Моторлы алалияда сөйлеу тілін қимылдатып қозғалысқа келтіріп тұратын анализатордың қызметі бұзылады. Моторлы алалик балаларда назар аудару, көңіл қою, зер салу, ықыласпен қарау немесе бір нәрсені елеу, ілтипатқа алу, ескеру және есінде сақтау сияқты жоғарғы психикалық функциясының даму деңгейінің төмен екендігі байқалады. Баланың психофизикалық жағдайының әлсіздігінен оның жұмысқа қабілеттілігі төмендейді және болдырып тез шаршайды.
Сонымен қатар мұндай балалардың дене түзілістері және соған орай олардың қимыл-қозғалыстары да бұзылған. Олар ебетейсіз жүреді және жиі-жиі сүрініп кетіп құлай береді, музыканың ырғағымен қимыл жасап жүруді білмейді. Артикуляциялық аппаратының қимыл-қозғалыстарының дамуы айтарлықтай дәрежеде жетілмеген. Мысалы, бала тілін жоғары көтеріп және сол қалпында ұстап тұру, үстіңгі ернін жағалата жалау, таңдайын тақылдатып қағу, тілін екі жағынан қусырып сүйірлеу және т.б. сияқты артикуляциялық аппараттың қарапайым қимылдарын орындай алмайды. Моторлы алалияға шалдыққан балалардың өздеріне қарасты қарап айтылған сөздерді түсінуі біршама сақталған. Олар ересек адамдардың сөйлеген сөздерін ықыласпен тыңдай алады, қарапайым жай тапсырмаларды, өтініштерді орындайды. Қорыта келгенде, олар сөздерді жақсы түсінеді, бірақ сөйлей алмайды.
Сенсорлы алалия. Сөйлеу тілін түсініп ұғынудың және сезіп түсінуінің бұзылуы сенсорлы алалияның ең басты сипаты болып саналады. Алайда сенсорлы алалияда есту қабілеті толық сақталады. Демек, сенсорлы алалия бас миының сол жақ жарты шарының самай аймағының зақымдануынан пайда болады. Мұндай балалар өздеріне қарата айтылған сөздерді мүлде түсінбейді немесе өте нашар түсінеді. Олар дыбыстардың ерекшеліктерін ажырата алмайды, яғни оларға айналасындағы құбылыстардың қимыл қозғалыстарынан шығып жататын әр түрлі дыбыстардың барлығы да бірдей сияқты болып көрінеді.
Ата-аналар, егер бала тіпті кішкене тұтықса және бұл өте сирек болады, сонда да дереу маманға бару керек екендігін түсінуі өте маңызды. Кішкене стресстің болуы, қорқу және шаршау тұтығуды күшейтуі мүмкін. Комплекстік қарау өткізу керек: медициналық, логопедтік және психологиялық. Жалпы алғанда бала тілінің бірден қалыптаспауы, оның бірден жақсы сөйлей алмауы ата-ананы қинайды. Мидың даму процесі белгілі бір кезеңге жеткенде ғана балалар дұрыс сөйлей бастайды. Бұл –асығуды қажет етпейтін көп уақыттық процесс. Мәселен, сәби үш айлық кезінде еліктеу дыбыстарын шығара бастайды. Бес-алты айлығында уілдеп, жеті айлығынан бастап жеке дыбыстардан буындар құрап үйренеді, бір жасқа келгенде бес-он сөз айта алатын болады. Екі жасқа жеткенде баланың сөздік қоры 200-400 ге жетеді, 4 жасқа келгенде қарапайым сөздерден сөйлем құрауға әрекет жасайды. Келе-келе баланың сөздік қоры ұлғайып активтік және пассивтік сөз қоры пайда болады. Активтік дегеніміз - бала өзі айтқан сөзінің мағынасын түсінетін сөздер де, пассивтік дегеніміз өзі айта алмайтын, бірақ өзге адам айтқанда түсінетін сөздік қоры. Сондықтан бір жасқа жеткен бала әлі дұрыс сөйлей алмаса, оған қайғырудың қажеті жоқ. Бала сөйлей алмаса да, ересектердің айтқан сөзін ұқса, айтқанды дұрыс орындай білсе, онда уайымдауға ешқандай негіз жоқ. Баланың тілі шыға бастаған кезде онымен байқап, дұрыс сөйлескен мақұл. Сақауланып сөйлеуге, баланың тілін бұрап сөйлегенін қызық көріп, оның айтқандарындай етіп қайталау жақсылыққа апармайды. Өйткені бала солай сөйлеуге үйреніп кетеді.
Сонымен, жоғарыда айтылып кеткендей баланың сөйлеуінің бұзылуына биологиялық, психологиялық факторлар, сондай-ақ қоршаған ортаның келеңсіз жағдайлары себепші болады:
1. Ана құрсағындағы ұрықтың 4 апталығынан 4 айлығына дейінгі кезеңдегі дамуының бұзылуынан сөйлеу тілі бұзылады. Яғни, ананың екі қабат кезінде вирусті жұқпалы аурулар, әртүрлі зақымдар, гигиеналық талаптарды сақтамауынан, резус фактор бойынша қанның сәйкес келмеуі және т.б. себептер әсер етеді.
2. Болашақ ананың екі қабат кезінде қорқып-шошынуы, жүйке жүйесінің мазасыздануы, уайымдауы, ашулануы баланың сөйлеу тілінің бұзылуына әкеледі.
3. Сөйлеу тілінің мүкістенуіне бас сүйегінің жарақаттануы мен мидың шайқалуы ықпал етеді.
4. Босану кезінде және толғақ қысымынан болатын зақымның мидың оттегімен жеткілікті қамтамасыз етілмеуінің салдарынан бас сүйегінің ішкі жағына қан құйылады.
5. Сөйлеу тілінің мүкістігіне тұқым қулайтын аурулар және нәресте кезінде жиі-жиі шалдыққан әртүрлі ауру-сырқаулардың зардаптарынан да зиян шегеді. Баланың сөз қорының баюына, дұрыс сөйлеуіне қоршаған орта, үлкендердің сөздік қоры жақсы стимул. Үлкендердің сөзі анық, асықпайтындай және дұрыс болуы керек. Кейбір ата-аналар баланың сөзімен сөйлеймін деп сөзін бұрып айтады, олар балаға ұғынықты деп ойлайды, ол дұрыс емес. Екі жасында баланың сөздік қоры 300-ге жуық болады. Фразалар ұзын және қиын бола бастайды, ал сөздің айтылуы жақсарады. Үш жасқа дейін бала сөйлей алмаса қобалжудың қажеті жоқ, онда мамандардан консультация алу қажет. Кейбір ата-аналар баласы өзі жай сөйлегісі келмей тұр деп өздерін басып, көп уақыт өткізіп алып көмек сұрайды. Негізінде төрт – бес жаста барлық сөйлеу қателіктері жоғалады, бірақ ол үлкендердің сөзді дұрыс айтуына байланысты. Сондықтан баланы кішкентай кезінен бастап әдемі, дұрыс, таза сөйлеуге үйрету керек. Балаға көп ертегілер оқытып, жаңылтпаштармен тілін жаттықтырып және баланың сөздері үнемі дамытуда болуы қажет. Баланы бала-бақшаға апара жатқанда, жолда бір нәрсе айтып жүріңіз. Мысалы: автобуспен, тролейбустың қандай айырмашылығы бар? деп, содан кейін кешке жақын баладан: «Білесің бе біз не көрдік?» деп сұраңыз. Сонда бала бәріне жолда не көргенін айта бастайды. Осылайша баланың сөйлеуімен зейінін дамыта аламыз.Тіпті кішкентай сөзді бұзып айту баланың тәртібі мен қызметіне әсер етеді. Бұндай баланы мектепте қорқытуы мүмкін, сондықтан оның психикасына өте ауыр әсер етеді. Нашар сөйлейтін балалар өзінің кемшілігін өте тез ұға бастайды. Олар тұйықталып кетеді, ұялшақ, шешім қабылдай алмайтын, нәтижесінде толымсыздық комплекстері жетіле бастайды, үлгерімі төмендейді, өзіне деген сенімсіздігі пайда болады, коммуникациялық белсенділігі нашарлайды.
Сөйлеуді дамытуда толық есту қабілеті өте маңызды фактор болып табылады. Дыбысты бала туғаннан бастап қабылдайды: басында бұл дыбысқа жай ғана қарашығының үлкеюі, тынысын ұстап тұруы, басқа да қозғалыстар көрінеді. Атап айтқанда бала естудің көмегімен қоршаған ортадағы сөзді қабылдайды, өзінің дыбыстауына бақылау жасауы өте маңызды. Баланы үнемі дұрыс айта алмауы әдетке айналмау үшін түзетіп отыру керек, артынан оны түзету өте қиынға соғады. Көру өте үлкен роль атқарады, себебі бала ықыласпен сөйлеушінің тілін және ерін қозғалысын бақылай отырып, оларды қайталайды, артикуляциялық қозғалысқа еліктеуге тырысады. Бұл процесте баланың дамуында үнемі дамып және қайталау байланыстарын қатайтып отыратын анализаторлар арасында есту, көрумен және басқалармен шартты байланыс жүйесі пайда болады. Сөйлеудің қалыптасуы ең алдымен ересектермен күнделікті қарым-қатынаста болуымен байланысты. Бала балабақшадан немесе серуеннен оралғаннан кейін, міндетті түрде балабақшада не істегені туралы, қандай тапсырмалар болды, соны баладан сұрап отырыңыз. Егер балаға айтып беру қиын болса, жетектеуші сұрақтар қойып көріңіз. Сонымен қатар балаға тыңдауды және дыбыстарды дифференциялауға үйрету аса қажет. Баланың дыбыс қабылдауының дамуына себеп болатын кезкелген ойындарды ойлап тауып, жаңылтпаштарды жиі қолданған дұрыс.
М.М. Кальцованың айтуынша сөйлеудің дамуы моториканың дамуымен, әсіресе қол саусақтарының кіші моторикаларының дамуымен тығыз байланыста болатынын айтты. Сондықтан балаларды пирамидалармен, кубиктермен, мозаикалармен айналдыруға тырысу керек. Тапсырмаларға кіріспес бұрын бала әсіресе қандай дыбыстарды жаман айтатынын біліп алыңыз. Ол үшін оған атауларында керекті дыбыстары бар, барлық мүмкіншіліктегі суреттер ұсынылады. Егер бала бірнеше дыбыстарды дұрыс айтпаса, тапсырманы көбірек таза айтатын дыбыстардан бастаған жөн. Ата-аналар баламен жұмыс жасай бастағанда тек ойын түрде берілген қызықты тапсырмалар ғана эффективті болатынын есіне алуы қажет. «Мұнда кел, сөйлеуді үйренеміз», - деп бұйрық беруге болмайды. Бұндай жағдайда бала қорқып, ішінен тұйықталып алады, онда тапсырмалар пайдасыз болып шығады. Ойын қызықты және тірі болу керек, кейде балаға жақсы сабағы үшін сыйлық берген жөн.
Логопедтік тапсырмалар мектепке жақсы дайындық бола алады. Дыбыстарды айтып үйренуді бастамас бұрын бала дұрыс айтпайтын дыбыстарды меңгеруге артикуляциондық аппарат дайындайтын бірнеше тыныс алу жаттығуларын орындау керек. Тапсырмалар қысқа болу керек, кем дегенде 15 минут жүргізілуі қажет. Сондықтан сөйлеуі бұзылған және тіл кемістігі бар балалар тұйықталып, бойында толымсыздық кешені пайда болмас үшін, ата-ана тарапынан қолдау, мейірімділік, жылылық аса қажет. Қазіргі кезде экологиялық және психологиялық фактордың әсерінен сөйлеу қабілетінде ауытқуы бар және мүмкіндігі шектеулі балалар жылдан-жылға саны көбейіп келеді. Мұндай балаларға арналаған арнайы мектептер мен оқыту бағдарламалары жоқтың қасы. Бұл мәселе психиатр, логопед, невролог, психолог және т.б. мамандардың және қоғамның араласуымен шешілетін өзекті мәселелердің бірі болып қала бермек.
1.2 Оқушылардың сөйлеу қабілетін дамытудың өзіндік негіздері
Сөйлеу орыс. речь, говорение — адамның тілдік амалдар арқылы пікір, ой білдіру әрекеті. Сөйлеу анатомиялық мүшелердің қатысуымен іске асқанымен, негізінен, адамның психикалық қабілетіне, қоғамдағы пікір алмасу тәжірибесіне сүйенеді. Сөйлеу процесі айтылатын пікірдің мазмұнына, пікір айтудың жағдайына (пікірді ауызша не жазбаша айту, диалог түрінде айту, көпшілік алдында айту, тындаушының білім дәрежесін, жас мөлшерін ескеру т. б.) сай түрліше құрылады. Сондықтан Сөйлеудің коммуникативтік жағдайға сай стилі қалыптасады. Сөйлеу мен тіл бір емес. Егер тіл қарым-қатынас құралы болып табылса, Сөйлеу сол құралдын нақты қолданыста көрінетін түрі болып табылады. Сөйлеуге тән қасиеттер: дауысталу, тембрлік сипат, артикуляциялық анықтық, темп, акцент т. Б
Дифтонг (гр. δίφθογγος, (diphthongos) - дыбыс) — буынға бөлінетін немесе бөлінбейтін екі дауысты дыбыстың қосындысынан тұратын дыбыс (и, у). Сөйлеу процесінде екі дауысты түйіскен жерде Дифтонг тіркесі жасалады. Дифтонг шынайы және жалған болып екіге бөлінеді.
Шынайы Дифтонгтің құрамындағы екі сынары айтылу күші жағынан да, буын құрауы жағынан да тен түседі. Шынайы Дифтонг тілдерде сирек кездеседі. Мысалы, латыш тіліндегі meitci(кыз), tauta(халык) дегендегі еі, аи осыған жатады.
Жалған Дифтонг сынарларының бірі буын жасай алады, біреуі буын жасай алмайды. Еғер алғашкы сынары буын жасап, екінші сынары көмекшілік қызмет атқарса, тұйық дифтонг деп аталады. Мысалы: кійім—киім, жұуар — жуар, сұуат — суат дегендегі ій, ұу дыбыстары. Ал егер алғашкы сынары буын жасай алмай, кейінгі сынары буын жасай алса, ашық дифтонг деп аталады. Мысалы: сөз басындағы е, о, ө дыбыстарының құрамында й, у дыбыстары естіліп, йэ (ел — йэл), уо (ол — уол), уо (ор — уор) болып айтылады. Шын мәнінде, қазақ тіліндегі жалған Дифтонгтің аталған түрлерін дифтонгойд дауыстылар деуге болады.
Дифтонгоид — дифтонгке жақын дауысты дыбыстың ерекше түрі. Оған и, у, ие, уо, уө дыбыстары жатады
Сөйлеу актісі (лат. actus) орыс. акт речи —белгілі қоғамдық ортада қалыптасқан сөйлеу принциптері мен ережелеріне сай, арнайы мақсатта жүзете асырылатын сөйлеу әрекеті. Сөйлеу актісінің негізгі белгілері: белгілі бір мақсат көзделетіндігі; қалыптасқан дәстүрге сай шарттылық сипат болатындығы.
Бүгінде елімізде тілінің мүкістігі бар балалар жиі кездесетін болды. Көптеген дыбысты дұрыс айтпай, бұзып айтатындар көп.Елімізде тілінің мүкістігі бар балалар көбейді. Баяғыда "р" әрпін "ыл" немесе "ғы" деп оқитындарды ғана көруші едік, қазір "қ" мен "г" әрпін "т" қылып, "р"-ны "м"-ға ауыстырып, "л"-ны "у"-мен алмастырып, "с", "ш", "ж", "з" әріптерін "ч" қылып айтатындар баршылық. Яғни дыбысталу жағынан бір-бірімен бес қайнаса сорпасы қосылмайтын әріптермен алмастыру — үлкен проблема. Балабақшаға барсаңыз, дыбысты дұрыс айтатын баланы шам алып әрең табасың. Ата-аналардың алаңдайтыны да – сол. Былдырлап шыққан баланың тілі сол былдырлаған күйі қала берсе, қай ата-ана уайымдамасын?! "Баламыздың тілі дұрыс шықпай жатыр" деп, үйіне логопед мамандарды шақырып жүргендер де бүгінде көбейді. Оны айтасыз, тіпті балабақшаларда логопед деген мамандық тапшы болып барады.
Логопедке сұраныс неліктен өсіп келеді? Баяғыда логопед дегенді қазақ көрмек түгіл, естімейтін де, оның не екенін де білмейтін. Ал бүгінде екінің бірі біледі. Тіпті логопедиялық балабақшалар да бар. Оған да кезекке тұрғандар жетерлік. Осы жерде "бүгінде неге тіл кемістігі бар балалар сонша көбейіп барады" деген сұрақ туады. Неге мұндай проблема қазақ балалары арасында белең алуда? Балабақшаларда логопед деген мамандық тапшы болып барады Бір ғана мысал. Мәселен, Астанадағы жекеменшік балабақшасына қыркүйекте естияр тобына (3,5-4,5 жас аралығындағы балалар) 20 бала келеді. Соның 12-сі жасына сай дұрыс сөйлей алмайды. Ал ересек тобына келген 18 баланың 10-ға жуығының сөйлеу тілінде кемшіліктері бар. Жалпы, тіл мүкістігі неден болады? Бұған мамандар бірнеше себеп айтады. Соның біріншісі – емізіктен. Емізікті көп емген баланың таңдайы тереңдеп, икемсізденіп, артикуляциялық қозғалысы нашарлайды. Яғни дыбыстың дұрыс шығу-шықпауына себептердің бірі – таңдай. Таңдайдан болған ақаудың әсерінен әріптер дұрыс дыбысталмай жатады. Ал бұрынғы қазақ балалары емізік дегенді білді дейсіз бе?! Бұрын мұндай проблеманың сирек болуы сондықтан да болар.
Біріншісі – емізіктен, екінші себеп – ата-ананың баласына дұрыс көңіл бөліп, әңгімелеспеуі
Екінші себеп – ата-ананың баласына дұрыс көңіл бөліп, әңгімелеспеуі. Мәселен, бала бір жаста 5-10 сөз айтуға тиіс екен. Екі жаста 200-300 сөз білетіндей қабілетке жетеді. Үш жаста күрделі сөйлемдерді айтып, дауысты дыбыстарды толық меңгереді екен. Осы жастан бастап баланың жалпы сөйлеу тілі дамиды және оған тікелей себепкер ата-анасы болады. Қазіргі күні көп ата-ана баласымен бір жасынан бастап сөйлесе бермейді. Сөйлесетіндері сирек. Оның өзінде баланы шектен тыс еркелетіп (гиперопека), кәдімгі түсінікті тілмен емес, баланың былдырлаған тілімен сөйлеседі (баламен бала болып). Бала уілдеп сөйлесе, анасы да баламен қоса уілдейді. Бұл дұрыс емес. Керісінше, бұл жағдайда ана баласын түсінбесе де, онымен дұрыс сөйлесіп, сөз үйретуі керек. Бұл қызметті отбасы институтында негізінен әжелер атқарған. Бір топ немересін айналасына жинап, буыны қатпағанын алдына алып, ертегі айтатын. Ал енді бесіктен белі шықпағанына келетін болсақ, онымен анасы айналысатын. Баланың санасын қалыптастырып, тілін қазақша шығаруда бесік жыры – нағыз тамаша әдіс. Яғни балаға әлди айту, баламен әңгімелесу деген сөз. Бұл бала тілін қазақша шығаруға сеп болады дейтін себебіміз, "Әлди-әлди, ақ бөпем, Ақ бесікке жат, бөпем. Жылама, бөпем, жылама, Жілік шағып берейін, Көкқұтанның құйрығын жіпке тағып берейін" деген бесік жырында, байқасаңыз, дауысты-дауыссызы, жуан-жіңішке қатаң-ұяңы бар дыбыстар түгелге жуық кездеседі.
Үшінші себеп – баланың топырақта ойнамауы. Бүгінгі күннің балалары баяғыдай топырақта ойнаудан қалды. Турасын айтсақ, ата-ана балаларын топырақта ойнаудан шектеп жатады. Ал ғалымдар тілдің дамуына бала қолының ұсақ моторикалары, яғни қол бұлшықеттері мен саусақтарындағы нүктелер әсер етеді деп дәлелдеп берген екен. Ал қазақта мұның рөлін үйде отырып ойнайтын "Ханталапай", "Бес асық", түзде ойнайтын "Шеңбер", "Тигізбекіл", "Үш табан" секілді асық ойындары жақсы атқарған. Бұлардың барлығы осы ұсақ моториканы дамытуға жақсы әсер етеді. Тіпті баланың қолына сүйек ұстатып, мұжытып қою да тілдің дұрыс дамуына оң әсерін тигізбек Біріншіден, алақанның бұлшықеттері шираса, екіншіден, сүйек мұжу арқылы бала артикуляциялық жаттығулар жасайды. Артикуляциялық жаттығудың тағы бір тамаша қазақи тәсілі – ұртына құрт салып, сорып жүру. Қазір малта сорып жүрген қай қаланың баласын көрдіңіз? Өте сирек! Сондықтан да ауылдың балаларында ондай проблема жоқ. Тіпті тілінің мүкістігінен құтылу үшін грек философы Демосфен де екі ұртына тас салып жүрген. Көпшіліктің көзайымы, талайға танымал болған "Карнавал" фильмін көрсеңіз, онда да тілінің мүкістігі бар Нина Соломаина аузына жаңғақ салып алып, жатықпаушы ма еді?!
Сөйлеу үшін оқушының жеткілікті белсенді қоры болу керек, әрі байланыстырып сөйлем құрау заңдылықтарын оқушыға ереже түрінде емес, әр сабақта тәжірибе түрінде меңгертіп, дағды қалыптастыру қажет. Тілдесім әрекетіне жету үшін жеткілікті сөздік қор болуы да маңызды, сөздік қоры мол адам өз ойын екінші адамға жеткізуге қиындық тудырмайды. Сондықтан оқушының сөздік қорын байытуға үлкен мән беру керек. Сабақ барысында оқушылардың міндетті түрде сөздік дәптері болуы тиіс. Сөздік дегеніміз - тілдің қажетті материалы. Қай тілді үйренбейік, алдымен оның сөздік қорын меңгерту қажет. Демек, сөз өзінен өзі жиналмайды, оны жоспармен, белгілі бір жүйемен меңгерген жөн. Сондықтан қазақ тілін үйрену барысында оқушылардың міндетті түрде меңгеруге тиісті сөздерінің тізімін жасау керек. Оқушының үйренген сөздерін берік қалыптастыру үшін мына мәселелер ескерілуге тиіс: сөзге дұрыс екпін түсіріп айту, сөздің мағынасын дұрыс түсіну, орфографиялық жағынан дұрыс жазып, сөйлем ішінде пайдалана білу.
Сабақта оқушылардың сөйлеу тілдерін арттыру барысында жұмыс жүргізудің бірі - мәтінмен жұмыс. Мәтінмен жұмыс - дегеніміз сабақта өтілетін әр түрлі жұмыстардың жиынтығынан құрылады. Мәтінмен жұмыс істер алдында міндетті түрде мәтіндегі кездесетін таныс емес сөздермен тиянақты жұмыс істеу керек. Жаңа сөздердің мағынасын оқушылартүсініп, меңгерулері тиіс. Мәтінмен жұмыс істеуді мынадай түрде меңгеруге болады: толық мәнерлеп оқу, мәтінді бөлімдерге бөліп, оқушыларды өздеріне мәтіннің тиісті бөлімін оқып, бір-біріне мазмұнын айтып беруді дағдыландыру, кейін оларды бір-біріне сұрақ қойып оған жауап беруі тиіс. Бұл жұмыста оқушының сөйлемді дұрыс құрастырып айтуына, сұрақты дұрыс қойғанына, оған жауап беруіне назар аударылады. Осындай жүйелі
жұмыс арқасында оқушылар сұрақты еркін қойып, жауап бере алады. Бұл тапсырмалар жаңа буынды оқулықтарда жақсы қарастырылған.
Қазіргі кездегі қоғамның ақпараттану жағдайында ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы адам өмірінің әртүрлі саласына біртіндеп өзгерістер енгізуде. Ақпараттандыру ісі білім беру жүйесінің даму жолына да ықпалын тигізуде. Сондықтан да, қазақ тілін оқытуда интерактивті тақтаның тиімділігі өте зор. Мысалы, әр сыныпқа арналған электрондық оқулықтар бар. Arta Learnung оқулығы бойынша қазақ тілінен тақырыптар модульдермен беріледі, оқу және үйрену, жаңа сөздермен жұмыс жүргізіп, тапсырмаларды орындау, тыңдалым, сөйлесу, өзін-өзі тексеру деңгейлері белгіленген. Оқушылар ізденеді, олардың әр орындаған жұмыстары бағаланады және бағыт-бағдар беріледі.
Оқушылардың көбі р, л, с, з, ж, ш дыбыстарын дұрыс айта алмайды. Осындай оқушыларға тіл дамыту сабақтарында үнемі назар аударып, оларға сол дыбыстарды жаттату үшін шағын тақпақтар, жұмбақтар, жаңылтпаштар, мақал – мәтелдер айтқызу орынды. Әсіресе оқушыларды ауызша тіл дамыту жұмыстары кезінде үлкендерден естіген ертегі, әңгімелері бойынша сөйлетіп үйретудің пайдасы зор. Мұндағы ұтымды жағдай бола өзін ортаға, айналаға сын көзбен қарап, жақсы мен жаманды, еңбекқорлық пен жалқаулықты, кішіпейілдікті байқайды. Олардың сөйлеткенде сөйлемдердің қысқа, түсінікті, жүйелі құрылуына, айтып отырған әңгімелерінен үйренген жаңа сөздерді дұрыс айтуын, жазуын қадағалау керек. Оқушылар көрген, оқыған әңгімелеріне еліктеп, сөздерді ойдан құрап жазады. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға сөзжұмбақ, ребус, ұйқасын топ ойындарының әсері мол.
Оқушылардың тілін дамыту, ақыл – ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытуда математикалық жаттығулардың да үлесі мол. Оқушылармен ұлттық ойындар арқылы тақырыпқа сәйкес ойын есептер ұйымдастыру, сол арқылы олардың ойына байсалдылық, тапқырлық, шындық қасиеттерін сіңіру. Көбіне сабақта қазақтық ұлттық ойындарын қолданамын. Мысалы: «Сақина салу», «Ақсүйек» тағы басқа да ойындар. Сөзжұмбақтар, ребустар шешудің баланың ой ұшқырлығын дамытуға әсері мол.
Отбасының баланың тіл дамытуна түзетулер жасауға қатысуы
Тіл дамуында кемістігі бар балаларды емдеу ең алдымен баланың ағзасын бекітуге әкеп тіреледі. Бұл қараста дұрыс режим мен тамақтану, дене шынықтыру, сумен түрлі емдеулердің зор мағнасы бар.
Балаға әсер ететін невропатия себептерін анықтап, жағымсыз психологиялық факторларды жоюға тырысу керек.
Мысалы, тәбеті бұзылған жағдайда ата-аналар баланың тамаққа деген жек көрушілігін болдырмау шараларын жасауы керек. Бастысы - тамақтанудың нақты тәртібін орнату. Баланы зорлап тамақтандыруға, әсіресе дімкәстік кезінде, қорқытып немесе уәде беріп асыра тамақтандыруға қатаң тиым салынады. Баланың бір нәрседен үркуі болғанда ешқашан оған күуге немесе оны қорқытып жеңдіруге болмайды. Оның танымдық қызығушылығы аумағына сол қорқыныш шақыратын объектіні енгізуге тырысқан жөн. Түнге қарай ғажайып ертегілер айтуға, телеарна хабарын қарауға рұқсат етпеу керек. Ұйықтар алдында тітіркеніш жасайтындар шеттелуі керек.
Баланы түрлі нақтылы немесе жұмбақ «қарақшылармен» қорқытуға қатаң тиым салынады.Баланы қоршаған ортамен біртіндеп және абайлап таныстыру керек, бала әрекетіне жаңа заттарды оларға өзіне сәйкес түсіндірме бере отырып, біртіндеп енгізу керек.
Логопед кеңес береді
- жақ және тіл бұлшық еттерін дамыту. Ірі тағамдарды тиімді шайнауды, аузын шайуды, ұртын толтыруды,ауаны бір ұртынан екінші ұртына аударыды т.б үйрету;
- баламен тек қана дұрыс тілде сөйлесу, «бала тілін» ешқашан қолданбау;
- балаға күн сайын қысқа және ертегілер оқу;
- онымен жиі сөйлесу, оның барлық сұрақтарына шыдаммен жауап беру, сұрақ қоюын мадақтау;
- сөзді немесе фразаны, ондағы сөздердің орнын ауыстыра отырып, анық бірнеше рет қайталау;
- күніне бірнеше рет артикуляциялық гимнастикалар орындау.Оның мақсаты - дыбыстарды айтуға қатысатын бұлшық еттерге жұмыс істетуоларды бағынышты ету. Оларға артикуляцияға аппаратының органдырын жаттықтыратын, дыбыстарды дыбыстауға ерін, тіл, таңдай қатыстыруға арналған жаттығулар енгізіледі. Алғашқы кезде айна алдында жаттыққан дұрыс;
- балаға асыра жүктемеу жасау. Сабақтың 15-20 минуттан аспауы жөн;
- ұсақ моториканы дамыту үшін жаттығулар қодану керек;
- кекештікте сөйлеу демалысын, екпінді және ритмді дамытуға мүмкіндік беретін музыка сабақтары жақсы нәтиже береді.
Баламен сабақ көңілсіз болмауы керек, оларды қызықты ойын түрінде өткізу, жайбарақаттық ахуалын жасау, баланы оң нәтижеге бағыттау, жиі мақтау.
Бастауыш сынып оқушылары үшін тіл – білім алудың көзі болып саналады. Сондықтан да ата-аналар мен мұғалімдер баланың тілін дамытуың маңызын түсінуі тиіс. Оқушының тілінің дамуы жоғары болса, ол оның өмір жолында, сыныптастарымен қарым-қатынасына, сонымен қатар мектепте нәтижелі оқуына әсер етеді.
Сөйлеу тіліне ең алдымен, анықтама бере кетсек. «Сөйлеу тілі – күнделікті қарым-қатынаста пайдаланылатын әдеби тілдің бір түрі. Сөйлеу тлі белгілі бір жағдайда ауызба-ауыз тікілей жалғанатын қатынас тілі болғандықтан, ол сөйлеудің ауызша формасымен тығыз бйланысты болады. Ал ауызша сөйлеуде еркіндік басым келеді, яғни үйреншікті жағдайда адамдар емін-еркін сөйлейді. Сонымен бірге сөйлеу тілі жазбаша түрде де қолданылады. [2].
Оқушылардың сөйлеу тілінің қабілеттерінің қалыптасуы және дамуының нәтижелі шарттары қандай?
Ең бірінші шарт ол – қарым-қатынастың қажеттілігі. Демек, өз пікірімен немесе ақпаратпен бөлісу тілегі мен қызығушылығын туғызатын, сөйлеу тілінің ынтасын айқындайтын жағдайларды қалыптастыру керек.
Екінші шарт ол – қарым-қатынас ортасын құру. Қарым-қатынас ортасы – бұл ата-аналардың, жақындардың, достардың әңгімелері, көркем әдебиет, бұқаралық ақпарат құралдары, мұғалімнің сөйлеу тілі, оқулықтардың тілі... Сөйлеу тілі оқушыға қарым-қатынасқа түсуге және дүниені танып білуге көмектеседі.
Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеуге үйретуде психологияға сүйенбей болмайды. Сөйлеу тілін дамыту процесінде адамның еркі, есте сақтау қабілеті, ой-өрісінің дамуы, сезімі, қиялдай білу ерекшеліктері негізгі рөл атқарады.
Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілінің дамуы әрдайым педагогикалық басшылықты қажет етеді. Сөйлеу тілін дамыту мен байытуда жүйелі жұмыс қажет.
Жас балалардың тілін дамытудың бір жолы ол - көрнекілік пен ойын. Ойын арқылы түрлі тілдік жағдай туғызып, балалардың түрлі тақырыпта сөйлеуіне жағдай жасауға болады. Ойын кезінде баланың сөйлеуге ынтасы артады, көңіл-күйі өседі, сөйлеуге белсенді қатысады. Ойын баланың сана-сезіміне де әсер етіп, тәрбиелік мақсатын да орындайды.
Ойын кезінде балалар бір-бірімен тіл арқылы тығыз қарым-қатынасқа түседі. Ойынға байланысты сөздер ойын кезінде бірнеше рет қайталанады. Сондықтан ойынды белгілі сөздердің қайталануына қарай ойын-жаттығу деп атау ғылымда бар, біз де осы пікірге қосылып, ойын-жаттығу терминін қолдану дұрыс деп таптық.Ойын-жаттығу мына талаптарға сәйкес болуы керек:
1. Ойын-жаттығу баланың жасына сай болуы керек.
2. Ойын-жаттығу негізінен сөйлесімнен құрылуы керек. Яғни, ойынның негізі саналатын тілдік жағдай сөйлеу әрекетін туғызатын боуы керек.
3. Тілдік қатысымды жүзеге асыратын сөйлеу нәтижесіне ойнау нәтижесі қосылу керек.
4. Ойын-жаттығу ұжымдық болады, бала ойында өзі қалған рөлді таңдай алуы керек.
5. Ойын-жаттығу баланың ауызша сөйлеу дағдысын, сөйлей білуін нақтылы сөйлеу әрекеттері арқылы жүзеге асу жағдайын белгілеу керек. Бұл әдісте білім мен ойын сабақта елеусіз байланысады да, ойында, сабақта бала өзін еркін ұстайды [3]. Оқыту әдістемесін зерттеген ғалымдар оқытуда қолданылатын көрнекіліктің мынадай түрін ұсынды, олар: демонстрация, иллюстрация.
Оқытуды демонстрациялық негізде ұйымдастыру оқушылардың оқу материалын жеңіл әрі терең ұғынуына мүмкіндік туғызады, олардың ойлау әрекетін жандандырып, қосымша ақпараттар береді. Оқушылардың құбылысты және танымдық процесті, өздері белсенділік танытып оқып үйренсе, шын мәнінде бұл әдіс нәтижелі болмақ. Олар тарапынан мұндай қарым-қатынас оқыту процесінде проблемалық және ізденушілік жағдайға итермелейді.
Иллюстрация - демонстрация әдісімен тығыз байланыста болады. Бұл әдісті иллюстративті құралдарды (суреттер, сызбалар, портреттер, модельдер) көрсету қолданылады. Мысалы, қазақ тілі сабағында оқушыларға сурет көрсетіліп, оны сипаттау жұмысы немесе мәтін құрастрыу, не болмаса екінші бір суретпен салыстыру жұмысын орындатуға болады. Көрнекіліктер айшық түсті, барлық оқушыларға жақсы көрінуі тиіс және ол оқушының жас ерекшелігіне сәйкес келуі ескеріледі.[4].Сабақта қолданылатын түрлі көрнекіліктер оқушыларды әртүрлі ойлау әрекетіне бейімдейді. Түсіндірілген материалды саналы түрде меңгеруге ықпал жасайды.
Бастауыш мектеп бағдарламасында балалардың жас ерекшелігіне байланысты тапсырмалар, жаттығу жұмыстары берілген. Сол сияқты тіл жұмыстары мәтіндерді оқу, оны мазмұндап айту, сұрақтаға жауап беру және шығарма, мазмұндама жазу арқылы жүзеге асырылады.
Көптеген мұғалімердуің байқауы бойынша бастауыш сынып оқушыларының жаттығуларды түсінбеуі, олардың тілінің дамуының жетіспеушілігінің себебі болып отыр.
Жаңа сөздермен жұмыс тіл дамыту барысында ерекше орын алады. Оқушы әр сабақ барысында белгілі бір мөлшерде жаңа сөздерді меңгеруі тиіс. Сөйтіп, оқушылардың сөздік қоры молаяды. Сабақ барысында сөздерді жеке дара емес, белгілі бір жағдайға байланысты тақырып аясында қолдануға мүмкіндік жасалуы тиіс. Ахмет Байтұрсынұлының: «Тіл дамыту мәселесі тек қана грамматика заңдарына үйреніп, не болмаса, сөздерді балаға үйретіп қана емес, сөзді тіршілігінде көрсету барысында ғана шешуге болады», – деген тұжырымы бұған дәлел бола алады. [5].
Сөйлеу тілі мен сөздік қоры молая бастаған сайын бала айналадағы адамдармен, құрбылыас балалармен белсенді түрде сөздік қарым-қатынас жасайды.
Бала тілін дамытып қалыптастыруда өз ұлтымыздың ауызекі шығармашылығының тигізер ықпалы зор. Халқымыздың ертегі, аңыз-әңгімелері, мақал–мәтелдері, жұмбақ, жаңылтпаштары, ойнақы, жеңіл тілімен беріледі. Балаға жаңылтпаш үйретіп, оны айтқызу сөзді дұрыс сөйлеуге әдеттендіреді, кейбір тілі келмей, бұзып айтатын дыбыстарды анық айтуға жаттықтырады. Ал жұмбақ айтқызу баланы тапқырлыққа үйретіп, ойлау қабілеті мен тілін ұштайды. Мақал-мәтелдерді пайдаланудың әдіс-тәсілдері көп. Оларды сыныпта, сыныптан тыс оқуда белгілі бір тақырыпты оқытумен бірге сәйкестендіріп алған ыңғайлы.
Сөйлеу тілін меңгерудің келесі жолы – кешенді оқыту. Ал оқушыларға арналған кешен: оқулық, фонограмма, күйтабақтар, үнтаспалар, бейнетаспалар, дидиактикалық үлестірмелік жаттығулар, сөздіктер т.б.
Қазақ тілі сабақтарында үнтаспаны қосу немемсе бейнетаспаны көрсету арқылы тақырыпқа шығуға болады. Тақырыпты тапқаннан кейін оқушылар алдарына мақсаттарды қояды. Сабақ барасында тақырып мазмұнына сай дидактикалық үлестірмелі жаттығуларды беруге болады. Мысалы, жұппен жұмыста өз көршіңмен бірлесіп диалог құру және оны сахналау. Бұл оқушылардың бір-бірімен қатынасын жақсартып, сахналауда тапқырлық пен ептелікттерін дамытады. Ал топтық жұмыста оқушыларға сурет бойынша ертегі құрастыру тапсырылғанда, олардың тек сөйлеу тілі ғана емес ойлау, қиялдау қабілеттері де дамиды. Топпен жұмыста тақырыпты меңгеру, бір-бірін тыңдау, ой бөлісу, қабылдау, қорытынды шығару қабілеттерін дамыту, достық, бірлік қасиеттерге баулу т.с.с сабақтың үш негізгі мақсаты орындалады. Шығармашылық тапсырмада оларға эссе жазу, немесе постер құру сияқты тапсырмалар беріледі, яғни бұл жерде олардың ойын жүйелеу, талдау және оны көркем сөйлеу арқылы жеткізу қабілеттері дамиды.
Тақырыпты оқыту барысында түрлі әдістерді қолданудың тиімділігін озат мұғалімдердің іс-тәжірибесі көрсетіп отыр. Мәселен, үшінші сыныптың әдебиеттік оқу пәнінен сабақтың әдістерін қарастырып көрейік.
Сабақтың тақырыбы: Абай және табиғат. “Жаз” өлеңін оқыту.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға Абай туралы түсінік беру және “Жаз” өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу.Дамытушылық: оқушылардың танымдық әрекеті
мен танымдық белсенділігін тақырып мазмұнына қызығуын, жүйелі ойын, ойлау әрекетін дамыту. Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал жасау.
Тәрбиелік: Тұған жерінің табиғатын сүюге эстетикалық талғамдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру.Қолданатын әдістер: Сөздік баяндау, әңгіме, оқулықпен жұмыс, түрлі бейнелі көрнекілік. Абай портреті. Жаз мезгілінің суреті.
Сабақтың барысы:
І. Үй тапсырмасын тексеру, өткен материалды пысықтау ретінде сұрақ-жауап тәсілі арқылы жүзеге асады.
ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Жоспары:
а) Мұғалімнің кіріспе сөзі;
ә) Мәтінді мәнерлеп оқу;
б) “Жаз” өлеңінің тақырыбы мен мазмұнын түсіндіру;
в) Сөздік жұмыс;
г) Мәнерлеп оқу;
ғ) Өздігінен жұмыс;
д) Сазгерлік өнер. Абайдың “Желсіз түнде жарық ай” әнін тыңдату;
е) Сұрақ-жауап арқылы сабақты қорытындылау;
ж) Үйге тапсырма “Жаз” өлеңін жаттау және “Желсіз түнде жарық ай” әнінің сөзін жаттап келу.
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
1. Ауызша баяндау арқылы Абайдың өмірі мен шығармашылық өнері туралы әңгімелеу,
2. Мәтінді мәнерлеп оқытып әр шумақтың мәнін талдау,3. Жаз өлеңінің тақырыбы мен оның мазмұнын түсіндіру және оқушылардың ұғымын байқау,
4. Сөздік жұмыс өлеңіндегі бейнелі көркемдегіш сөздерді анықтау. Бұл оқушылардың бақылауын зейінің байқауға мүмкіндік береді,
5. Жаздың суретін көрсетіп осыған байланысты өлеңнің оқушылардың бақылау қабілетін дамыту мақсаты мен мазмұнын талдау,
6. Оқушылардың өздік жұмысын тақтада жазылған сұрақтарға мәтін қалыптастыру мақсатымен мазмұнынан жауап таптыру. Бұл оқушылардың кітаппен жұмыс істеу қабілетін дамытады.
Дәптермен жұмыс. Өлең мазмұнынан жаңа сөздерді атауларды тауып, дәптерге жаздыру оның мағынасын түсіндіру.
Күркіреп - өзеннің ағып жатқандағы дыбысы.
Шұрқырап – немесе кісінейді.
Шалғын – жайылым немесе қалың шөп.
Жоны – арқасы.
Ықылдап – тойынғандықтың белгісі.
Бұлтылдап – ойнақтап.
Мәнерлеп оқу. Оқушылардың сөз мәнеріне, өлеңнің шумақтарына дыбыс екпіннің қоя білу қабілеттеріне көңіл аудару.
ІІІ. Өздігінен жұмыс. “Абайтану” дәптері бойынша Абай шығармаларының атымен танысады. Тақтадағы сұрақтар мен тапсырмаларға жауап берді. Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Жердің әсемдігін бейнелеген сөздерді оқы,
2. Жылқының үнін қалай атайды?
3. Шөптің биіктігін қандай сөзбен бейнелеген?
4. Ат, айғыр, бие деген сөздердің мағынасын айт,
5. Құлын-тайдың ойнақтауын қалай әсерлеп жазған?
6. Құстар дыбысын бейнелейтін сөзді тап,
7. Сазгерлік өнерге не жатады?
8. Үй тапсырма. “Жаз” өлеңін жаттап келу, мәнерлеп оқуға жаттығу.
Білім беру саласындағы түбегейлі өзгерістер елімізге қазақшаға жетік, сауатты, білікті мамандар қажет екендігін көрсетіп отыр. Сондықтан тіл үйретудің тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруымыз керек.
1.2 Балалар әдебиеті арқылы оқушылардың тілін дамытудың ерекшеліктері
Балалар әдебиетінің алға қойған міндеттері - жасөспірімдерді патриотизмге, бірлікке, еңбекке, қоғамдық көзқарасқа және адамгершілікке деген ізгі қасиетке баулу. Балалар әдебиеті шығармаларының ықпалы, тәрбиелік күші жағымдық кейіпкерлер образын жасау проблемаларына байланысты шешіледі. Жақсыны үлгі етіп көрсету, олардың Отаны, халқы алдындағы қызметін өрсөту, типтік образын жасау, жасөспірімдердің еліктеуіне, солардай болуына, талаптануына жол ашады.
"Өнер алды - қызыл тіл", - деп Абай айтқандай балалар әдебиетінің басты проблемасының бір түрі - тіл. "Әдебиет сөз арқылы сұлу суреттелетін өнер" деді М.горкий. Сондықтан балаларға lрналған шығармалардың тілі, ең алдымен өзінің ана тілін жетік білуге, сөздік қорын байытуға жүйелі түрде қисынды сөйлеуге баулитын көркем құрал болуға тиіс. Әрбір сөз өз орнында өз міндетін атқара тұрып, балалардың уылжыған жас жанына қозғау салып, сұлу суреттерімен эстетикалық жағынан әсер ететіндей болуы керек.
Балаларға арналған өлеңдер ойнақы, жинақы, тілі балалардың жанындай мөлдір де тұнық, қызықты да қарапайым болуы шарт. Октябрь революциясынан кейін қазақ балалар әдебиеті сыншылар мен зерттеушілер, ғалымдар мен ақын жазушылардың ықыласы арқылы дамыды. Балалар әдебиетінің ерекшеліктері туралы С.Сейфуллин .Жүмбақ айтысу" деген еңбегінде: .Жүмбақ айтысу - хат жаза білмеген көшпелі ел жастарының өз әлінше зейіндерін тапқыштыққа үйретіп тілін шеберлейтін, сөзді үйлестіріп, ұйқастырып айтуға жаттықтыратын сабақ тәрізді болған" дейді.Сөкен балалар әдебиеті нұсқаларын жинаушы, әрі зерттеуші. Ал І.Жансүгіров "Өтірік" атты жинақта жазған алғы сөзінде "Ел өтірігі үлкендерден гөрі балалардікі, балалар әдебиетіне жатады" деп жазды. М.Әуезов "Әр жылдар ойлары", "Ертегілер" деген ғылыми еңбектерінде балалар әдебиетінің түп - төркіні халықтық шығармалар екенін дәлелдеді. Жас жеткіншектердің өз араларында үлкен ерекшеліктері бар, сондықтан да балалар әдебиеті бірнеше салаға жіктеледі:
Мектепке дейінгі балалар әдебиеті.
Бастауыш сынып оқушыларына арналған әдебиет.
9 жылдық мектеп оқушыларына арналған әдебиет.
Жоғары сынып оқушыларына арналған әдебиет.
1. Мектеп жасындағы балалар, олар оқырман емес. Оларға арналған шығармалар қысқа да, ықшам жазылған суретті кітаптар түрінде беріледі. Тақырыбы табиғат, өзін қоршаған ортадан алынады. Тілі жеңіл де ықшам келеді. Бас бармақ, шылдыр шүмек т.б. сияқты күлдіртіп ойнату. Бұл жастағы балаларға әсіресе өлең сөздер ерекше әсер етеді.
2. Бұл 7 - 1 О жастың арасын қамтиды. Бұл жастағы балалар мектеп бағдарламасымен тығыз байланыста
Адам баласы тарихында ауыз әдебиетінің алтын қоры жыр өлеңдерінің бірінші бастамасы-бесік жыры. Бұл жырда қазақ қауымының балаға деген ең ізгі сүйіспеншілігі, тілегі, халықтың шешендігі, арманы, эстетикалық идеалы бейнеленген. Оның сөз жүйесінің ырғағы, мән-мағынасы аса ұқыпты. Бесік жырында дүниеге келген жас нәрестенің болашағын ойлап, қолдан келген мүмкіндігін соның жолына бағыштауға тырысады. Халық тәрбиесі баланы жастай көпшіл, ынтымақшыл.сый-сыйапат көрсете білетін өнегелі азамат болуын көздеген. Баладан адамгершілік қасу.етті талап еткен.
Баланы күту, бағу,мәпелеу, тәрбиелеу, әлпештеп ақ бесікке салу, оның мәңгілік қамқоршысы болу-ата-ананың борышы. Бала туғанда шілдехана жасау, жас нәрестенің дүниеге келуін өздеріне бақыт санау жалпыхалықтық салтқа, әдет-ғұрыпқа, эстетикалық идеалға айналған:
Бармақтарың майысып,
Ұста болар ма екенсің,- деп, бала халыққа әр жақты өнерімен,білімімен,игі істерімен танылса деп арман еткен:
Таңдайларың тақылдап, Сөйлегенде сөз бермей, Шешен болар ма екенсің,- деп, бесікте жатқан нәрестенің болашағын ойлаған. қай іске,қай өнерге болса да икемі бар сегіз қырлы, бір сырлы азамат болуын көздейді. Сондықтан да өз сәбиін өнердің, еңбектің қай түріне болса да баули беруді, ынталандыра беруді мақсат еткен. Бесік жырында адамның басынан кешірген тағдыры, қайғысы мен қуанышы, рахаты жырланады. Бесік жырының әсем де жеңіл айтылуы оның сазды әуенге қосылып, сондайлық баппен шырқалуы баланың. көңіл күйін ашып, оны көңілдендіреді. Бесіктің тербелуі мен ән ырғағының бір шығуы бала тербеткен ананың да, бесікте жатқан баланың да жүректерінің бірге соққандай әсері сезіледі. Бесік жыры ғасырлар бойы ұзақ өмір сүріп, ұрпақтан ұрпаққа ұласуымен қатар оған бала тәрбиелеуде заманы қойған талап, мақсатқа қарай жаңа мазмұнда, жаңа түрде айтылатын шумақтар қосыла берген. Бұл жыр оларды алға қарай талпынуға, ілгері ұмтылуға, жігер - қайратының шыңдалуына бастайды. Бесікте жатқан баланы тәрбиелеу ісінде халық осыларға зор мән берген.
Мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар мен өтірік өлеңдердің бала дамуында алатын орны мен рөлі.
Өтірік әңгімелермен қатар қазақта өтірік өлеңдер де бар. Оның туп нұсқасы әзіл - оспаққа, өтірік сынға құрылған. Өгірікте қиыннан қиыстырған ойдың өткірлігі, логиканың күштілігі басым. Өгірік өлеңдер өте шеберлікпен, тілдің орамдьтығымен өзгеше өңделген сөз. Өтірік өлеңде өмір бар, салыстыру бар, сықақ бар, өмірге тікелей байланысты болып келеді. Мақал - мәтел мағынасы терең, сөзі ықшам, көркем, еске сақтауға жеңіл болғандықтан және бала тәрбиелеу ісінде ерекше роль атқаратындықтан балалар әдебиетінде орны ерекше. Мақал - мәтел балаларға терең ой салады, оларды көркем де образды сөйлеуге жаттықтырады. Сөз байлығын, сөздік қорын дамытады. Мақал - мәтелдердің тақырыбы кең: еңбек, оқу, білім, жолдастық, адамдық қасиет, табиғат т.б. Мысалы: Ата балаға сыншы, Бала адамның бауыр еті, Білім - өмір шырағы, Балаға байқап сөйлесең ақылыңа
көнер, байқамай сөйлесең көп ішінде өлер.
Балалар фольклорында үлкен орын алатын тағы бір жанр - жұмбақтар.
Олар балалардың зейінін, ықыласын арттырады. Жұмбақты ойдың гимнастикасы деп атайды.
Бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы,қиын да жауапты жұмыс.Ең бастысы, бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни, сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыруға, жағдайларды объективті түрде бақылап ,талдау жасауға, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне баулиды. Тіл дамыту арқылы оқушылардың ақыл-ойы кеңейеді, адамгершілік, эстетикалық тәрбие, бір-бірімен достық қарым-қатынас мәселелері де дұрыс жолға қойылады.
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту күн тәртібінен ешуақытта түсіп көрген емес.Жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеуде ұлттық сананы оятып, тілін дамытып және білім беруді тиімді әдістемемен жандандыра түсіп, дамыта оқыту керектігі туындап отыр. Оқушылардың тілін дамыту-қазіргі кезде оқу -тәрбие ісіндегі басты мәселе.
Бұл жинақта тіл дамытуға арналған біршама тапсырмалар мен қызықыты ойындар, жаттығулар жинақталған. Тіл дамыту бір жақты құбылыс емес, сондықтан да баланың тілін логикалық ойлау арқылы, шығармашылық тапсырмалар арқылы да дамытуға болады. Сонымен қатар, қазақ тілі сабақтарында да арнайы жаттығулар жүйесімен баланың тілі мен ойын дамытуға болады. Берілген ойындарды баланың жасына сай қолдану керек.
Баланың тілін дамытуға арналған ойындар
Достарыңызбен бөлісу: |