Дәстүрлі емес сабақтар арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру
Қазақстан Республикасының Президенті
Нұрсултан Әбішұлы Назарбаевтың
Қазақстан Халқына жолдауынан:
ХХІ ғасыр – білімді халықтың ғасыры болады. Жастарымыз білімді болып, алған білімін елінің, отанының игілігіне жұмсау керек. Ол үшін мұғалім көп ізденіп, көп оқып, ізденіс үстінде болу керек. Баламен санаса білу және педагог өз білімімен балаларды шектемеу тиіс. Өйткені, балалардың туылған уақыты бөлек.
Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде сабақтың қалыптасқан дәстүрлі түрлерінен басқа, дәстүрлі емес түрлері де пайда болуда. Олар, әрине, қоғамның жаңару, жетілдіру жағдайында білім беру саласын жаңалаумен тығыз байланыста іске асуда. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың мұндай
дәстүрлі емес түрлері көбінесе оның жеке әдістеріне негізделіп құрылуда. Ондағы мақсат - әрбір сабақтың оқу-тәрбиелік мүмкіндіктерінің мол екенін көрсете отыра, оны жаңа сапалық сатыға көтеру.
Дәстүрлі емес сабақтар – қалыптан тыс, күнделікті сабақтан өзгеше сабақтың жаңартылған түрлері.
Дәстүрлі емес сабақтарды өтілу нұсқасы мен мақсат-міндеттеріне қарай 3 топқа бөлуге болады: ой қорыту сабағы, ойын сабағы, жарыс сабақтары.
Дәстүрлі емес сабақтар
Ой қорыту сабақтары
-Дәріс
-Семинар
-XXI ғасыр көшбасшысы
-Қосар сабақ
-Модульдік сабақ
Ойын сабақтары
-Саяхат
-Тренинг
-Жұлдызды сағат
-Ғажайыптар алаңы
-Ойлан, тап
-Аукцион
- Бақытты сәт
Жарыс сабақтары
-Сайыс
- Не? Қайда?
- Қашан ?
- КТК (көңілді тапқырлар клубы)
Ой қорыту сабақтары оқушылардан нақты тұжырым, қорытындыларды,ой-түйіндерді талап ететін дәстүрлі емес сабақтардың түрлері.
Ойын сабақтары – дәстүрлі емес сабақтардың ең көп тараған түрлері. Ойын сабақтары оқушыларды қайырымдылыққа, достыққа үйрете отырып, олардың бойындағы белсенділік қатынастардың дамып, шығармашылықтарының артуына себебін тигізеді.
Жарыс сабақтары – дәстүрлі емес сабақтарының ең көп тараған түрі. Жарыс сабақтарының ерекшелігі – оқушылардың бойында ізгілік, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасып, олардың жеке тұлға болып қалыптасуына өз үлестерін қосады.
Сабақтардың формалары әртүрлі болғанымен мақсат біреу: ол оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, оқытудың сапасын көтеру.Көптеген дәстүрлі емес сабақтар көлемі мен мазмұны жағынан мектеп бағдарламасынан шығып кетеді және мұғалім мен оқушылар жағынан алғанда шығармашылықпен жұмыс істеуге жетелейді.
Дәстүрлі емес сабақтарда оқушылардың дәстүрлі сабақтарға қарағанда психологиялық жағдайы басқаша, күндегіден басқаша қарым-қатынас, жауапкершілігі жоғары болады, сонымен бірге мұндай сабақтарда оқушы өзінің шығармашылық қабілетін дамытуға, жеке басының қасиеттерін пайдалануға, өз білімін бағалауға, алған білімін практикада пайдалануға, әр түрлі ғылымдардың байланысын сезінуге, өз еркімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Мұғалім үшін мұндай сабақтар біріншіден оқушыларды әр қырынан көріп, түсінуге, олардың жеке ерекшеліктерін бағалауға мүмкіндік берсе, екінші жағынан өзінің идеясын жүзеге асыруға , шығармашылықпен жұмыс істеуге мүмкіндік туғызады.
Дәстүрлі емес сабақтарды өткізу және оған дайындалу туралы айтатын болсақ, өз тәжірбиемде бір оқу жылында осындай 1-2 сабақ өткізіп |отырамын. Сабаққа қалай дайындалу керек деген сұраққа келсек мұндай сабаққа дайындалу және оны өткізу төмендегі кезеңдерден тұрады.
Сабақты жоспарлау
Сабақты ұйымдастыру
Сабақты өткізу
Сабаққа анализ жасау
1-ші кезең ең күрделі және негізгі кезеңге жатады. Мұнда:
-сабақ уақытын анықтау. (45 мин. Немесе 90 мин)
-сабақ тақырыбын таңдау
-сабақ типін анықтау
-сабақ өткізетін класты таңдау
-дәстүрлі емес сабақ формасын таңдау қажет
Дәстүрлі емес семинар сабақ, лекция сабақтар өткізу үшін ұзақ дайындалу қажет. Сабақта көптеген көрнекі құралдар, кинофильмдер т.с.с пайдалануға болады.
Енді сабақта берілетін тапсырмаларға келсек, тапсырмалар:
Оқушының логикалық ойлау қабілетін дамытатындай болуы керек;
Мысалы : 8-класс оқушыларымен «Квадрат теңдеулер» тақырыбын өткен кездегі сабақта мынандай логикалық жаттығулар беруге болады.
а)
2х2+5х+3=0
2у2+3у+5=0
253
?
ә) немесе мынандай анаграмма шешкізуге болады: тақырыпқа байланысты сөз құрастыр: нутдее, симркидинтна, равдатк
2) Сол тақырыпқа байланысты күрделігі әртүрлі болуы керек және есеп әртүрлі тәсілмен шешілетіндей болуы керек;
Мысалы: 6-класс оқушыларымен «Теріс сандар» тақырыбына өткізген дәстүрден тыс саяхат сабағымда тапсырманы класс оқушыларына топ бойынша бердім, яғни үлгерімі төмен оқушыларға :
Кестені толтыр:
а
|
10
|
-3
|
6
|
2,3
|
|
-6,83
|
0
|
-92
|
-27
|
|
-а
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|а|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Үлгерімі орташа деңгейдегі оқушыларға :
Координаттық жазықтықта нүктелерді белгіле:
А(0;2), В(-3;4), С(5;-1), Д(-2;-3)
Үлгерімі жоғары деңгейдегі оқушыларға:
Тапсырма дұрыс орындалса халықтық медицинада қолданылатын шөп аты шығады.
Тапсырма реті
|
Қ
|
б
|
а
|
1
|
|
|
|
2
|
1
|
-1,53
|
1,53
|
3
|
-150
|
150
|
200
|
4
|
3,5
|
30,5
|
-30,6
|
5
|
|
|
|
6
|
|
|
|
Амалдарды орында:
+(-3); 2) -1,53*(-1); 3) -5*(-15)*(-2); 4) -36,6:(-1,2); 5)+5;
Теңдеуді шеш:
6)х+=
3)Тапсырма қызықты және пәнаралық байланысты қамтитындай болуы керек;
Мысалы: Төмендегі нүктелерді координаттар жазықтығында белгілеп, тізбектей қос.
(0;0), (-1;1), (-3;1), (-2;3), (-3;3), (-4;6), (0;8), (2;5), (2;11), (6;0), (3;9), (4;5), (3;0), (2;0), (1;-7), (3;-7), (0;7), (0;0)
Жауабы: құс суреті шығады.
Тапсырма, егер оқушы теориялық материалды білмесе орындай алмайтындай болуы керек;
Тапсырма оқып жатқан тақырыппен байланысты, оқушының білім мен дағдысын қалыптастыруға септігін тигізетіндей, шығармашылықпен жұмыс істейалатындай болуы керек.
Мысалы: Квадрат теңдеулер тақырыбын оқып жатқанда оқушыларға «Франсуа Виет», «Квадрат теңдеулердің шығу тарихы» жайында хабарлама жасап келуді тапсырсақ, «Теріс сандар. Координаттар жүйесі» тарауын өткенде «Координаттар жүйесінің шығу тарихы», «Рене Декарт өмірі», «Поляр координаттар жүйесі» туралы хабарлама жасап келуді тапсыруға болады.
Есеп шешулер қарапайым, (күрделі емес) класс оқушыларының көпшілігі шеше алатындай болуы керек.
Тапсырма жеке және топтық болып беріледі.
Жеке тапсырмалар:
-барлық оқушыларға бірдей
-бір типті, берілуі әртүрлі
-қиындығы әртүрлі болып берілуі мүмкін.
Топтық тапсырмалар:
-бірдей тапсырма
-күрделігі бірдей, берілгендері әртүрлі
-қиындығы әртүрлі болуы мүмкін.
Математика сабақтарында дидактикалық ойын элементтерін қолданып сабақ өткізу өте пайдалы. Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспеттес. Ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады.
Математикалық ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан ойға жетелейтін, адамға қиял қанат бітіретін ғажайып нәрсе, ақыл - ой жетекшісі. Сабақта ойын элементтерін пайдалану оқушылардың ой - өрісін, танымдық белсенділігін арттырады. Теорияны практикамен ұштастыруға жол ашады. Алайда ойынды үнемі оқу процесінде пайдалануға, ұзақ уақыт созуға болмайды. Ойын белгілі бір уақыт аралығында жүзеге асырылып, сабақ кезеңдеріне де нұқсан келтірмейтіндей жымдасып жатуы тиіс.
Мысалы : 6 сыныпта «Рационал сандарға амалдар қолдану» тарауында «Математикалық футбол» ойын сабағын өткіздім.
Ойын сабақ. «Математикалық футбол» ойыны.
Сабақ барысы. І Ұйымдастыру.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Сыныпты екі футбол командасына бөлу. «Оқжетпес» және «Қайрат» командалары.
ІІІ. Негізгі бөлім. «Математикалық футбол» ойыны.
ІҮ. Қорытындылау. Үйге тапсырма беру.
Ойынның шарты:
Сыныпты екі командаға бөлу. Атын беріледі.
Интерактивті тақтадан алдын ала жасалған футбол алаңын шығару. Алаңда ойыншылардың суреттерінің жанында таратпа материалдардағы есептерді жауабы жазылады.
Әр командадан бір оқушыдан шығарып, қолдарына таратпа материал (карточкалар) беру. Әрбір қағазда 2 есеп жазылады. Бір оқушы тақтаға есеп шығарған кезде тапқан жауабын футбол алаңынан тауып, келесі жауапқа қаламмен сызып тұрады. Бірінші жауап алаң ортасында болады. Ең соңғы дұрыс жауап қарсылас команданың қақпасының жанында болады. Соңына бірінші жеткен команда екінші командаға гол теуіп, жеңіске жетеді.
Оқушылар екі топтан кезекпен тақтаға шығып отырады. Отырған оқушылар әр команда өз есебін орындарынан орындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |