Көрнекілігі: Нақыл сөздер,плакаттар,шар. Аудиториясы: 1 «ә» класс Барысы



Дата08.09.2017
өлшемі31,21 Kb.
#30907


Тақырыбы: «Мен,анам,әкем және жанұям» Мақсаты:Ұрпақ тәрбиесінде ата-бабамыздың ұстаған жолын ,баланың отбасыдағы орнының жоғары бағалағандығын паш ету, бала тәрбиесіне байланысты нақыл сөздерді пайдалана отырып оқушыларды үлкендерді сыйлауға, кішіге көмектесуге баулу. Көрнекілігі: Нақыл сөздер,плакаттар,шар. Аудиториясы: 1 «ә» класс Барысы: Қуанамын мен де, Қуанасын сен де, Қуанайық достарым, Арайлап атқан күнге? 1-жүргізуші: Балалар бүгінгі біздін тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Мен,анам,әкем және жанұям» деп аталады.Сабақ барысында біз отбасы, адамға ең қымбат,ең жақын адамдар туралы,олардың ең жақын адамдар туралы , олардың мейрімділігі туралы сөз қозғаймыз. 2-жүргізуші: Маған да саған да, Жақын туыс – бес адам Үш әріптен тұратын . Онға оқы,солға оқы . Өзгермейді еш одан. Бәрі де өз жұртың Айтады, қане,кім атын? (апа,ата, ана, іні, аға) Сұрақтар балаларға: -Отбасы деген кім? -Отбасы мүшесін атап берейік? 1-жүргізуші: Енді балалар отбасы мүшесіне жеке жеке тоқталып өтейік(ата,әже,әке,ана,аға,апа,іні, сіңілі) 2-жүргізуші: Бала – адамның бауыр еті –дейді қазақ халқы. Ұрпақ-ғұмыр жалғасы, тіршілік көзі.Қай халық болмасын,үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді .Жанған отын сөндірмей,түтінін түтететін ұрпақ қалдыруды көздейді.Халқымыз балалы болу бақытын байлыққа, мансапқа ауыстыра алмаған. «Балалар өмірдің жалғасы,көз қуанышы ,шанырақ иесі»- деп ұрпақты болуға,оның тәрбиесіне қатты көңіл бөлген. Қуанып жан жүрегі қақ жарылды, Қасірет басындағы қалды арылып. Ұл-қыз көріп дүбірлі той жасайды, Атқан соң мандайынан таң жарылып. 1-жүргізуші: Балалар біздің отбасымызда ең үлкен,ең ардақты барлық тәттілерін сендерге арнап тынығып қоятын кім? - дұрыс ,ол біздің ата-әжелеріміз.Кім өзінің ата-әжесіне арнап таппақ айтып берем дейді. Алдияр:Аппақ күміс сақалды, Жақсы көрем атамды. Шахматтан ол бүгін, Меннен тағы мат алған. Аянат: Менің атам мықты адам, Күштілерден ықпаған. Жас кезінің өзінде, Жігіті жоқ жықпаған. Бекзат: Әжеме кетсем жұғысып, Тапқандай болам сөз кенін Ертегін қызық ұғысып Тыңдаймыз көзбен көргенің 2-жүргізуші: Отбасының тірегі,қорғанышы деп кімді айтамыз? Ол әке Ыстық- ау кім- кімгеде әке деген, Суыққа шалындырмай мәпелеген . Өмірдің соқтығымен өрге тартып, Алдымен адам бол деп жетелеген. Тағдырдың кеуде тосып жартасына, Біз үшін түскен майдан ортасына, Алаңсыз салып сайран шалқып жүрміз Біз бүгін әкелердің арқасында – дей келе балаларымыздың әкелерге арнаған ойларын тыңдап көрейік. Сабина: Алтын арай таңым әке, Алатаудай бағым әкем. Балаң үшін шырылдайсың, Аман болшы жаным әке. 1-жүргізуші: Балалар енді кезекті ойынға берсек.Қане бәріміз ойын ойнаймызба? 2-жүргізуші: Келесі кезекті ең ардақты,сүйекті ол кім? -Әрине ол аналар. Анаң деген ақылшың, Анаң барда батырсың. Ұясында кім болса да, Тек анаңа жақынсың – дегендей аналарға арнау. Жасұлан: Ана деген асыл сөз, Ана деген ғаламат. Жер бетінде анаға Табынады адамзат. Әділет:Үш әріптен құралғаң, Қасиетті ұғымсың. Дүниеде жалғыз жан Анашым бір өзіңсің. 2-Жүргізуші:Мәпелеп мені өсірген Ризамың мен өзіне Ана деген керемет Сыйлап өтем өмірде - дей келе хор «Ақ мамам» 1-жүргізуші:Сонымен балалар сендер үшін ата,әже,әке,ана,қандай адамдар? -ең қымбат адамдар Құт береке атаң қымбат, Мейірімді әжең қымбат, Асқар тауың әкең қымбат, Аймалайтын анаң қымбат. ( Оқушылар өз отбасыларын таныстырып өтеді, топтастыру, сурет салу.) 2-жүргізуші: Міне, қоштасатын да сәтте жетті.Отбасы – ұшқан ұя,жылылықтың,жылулықтың мекені.Отбасы ошақ қасымыз аман болсын.Сау саламатта болыңыздар!




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет