Сабақтың барысы
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Ресурстар
|
1.Ұйымдастыру кезеңі
|
1. Ынтымақтастық атмосферасын құру (психологиялық дайындық).
2.Оқушыларды сурет қиықтар арқылы топқа бөледі
Жақсы балалар енді орындарымызға отырайық.
-Балалар, біз бүгін топпен жұмыс істейміз. Топ ережелерін еске түсірейік. Мен сендердің жауаптарыңды мынандай белгілі фишкалармен бағалаймын.
-Қазақ халқы өте қонақжай халық. Қонақ келгенде дастархан жайылады. Бүгін бізге қонақтар келіп отыр, біз де дастархан жаямыз. Әр топ алдарындағы заттарды дастарханға әкеліп қойыңдар.
|
Амансың ба,алтын күн!
Амансың ба,көк аспан!
Амансын ба,достарым!
Сабағымызды бастайық
Жамандықты тастайық!
Балалар топ ережелерін атайды.
|
Шаттық шеңбері:
Сурет киықтары
|
2. Үй тапсырмасын тексеру
|
-Жақсы балалар, дастархан үстінде тұрған заттарды бір сөзбен қалай атаймыз. Мынау бәрі не?
- Дұрыс, азық-түлік. Ол біздің өткен сабақтың тақырыбы болды.
|
Балалар азық – түліктерді бір-бірлеп дастарханға әкеліп қояды.
Біз дастарханға нан әкелдік.
Біз дастарханға сүт әкелдік.
Біз дастарханға шай әкелдік т.б.
|
Азық-түліктер
|
3. Жаңа тақырыпқа шығу
|
- Ал, енді, біздің дастарханға бірдеңе жетпейді. Оны табу үшін сендер мына тапсырманы орындайсыңдар. Сендердің алдарыңда суреттер бар. Оларды реттеңдер.
- Ал, енді қараңдаршы, суреттерді екі топқа бөлдіңдер. Бір топ азық-түлік, екінші топ қандай болды?
Сонымен, дастарханға не жетіспейді? Бүгінгі тақырып қандай? Мақсатымыз қандай?
|
1 – тапсырма. Суреттерді реттеу.
Балалар суреттерді екі топқа бөледі.
Балалар кезекпен жауап береді.
|
Суреттер
|
4. Жаңа материалдарды түсіндіру
|
- Сөздікпен жұмыс.
Алхоры – слива
Анар – гранат
Қызанақ – помидор
Қызылша – свекла
Орамжапырақ – капуста
Өрік - абрикос
Енді осы сөздерді қалай есте сақтағандарыңды тексеру үшін келесі тапсырманы орындайық.
Ал, енді осы пайда болған сөздерге алдарыңда жатқан карточкадағы сөзді жалғастырыңдар. Пайда болған сөз тіркесін оқып шығыңдар. Орыс тіліне аударыңдар.
|
Жаңа сөздерді меңгереді. Сөз тіркестерін құрастырады.
2 – тапсырма. Суретті құрастыр ойыны (Пазл жинау).
«Карусель» ойыны. Топтар орындарымен ауысады.
|
Пазлдар
|
Сергіту сәті
|
|
Балалар видеоға қарап балалардың дене қимылдарын қайталайды.
|
«Қызыл өрік» өлеңі. Видео
|
Жұппен жұмыс. «Моншақ әріп» ойыны.
|
- Балалар, сендердің алдарыңда үзілген моншақтар жатыр, оларды жинап пайда болған сөзді бір-біріңе оқындар. Осы сөзді алдарыңда жатқан ақ карточкаға жазыңдар. Енді карточкаларыңмен ауысасыңдар.
- Алдарыңда жатқан қызыл карточкада кілтті сөз жазылған. Бұл карточканы алып сөзді тексересіндер. Егер жауаптарың дұрыс болса, жұптасып қолдарыңды көтересіңдер.
|
Балалар моншақтарды жинап, жауабын бір –біріне оқып, ақ карточкаға сөзді жазады. Карточкаларымен ауысады. Кілтті сөзбен тексереді. Егер жауаптары дұрыс болса, жұптасып қолдарын көтереді.
|
Қызыл және ақ карточкалар
|
5. Сабақты бекіту.
«Ұйқасын тап» ойыны
«Екі себет» ойыны
|
-Кел, балалар ойнайық!
Тектен текке тұрмайық!
Көкөніс-жеміс жинайық
Қонақтарға сыйлайық!
-Біздің дастарханда не бар?
-Сонымен, біздің дастарханымыз молайды, себебі сендердің білімдерің молайды.
|
Сөз бен суретті дұрыс сәйкестендіреді.
Жемістер мен көкөністерді екі себетке дұрыс бөліп салады. Атын атайды. Мысалы: алхоры - слива
Ойын соңында балалар жеміс көкөністерді дастарханға қояды. Аттарын атайды.
-Біз дастарханға анар әкелдік. т.б.
-Азық-түліктер және жемістер, көкөністер.
|
Интербелсендітақта. Флипчарт №1
Флипчарт №2
Муляждар
|
Үйге тапсырма беру
|
-Үйде, балалар, жеміс, көкөніс суреттерін карточкаға салып әкелесіңдер. Келесі сабақта бұл карточкалармен жұмыс істейміз.
|
|
|
Қорытындылау
|
-Балалар, біз бүгін не үйрендік? Қандай тақырып өттік? Нені білдік? Қандай мәлімет алдыңдар? Не қиын болды?
|
|
|
Бағалау
|
Оқушыларды сабаққа қатысу белсенділіктерін талдай келе, әр топтан кім қаншалықты бағаланғанын фишкаларды тарату арқылы бағалау.
|
|
|
Рефлексия
|
Бүгін көңіл-күйлерің қандай болды?
|
Балалар өз стикерлерін өз көңіл-күйлеріне сәйкес смайликтерге жабыстырады.
|
Смайликтер, стикерлер
|