ДӘСТҮрлерін қазіргі саз өнер мектеп тәжірибесінде қолдану қР халық әртісі, профессор Бекбосын Қажыбек Құдайбергенұлы



Дата15.09.2017
өлшемі58,1 Kb.
#33293
ҚАЗАҚТЫҢ Салт-ДӘСТҮРЛЕРІН ҚАЗІРГІ САЗ ӨНЕР МЕКТЕП ТӘЖІРИБЕСІНДЕ ҚОЛДАНУ

ҚР халық әртісі, профессор Бекбосын Қажыбек Құдайбергенұлы

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Халықтың рухани дамуының қайта өркендеуі 80-жылдардың аяғында жан-жақты сипат ала бастады. Саяси, мәдени өмірде, дәстүр-салтта ұлттық нышандар орын алды. Жеткіншектердің болашағын ойлаған қазақ зиялылары, ұстаздар қауымы жастарды халықтың ежелден келе жатқан үлгі-өнегесі бойынша тәрбиелеуге бет бұра бастады. Тәрбиенің қайнар көзі-халықтық педагогикаға деген жұртшылықтың ынта-назары күшейді. Осындай өзгерістер мен талаптар ескеріле отырып, өкіметтің қаулысы мен Тіл туралы заңының негізінде ҚР Білім министрлігінің 1989 жылғы 28- тамыздағы 617 бұйрығына сәйкес құрылған Уақытша ғылыми- зерттеу ұжымы жалпы білім беретін қазақ орта мектебінің тұжырымдамасын жасаған болатын. Ол тұжырымдама мектепті жаңартудың көкейкесті бағдарламаларына, сондай-ақ мектептің ұлттық мәдени жасапаздық қызметін қалпына келтіруге негізделген.Тұжымдаманы жүзеге асыру тез арада қолға алынды. 1990 жылы Білім министрлігінің алғашқы «Қазақ мектептері мен мектепке дейінгі балалар мекемелерінде имандылық-эстетикалықтәрбие берудің кешенді бағдарламасы» жасалды [1]. Бұл бағдарлама ұлттық көркем мәдениет, музыка, бейнелеу және халықтық әсемдік қолданбалы өнер жөнінде білім беруді өзінің мақсаты етті. Бағдарлама мектепте дейінгі және мектептен тыс мекемелерде имандылық – эстетикалық тәлім тәрбие жүйесін ұлттық ерекшеліктерді, баланың өсіп жетілетін ортасындағы хал – ахуалды ескере отырып қайта құруға, отбасы мен мектептің арасындағы ынтымақтастыққа нығайтуға, баланың бойында имандылық, ізгілік, сезімталдық, қасиеттерді қалыптастыруға, оның болмысы мен біліктілігінің арасында диалектикалық үйлесім болуын қамтамасыз етуге бағытталған. Бағдарламада оқу жоспарының сабақ кестесі берілген. Имандылық – эстетикалық тәрбиені жетілдіруге байланысты қызықты-қызықты ұсыныстар мен жаңа бағыттар көрсетілген, перспективалық міндеттер қойылған. Оқушының бос уақытын дұрыс пайдалану жағдайы да ескерілген. Бұл салада бағдарлама мектептен тыс мекемелерде мынадай үйірмелерді ұйымдастыруды ұсынады: қазақша би, халық әуендері, жыршылық, терме, айтыс өнері, қалық аспаптар оркестрі, әуесқой студиялар, халық ойындары, эстетикалық және дүниежүзілік мәдениет клубы.

Бағдарламада сондай-ақ қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан отбасы тәрбиесі дәстүрлеріне де көңіл бөлінген.

Осы аталған халықтық педагогикалық принциптері негізінде жаңа оқу бағдарламалары мен оқулықтар жасау жөнінде экспериментік зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін уақытша ғылими зерттеу ұжымдары құрылды. Айналасы бір-екі жылдың арасында бұл мәселе өзінің шешімін таба бастады.

Осы жылдары халықтық педагогика негізінде жасалған «Елім-ай» атты бірінші сыныпқа арналған ән-күй пәнінің бағдарламасы да дүниеге келді.

Жалпы білім беретін қазақ орта мектебінің музыка сабағына арналған «Елім-ай» бағдарламасын құрастырушылар алқасы: Балтабаев М.Х., Қышқашбаев, Т.А.Спанов, Ө.К.Өтемұратова, Б.С. Даулетов Т.Е. бағдарламаның негізгі мақсаты туралы төменде көрсетілген ой-пікірлерін білдіріпті: «Жас балғындарды өз халқының ғасырлар бойы дамып,қалыптасқан рухани өнерін терең түсініп, пайымдай білуге баулу,оған деген қызығушылығы мен ынта жігерін ояту,көркемдік қабылдау мәдениеті мен музыка аспаптарын тарта білуге тәрбиелеу»[2]. Бұл бағдарламаның ерекшелігі халқымыздың қанына сіңіп бойына дарыған өнер түрлері: ән-күй, ою-өрнектер, би қимылдары, ұлттық ойын түрлері«Елім-ай» бағдарламасы халық дәстүрлерінің ғажап айқындаушы күшіне ие терең сенімге негізделген. Бүгінге ұлттық рухани құндылықтарды сақтау мен кейінгіге берудің табиғи жолдарын қалпына келтіру аса маңызды іс.

“Мұрагер” бағдарламасының негізгі мақсаты - өзінің тілін, дінін, дәстүрін, өнерін, әдет-ғұрыптарын біліп, халқының асыл қазынасының мұрагері сезінетін, өз елін, туған жерін, ата мекенін сүйетін Қазақстан Республикасының азаматын тәрбиелеу. Педагогикалық міндеттеріне: домбыра сүйемелдеуімен ән айтып, күй тартуды үйрету, жыраулық дәстүр, айтыс өнерін меңгеріп, батыс Еуропа және Шығыс музыка өнерінің дәстүрлерімен танысу. Қазақтың кейбір қолөнер түрлерін үйретіп, оқушылардың көркемдік ой жүйесін қалыптастыру. Дәстүрлі өнеріміз арқылы қайырымдылыққа, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеп, мәдениетті, жан-жақты дамыған адам етіп шығару[3].

Бағдарламаның басты темірқазығы – балаларға домбыра үйрету арқылы олардың жалпы халық өнеріне деген ынтасын арттыру. Домбыра үйрету барысында бұл бағдарлама негізінен халық педагогикасына арқа сүйенген. Ол домбыра қағыстарын көзбен көріп бірінші бөлімде айтып кеткенбіз, сөз иірімдерін құлақпен ілу сияқты домбыраны нотасыз үйрету әдістемесіне негізделген. Сонымен қатар, дәстүрлі ортада шәкірт ұстазына еріп жүріп, жекеше түрде дайындалып, соңына еріп батасын алған. Ал бала саны жиырмадан асатын сыныпта бұл методикамен жұмыс істеу өте қиын. Сондықтан “Мұрагер” бағдарламасы балалардың санына қарамай кез келген сыныпта қолдана беруге болатын, коллективті түрде нотасыз домбыра тартып үйретудің әдістемесін ұсынған. Оқушыларға домбырада үйрену жеңіл болу үшін, ел арасына кең танымал ән-күйлері қолданылған.

Бұл бағдарламада қазақтың дәстүрлі педагогикасын және Еуропаның ең озық әдістемелік үлгілерін бойына сіңірген.

Бағдарлама жүйесі бойынша бірінші сыныпта оқушылардың музыкаға деген ынтасын арттырып, домбыра тілін ұғынуға көмектесіп, домбыра тартуды үйрету. Екінші сыныпта домбыра аспабында ойнау техникасын дамытып, әндер мен күйлер үйрену. Соның ішінде халық күйі “Келіншек”, “Қалаулым”, “Гүлдерайым” атты халық әндерін үйрену қажет. Үшінші сыныпта домбырада үйретілетін әндер күйлер күрделене түсіп, оқытушы баланың техникасын яғни оның ойнау шеберлігін дамытатын тапсырмаларды көбірек береді. Төртінші сыныпта оқушылар үш жыл бойы үйренген ән күйлерін қайталай отырып, Қазанғаптың “Шынаяқ” күйін, халық әндері “Сәулем-ай”, “Қалаулым” әндерін үйренеді[4].

“Мұрагер” бағдарлама жайында қорытып айтатын болсақ, болашақ ұрпақ асыл мұрамызды келесі ұрпаққа аманат ретінде жеткізу үшін, жастайынан, мектеп қабырғасынан бастап оларды өнерге баулып тәрбиелеу қажет деп санаймын. Білім беру жүйесінің ажырамас бір бөлігі—оқушылармен жүйелі түрде сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын жүргізу. Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың қалауымен, олардың белгілі бір өнер түріне бейімділігін ескере отырып ұйымдастырылады. Осы мақсатта алуан түрлі үйірмелер, клубтар, студиялар құрылуда. Олардың ішінде оқушыларға дәстүрлік тәрбие беруде әсіресе көркемөнерпаздар үйірмелері (хор ұжымдары, ансамбльдер, би, драма, фольклорлық ұжымдар, жеке ән айту т. б. ) ерекше орын алады. Қазірде көркемөнерпаздары үйірмелері жоқ мектептер кемде-кем. Жоғары да айтылып өткендей халық педагогикасының барлық түрлерін осы сыныптан тыс уақытта пайдалануға болады.

Халық ауыз әдебиетiндегi түрлi ертегiлер, эпостық жырлардағы халық батырларының өмiрлерi, қазақтың тұрмыс-салт жырлары, еңбек пен шаруашылық, аңшылық туралы, әдет ғұрыпқа байланымты туған өлең-жырлар, той бастар, жар-жар, сыңсу, беташар, қоштасу, жоқтпу, мақал-мәтелдер, жұмбақ айту, аңыз әңгiмелер, батырлар жыры, жыраулар айтатын өсиет сөздер, ақындар қалдырған термелер, айтыс, қыз ұзату т. б. бұл қазақ тарихы деп есептеймiн.

Халқымыздың ұлттық санасының оянып, рухани тұрғыда дамуының қайтадан жандануы соңғы кезедері жан-жақты сипат алып келеді. Күнделікті өмірде адамдармен қарым-қатынас орнатудағы, тұрмыс-салтымызды сақтаудағы ұлттық қалыптасудың көптеген белгілері күннен-күнге анық көріне түсуде. Бүгінгі таңда жас ұрпақты оң жолға бағыттаудың, оларға тәлім-тәрбие берудің қажеттілігін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Ұлттың болашағын ойлаған қазақ зиялылары мен ұстаздар қауымы жастарды халқымыздың ежелден келе жатқан үлгі-өнегесі бойынша тәрбиелеудің қажеттілігіне басты назар аударуда.

Тарихқа көз жүгіртсек қазақ халқы этникалық рухани жағынан мыңдаған жылдық мәдениеті мен салт-дәстүрі, философиялық ойлау жүйесі көне әдебиеті өзінің даму тарихы бар жұрт болғанын білеміз[5].

Халқымыздың әдет-ғұрыптары, рәсімдері, салт-дәстүрлер, таным-түсінігі, салт-санасы, ырымдары т.б. толық жиналып біткен жоқ. Сондықтан осы аталып отырған тереңде құнды ұлттық мәдениетті жинақтап зерттеу – халықтық педагогиканың алдындағы үлкен міндеті болып саналады. Себебі, халықтық педагогика – ең үлкен болашағы зор тақырып, ұлттық қоры мол қазына. Халқымыздың атадан-балаға қалдырылған халықтық педагогикасында ғасырлар бойы жинақталған бай тәжірибесі, жастар арасындағы тәрбие жұмыстарының мақсаттары мен міндеттері, сан алуан тәсілдері, олардың бір-бірімен байланыстары жинақталған. «Халық педагогикасы» дегеніміз – ұлттар мен ұлыстардың әлденеше ғасырға созылған ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық салт-дәстүрлері мен мәдени ойлау үрдісінің озық үлгілерінің жиынтығы ол – ұлттың ұлт болып қалыптасуы мен бірге дамып келе жатқан көне үрдіс.



Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  1. Ә.Қоңыратбаев. Көне мәдениет жазбалары.Алматы.1991

  2. Қалиев С. Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі. Алматы. Мектеп.1987

  3. Қазақ халқының тәлім-тәрбие тарихынан.Алматы.Кітап.1992

  4. Ә.Марғұлан. Ежелгі мәдениет кәусарлары 1974

  5. Ә.Нұғманова. Қазақтың әншілік дәстүрі. Алматы.Қазақстан. 1975


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет