақал мазмұны бойынша жұмыс.

  3. Мақалды сөйлеу әрекетінде қолдану.

Үстеу кезеңінде тақтаға мақалды жазамыз. Алдымен мұғалім оқиды. Сонан соң оқушылар қайталайды. Түсіндіру кезінде алдымен кейбір сөздерінің мазмұнын синониммен түсіндіруге болады. Мақалдың мағынасын ашу кейде қиындық туғызады. Бұл мұғаліммен сөйлесуге жағдайын ұсыну арқылы түсіндіруді қажет етеді. Мысалы: мақалдың құрамында жиі кездесетін «ырыс, несібе, құт» сөздерінің мағынасын ұлттық сипатта түсіндіру қажет. Өйткені, бұл сөздердің аудармасы мағынасын дәл ашып бере алмайды. Мысалы:

  1. Батыр туса, ел ырысы, жаңбыр жауса, жер ырысы.

  2. Байлық-мұрат емес, кедейлік ұят емес.

  3. Отан оттан да ыстық.

Ауызекі сөйлеу тілін жақсы меңгерген, оған жаттыққан оқушы ойын жазбаша да дұрыс, жүйелі бере алады. Сондықтан бұл екі үрдіс бір-бірімен бірлікте, байланыста қаралғанда, жүргізгенде ғана дұрыс нәтиже береді. Тіл дамытуға арналған жұмыстардың барлығы оқушылардың тіл байлығын, білім деңгейін, сана сезімін, сауаттылығын дамытуға көмегі зор.

Білім беру тұжырымдамасында өмір талабы ретінде екі тілде сөйлеуді одан әрі орнықтыру, өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқытудың сапасын жақсарту міндеттері қойылады. Орыс тілінде жүргізілетін білі ошақтарында оқушыларға қазақ тілін оқыту мәселесі олардың қазақша сөйлей алатындай болып шығуына мүмкіндік беретіндей болуы тиіс. Сөз тіркестері мен мақал-мәтелдерді күнделікті өмірде пайдалана отырып, тиімді қолдана білудің маңызы зор – деп білемін. Сондықтан да оқушылар алған білімдерін өз қажеттілігіне ғана пайдаланып қоймай сонымен қатар, өзгелермен де бөліссе ұтымды амал болып табылар еді.

Қазақ халқының ерте заманда жасаған мұрасының бірі халық ауыз әдебиеті. Жазу – сызу өнері болмаған кезде – ақ қазақ халқы өзінің тұрмыс тіршілігі, қоғамдық өмір, шаруашылығы мен кәсібі, қуанышы мен күйініші. Қазақ халқының ауыз әдебиеті өзінің көркемдік – идеялық нәрімен, эстетикалық қуат – тегеурінімен, түрі мен жанрларының молдығымен, тақырыптық және сюжеттік байлығымен, қоғамдық – әлеуметтік және тәрбиелік терең мән – мазмұнымен ерекшеленеді.

Халық ауыз әдебиеті – талай ғасырлардан келе жатқан мұра, сарқылмас бай асыл қазына. Одан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз. Қазақтың мақал – мәтелдері болсын, жұмбақ – жаңылтпаштары мен ертегілері болсын – бәрі де балаларды Отанын сүйюге, ерлікке, елін қорғауға үндейтіні белгілі. Балалар бақшасының тәрбиеленушілерін ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныстырып, олардың өмірін байыта түсу тәрбиешілердің міндеті болып саналады. Қиял дүниесінен туған ғажайып оқиғалы ертегілер, мақал – мәтелдер, ойға түрткі салатын сыр сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған тақпақ жаңылтпаштар – бәріде балалар бақшасында кең пайдаланылатын дүниелер. Қазақ халқының тұрмыс – салтын, арман үмітін, өткен өмірін кеңінен танытатын ауыз әдебиеті үлгілерінің көлемді саласының бірі – ертегілер. Ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу – сызу болмаған кздің өзінде – ақ туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан – ұрпаққа ауызша жеткізіп келді.

Халық ауыз әдебиетінің басқа түрлері сияқты ертегілерде адам баласының еңбекке, тұрмыс – тіршілік жағдайына байланысты туған. Қазақ ауыз әдебиеті нұсқаларыжас бөбектердің ой – өрісін, дүниетанымын кеңейтеді. Оларды адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа, туған өлкеге сүйіспеншілік сезімге баулу ісінде шешуші орын алады.

Халық ауыз әдебиетінің мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудегі бағыттары:

1. Имандылық пен адамгершілік

2. Патриоттық

3. Эстетикалық

4. Табиғатқа деген сүйіспеншілік

5. Өнер

Ауыз әдебиетінің түрлері:



1. Ертегілер

2. Жұмбақтар

3. Жаңылтпаштар

4. Мақал–мәтелдер

5. Тыйым сөздер



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет