1-сұрақ.Халық ауыз әдебиеті – халық шығармасы.
Ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің алтын діңгегі. Онда балалар үшін арнайы шығарылған көркем туындылар өте көп. Ең алдымен баланы ғажайып әлемге, ұшқыр қиял дүниесіне жетелер орасан күш. Жалпы, өнер тегі, генезисі – өмірлік шындық. Фольклор өткен ата – бабаларымыздың тарихынан, өмір сүру салты мен таным көкжиегінен сан алуан ақпар беретіндігімен бала үшін маңызды, оның қызығушылығын оятары сөзсіз. Демек, ауыз әдебиеті қай ұлт үшін болмасын балалар әдебиетінің бастауы саналады. Бастау болуымен бірге, фольклор – балалар әдебиетін байытып отыратын қуатты қайнар бұлақ. Халық ауыз әдебиетінен сусындап, оны үлгі етпеген кәсіби жазушы жоқ және болмақ емес.
Екінші бір шығармалар балалардың өз өмірінен алынады. Олардың тапқырлықтарын, өжеттілігін, ерліктерін бейнелейді. Мысалы, «Тазша бала» ертегісі.
Бір сөзбен айтқанда, ауыз әдебиеті дегеніміз – адамзат қиялын ұштаған үлкен мектеп. Балалар фольклорының үлкен бір саласы.
2.Сапарғали Бегалин шығармаларындағы тәрбие мәселелері.
( «Сымбатты Сима», «Сәтжан»).
С.Бегалиннің бірсыпыра әңгімелері ерке балалар қылықтарын әшкерелейді. «Сымбатты Сима» әңгімесіндегі Сима – еңбек етуге құлықсыз жан. Сабаққа да атүсті қарайды. Өзгені менсінбейтін тәкаппарлығы және бар. Әңгімеде баланың тәрбиесі ата-анаға тікелей байланысты деген ой айқын. «Жаңғалақ» повесінде тентек баланың түзу жолға түсуі, тәрбиеге көнуі оқиға желісіне алынған. Жаппарбек деген бала жаңғалақтығынан тосын оқиғаларға тап болып жатады. Содан Жаңғалақ атанады. Қаладағы қазыналық оқудан демалысқа Дойырбай келеді. Жаңғалақ Дойырбайға ілесіп қалаға кетеді. Жаңа мектепте жетістіктерге жетеді. Фабрика-заводтар үшін мамандар даярлайтын мектепке қабылданады. Қазақ баласының оқуға деген құштарлығын ояту, оқу-білімге шақыру және бұзықтық, тентектіктің өрге бастырмайтынын аңғарту – шығарма идеясы.
«Сәтжан» повесі. Жазушы соғыс жылдары қызмет бабымен Аягөз ауданына барады. Сол жақта ителгі асырап, саятшылық жасайтын Сәтжан деген баламен танысады. Повесть осы кездесуден соң жазылады. Сәтжан бейнесі талапты баланың іс-әрекетін көрсетуге арналған. Мектеп оқушысы Сәтжан жазда колхоз бұзауын бағады. Аңшы атасы Серікбайға еліктеп, құсбегілікпен айналысады. Табиғат тағысы қыран құс ителгіні үйретеді. Тау қыранымен аң аулайды. Сәтжан туған өлкенің сыр-сипатымен танысады. «Таңбалы тастағы» әр алуан суреттер мен тастар Сәтжанды үлкен ойға қалдырады. Талапты бала аңшылықты өлкетану ісімен байланыстырады. Сәтжан алдында аңшылық өнерден жоғары мақсат пайда болады. Оны қиясына қыран, қыналы бетіне тарих ұялатқан зәулім жартастар құпиясы қызықтыра бастайды. Повесть балаларға арналған әдебиеттің Бүкілодақтық конкурсында жүлде алады. Орыс, армян, азербайжан, өзбек, корей т.б. тілдерге аударылады.
3-сұрақ.Халық даналығына баулуда мақал-мәтелдердің маңызы.
Халық даналығына баулудағы мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні Қазақ халқы мақал - мәтелге өте бай. Мақал-мәтелде халқымыздың өніп-өсуіне, қалыптастыруға, тіршіліктің қыры мен сырын түсінуге, оның қайшылығын тануға терең баға беріледі. Жастарға өнер-білім, тіл үйретуге, жан-жақты тәрбие беруде мақал-мәтелдің мән-маңызы өте зор. Білім мен өнер еңбектің бір түрі болса, аз сөйлеп, көп тыңдаған, көп оқып, білімін байытқан бала ғана өмірден өз сыбағасын алып, өз орнын таба алатыны сөзсіз.
Халық даналығына баулудағы мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні Қазақ халқы мақал - мәтелге өте бай. Мақал-мәтелде халқымыздың өніп-өсуіне, қалыптастыруға, тіршіліктің қыры мен сырын түсінуге, оның қайшылығын тануға терең баға беріледі. Жастарға өнер-білім, тіл үйретуге, жан-жақты тәрбие беруде мақал-мәтелдің мән-маңызы өте зор. Білім мен өнер еңбектің бір түрі болса, аз сөйлеп, көп тыңдаған, көп оқып, білімін байытқан бала ғана өмірден өз сыбағасын алып, өз орнын таба алатыны сөзсіз.
Қазақтың мақал – мәтелдерінің өскелең ұрпақтың эстетикалық мәдениетін дамытуда да маңызы зор. Мұндай мақал-мәтелдердің мазмұны ата-бабаларымыздың бүкіл өмір тәжирибесін қамти отырып, жас ұрпақ санасын, әсемдік сезі- мін, талғамын, көзқарасын дамытады. Осыған орай көптеген ғалымдарымыздың ғылыми зерттеу еңбектерінде сөз болған мақал мен мәтелдердің тәрбиелік мәні жөніндегі пікірлеріне көңіл аударып көрелік. Мысалы, Б.Адамбаев «Халық даналығы» деген еңбегінде: «Әр халықтың мақалы мен мәтелі – сол халықтың өзі жасап алған логикалық формуласы, ережесі. Ол кез-келген оқиғаның, мәселенің тұсында еске түседі, тілге оралады. Сөйтіп, көп ойлануды, ұзақ баяндауды керек ететін қиын нәрсеніжеп-жеңіл, оп-оңай, бір-ақ ауыз сөзбен түсіндіреді, ұғындырады» деп, мақал-мәтелдердің мінез-құлық мәдениетіне, өнерге, әдебиетке, деген негізгі талаптарын тұжырымдауға болатынына тоқталады.
4-сұрақ.Тұсау кесу жырының тәрбиелік мәні. Жырдан жатқа айтыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |