Диктант 4 сынып Атамекен Түн. Мен далада сәкі үстінде жатырмын. Аспанда жұлдыздар жымыңдайды.Жұлдыздар арасында Ай. Дала сүттей жарық. Түн жақтан салқын леп соғады. Жым-жырт тыныштық. Мен ояу жатырмын.Ұйқым келер емес. Қандай сүйкімді көрініс. Табиғат бір мезгіл тыныс алғандай. Тілмен айтып жеткізудің өзі қиын.Тіпті, суретшілер де дәл осындай көріністі көз алдына келтіре алмас. Тек табиғаттың ғана қолына келетіндей.
Осының соншалықты қымбат, сүйкімдіі болуының сыры неде?Өйткені сенің туған жерің –балалық бал дәуреннің өткен жері. Сондықтан да ыстық, қымбат, сүйкімді. (78)